З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Педагогтың кəсіби қызметіндегі сөйлеу мəдениеті мен этикеті



Pdf көрінісі
бет48/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

4.3. Педагогтың кəсіби қызметіндегі сөйлеу мəдениеті мен этикеті
Сөз - адамдарға ғана тəн, аса маңызды құдіретті күш жəне қарым-
қатынас құралы. Адамның сөйлеу шеберлігі арқылы оның дүниетанымының 
кеңдігін, ақылдылығын, мəдениеттілігін, тəрбиелілігін, тіпті мінезін де 
байқауға болады. Сондықтан көптеген адамдардың сөйлеу шеберліктерінің 
жетіспеушілігі олардың осал жері болып табылады. 
Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз - сөз мəнеріне шеберлігі
стилистикалық ойды, нұсқаны тандай білу, ойын анық жəне айқын жеткізе
білу дағдысы.
Педагогтың сөз мəдениеті барлық кез келген адамзат баласындағыдай 


72
өз Отанына деген махаббатының жəне жалпы мəдениеттілігінің жоғарғы 
деңгейін көрсетеді. Дауысының эстетикалык сұлулығы, байлығы, мазмұны 
мен бейнелілігі бар педагог оқу-тəрбие үрдісіндегі міндеттерін жақсы 
атқаруға қабілетті болады. Даусының күші, сарыны да, сонымен қатар 
шынайылығы мен нақтылығы да біршама рөл атқарады.
Сөйлеу барысында, əсіресе мұғалімнің сабақты түсіндіруі кезінде, 
тілінің мəдениеттілігі үлкен рөль атқарады. Мұғалімнің сөйлеу 
интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс 
ойластыру қажет, себебі сөздің қандай көңіл-күймен айтылып тұрғандығы да 
маңызды. Мысалы, А.С. Макаренко балаларға «Кел мында» деген сөзді 
оншақты түрде дауыс ырғағын өзгерте отырып, əртүрлі көңіл-күй жағдайына 
сəйкестендіріп айта алған. Өте қатты дауыс адамның жүйкесіне əсер етеді, 
өте ақырын дауыс жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады. 
Педагог сөйлеу жылдамдығын да қадағалап отыру қажет. Ең жоғары 
сөйлеу жылдамдығы минутына - 120 сөз. Сөйлемдер арасында пауза-
үзілістер жасау арқылы адам тынысын түзейді. Сонымен қатар, мұғалімнің 
сөйлеу мəдениетінің, негізгі көрсеткіштерінің бірі - тілдің байлығы мен 
тазалығы, оны басқа тілдермен араластырмай сөйлеуі құлаққа жағымды 
естіледі жəне педагогтың абыройы мен беделін жоғарылатады. 
Кейбір мұғалімдерде сөйлеу барысында қисынсыз сөздерді қыстырып 
сөйлеу əдетке айналып кеткен. Мысалы, «яғни», «жалпы», «əрине», 
«жаңағы», «ана барғой», «демек», т.б. сөздердің орынсыз қайталана беруі 
тыңдаушыларға жақсы əсер береді деп айту қиын. Керісінше, мұндай 
сөздердің көп қайталануы адамның сөз қорының аздығын немесе сөйлеу 
мəдениетінің төмендігін көрсетеді. 
Сөйлеу мəдениетін қалыптастыру үшін арнайы жаттығу жасауы қажет. 
Мұғалім өзінің сөздік қорын байытуға, сөйлеу шеберлігін дамытуға
байланысты мынандай мысалдар келтіруге болады. Бір адам «р» əрпіне тілі 
келмеген болса да оның тіл кемістігін жұмысындағы əріптестері ұзақ уақыт 
бойы байқамаған, себебі ол «р» əрпі бар сөздерді айту қажет болғанда, оның 
орнына сол сөздердің синонимдерін ғана қолданып отырған екен. 
Сөйлеу мəдениеті көптеген факторларға байланысты - тілдесудің ойлы, 
бағыттылығы, оның мазмұны, жаңа ақпараттың болуы жəне т.б.
Лингвист Б.Н.Головин «Сөз мəнеріндегі мəдениеттілік» кітабында 
оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетті:
- сөйлеу дұрыстығы: екпін нормалары;
- сөйлеу дұрыстығы: грамматика нормалары;
- сөйлеу нақтылығы;
- сөйлеу логикасы;
- сөз мəнерінің тазалығы;
- сөз мəнерінің байлығы, əр алуандығы;
- сөздің орындылығы;
- тілдік жəне сөйлеу стилі.
Тілдің бай лексикалық-сөздік жүйесі педагогтың сөздік мəнеріндегі
педагогикалық мəдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы 


73
тек сөз қорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану 
мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы 
(«жаяу жүру», «адымдап жүру», «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық 
байлығы əртүрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мəдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады. Сөз 
мəнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген кұралдарын 
қолдану арқылы қол жеткіземіз. Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз -
мағынасы жағынан бірдей, ал жазылуы əртүрлі сөздер. Мысалы, «атақты», 
«дəрежелі», «белгілі»; «еркіндік», «бостандық», «тəуелсіздік». Тілдің 
синонимдік кұрылымы ойды əртүрлі тəсілдермен жеткізуге, нақтылыққа 
жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты, 
айтылуы ұқсас, бірақ мағынасы əртүрлі сөздер: «абонемент» - «абонент», 
«тəжірибелі» - «тəжірибелік».
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мəдениеттілігінің қажетті 
шарттарының бірі, əрі ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері -
қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мəнерінің сапасын бір нəрсені 
қайталап айта беру, яғни тавтология бұзады.
Педагогтың сөйлеу мəнері табиғи жəне анық болуы тиіс. Сөйлеудің 
грамматикалық дұрыстығы - бұл сөз тіркестерін жəне сөйлем құрудағы сөз 
формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мəнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын 
қарапайым, қүрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дəрежедегі сөйлеу мəдениеттілігі 
мүмкін болмайды. Бұл - орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз 
байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу қиынға соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мəнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге 
анық, бейнелі, эмоционалды болу тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет