З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Педагогтың кəсіби этикасы: мəн-мағынасы, мазмұны



Pdf көрінісі
бет15/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

2.2. Педагогтың кəсіби этикасы: мəн-мағынасы, мазмұны, 
қызметтері
Кәсіби этика - жалпы этика ғылымының саласы. Ол қайсыбір кəсіптің 
моральдық ерекшеліктерін, сол кəсіппен айналысатын адамдардың еңбек 
атқару барысындағы адамгершілік ұстанымдарын, оларды жүзеге асыру 
өзгешеліктерін қарастырады [9]. Мысалы: 
- басқару кəсібінің этикасы - басқару іс-қызметіне байланысты
этикалық ұғымдар мен тəрбиелік нұсқаулар жүйесі; 
- əскери кəсіп этикасы - армияның əскери күшін нығайту мақсатындағы
оны ұйымдастыру, басқару деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған ұғымдар 
мен нұсқаулар жүйесі;
- медициналық этика - ол этика бойынша дəрігер əр жағдайда əділ,
əдемі, кең жүректі адам болуға тиісті. Гиппократ анты.
Кəсіби этиканың атқаратын міндеттері:
- ұжымда жалпы адамгершілік талаптарға сай келетін тəртіп орнату;
- кəсіби борыш, кəсіби ар-намыс деген түсініктерді енгізу;
- ұжымның беделін көтеру;
- кəсіби қызметті кеңейту, ілгерілету, сол арқылы табысты молайту,
кəсіпке қатысы барлардың тұрмыс-жағдайларын жақсарту. Түптеп келгенде 
саяси-əлеуметтік тұрақтылықтың бекемденуіне қызмет ету.
Біз бен сіздің кəсіби мамандығымыз (сіз үшін болашақтағы) -
педагогикалық мамандық. Енді осы бағыттағы этикаға кеңірек тоқталайық.
Педагогикалық этика - этика ғылымының өзіндік тарауы. Ол:
- педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді; педагогикалық еңбекте
адамгершілік ұстанымдарын жүзеге асыру өзгешеліктерін анықтайды; 
- педагогикалық этиканың функциясын, мазмұндық принциптерінің
өзгешеліктерін ашып көрсетеді; 


23
- оқыту-тəрбиелеумен кəсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы,
яғни кəсіби ортада, адамгершілік қатынастар мен қалыптасқан өзгеше тəртіп 
пен мінез-құлықты зерттейді. 
Педагогикалық 
этика 
педагогикалық мораль мен моральдық 
құндылықтардың түпкілікті мəнін қарастырады. Этиканың негізін мораль 
құрайтын болса, мораль деп қоғамдағы адамдар арасындағы қалыптасқан 
адамгершілік нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. 
Моральдық құндылықтар - адамдардың адамгершілік қасиеттері мен 
мінез-құлқына, іс-қимылына, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарға өзіндік баға 
беретін мейрімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер 
жүйесі. Педагогикалық қызметте мораль, моральдық құндылық 
түсініктерінің бəрі кездеседі. Солардың ішінде педагогикалық əділдік, 
педагогикалық борыш, педагогогикалық ар-намыс, педагогикалық бедел,
педагогикалық тəртіп түсініктеріне сипаттама берсек:
Әділдік - адамдардың құқықтары мен міндеттері арасындағы 
сəйкестілік. Ал педагогикалық əділдік - мұғалімнің оқушылармен қарым-
қатынасы барысында оқушылардың тəртібін, қылығын, оқуға көзқарас-
құлшынысын, адамгершілік тəрбиелік деңгейін анықтау мен бағалау 
барысындағы мұғалімнің объективтілігі мен өзіндік баға берудегі ерекше 
сипаты (2.1-кесте). 
2.1-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет