З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


V ТАРАУ. «ПЕДАГОГ-ПЕДАГОГ» ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПТІК



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

V ТАРАУ. «ПЕДАГОГ-ПЕДАГОГ» ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПТІК 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЭТИКАСЫ
5.1. «Педагог-педагог» жүйесіндегі кəсіптік қарым-қатынастың
жалпы сипатттамалары
Әрбір адам əлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен 
ақпарат алмасады, тəжірибесімен бөліседі, бірігіп, ынтымақтастық қарым-
қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі əлеуметтік, 
ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның əлеуметтік 
ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге болады. Олай болса, 
қарым-қатынас - айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы 
байланысты тұрақтандырушы [22].
Жайлап қарасақ, қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген 
адам өмірде көп жетістіктерге жете алады, жұмысында да, беделі, абыройы 
жоғары болып қоршаған адамдардың сый құрметіне бөленеді.
Шығыстың Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары 
қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара 
əрекетке аса зор мəн берген. Жүсіп Баласағұнның тəлім-тəрбиелік ойларға 
толы «Құтадғу білік» (құтты білік) атты дастанында адамдардың бір-бірімен 
қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте əсерлі 
баяндалған. Мысалы, осы дастанда жазылған: «Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де 
өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісі - тіліне ұят 
сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің 
тəрбиелік мəні қандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына 
сіңімді екені анық.
Педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мəселелері 
А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодальевтің А.В.Мудриктің, В.А.Кан-Каликтің, 
Н.Е.Щуркованың, 
А.И.Щербакованың 
В.А.Сухомлинскийдің, 
Ш.А.Амонашвилидің, С.Л.Соловейчиктің, А.Б.Добровичтің, И.А.Зимняяның, 
Я.Л.Коломинскийдің, А.А.Реанның т.б. ғалым еңбектерінде жан-жақты 
қарастырылған. Педагог маманығына байланысты кəсіби-педагогикалық 
қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынаста 
педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты 
ұйымдастыру үшін алдын ала көптеген педагогикалық міндеттерді 
анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет