1 – БӨЛІМ
Сұқбаттасу (диалог) грамматикасы
Қазақ тіліндегі септіктер жүйесі
Атау септігі
1-тапсырма. Атау септігін есіңізге түсіріңіз..
Септіктер
Сұрақтар
Жалғаулары Тәуелдік жалғаудың
І, ІІ жақтарынан
кейін
Тәуелдік
жалғаудың
ІІІ жағынан кейін
Атау септігі кім? не? кімі?
несі?
-м, -ң
-і, -сі
2-тапсырма. Атау септігінің мағыналарына назар аударыңыз!
Мысалдар:
- белсенді әрекет иесі
Дулат
теледидар көріп отыр.
- жақ (зат) атауы
Бұл –
Айжан
. Мынау –
кітап
.
- қаратпада тұлға
Дастан
, қайда барасың?
- квалификативтік белгі иесі.
Бақыт
– дәрігер. Әпкем дарынды.
- факт, оқиға
Ертең –
сайлау
- заттың бар, жоқ екендігі
Қалада жақсы
театр
бар.
- иеліктегі затты білдіреді
Менің
кітабым
бар.
- жақ, зат идентификациясы
Менің атым –
Салтанат
.
- дүкеннің аты – «Заңғар»
- қажеттілік мәні
Маған
білім
керек.
- уақыттық кезеңдегі әрекет
Сабақ
сағат 2-де басталады.
- уақыттық кезең
Бүгін
жұма
.
3-тапсырма. Келесі сөздерді көптік жалғауында жазыңыз.
Станция, делегация, кітап, аудитория, бақ, қала, хат, тапсырма, әпке, аға, орындық,
компьютер, мақала, дос, журнал, газет, дәрігер.
Достарыңызбен бөлісу: |