Ясауидің әкесі және анасы жайында баяндаңыз Арыстанбабтың Ясауиге құрманы беру туралы айтыңыз



бет2/2
Дата27.08.2024
өлшемі25.85 Kb.
#503227
1   2
Яссауи сұрақтар-2024

Сұрақтарға жауаптар
 1. Ясауидің әкесі және анасы жайында баяндаңыз
Ибрахим шайықтың екі ұлы бар еді. Бірінің аты — Ахмет Қожа және тағы бірінің аты — Садыр шайық еді.Қ.А.Яссауидің әкесі Ибраһим ата Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты. Ол өзінің ұстазы Мұса шайхтың қызы Айшаға (Карашаш) үйленіп, Гауһаршахназ атты қыз бен одан он жас кіші Ахмет деген бір ұл бала көреді. Ахметтің шешесі жастай дүние салады, әкесі де жеті жасында қайтыс болады. Бала Ахметтің негізгі ұстазы, тәрбиешісі өзіне аталас туыс болып келетін Арыстан баб екен. ҚА.Яссауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент маңында жерленген, екіншісі ел әңгімесі бойынша Түркістанда суға таласып сарттар қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты Жамал, екіншісінің аты Гауһар. Соңғысының күйеуі — Әли Қожа. Осылардан тараған Яссауи әулеті екі жүзге жетсе керек. Өздерін «қожамыз» деген әулетпен ғана қыз алысатын болған екен…
2. Арыстанбабтың Ясауиге құрманы беру туралы айтыңыз. Ан Қазіретіміз салла-л-лаху алайһи уа-саллам, күндердің күнінде Ирақ шаһарында асхабтар құрма жеп отырғанда, сол табақтағы бір құрма жарандардың қайсысы алса да, қолдарынан түсіп кете береді. «Бері әкелші оны жеп қояйын», деп Ан Қазреті алып еді. «Бисмилләһи» деп аузына сала бергенде бұл шарифтың қолынан домалап түсіп кетіпті. Ан Қазірет таңданып, бұл не ғажайып оқиға деп біраз ойлануда болады. Сонда Жебірейіл алайһи-с-салам, айтты: «Сіз ықылас қылып сахабаларыңыздың біріне бұйырыңыз, бұл аманат құрманы аузына сақтап, Ахмет атты балаға тапсыр деп жүктеңіз. Кімде-кім бұл құрманы аузында сақтаса, оның өмірі ұзақ болады», – дейді. Қазіретіміз салла-л-аху алайһи уа-саллам, олай-бұлай қарап, назары Салман ал-Фариси ради Аллах анһуға түсіпті. Жан-жағын шарлап алып айтыпты: «Я, Салман Фариси, аузыңды аш, тіліңнің астына, тісіңнің түбіне бұл құрманы аманат сақта. Менің хижратымнан төрт жүз жыл өткеннен кейін таңнан тұрып жолға түс, күн шығыста Мадина ал-Байза атты шаһар болар, онда барып айтпай танып, сұрамай білетін жеті жасар Ахмет атты ер балаға аманатты аузыңнан алып тапсыр. Инша Алла бұл құрма шарапатымен сенің өмірің ұзақ болар», – дейді. Күндердің күнінде 7 жасар бала алдынан шығып, «Ассаламауалайкум, Арыстан бап, жоғың болса – кешікпей тап»- дейді. Баланың қылған әрекетіне қайран қалып, инша Аллах, Саид-әлем айтқаны осы болғай деп, сынамақ үшін: «Балам атың кім?» – дейді. «Атымды не қыласың, аманатым қайда?» – дейді. «Балам атың Ахмет екен, ішің тола хикмет екен, аш аузыңды!» – дегенде, жеті жасар бала жалт қарап аузын ашқанда, Арыстан баптың аузындағы құрма ұшып барып баланың аузына кіреді. Бала ұршықтай ширатылып, хикмет айта бастайды. Аузынан ақ көбік бұрқырап, көпір астындағы суға ағады. Сол судан ішкен жанның бәрі жазылып, көзі жоқтың көзі ашылады. Әулиелік махаббаты бітіп, аузынан аққан ақ көбік су таусылып, орнына насыра атты зат пайда болды. Содан ол «Нұр Ата» атанды. «Сайрамда бар сансыз баб» атанғанның мағынасы осы. Отырар деген жер – Арыстан Бабтың күмбезі тұрған жер. 
3.Қожа Ахмет Ясауидің Сайрамдағы алғашқы ұстазын атаңыз. Нақты айтар болсақ, молла Бекмұхамет Қази Қаланның "Сайрам шаһарында өткен әзиз әулиелер туралы" қолжазбасында Бахауаддин әл-Исфиджабидің аты аталып, оның Ясауидің ұстазы болғаны айтылады.
4.Ясауидің Баба Машынмен пікір сайысы туралы баяндаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет