З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Жоспарланған әрекет мезгілінің берілуі



Pdf көрінісі
бет145/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Жоспарланған әрекет мезгілінің берілуі
Қанша уақытқа?    Қай уақытқа?
Белгілеу / (кездесу) сағат екіге
Ауыстыру / басқа күнге, уақытқа ауыстыру
Тапсырыс беру / таксиді сағат кешкі 7-ге шақыру
Броньдеу / номерді ертеңге броньдеу
Сатып алу / бесінші майға билет сатып алу.


110
211-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз, салыстырыңыз.
1. Шетелдік студенттер біздің университетімізде қазақ тілін бір жыл оқиды. Олар біздің 
университетке бір жылға келді.
2. Біз кітапханада үш сағат болдық. Біз кітапханаға үш сағатқа бардық.
3. Құрбым маған жарты сағатқа келді. Ол менің қасымда жарты сағат болды.
4. Қысқы каникулымды ауылда өткіздім. Мен ауылда қысқы каникул кезінде болдым.
5. Пирог духовкаға бір сағатқа қойылды. Әжем пирогты духовкаға бір сағатқа қойды, со-
дан соң ұмытып кетті.
212-жаттығу. Қажетті мезгілдік конструкцияны пайдалана отырып, сұрақтарға жауап 
беріңіз.
1. Ауылда қанша күн болдыңыз. Қанша күнге келдіңіз?
2. Астанада қанша уақыт болдыңыз? Өткен жылы Астанаға қанша уақытқа келдіңіз?
3. Тереза қанша уақыт ашық тұр? Қанша уақытқа ашып едіңіз?
4. Сіз кеше үйде қанша уақыт болмадыңыз? Үйден қанша уақытқа кетіп едіңіз?
5. Қылмыскер түрмеде қанша уақыт отыр? Оны қанша уақытқа отырғызды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет