З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Адамгершілік тəрбие туралы ой-пікірлер



Pdf көрінісі
бет63/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Адамгершілік тəрбие туралы ой-пікірлер
Я. А. Коменский
Тəрбиеші балаларды өз мінез-құлқын ақыл-ойға 
бағындыруға, ойланып əрекет етуге, бойындағы 
құмарлық,шыдамсыздық, ашу жəне басқа да 
жағымсыз эмоцияларын басқара алуға үйрету керек.
И. Г. Песталоцци
Тəбиеленушілердің 
бойында 
игі 
істерді, 
ұстамдылықты, ерік-жігерді қалыптастыруға көп 
көңіл бөлу қажет.
К.Д. Ушинский
Педагог тəрбиеленушіге адамгершілік мінез-құлық 
саласында теориялық жəне практикалық тəжірибе 
беріп, ойланып əрекет етуге үйретуге тиіс.
П.Ф. Лесгафт
Баланы өз іс-əрекетіне есеп беруге үйрету керек. Тек 
осы жағдайда ғана ол өзін тұлға ретінде 
қалыптастыра алады.
Бүгінгі таңда тұлғаның өз іс-əрекетін қоғамдық моральдық талаптармен 
салыстыра отырып ойластыру мəселесі тəрбие жұмыстарының бірқатар 
бағыттарында көрініс табады.
Тұтастай алғанда, оларды мынадай түрде тұжырымдауға болады:
- жастарда өз іс-əрекеттерін ойластыру қажеттілігін сезіндіру;
- мінез-құлықтың мəні мен маңыздылығын түсіндіру;
-жағымды мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында əртүрлі
практикалық əрекеттерге баулу.
Осы бағыттардағы оқушылармен практикалық жұмыс тəжірибесі 
көрсеткендей, жасалатын іс-əрекеттер мен іс-əрекеттердің маңыздылығы 
туралы жалпы түсінік болуы тиіс, бұл дегеніміз - адамды қателіктерден 
арылтуға жəне өзінің мінез-құлқын ақылға қонымды əрекеттерге 
бағындыруға көмектеседі. Дегенмен, теорияны білу оны өмірде қолдануды 
қамтамасыз етпейді. Әрбір тəрбиеленушіні іс жүзінде өз іс-əрекетін 


100
ойластыруға, жасаған əрекеттеріне талдауға, дұрыс моральдық таңдау 
жасауға үйрету керек. 
Қоғамда жақсылық пен жамандықты қабылдау белгілі бір қиындықтар 
мен ішкі моральдық қайшылықтарға байланысты:
- тұлғаның қанша қаласа да мейірімді іс əрекет жасай алмауы;
- тұлға басқа адамға көмек көрсеткісі келеді, бірақ оны қалай істеуін
білмейді;
- жағымсыз əрекет екенін біле тұра, тұлға қос стандарттар
тəжірибесімен келіседі.
Әрбір адамда моральдық жəне аморальдық ұғымдар туралы жалпы 
түсінігі бар. Бірақ та, адамды белгілі бір жағдайда бағалау өте қиын. 
Көпшілік жағдайда біз əрекетке баға беруде екі негізгі көрсеткішті ескереміз:
- бұл əрекеттердің айналадағы адамдарға пайдасы болды ма, əлде зиян
келтірді ме?
- бұл əрекеттер жалпы қабылданған нормаларға сəйкес пе?
Іс-əрекет пен заңсыз əрекетті талдауда бұл көрсеткіштер жеткіліксіз.
Басқа да факторларды қарастыруымыз қажет. Іс-əрекет мынадай 
құрылымдардан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет