Заңды тұлғалар үшін «Электронные торговые системы акиг» жшс-ның электрондық сауда алаңы көлемінде тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға



Дата23.02.2016
өлшемі56.7 Kb.


«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның

электрондық сауда алаңы көлемінде

тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға,

қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру Ережелеріне

Қосымша №1-1

Заңды тұлғалар үшін «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның

электрондық сауда алаңы көлемінде тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға,

қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру Ережелеріне қосылу туралы

ШАРТ

Алматы қ. «____» ____ 20__ ж.
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС (17.09.2012ж. Алматы қаласының Әділет департаментімен берілген №1344-1910-06-ЖШС (ШҚ) Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік) атынан Жарғы негізінде әрекет етуші Бас директор Ярмолкевич Н.С. және __________________________________________________ (бұдан былай Клиент) (ұйымның атауы, соның ішінде ұйымдастырушылық-құқықтық формасы) __________________________________________________________________________,

(Аты-жөні, лауазымы)

__________________________________________________ негізінде әрекет етуші осы «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңы көлемінде тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру Ережелеріне қосылу туралы Шарт (бұдан былай – Шарт) жасасты.

«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жүргізілетін электрондық шараларға қатысуын қамтамасыз ету үшін, Клиент «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңы көлемінде тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру Ережелеріне қосылу туралы шартқа қол қояды.


Клиент:

- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңының Операторына Ережеде көрсетілген құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды ұсынуға;

- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында Клиенттің атынан электрондық шараларды жүргізу барысында жұмыс істеуге өкілетті тұлға (бұдан былай – Өкілетті тұлға) тағайындауға;

- Оператор көрсеткен қызметтері үшін төлеуге («Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жұмыс істеу үшін таңдалған тарифтік жоспарға сәйкес) және егер Клиент «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жүргізілетін электрондық шараның Жеңімпазы болып танылса немесе егер Қазақстан Республикасының заңнамасы және Ережемен белгілеген жағдайларда шартқа отыру құқығы Клиентке өтсе немесе Клиент электрондық шараның жалғыз қатысушысы (электрондық шараның сәйкес протоколында көрсетіледі) болып қалса, Клиентпен оның көрсеткен бағасы бойынша шартқа отыруға.

- осы Шартта көрсетілген және Ережелерге сай ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы үшін толығымен жауапты болуға;

- Өкілетті тұлғаның «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңының ашық бөлігіндегі «Аккредитация» бөліміндегі форма толтыру кезіндегі, Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңының жабық бөлігіндегі «Регистрация» (Тіркеу) бөлімінде форма толтыру кезіндегі, «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңының жабық бөлігіндегі электрондық шараларды жүргізу барысында шарттың бағасы туралы ұсыныстар беру кезіндегі қате әрекеттері үшін, сонымен қатар, Өкілетті тұлғаның «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жүргізілетін электрондық шараларға Клиенттің қатысуын қамтамасыз етумен байланысты өзге де әрекеттері үшін толығымен жауапты болуға;

- Осы Шартта және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге өзгеріс енгізу туралы, аталмыш құжаттарды ауыстыру немесе оның күші жойылғаны туралы, Клиенттің өкілетті еткен тұлғаларына жаңа сенімхаттардың берілгені туралы Операторды уақтылы хабардар ету үшін толығымен жауапты болуға;

- заңды/жеке мекен-жайының және өзге де реквизиттердің өзгеруі туралы хабардар етуге;

- сатып алу шараларының қатысушыларына қойылатын талаптарға сай болуға, соның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Ережелермен белгіленген электронды түрде;

- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жұмыс жасау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Ережелерді сақтауға



міндетті.
Клиент:

- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңындағы аккредитация «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңының Операторы аккредитацияны растағанынан бастап 1 (бір) жылдың ішінде ақысыз жүзеге асырылатынымен;

- «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында аккредитациядан өткен жағдайда «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңының қатысушысы ретінде Ережелерде көзделген барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болытынымен;

- Клиенттің «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жүргізілетін электрондық шараға қатысуға сұраным жасауы (электрондық шараға тіркелу), Клиенттің Оператордың көрсеткен қызметі үшін төлеуге келісімі болып табылатынымен (таңдалған тарифтік жоспарға сәйкес);

- Оператор қызметінің ақысы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Клиент жеңімпаз атанған электрондық шараның нәтижелерін қорытындылау кезеңінен және қызметтердің ақысын төлеуге есеп қойылғаннан бастап Оператордың есеп айырысу шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен төленеді. Қызметтер үшін төлемақы есептері мен қызмет көрсету актілері Клиентке «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-де жұмыс істеу тарифтік жоспарына сәйкес қойылатынымен;

- логинды (атын), парольді сақтау ережелерін бұзу немесе Өкілетті тұлғаның логинды (атын), парольды «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңына кіру және сонда жұмыс істеу үшін «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жұмыс істеуге сәйкес өкілеттіктері жоқ үшінші тұлғаларға рұқсатсыз бергені үшін Клиент әрбір ереже бұзу фактісі үшін 50 000 (елу мың) теңге көлемінде, ҚҚС қоспағанда, айыппұл төлеу арқылы жауапқа тартылатынымен;

- электрондық шара жасау мен жүргізуге тапсырыс берушімен шарт жасасудан бас тарту жағдайында Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылатынымен;

- егер Клиент (аккредитациядан өткен жеткізуші) іске аспаған деп танылған электрондық сауда шарасына қатысып, тапсырыс беруші жүргізілген электрондық сауда шараның нәтижелері бойынша аккредитациядан өткен жеткізушімен ЭСА-дан аттап тікелей шарт жасасқан болса, онда Клиент сайыстық шараның жеңімпазы болып танылғандай Оператор тарифтеріне сәйкес комиссия төлеуге міндетті екенімен;

- Клиент негізсіз және/немесе қасақана «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жүргізілетін электрондық шараға қатысу бойынша Оператордың көрсеткен қызметінің ақысын (тарифтік жоспарға сәйкес) төлеуден бас тартқан жағдайда, және Оператор бұл тартысты жазысу/келіссөз арқылы шеше алмаса, Оператор жауапсыз Клиенттен көрсетілген қызмет үшін төлемақы келгенге дейін, мұндай Клиенттің аккредитациясын тоқтататынымен;

- Клиент Оператор қызметтерінің ақысын төлеу бойынша міндеттерін дұрыс немесе мүлдем орындамағаны үшін төлемақы мерзімін өткізген әрбір күнге қызметтер ақысының толық сомасының 1,5%-ын төлеу арқылы жауапқа тартылатынымен;

- Оператор Тапсырыс беруші мен Қатысушы арасында шарт жасасу рәсімі үшін және «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында жүргізілген электрондық шаралардың негізінде жасалған шарт бойынша жақтардың өз міндеттерін орындауы үшін жауапсыз екенімен;

- электрондық шараларды өткізу Оператор тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережелерге сәйкес жүзеге асырылатынымен



келіседі.


Оператор

«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС
Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Луганский көшесі, 139 үй

тел. (727) 330 88 30, 258 44 77

СТН 600 400 628 493

БЖН 110 340 018 997

17.09.2012ж. Алматы қаласының Әділет департаментімен берілген №1344-1910-06 ЖШС (ШҚ) Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі



Банктік реквизиттері:

«Цеснабанк АҚ-дағы

есеп айырысу шоты KZ91998СТВ0000088993

БЖК TSESKZKA





Жеткізуші


Бас директор

_______________

Ярмолкевич Н.С.

«____»___________ 20__ ж.

М.О.


_________________________

_______________

(__________)

«____»___________ 20__ ж.



М.О.






Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет