Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Магнит өрісі
|
Магнитное поле
|
A magnetic field
|
Магнит ағыны
|
Магнитный поток
|
Magnetic flux
|
Магнит ағыны тығыздығы
|
Плотность магнитного потока
|
Magnetic flux density
|
Магнит индукция сызығы
|
Линии магнитной индукции
|
Lines of magnetic induction
|
Магнит индукция векторы
|
Вектор магнитной индукции
|
the magnetic induction vector
|
Сол қол ережесі
|
Правило левой руки
|
Rule of the left hand
|
Ампер күші
Лоренц күші
|
Сила Ампера
Сила Лоренца
|
Ampere Force
Lorentz Force
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қоғамның дамуы үшін физиканың маңыздылығын түсіну.
Физикалық білім жүйесін саналы түрде игеру логикалық ойлаудың, жадының, назар аударудың, елестетудің, ойлау қабілеттерінің, икемділік пен дарынның дамуына ықпал етеді.
Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылар академиялық әділдікті сақтайды.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Математика, техника, өмірмен байланыс
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну, twig-bilim.kz, http://files.school-collection.edu.ru/ , https://www.youtube.com/watch?v=9Wby4aHyXJQ сайттарын қолдану
|
Бастапқы білім
|
Жердің магнит өрісі.күш сызықтары туралы 8-сыныпта өтілген, магнит өрісінің физикалық шамаларымен алдыңғы тақырыптарда таныс болған.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
|
І. Ұйымдастыру
Қолайлы атмосфералық орта қалыптастыру
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сыныптың сабаққа даярлығы
«Миға шабуыл»
Өтілген тақырыпты активациялау мақсатында оқушыларға жүйеге негізделген сұрақтар қою арқылы еске түсіру
Магнит өрісі дегеніміз не?
Магнит өрісі
Қай жерде болады?
Қалай анықтауға болады?
Магнит өрісінің негізгі қасиеттері қандай?
Магнит өрісін сипаттайтын шама?
Электростатикалық өріс пен тұрақты магниттік өрісінің айырмашылығы неде?
Оқушылар хабарламасы тыңдалып болған соң, Магнит өрісіндегі күштерге тоқталамыз
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері. Ампер күші. Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісінің әсері. Лоренц күші
ОМ: 10.4.1.2 – сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау
|
Оқушылар хабарламасы
|
Ойлану/ ақпарат алу
15 мин
|
Демонстрацилық тәжірибе көрсету
Эрстед тәжірибесі
|
Ампер тәжірибесі
|
|
|
|
|
Оқушылар көрсетілген тәжірибе бойынша нені бақылады және болған құбылысты неліктен болып жатқанын түсіндіреді.
Қорыта келе:
Кез келген тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі болады
Магнит өрісінде тогы бар өткізгіштер өзара әсерлеседі.
Егер екі өткізгіштегі ток бір бағытта өтетін болса, тартылады, ал карама-қарсы өтсе тебіледі.
Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады
Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр болғанда күш ең үлкен мәніне жетеді. Бұл күш тізбектегі ток күшіне және өткізгіштің ұзындығына тура пропорционал болады. Осы күштің ток күші мен өткізгіштің ұзындығының көбейтіндісіне қатынасы магнит өрісін сипаттайды.
Ампер күші сол қол ережесі арқылы анықталады.
Егер сол қолымыздың алақанын N полюсінен шығатын магнит өрісінің күш сызықтары тесіп өтетіндей орналастырсақ, төрт саусақ өткізгіштегі токтың бағытын көрсетеді, ал 90 0 бұрылған бас бармақ өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
Лоренц күші
Қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш Лоренц күші деп аталады, ол зат құрлысының электрондық теориясының негізін салған Голландияның физигі Х. Лоренцтің құрметіне осылай аталған. Ол күш Ампер күшінің көмегімен анықталады.
Лоренц күші бөлшектің жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан ол жұмыс атқармайды. Ол күш бөлшектің жылдамдығының модулін өзгертпейді, тек жылдамдығының бағытын өзгертеді.
|
Магнит
Таға магнит
Ток көзі
Өткізгіш сымдар
Оқушылар хабарламасы
10 сынып Магниттік күштер .pptx
10 сынып Магниттік күштер .pptx
сайт тізімі.txt
|
Практикум
12 мин
|
1-тапсырма
Төмендегі сөйлемдердің дұрыс не қате (Д/Қ) екенін ажыратыңыз
Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр болғанда оған әсер ететін күш ең аз мәнге ие
Магнит кез келген металды өзіне тартады
Магнит өрісі индукциясына параллель орналасқан өткізгішке күш әсер етпейді
Магнит өрісі солтүстік полюстен басталып, оңтүстік полюсте бітеді
Зарядталған дене магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады
2-тапсырма
Ақиқат – жалған
Ампер күші бойынша
|
Лоренц күші бойынша
|
Тогы бар өткізгішке әсер ететін күш Лоренц күші деп аталады (жалған)
|
Сол қол ережесі бойынша зарядтың қозғалу бағытын төрт саусақ көрсетеді (ақиқат)
|
Ампер күші ток күшіне тәуелді өзгереді (ақиқат)
|
Бөлшектің қозғалу жылдамдығы мен магнит индукция векторы параллель орналасса, магнит өрісі бөлшекке әсер етпейді (ақиқат)
|
Сол қол ережесі бойынша ток бағытын бас бармақ көрсетеді (жалған)
|
Лоренц күші бөлшектің жылдамдығының модулін өзгертеді (жалған)
|
3-тапсырма
Лоренц күшінің бағытын анықта
|
|
|
Ж: бізден ары қарай Ж: бізден ары қарай
4-тапсырма
Ампер күшінің бағытын анықта
|
|
|
5-тапсырма.
Магнит индукциясы 20мТл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқа, ұзындығы 0,5см түзу өткізгіш арқылы 1 А ток өткенде, оған әсер етуші күшті анықтаңдар
6-тапсырма.
Индукциясы 0,5Тл-ға тең магнит өрісінде 2*104км/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күшті анықтаңдар
7-тапсырма.
Индукциясы 56,4мТл магнит өрісінде электрон 20Мм/с жылдамдықпен қозғалады. Оның айналып ұшу орбитасының радиусы нешеге тең?
|
ҚБ тапсырмалары
10 сынып дидактика.docx
Презентация
Дәптермен жұмыс
|
Сабақтың соңы
3 мин
Үй тапсырмасы
|
С абақ соңындар оқушылар кері байланыс береді.
Стикерге сабақ бойынша
нені жақсы және қандай сұрақ
туандағанын жазады
Білімланд бойынша оқу (магнит өрісі бөлімі бойынша)
|
Рефлексия паракшалары
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Барлық оқушылар:магнит өрісін біледі,магнит индукциясын анықтауға арналған есептер шығара алады.
Көпшілік оқушылар: орташа және күрделі есептерді шығара алады,бұрғы ережесімен физикалық шамалардың бағыттарын дұрыс анықтайды.
Кейбір оқушылар: тогы бар өткізгіш пен шеңбер өткізгіштің магнит өрістерін бір-бірінен ажырата алады, күрделі есептер шығара алады, жауаупқа қарап талдау жасай алады.
|
Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы
Өзара бағалау;
өзін-өзі бағалау;
қалыптастырушы бағалау.
|
Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау
Көз жаттығуларын орындау
Кабинетті желдету
Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|