З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Субъектілік-объектілік қатынастар -



Pdf көрінісі
бет74/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Алканова Пед этика негіздері

Субъектілік-объектілік қатынастар - педагогикалық қызметте 
субъект ретінде педагог, ал объекті ретінде 
тəрбиеленуші (бала) болады.
Субъектілік-субъектілік 
қарым-қатынас
-
балаларды 
ынтымақтастыққа, қызығушылыққа, шығармашылыққа, жанжалдарды 
конструктивті шеше білу қабілеттіліктерін дамытуға ықпал етеді. Ойлану 
процестері белсендіріледі, білім, білік, дағды қабілеттерін меңгереді. 
Педагогөз тəрбиеленушілерін жеке тұлға ретінде таниды жəне өзара іс-қимыл 
жеке тұлғаға бағытталған деп аталады. Педагог баланың "Мен" арқылы басқа 
адамдармен жəне əлеммен өзара қарым-қатынастаөз іс-əрекеттерін ұғынуға, 
олардың салдарын өзгелер үшін де, өздері үшін де болжай білу 
қабілеттіліктерін дамытуға барынша жəрдемдеседі. Осындай өзара қарым 
-
қатынаста педагогикалық іс-əрекет диалогтық сипатта болады.
Сүйіспеншілік - айналасына, жақындарға, жалпы айтқанда əлемге 
махаббатпен қарау,адамдарға қуаныш сыйлау,қамқорлық жасау.


114
Толеранттылық (лат.tolerantia— төзімділік, көнбістік) басқа ойға, 
көзқарасқа, наным-сенімге, іс-əрекетке, əдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға 
төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. 
Тұлға
-
жеке адамның өзіндік
адамгершілік,
əлеуметтік,
психологиялыққырларын ашып, адамды саналы іс-əрекет иесі жəне қоғам 
мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. 
Ұстамдылық - адамның бойындағы жағымды қасиет; өз тəртібін 
қадағалай білу, қызбалығы мен үстірт əрекетін тежей aлy, оларды 
қолданыстағы тəртіп нормалары мен ережелеріне бағындыру. 
Үстемділік - доминанта(латын тілінен енген сөз) – үстемдік ету деген 
мағынаны білдіреді. Өзекті қажеттілікпен немесе зейіннің үстемділігімен 
адамның миында өктемдік ететін қозу ошағы. 
Центрация - бір мезгілде, бір кезеңде өзін-өзі дамытудағы ізденіс 
жұмыстарының нəтижесінде мұғалім мен оқушының субъективті (тұлғалық) 
өсу нəтижесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет