З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет68/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар
1. «Кодекс» ұғымына анықтама беріңіз. Мұғалімнің кəсіби этикасы
кодексінің негізгі ержелерін атаңыз.
2. Болашақ мұғалімнің адамгершілік бағдарының негізі қандай?
3. Болашақта өз жұмысыңызда кəсіби қарым-қатынастың қандай
этикалық ережелерін ұстанар едіңіз?
1-тапсырма. Топқа бөлініп өздеріңіздің кəсіби этикалық
кодекстеріңіздіқұраңыздар.
2-тапсырма. «Сиқырлы қобдиша». «Сиқырлы қобдишаға» не салар
едіңіз жəне өзіңізбен бірге болашаққа не алар едіңіз?


109
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамның рухани-адамгершілік ортасы оның өзін-өзі дамыту мен кəсіби 
өзін-өзі дамытудың негізін құрайды. Адамгершілік - мұғалім ақыл-ойының
жəне шығармашылық əлеуетінің іргетасы, оны өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі 
қамтамасыз ететін тұлға ретінде қалыптастырады. Мұғалімнің рухани-
адамгершілік мəдениеті қаншалықты педагогикалық шеберлікке ие болса да, 
ешқашан аяқталмайды. Себебі, рухани-адамгершілік мəдениет – ең алдымен 
үздіксіз өзін-өзі жетілдіру жəне өзін-өзі дамыту мəдениеті.
Өзін-өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге 
асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тəрбиелегісі келсе, 
өзі де солай болуға ұмтылатын педагог. 
Егер де болашақ маман «Педагогикалық этиканың» негізгі идеясын 
саналы түрде қабылдап, жүзеге асырып жатса, онда біз алға қойған 
міндетімзді шештік деп санаймыз.
Біздің ойымызша, болашақта заман талабына сай этикалық білім 
кеңейе түседі, түрленеді əрі тереңдетіледі. 
Қазақстанның 
болашағы 
азаматтарының 
рухани-адамгершілік 
мəдениетіне байланысты. Осыған байланысты əр мұғалім өзінің рухани жəне 
моральдық өзін-өзі дамытуға бағытталған жəне оқушыларының рухани-
адамгершілік мəдениетін дамытуға бағытталған күш-жігердің ауқымды 
жұмыс екенін үнемі есте ұстауы керек, өйткені, бұл біздің өмірімізді 
жақсартудың негізгі жүйелік қағидаты болып табылады.


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет