ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЮРИСПРУДЕНЦИЯ КАФЕДРАСЫ
Н.С. ГАЗИЗОВА
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Семей -2013ж.
Құрастырушы: Н.С. Газизова
"Философия, құқық және экономика негіздері" кафедрасының мәжілісінде
бекітілді
Хаттама № «___» __________20 __ж.
Кафедра меңгерушісі: Н.С. Газизова
Тарих- филология факультетінің оқу- әдістемелік кеңесінде талқыланды.
Хаттама № «___»__________20__ ж.
Тарих- филология факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді
Тарих-филология факультетінің деканы А.М.Мамырбеков «____»____________ 20__ж.
МАЗМҰНЫ
-
Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша глосарийлер
-
Қысқаша дәрістер курсы
-
Семинар сабақтарды өткізуге арналған
әдістемелік нұсқау
-
Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша емтихан сұрақтары
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙЛЕР
Мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өмірдегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты.
Мемлекет - белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы, мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады.
Мемлекеттік аппарат - мемлекеттің алдыңдағы негізгі мақсаттарды, қызметтерді іске асыруға қажетті мемлекет органдарының жүйесі.
Мемлекет нысаны - саяси биліктің ұйымдастырлуы жолы ,мемлекеттік нысанды, мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік құрлымды қамтиды және мемлекеттік–құқықтық тәртіп.
Монархия - мемлекеттік басқару жүйесінің нысаны, онда жоғарғы билік сайланбайды және тағайындалмайды, мұрагерлік жолмен жүзеге асады.
Республика - жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны.
Мораль - адамдардың тәртібін, жақсылық, әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптері.
Мемлекеттік билік - мемлекеттік құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі;
Мемлекеттік орган - белгіленген тәртіппен құралған азаматтар ұжымы, біріңғай мемлекеттің аппараты..
Мемлекеттік аппарат-мемлекеттік міндеттерді шешу мемлекет функциясын орындау мақсатында мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктер жүктелген құзыретті органдар мен мекемелер жүйесі жүргізеді;
Құқық - жалпыға міндетті, формальды түрде анықталған заң нормалары, қоғамдық, таптық ерікті көрсетеді қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекет пен белгіленеді және қамтамасыз етіледі.
Құқық нормасы - жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формалды белгіленген тәртіп жолы.
Реттеуші норма – бұл субьектінің субьективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқық қорғаушы норма – бұл субьектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма – бұл субьектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субьектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
Гипотеза – құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету.
Диспозиция – құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету.
Санкция – норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.
Құқық саласы - белгілі қоғамдық қатынастардың аясын реттейтін, тәртіпке келтіретін заңды нормалардың жиынтығы.
Құқықтық нысан- лауазымды орынға нақты бір тұлғаны тағайындау немесе мәжбүр ететін ықпалды шараларды жүзеге асыру, әкімшілік жаза қолдану.
Адам құқығы - құқықтың маңызды принциптерінің бірі, адамның жоғарғы бағаланатындығын мойындау көрсетіледі, оның құқығын бостандығын, заңды мүдделерін бекітіп, жеке адамның қадір–қасиетін бағалап адамдар арасындағы шын мәніндегі адамдық қатынастардың жан-жақты еркін дамуына қолдау көрсету.
Азаматтық – адам мемлекет арасындағы тұрақты қатынас, оны бір-біріне тығыз байланысты құқықтарынан міндеттерінен және жауапкершіліктеріне байқауға болады
Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік–экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың мүдделері қанағаттандырылады.
Атқарушы билік - қабылданған заңдарды іске асыратын және жедел-шаруашылық қызметтерді орындайтын, тағайындалатын не болмаса сайланған атқарушы–иелік етуші билік органдары.
Әкімшілік – атқарушы-әкімші мемлекеттк органдар жүйесі, барлық елдің не болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.
Әлеуметтік нормалар – қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп жолы
Референдум - бүкіл халықтың дауыс беруі (референдум) ең жоғарғы заңдылық күші бар, аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері бойынша, азаматтардың тікелей басқару шешімін қабылдануы.
Вето – парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы.
Декларация - құқықтық құжат , ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау.
Демократиялық режим - мемлектік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін есептей отырып көпшілік шешімді қабылдау.
Заң - ерекше жағдайда, заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Заңдар - мемлекттің белгілі-тарихи кезеңіңдегі ,әрекет жасайтын заңдардың және соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі
Заңдылық – қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз оындауға қажет талаптарының жиынтығы.
Заңды мүдде - обьективті кқұқықта көрсетілген, не оның жалпы мәнінен пайда болатын, белгілі деңгейде кепілдігі бар заңды рұқсат, ол субьектінің белгілі әлеуметтік иглікпен пайдалануға ұмытылғанынан көрінеді, сонымен қатар, оны қорғайтын мемлекеттің құзіретті органдарына, қоғамдық ұйымдарға жүгінуи мүкіндігі.
Заңды тұлға - меншігінде мүлкі бар ,сол мүліктерін басқару процесінде, өз атынан мүліктік емес міндеттерге ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген ұйымдар, тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.
Кодекс- бір жүйеге келтірілген , заңды және логикалық тұтас , ішкі жағынан келсімді тікелей әрекеттегі заңды акт, қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігін реттейді.
Конституция - мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы , оның ең жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрлымдарды басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым–қатынасының принциптерін бекітеді.
Конфедерация - мемлекеттердің уақытша одағы, олар саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді.
Кінә - заң бұзушының өзі жасаған әрекетіне психикалық қатынасының жағдайы (қасақана және абайсыздық)
Қоғам – тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы ,бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы.
Нормативтік келсім - құқықтық–шығармашылық субьектілерінің арасындағы келсім, оның нәтижесінде жаңадан құқық нормасы пайда болады.
Нормативтік акт - құқықтық акт, мемлекеттің шығармашылық субьектілерімен қабылданады, ерекше ресми жазба нысаны бар және белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Саяси режим - тәсілдердің ,амалдардың, құралдардың жүйесінің негізінде саяси билік жүргізіледі және сол қоғамның саяси жүйесі сипатталады.
Тәртіп - қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субьектілердің тәртіптерінің сай болуы.
Мүліктің шарттық режимі – ерлі- зайыптылардың және олардың осы некеден туған баларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі.
Мемлекеттік басқару - негізгі заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі;
Басқару - адамдар ұжымының біріккен қызметіне жетекшілік ету, оны бағыттап, ұйымдастыру;
Басшылар - кадрларды таңдап талғауда байқалатын заңдық биліктік өкілеттікке ие қызметкерлер.
Субьекті - мемлекеттік биліктік құқыққа ие мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және азаматтар.
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
Заң шығарушы – Парламент, ал жергілікті жерлерде-аумақтық өкілді органдар.
Сот билігі- Жоғарғы Сот және төменгі буын соттары.
Құқық қабілеттілік- адамның туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін күші болатын субьективтік құқықтарының кепілдігі.
Әрекет қабілеттілік- құқықтық қатынастар аясындағы құқықтарды нақтылы жүзеге асыру және өзіндік міндеттерді орындау әрбір жеке жағдайда заңда көрсетілген жасқа толған кезеңде пайда болады.
Басқару әдісі- заңдық-биліктік өкілеттігі бар органдардың бағыныштыларға және басқа адамдарға ықпал етуімен іске асатын мемлекеттік басқару органдарының міндеттерінің жүзеге асуының әдіс-тәсілдері;
Әкімшілік құқық- билік пен бағыну негізінде құрылған және ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару органдарының атқару-өкімдік қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттік қызмет- азаматтардың мелкеттік органдар мен олардың аппарттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі;
Мемлекеттік лауазым- мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктлген құрылымдық бірлігі;
Лауазымды адам- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам;
Лауазымдық өкілеттілік- заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретінін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;
Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
Мемлекеттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Біліктілік талаптары- мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейі, құзіреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау, жұмыс уақыты, мемлекеттік қызмет өткеру.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
1-ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ
Мақсаты: Мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқықтық білімнің бастамасы екендігін студенттерге түсіндіре отырып, оның әдістері, жүйесі туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:
-
Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұны.
-
Мемлекет және құқық теориясының әдісі, оның мазмұны.
-
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны.
1.Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұны
Әр ғылымының өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне – предметіне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси – экономикалық, мәдени- әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым- қатынастарды реттеу, басқару әдіс – тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекетпен құқықтың өмірге келу, даму зыңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, фунцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арсындағы сан қырлы, күрделі қарым- қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана – сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
Мемлекет пен құқықты бір - бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси- экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық – нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс – тәсілдерін, функцияларын жан – жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдіс –тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процессінде болған жақсы тәджірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.
Мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өмірдегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты.
Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
-
қоғамының қалыптасу, мемлекет және құқықтың өмірге келу заңдылықтары;
-
қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
-
қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихы маңызы, құрылымы, мақсаты.
Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше фунциялар атқарады:
Онтологиялық фунция – (грек... шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдалақтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықытың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыпстасады.
Гносеологиялық фунция – (грек... білім, теория) таңым теориясы арқылы мемелкет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвлистикалық функция – (грек... табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс – тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процессінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
Әдістемелік функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымда жасап, ғылымының жақсы дамуына жағдай жасау.
Саяси функция – қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі – сыртқы саясатының ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
Идеологиялық функция – жалпы теория қоғамдары әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
Тәжірибелік – ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.
Болжау функциясы –жалпы қоғамдағы саяси – құқықытық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қортынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп, басқару бағдарламасын дауындауы қажет.
Құқық және мемлекет теориясының фунциялары бір бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз фунцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет және құқық теориясяның белгі – нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан –жақты зерттеп, оның объективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымының бір саласы.
Жалпы теория қоғамджық ғылымсдардың ішіндегі тек мемлекеттік – құқықытық құбылыстарды зерттейтін саласы. Сондықтан жалпы теория заң ғылымының бір саласы.
Жалпы теория заң ғылымдарының барлық салаларының объективтік даму заңдылықтарын зерттеп, оларды қалай қолдану жолдарын көрстеіп отырады және ғылымының салаларынын бірлесіп, дербестік даму бағыттарын анықтап отырады. Сондықтан мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының ішіндегі ең терең түйінді ғылым, (фундаментальды ғылым).
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларына бағыттаушы, ұйымдастырушы, әдістемелік ғылым. Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының садаларына тиісті әдістемелік жасап, оны ғылыми тұрғыдан қалай қолдану әдіс – тәсілдерін анықтап отырады.
Жоғары мектепте студенттер көптеген пәндерді оқудан бұрын, ең алдымен «Заң ғылымы дегеніміз не?» «Мемлекет және құқық теориясы деген не?» Міне,осы сұрақтарға олар жауап алуы қажет. Толық жауапты студенттерге мемлекет және құқық теория пәні береді. Бұл пәнді студенттер бірінші курста оқып, мемлекет және құқық туралы білім алып, олардың қоғамды реттеп, басқарудағы рөлін, маңызын жақсы түсініп шығады. Сөйтіп, студеттердің жоғары курстарда заң ғылымының салалық пәндерін оқып, жақсы түсінуге мүмкіншілік жасалады.
Қоғамдағы ғылымдардың, соның ішінде заң ғылымының, даму процесінде сан қырлы қиындықтар кездесіп жатады. Оның себептері: қоғамның объективті даму заңдылықтарының, мүлде – мақсаттарының күрделенуі. Әсіресе, бұл процесс қоғамның дағдарысқа ұшырау кезінде немесе өтпелі дәуірде өте қатты шиеленіске кездеседі. Бұл кезде қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде заң ғылымына, талап күшейеді. Заң ғылымының, мемлекет пен құқықтың алдына қойылатын талап-қоғамды реттеп,басқаруды күрт жақсартып, қиыншылықтан,дағдарыстан тезірек алып шығу және қылмысқа қарсы күресті батыл, табанды жүргізу.
Қоғамдағы іргелі-фундаментальді ғылымдар өмірдін сұранысына, талабына жауапты тез, үстірт бере алмайды. Шын, сапалы ғылым бір күндік, бір айлық немесе бір жылдық іс емес. Ол көп жылдық ғылыми зерттеуден өтетін іс-әрекет, оны өмірлік-тәжірибелік сынықтан өткізу қажет. Осы процестерден кейін ғылыми қорытынды басқаруды жақсарту мәселесіне заңды түрде кірісуге болады.
Қазіргі кезеңде нарықты экономика реформасы, қоғамның әлеуметтік саласындағы жаңа келеңсіз жағдайлар ғылымның әлеуметтік саласындағы жаңа келеңсіз жағдайлар ғылымның алдына бұрын болмаған қиындықтарды, келеңсіз жағдайлар ғылымның алдына бұрын болмаған қиындықтарды, келеңсіз істерді үйып-төкті. Осы қиын жағдайдан ғылыми тұрғыдан шығу жолын, бағытын тез, аз уақыт ішінде көрсетуге болмайды. Және бұл қиндық, дағдарыс қағамның бір-ақ саласын зерттеумен шұғылданады. Сондықтан қазіргі дағдарыстан шығу үшін қоғамдық ғылымның барлық саласы бірігіп ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Мұндай зерттеу елімізде жүргізіліп жатыр, екі-үш жылда қорытынды тұжырымдар болуғп тиіс.
Жалпы теория мемлекеттік – құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық, жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.
1). Мемлекет және құқық теориясы (жалпы теория) заң ғылымының өзіне тән ерекшеліктерін, олардың объективтік даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтарды қоғамның экономикалық, әлеуметтік объективтік даму заңдарымен араластыруға болмайды. Мысалы, қоғамның саласының сапасы сол қоғамның материалдық тұрмыс жағдайына байланысты – бұл тарихи материализмнің объективтік даму заңы. Қоғамдағы өндірістік қатынастың өндіргіш күштің деңгейіне сәйкес болу заңы экономикалық теорияның пәніне жатады.
Мемлекет және құқықтың зерттеу мәселелері заң ғылымының объективтік даму заңдары, олардың өздеріне тән ерекшіліктері және бұл заңдардың қоғамның объективтік даму заңдарымен байланысы.
2). Заң ғылымының негізгі күрделі зерттеу мәселелері: мемлекет пен құқықтың сапалы дұрыс дамуы, олардың салалық құқықтарымен, құқықтық санамен, құқықтық мәдениетпен арақатынасы т.б.
3). Мемлекет және құқық теорясы жан-жақты дұрыс, сапалы салаларының атқаратын қызметтеріне зор әсер етеді. Жалпы теория заң ғылымының жетекші саласы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастурушы, бағыттаушы күш деуге болады.
4). Мемлекет және құқық, олардың салалары бірлікте және дербестікте дамып зерттеледі. Олардың бірлестігі: өмірге бірге келуі және оның себептері де бірдей; мемлекет пен қуқықтың даму процесі, өзгеруі, жаңаруы да бір-біріне ұқсас; атқаратын қызметтері бірдей – қоғамды реттеп, басқару.
Қорыта айтсақ, құқық және мемлекет теориясының ғылыми зерттеу мәселелері:
-
мемлекет және құқықтың өмірге келу, даму және қоғамды реттеп, басқаруының объективтік даму заңдылықтары;
-
мемлекет және құқықтың мазмұны, түрлері, нысаны, фукциялары, құрылымы, механизмы және құқықтық жүйе;
-
заң ғылымдағы мемлекеттік – құқықтық түсініктер.
2.Мемлекет және құқық теориясының әдісі, оның мазмұны. Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретің ілім. Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс – тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория - ғылым нені зерттейді? – деген сұраққа жауап береді. Методика - ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген.
Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымда дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қортынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: жалпы ғылыми әдіс – тәсіл және жекелік ғылыми әдіс – тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс – тәсілді – ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның діни, позитивизм, экзистеционализм, утилитаризм т.б. бағыттарына сүйене отырып жүргізіледі.
Материализм – философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама – қарсы ғылыми философиялық бағыт. Материализм адам санасын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатының дәлелдейді. Материализм ғылыммен практиканың жетістіктеріне сүйене дамиды және білімдердің өсуіне, ғылыми методтардың жетілуіне, адамзат практикасының, қоғам өндіріс күштерінің артуына ықпалын тигізеді.
Диалектика – табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті реалдылықтың күрделі заңдылықтарын, қажеттігін қарама – қайшылыққа толы табиғат зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.
Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның объективтік дамуының қайнар көзін, ішкі қозғалысын және бағытын көрсетеді. Диалектикалық категориялар (анализ мен синтез, мазмұн мен форма, құбылыс пен пән, шындық пен мүмкіншілік т.б.) танымның дәйектілігін, заңдылығын бейнелейді.
Материалистік диалектика методологиясының негіздеріне сәйкес мемлекеттік – құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттеулуге тиіс. Сондықтан қоғам, мемлекет, құқық – осылардың арасындағы қатынастарының түрлерін білу қажет. Қоғамның мемлекет – құқықпен үш түрлі байланысы бар: қоғамның базисі мен қондырмасы арқылы, қоғаммен мемлекет – құқықтың байланысы, қоғамның мүдде – мақсатының құқық – мемлекетпен байланысы.
1). Қоғамның экономикалық базисі өзінің қондырмасымен байланыста дамиды. Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет. Қондырма – базис арқылы қоғам, құқық және мемелекетпен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп, басқаратын құқық пен мемлекет.
2). Құқық пен мемелекет қондырманың бір күрделі саласы, олар қоғамның барлық саласымен үздіксіз байланыста болады және құқық пен мемлекеттің қызметі қоғамдағы адамдардың сана сезімімен де байланыста дамиды. Бұл екі жақта объективтік процесс.
3). Мемлекет пен құқық қоғамның жалпы халықтық және таптық мүдде – мақсаттарын реттеп, басқарып іске асырып отырады. Бұл да екі жақты объективтік процесс.
Сонымен, материалистік және диалектикалық методқа сәйкес мемлекет пен құқық қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайларымен тығыз байланыста, үздіксіз қозғалыста, дамудағы объективті шындық құбылыстар. Мемлекет пен құқықтың өздерінің даму заңдары болады. Бұл заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеп білуге болады. Мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды зерттеудің жалпы методологиялық алдын ала шарттары:
-
құқық пен мемлекет объективті шындық құбылыстар ретінде ғылыми анализ жасаудың объектісі бола алатыны;
-
мемлекет пен құқықтың үздіксіз қозғалыста, өзгеруде және тарихи даму процесте болатынын ескеру;
-
мемлекет пен құқықты зерттеу процесінде қоғамның салаларында сан қырлы болып жататын байланыстарды, қатынастарды ескеру қажет. Кейбір жағдайда сол байланыс қатынастар заң ғылымын дамытудың негізгі бағытына айналуы да мүмкін;
-
құқықтық – мемлекеттік құбылыстарды зерттеуде міндетті түрде заңды тәжірибелермен, өмірдің талаптарын ескере отырып жүргізген нәтижелі болады. өйткені теорияның дұрыстығы тәжірибе арқылы анықталады. Бұл тұрғыдан зерттеу әділетті болуы қажет.
Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс - тәсілдерінің ең күрделісі материалистік диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен әдісі. Танымның мақсаты – зерттеліп отырған заттың, мәселенің терең мәнін, қайшылықтар жүйесін ашу. Таным – объективті шындықтың адам санасындағы белсенді және қайшылықты бейнеленуі. Бұл процесте логканың атқаратын рөлі зор. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.
Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады.
-
теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі объектілерді талдау, құрамды бөліктерді жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру. Мысалы: жалпы теорияда мемлекеттік органдарды, оның функцияларын, құқықтық нормаларды, қатынастың субъектілерін жүйе – жүйеге, сала – салаға топтастырып зерттеу, немесеғ оларды біріктіріп зерттеу жүргізу.
Нақтылы ғылымдардың теориялық және методологиялық негіздері тек философиямен ғана емес, олардың өздері арқылы да зерттелуде. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы зеттеудің жалпы әдістерімен азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық т.б. құқықтарды жабдықтандырады.
Ал, жалпы құқық және мемлекет теориясы философияға сүйене отырып, заң ғылымының барлық табыстарын пайдаланады. Оның барлық саласында бірдей қатысты методологиялық мәселелерді зертейді. Осы типтес қарым – қатынас басқа ғылымдарда да бар.
Жекелік ғылыми зерттеу әдіс – тәсілдерінің түрлері: жүйелік, функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру – теңестіру т.б.
Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.
Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу. Бұл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық сананы, жауапкершіліктің түрлерін т.б. құбылыстарды зерттеуде пайдаланады.
Статистикалық әдіс –заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.оның кезеңдері: бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.
Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұның, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.
Социологиялық тәсіл - жүелік, функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.
Салыстырмалы теңтестірмелі әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процесстерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.
Математикалық әдіс – ЭВМ, компютер, автоматика, телемеханиканы қолданып зерттеулер жүргізу. Осы аталып өткен зерттеулердің әдіс – тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл әдістерді жеке сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін – бірі толықтырылып отырады. Мемлекет және құқық теориясының оқулығы студенттерді заң ғылымының күрделі салаларымен, мемлекеттік – құқықтық құрылымымен, функцияларымен т.б. таныстырады. Ол оқулықтың алдында екі міндет түр: біріншісі – заң ғылымының, заң мамандығының негізін қалыптастыру, сол арқылы салалық заң пәндерін жақсы оқып- білуге мүмкіншілік жасау; екіншісі – жоғары заң мектебін бітіріп, жақсы маман болуды қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |