Ясли – бақша тарихы



Дата03.07.2016
өлшемі2.65 Mb.
#175458
wordart 12




Ясли – бақша тарихы

«Балдырған» ясли – бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда «Балапан», «Құлыншақ», «Қарлығаш» топтарына 75 бала қабылданды. 2009 жылдың 15 қарашасынан бастап бала бақшаға тағыда 3 топ қосылып, 140 орынға толықтырылды.


wordart 4
Аталуы: «Балдырған» ясли – бақша КМҚК

Мекен – жайы: 071500 ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылдық округі, Абылайхан көшесі 27 үй

Телефон/Факс: 8(723-46) 2-24-10, 2-21-60

Электрондық мекен – жайы: Tarb_detsad@mail.ru

Құрылтайшы: «Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай аудан әкімдігі» ММ

Басқару органы: «Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы «Аудандық білім беру бөлімі» ММ

Мекеме жарғысы бекітілген күні: 20.09.2010ж.

Лицензия: № 0179620 14 наурыз 2011ж.

КМҚК «Балдырған» ясли – бақшасы ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында типтік жобамен салынған ғимаратта орналасқан

Ғимаратты пайдалануға тапсырған жылы: қантар 2009ж.

Оқыту тілі: Қазақша

Жобалық сыймдылығы:140 орын

Балалардың ясли - бақшадағы қамтылуы бойынша топ саны: 6

Ондағы балалар саны – 140

1.”Балапан” І кіші топ – 20 бала

2.”Ботақан” І кіші топ – 20 бала

3.”Ақ желкен” ІІ кіші топ – 25 бала

4.”Құлыншақ” ІІ кіші топ – 25 бала

5.”Күншуақ” орта тобы – 25 бала

6.”Қарлығаш” ересектер тобы – 25 бала

Барлық қызметкерлер - 51

Педагогтар саны - 20

Онын ішінде:

Меңгеруші – 1

Әдіскер – 1

Тәрбиешілер – 14

Психолог – 1

Дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы – 1

Музыкалық жетекшісі – 1, Би жетекшісі – 1



Педагогикалық ұжымның сапалық құрамы:

Жоғары білімді пед.мамандардың саны - 8

Арнаулы орта білімді пед.мамандардың саны - 12

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты пед.мамандардың саны - 2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты пед.мамандардың саны - 1

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты пед.мамандардың саны - 2



Балаларды мекемеге қабылдау тәртібі - топтарға 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады

Жұмыс істеу режимі - 10.5 сағат

Мекеменің жұмыс уақыты - аптасына 5 күндік жұмыс

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің ұзақтығы - 15 – 30 минут

Негізгі ғимарат баланстық құны -160 693

Барлық бала саны бойынша сыртқы көлемі – 5005,4 ш/м, тұрғын жай аумағы – 252,45, тұрғын емес жай аумағы – 904,82

Жалпы оқу - тәрбие аумағы корпусы – 188, 12+38,8+149,01

Бір балаға кететін жалпы шығын

Жылу шығын жалпы;

1 балаға – 1,2

Ыстық су 1 балаға – 2,6

Электроэнергиясы жалпы

1 балаға – 5,3


Нұрсафина Құралай Жексенбайқызы

«Балдырған» ясли – бақша меңгерушісі
Нұрсафина Құралай Жексенбайқызы 1973 жылы 1 қаңтарда Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, жоғары санатты педагог.

1993 жылы М.О.Ауезов атындағы педагогикалық колледжінде «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша арнаулы білім алып, 1995 – 2000 жылдары Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде, бастауыш сыныпты оқыту методикасы бойынша жоғары білім алды.

Еңбек жолын Ы.Кабеков атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 1995 жылы К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебіне ауысып, мектептің барлық қоғамдық жұмыстарынан қалыспай, белсенді жастардың бірі болды. КТК командасының мүшесі, команда капитаны, ұйымдастырушысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, пән бірлестігінің жетекшісі болып түрлі шараларға белсене араласты.

Үнемі шығармашылықпен жұмыс істеп, шәкірттерінің сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін мектептегі тереңдетілген гимназия алды сыныбының жетекшісі болды. Көптеген мақалалары, сабақ жоспарлары, сыныптан тыс шаралары республикалық «Бастауыш мектеп», «Оқыту және тәрбиелеу» журналдарына, облыстық «Педагогический мир» газетіне, аудандық «Ұстаз үні», «Тарбағатай» газеттерінде жарық көрді.

Шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде 2007 жылы Тарбағатай аудандық білім беру бөліміне мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш сыныптар бойынша әдіскері қызметіне шақырылды.

Әдіскер ретінде ұйымдастырушылық қабілетімен көптеген істердің ұйытқысы бола білді. Аудан мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілермен және бастауыш сынып мұғалімдері, оқушылары арасында түрлі облыстық, аудандық, шараларды ұйымдастырып, облыстық олимпиадалардың талай мәрте жүлделі І, ІІ орындарын жеңіп алды.

Облыстық білім жетілдіру институтының бекітуімен бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тіл дамытудан» әдістемелік құрал кітапша дайындап ұсынды.

2012 жылдың қазан айында «Балдырған» ясли – бақша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына меңгеруші болып тағайындалды.

Жанұялы 3 бала тәрбиелеп отырған ана.

Өз іс – тәжірбиесін қолдана отырып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мүмкіншілігі жеткілікті маман.



Абдильманова Дина Елемесқызы

ясли – бақша әдіскері
Абдильманова Дина Елемесқызы 1957 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі арнаулы орта.

1964 жылы М.Әуезов атындағы орта мектептің 1 сыныбына оқуға барып. 1974 жылы аталған мектепті аяқтап шықты. 1978 жылы Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің мектепке дейінгі тәрбие факультетіне түсіп, 1981 жылы мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1982 – 1985 жылдар аралығында “Айгөлек” балалар бақшасында қызмет атқарды.

1985 – 1997 жылдары аралығында “Әсем” балалар бақшасында әдіскер қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап “Балдырған” ясли – бақшасының әдіскері.



Көшкінбаева Айжан Төлешқызы
ясли – бақша психологы

Көшкінбаева Айжан Төлешқызы 1973 жылы 9 маусымда дүниеге келген.Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1980 жылы Ақсуат ауылындағы №2 орта мектептің 1 сыныбына оқуға барып, 1988 жылы аталған мектепті аяқтап шықты.

1988 жылы Семей медициналық училищесіне оқуға түсті.

1991 жылы осы аталған оқу орынын медбике мамандығы бойынша бітіріп шықты.1991-1997 жылдары Ақсуат ауылындағы «Әсем» балабақшасында медбике қызметін атқарды.

2005 жылы Семей мемлекеттің педагогикалық институтының психология - педагогика факультетіне оқуға түсіп, 2010 жылы аталған оқу орынын аяқтап шықты.

2009 жылдан бастап «Балдырған» ясли - бақша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның педагог - психологы.







Ата - аналармен жеке




«Денсаулық» білім беру саласы

Мақсаты:
өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиетін қалыптастыру.

Дене тәрбиесі жөнінде нұсқаушы Қалиоллаев Адлет дене тәрбиесі сабағын өткізу үстінде
Бала бақшадағы сауықтыру шаралары

Мақсаты: Сауықтыру шараларын өткізе отырып, балалардың денсаулықтарын нығайту.


Медициналық кабинет Тәрбиеленушілерге антропометриялық

өлшеу өткізу сәті.

Медбике Нұрахметова М.

«Шығармашылық» білім беру саласы

Мақсаты:
мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.





Музыка жетекшісі Сақпанбаева Ляззат Найманғазы қызы бүлдіршіндерге

ән – күй сабағын өткізуде
Топтарға саяхат

«Балапан» тобы

Балапан” тобының тәрбиеленушілері табиғат бұрышында.


Тәрбиеші С.Құсайынова

«Ботақан» тобы

Ботақан” тобының тәрбиешілері



Тұрғанбаева Г. және Құрманбекова А.

балаларға ертегі оқып беруде.

«Ақ желкен» тобы

Ақ желкен” тобының тәрбиешілері



Рухова М. және Қондықбаева С.

құрастыру сабағын өткізуде

«Құлыншақ» тобы

Құлыншақ” тобының тәрбиеленушілері.

Тәрбиешілер Малгаждарова Г., Нұғманова А.
«Күншуақ» тобы

Күншуақ” тобының тәрбиеленушілері серуенде.



Тәрбиешілер К.Ибрагимова, А.Құнсафина
«Қарлығаш» тобы

Қарлығаш” тобының таңғы жиыны



Тәрбиешілер А.Ахметова және Қ.Бауыржанова

Кітапхана бөлімі
«Балдырған» ясли - бақшасы жанынан 2012 жылы қантар айында кітапхана бөлімі ашылды. Онда саяси әдебиеттер, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, білім беру, педагогика, психология, өнер т. б. саяси, ғылыми педагогикалық, білім беру, көркем т.б. әдебиеттерді қамтитін 2000 жуық кітап қоры жинақталған. Сондай - ақ брошюралар, журналдар, газеттер жинақталған.

Кітапхана жұмысының мақсаты:педагог мамандардың білімін, жалпы мәдениетін көтеру, озат педагогикалық тәжірибиені тарату, жұмысшы - қызметкерлерді жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету.



Қоғамдық негіздегі кітапханашы А.Ыдырышева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет