Дене шынықтыру. Негізгі мектеп. 7-сынып
3-тарау: Когнитивтік дағдылар және гимнастика арқылы денені басқару дағдылары
|
Ұсынылатын алдын ала білімдер
|
Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ үйде және білім беру бағдарламасынан тыс алынған, денені басқаруды жақсартуға көмектесетін дене жаттығулары туралы білімдерді меңгерген.
|
Контекст
|
Бұл тарау оқушыларға бағдарланған гимнастикалық маттарда және снарядтарда бірқатар жаттығулармен айналысу кезінде олардың когнитивтік дағдыларын (креативтілік, сыни ойлау) және физикалық дағдыларын (денені басқару) дамытуға көмектеседі.
|
Бұл тараудың тілдік мақсаты
Оқушыларға арналған тиісті ғылыми/мектеп терминологиясы бар тілдік мақсат мысалы оқушыларға осы тараудың пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін төменде беріліп отыр.
|
Оқудың тілдік мақсаты
|
Пәндік лексика және терминология
|
Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері
|
Оқушылар:
өздерінің когнитивтік және физикалық білімдерін, гимнастика контексінде түсініктері мен дағдыларын көрсете және талқылай алады.
|
Мыналарды қамтиды:
бұрылулар, аударылып түсулер, тік тұрулар
дене бөліктері
гимнастикалық снарядтар
гимнастикалық қабырғалар
қанат, саты, кермелер
әр түрлі биіктіктердегі қоссырықтар
гимнастикалық теке, ат
гимнастикалық маттар, орындықтар
қозғалыстар үйлесімі
мүсін
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сендер денелеріңді ширыққан күйде ұстаған кезде, мысалы, снарядтарда жаттығулар орындаған сәтте, бұлшық еттеріңді қалай сезінесіңдер?
Сендерде бұл тапсырмада басқа қауіпсіздік ережелерің бар ма және бар болса, неліктен?
Сендер соңғы қозғалыстар реттілігін әр алуан әрі қарама-қайшы ету үшін кеңістіктегі қозғалыстарыңды өзгерте аласыңдар ма (деңгей/бағыт)?
Сендерге гимнастикада қозғалыстар реттілігін не үшін жоспарлау керектігін айта аласыңдар ма?
|