З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет45/48
Дата23.03.2023
өлшемі0.88 Mb.
#471034
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
open-file

Тәрбие - баланың жеке басына мақсатты және жүйелі түрде барлық жағынан әсер 
ету. 
Тәрбие әдісі- тәрбиенің берілген мақсатына жету жолдары. 
Тәрбиелеуге саралап қарау - белгілі бір топ оқушыға мақсатты түрде педагогика 
тұрғысынан әсер ету (формалдық емес немесе жекеше түрде). Саралап қарау - 
оқушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіру мақсатында, тиімді педагогикалық 
көмек ету міндетін жүзеге асыру. 
Тәрбиешінің ассистенті - тәрбиешінің серіктесі (партнеры), ондай адамның 
болуы балалардың жеке мұқтаждығын толығымен қанағаттандыруға және шағын 
топтардағы жұмыстарды ұйымдастыруға, балаларға белсенділік орталықтарын 
таңдауға көмек көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады. 
Тәсіл - іс-әрекет сипаты, бір нәрсені жүзеге асырудың жолы. 
Тексеру парақтары - балаларды бақылаудың қарапайым және тиімді жолдары. 
Олар баланы бақылауға жататын және оның жетістігін қадағалау үшін қажетті 
жүріс-тұрыс аспектілерін нақтылайды. 
Тектілік, тұқымқуалаушылық - адамның физикалық, биологиялық қасиеттері, 
оның организмінің нәсілдік ерекшеліктері. Терісінің, көзінің, шашының түрі, дене 
бітімі, ойлау қабілеті мен жүйке жүйесінің ерекшеліктері. 
Теңеу - объектілерді олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын белгілеу 
мақсатында салыстырудан тұратын ой операциясы. 
"Тепе- теңдіктің бұзылуы" - баланың эмоциялық тұрғыдан толып кетуі
сондықтан болып жатқан жағдайды түсінбеуін көрсету үшін үлкен адамға 
жіберетін белгісі. 
Тифлопедагогика - соқырлар мен нашар көретіндер педагогикасы. 
Толықтырма - "Тәй-тәй" бағдарламасының сабақтарына қатысты толықтырма 
деп келесілерді атайды: сабаққа жаңа материалдарды кіргізу; материалдарға 
өзгерістер енгізу, материалдарды қолданудың жаңа мүмкіндіктерін туғызу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет