З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет67/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Мұғалімнің ұстанымдары:
- өз-өзіне сенім – бұл өмірдің негізі;
- педагогтың əсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;
- кəсіби рефлексия, өзін-өзі тану жəне өзін-өзі дамытуға қабілеті;
- балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене жəне сөз
реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті; 
- психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың
жеке ерекшеліктерін ескеру;
- ақжарқындылық жəне балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи
дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.
Этикасы:
- педагог өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге жəне өзін-өзін өзгертуге
дайын жəне қабілетті болуы керек; 


107
- баланы сөзсіз қабылдау;
- баланың тұлғасын жəне өмірлік тəжірибесін құрметтеу;
- өзінің іс-əрекетін құпиялыққа негіздеу;
- кез келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың
үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар; 
- жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;
- баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу;
- балалар мен əріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу;
- ашық көзқараспен қарап, күлімсіреуді, мақтауды, қолдауды, жылы
сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;
- баланың мəселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте
сақтау;
- баланың мəселені ұғынып, жағдайдан шығуы үшін, лайықты
жолдарды іздеуі үшін жағдайлар жасау;
- баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті жəне
ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;
- сезімдерді көрсету мен тəрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты,
ашықтықты, адалдықты сақтау;
- тыңдау жəне мəн беру, көру жəне бақылау қабілеті, бағаламай,
сынамай, тек өзінің көзқарасы тұрғысынан (мұғалімнің емес) түсіне алу;
- зиянын тигізбеу.
Болмайды:
- қайсыбір ағымға немесе бағытқа жататын белгілері бар ала-құла,
ашық-шашық киімдерді киюге болмайды. Киім елеусіз, жылы түстен болуы 
тиіс;
- сөйлесу кезінде көзіңізге қара көзəйнек кимеңіз – көздер қарым-
қатынас жасауда маңызды рөл атқарады;
- танысуды жылдамдатпаңыз, алғашқы кездесуде бала туралы барынша
көп біліп алуға тырыспаңыз. Бірден көптеген сұрақтар қоймаңыз – алдымен 
өзіңіз туралы, өзіңіздің жұмысыңыз туралы əңгімелеңіз;
- жасөспірімге аяушылық сезіміңізді көрсетпеңіз, бұл кемсітушілік
болып көрініп, сіз бен баланың арасын алшақтатуы мүмкін;
- өтірік айтпаңыз, алдамаңыз, шынайы емес мəліметтерді ешқашан
хабарламаңыз. Өтірік ерте ме, кеш пе, бəрібір ашылып қалады, бұл сіздің 
беделіңізге нұқсан келтіріп, баламен жəне оның достарымен ара-
қатынасыңызға кері əсерін тигізеді; 
- ешқандай «саяси ойындарды» жүргізбеңіз: біреуге қарсы ешкіммен
бірікпеңіз, əрқашан бейтарап болуға тырысыңыз;
- ешкімді ешқашан кінəламаңыз жəне сөкпеңіз - баланы осы қалпында
қабылдаңыз. Оның көзқарастарына, мінез-құлқына, сыртқы түріне сабырлы 
болыңыз. Өзіңіздің пікіріңізді сабырлы жəне дəлелді айтыңыз;
- баланың пікіріне немқұрайлы қарамаңыз - керісінше, ол сіздің
қызығушылығыңызды, оның пікіріне деген құрметіңізді сезінуі керек;
- азғыруға бой бермеңіз - ауытқушылық, азғындыру мінез-құлқының
себебін түсінуге тырысыңыз;


108
- балалармен қарым-қатынаста зілденген дауыспен сөйлеспеңіз.
Әрқашан ымыраға келуге тырысыңыз, қарым-қатынасты құрылымды 
диалогқа ауыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет