Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру Мазмұны Кіріспе


-ж. ЕДБ-дің несиелер бойынша құрған провизиялары



бет5/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#138613
1   2   3   4   5

2003-ж. ЕДБ-дің несиелер бойынша құрған провизиялары*





Негізгі қарыз

Құрылған провизиялар

Үмітсіз

17826

25555

Күмәнді

241934

1783

Стандартты

567356

182

Барлығы

827117

43569

*көзі: www.dnu.ru
Дамыған елдерде, соның ішнде Ұлыбритания, Австралия, Сауд Аравиясы, Нидерланды мемлекеттерінде ссудаларды сыныптау мен олар бойынша провизиялар құруда қатаң бекітілген талаптар жоқ. Негізінен дамыған елдерге бұл мәселеде либералды модель тән. Яғни, банктер ссудаларды сыныптау мен провизиялар құруды өздерінің көзқарастарына сай жүргізеді. Ал, Орталық реттеу органы олардың ішкі құжаттарының сапасын бағалайды /20. 17-бет/.

Біздің еліміздің дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің деңгейіне бағытталуы жағдайында осы тәжірибені қарастыру артық болмайды деген ойдамыз. Әрине, несиелік бюро құрылып, жалпы қадағалау жүйесі бір қалыпқа келмейінше бұл мәселе шешімін күтіп тұрғандардың біріне жатқызылады.

Сонымен қатар, несиелеік тәуекелді басқару кезінде еліміздегі көптеген банктерде несиелік менеджерлердің сараптама және мониторинг жүргізуі кезінде, банктік зайым және кепіл туралы келісім-шарттарда т.б. әр түрлі кемшіліктер жіберетінін айта кеткен жөн. Атап айтсақ:


  1. Қарыз алушылардың ақша қаражаттарының қозғалысына әрқашан талдау жүргізілмейді;

  2. Бизнес-жоспарды әрқашан талап етпейді және қарыз алушылардың келісім-шарттарына талдау жасалмайды;

  3. Банктік зайым келісім-шарттары бойынша несиенің мақсатты пайдаланылуы Несиелік Комитеттің протоколына әрқашан сәйкес келмейді;

  4. Несиелік істі құрайтын құжаттардың жекелеген түрлерінің болмауы;

  5. Кепілді бағалау кезінде бекітілген әдістемеден ауытқу және аралық есептердің болмауы.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар бизнес-жоспар жасауды қиын көреді. Сондықтан, біздің ойымызша, бәсеке жағдайында ірі клиент тартуға асыққан банктер кейде оны қатты талап етпейді. Алайда, несиелік істі құрайтын құжаттардың толық болуы үшін ЕДБ-дің Ұлттық банктің осыған байланысты талаптарын қатаң түрде сақтауын бақылағаны жөн. Соның ішінде бизнес-жоспар аса маңызды болып табылады.

    1. Заңды тұлғаларды несиелеу механизмін жетілдіру

Қазіргі таңда банк клиенттерінің ссудаларды қайтармауы жиі болатын құбылысқа айналды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін, ең алдымен, банктерде несиелік қаражаттарды беруге өтініштерді қарастыру кезінде аналитикалық жұмысты жақсартып, клиенттің несие қабілеттілігін неғұрлым толық зерттеу қажет. Өтініш пен бизнес-жоспарды терең зерттеу мүмкін тәуекелдердің пайда болуын алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, клиенттің хұқықтық мәртебесін өткізген құжаттарының түпнұсқалылығына мән беру қажет. Бұл, өз кезегінде хұқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнатуды талап етеді /16. 28-бет/.

Несиелік ресурстарды қайтармау тәуекелінің жоғары деңгейінің сақталуына байланысты банктік несиемен нақты сектордың қажеттілігі толық қанағаттандырылмай отыр. Ұлттық банктің ресми мәліметтеріне сәйкес ссудалар бойынша мерзімі өткен берешектер мөлшері жоғары деңгейде сақталған (9-сурет):
9-сурет
ЕДБ-дің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер динамикасы

Суреттен көріп отырғанымыздай, заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер жылдан жылға өскен. Бұл көрсеткіш 2003-жылы 2000-жылға қарағанда біршама артқан. Бұл банктердегі несиелік механизмнің жетілдіруді қажет ететіндігін айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның банктері қолданатын несие қабілеттілігін талдау құралдары әрі қарайғы жетілдіруді талап етеді. Бұл, әсіресе, сандық және сапалық жағынан әр түрлі болып келетін көптеген ақпараттарды тиімді және жүйелік өңдеу тұрғысынан үлкен мәнге ие. Осыған байланысты отандық және шетел экономистерінің ғылыми зерттеулерін қарастыру, алдыңғы қатарлы

банктердің тәжірибесін жалпылау маңызды болып табылады.

Ірі және орта кәсіпорындардың несиелік талдау үрдісін оңтайландыру синтезделген көрсеткіш – несие қабілеттілігі мен несие сапасының рейтингін анықтауды қажет етеді. Бұл клиенттің жеке және іскерлік сипаттамалары, несиенің қамтамасыздандырылуы мен өтелу сызбасы, банкпен қарым-қатынасы сияқты факторларды бірегей көрсеткішке біріктіруді білдіреді. Шетел авторларының зерттеулері несие қабілеттілігінің рейтингі жүйеленген нәтиже алуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Оның негізінде белгілі-бір қарыз алушыны несиелеуге қатысты дұрыс шешім қабылдау ықтималдығын көбейтуге болады /21. 65-66бет/.

Бөлшектелген талдауларды бір жалпы несиелік талдауға біріктіре келе, несие қабілеттілігін анықтау үрдісінің келесі сызбасын алуға болады (10-сурет):


10-сурет
Несие қабілеттілігінің рейтингтік бағасы



Қарыз алушының

қаржылық есеп беруін талдау



Қарыз алушымен

іскерлік кездесулерді ұйымдастыру



Несиеленетін жобаның сапасын бағалау

Несиелік тарихын

зерттеу


Несие қабілеттілігі

коэффициенттерін есептеу



Басшылардың жеке

сапалары мен

біліктілігін бағалау


Несиелеу қағидаларын сақтау

Банктің несиелік

саясатына сәйкестігі



Оларды нормативтік

мәндермен салыстыру



Кәсіпорын менеджментінің деңгейін анықтау

Жобаның жүзеге

асырылу саласының

дамуын талдау


Несиелік келісім-шарт

параметрлерін негіздеу



Несие қабілеттілігі

класын анықтау



Қарыз алушының

сенімділік деңгейін

анықтау


Болашақты болжау

және бағалау



Несиенің қайтарылуының қамтамасыздандырылуын талдау






Жалпы рейтингін анықтау




Несиені беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау

Банктердің несиелік қызметі көптеген потенциалды қарыз алушылардың ішінен несиелік қабілеттілігі күмән тудырмайтын клиенттерді таңдағанда ғана сәтті жүргізілмек. Несиені беру мүмкіндігі туралы шешім потенциалды қарыз алушының несиелік талдау нәтижелерінен қабылданатыны белгілі. Осы мақсатта республикамыздағы коммерциялық банктер несиеленетін жобаға және шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайына сараптама жүргізу тәртібін белгілейтін әдістемелік нұсқаулар шығарады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27-қыркүйек 1994-жылғы мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін банктердің талдауына байланысты әдістемелік нұсқауы» бар. Ол бойынша келесідей коэффициенттер есептеледі:



  1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті;

  2. Мерзімді өтімділік коэффициенті;

  3. Активтер рентабельділігі;

  4. Негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтер рентабельділігі;

  5. Меншікті капитал рентабельділігі;

  6. Ұзақ мерзімді міндеттеме рентабельділігі;

  7. Қаржы тұтқаса коэффициенті;

  8. Тіркемелі активтерді өтеу коэффициенттері;

  9. Қарызға қызмет ету коэффициенттері т.б.

Біздің ойымызша, шамадан тыс көп коэффициенттер несие беру үрдісінің жылдамдығын тежейтіндіктен, оларды банктер талдауда қолданбайды. Алайда, бұл коэффициенттердің кейбіреулері өте маңызды болғандықтан, ықшамдалған белгілі бір коэффициенттерді топтастырған жөн. Мысалы, рентабельділігін есептеу кезінде сату рентабельділігі, негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтер рентабельділігі, ұзақ мерзімді активтер рентабельділігі коэффициенттерін алып тастап,активтердің рентабельділігі мен меншікті капитал рентабельділігін қалдыру керек сияқты. Себебі, соңғы екі көрсеткіш арқылы да кәсіпорын рентабельділігіне баға беруге болады. Меншікті капитал рентабельділігі кәсіпорынның меншікті капиталын тиімді қолдануын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Айналым қаражаттарының айналым уақыты көрсеткішін қалдырып, қалған айналымдылық коэффициенттерін алып тастаған жөн. Себебі, олар кәсіпорынның несиені қайтара алуын объективті көрсетпейді. Қор қайтарымы коэффициентін қолданған жөн, себебі ол негізгі қордың қаншалықты тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Несие пайызының өтелу коэффициентін қолданған жөн. Ол бір жыл ішіндегі кәсіпорынның пайызды төлеуге қанша рет қаражат алатынын көрсетеді және несие беретін банктің қорғаныс дәрежесін сипаттайды. Есептелетін коэффициенттер арасынан тіркемелі активтерді өтеу коэффициентін де қолданбаса болады. Себебі, оны кепілді бағалау кезінде есептейміз. Ағымдағы өтімділік коэффициенті мен мерзімді өтімділік коэффициенті мағыналары жағынан жақын болғандықтан, тек алдыңғысын қалдырғанды жөн көрдік. Сонымен қатар, шетел тәжірибесінде қолданылатын ақша қаражаттарының қозғалысы коэффициенті аса маңызды болып табылады. Өйткені ақшалай қаражаттардың ағымы несиені қайтарудың тікелей көзі болып табылады. Ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдау ағымдағы жағдайға, өткен кезеңге және болашаққа болжамдалып жасалады. Аналитиктер, әдетте, белгілі-бір гипотезаға сүйеніп жасалған әр түрлі оқиғаларды қолдана отырып, бірнеше болжамдармен жұмыс жасайды. Мысалы, кішігірім сату көлеміне немесе мүмкін болатын сату көлемінің ішіндегі ең кішісіне сәйкес оқиғаларды алады. Бұл жердегі аналитиктің маңызды міндеті ең нашар жағдайға тап болғандағы кәсіпорынның несиені қайтару мүмкіндігін анықтау болып табылады /10. 140бет/.

Сонымен, шетел және отандық несиелік істің тәжірибесіне сүйене отырып, потенциалды қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау үшін келесі кестеде көрсетілгендей көрсеткіштер жиынтығын ұсынамыз (17-кесте):

17-кесте

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

Коэффициент атауы

Белгіленуі

Есептеу алгоритмі

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

К1

(ақша қаражаттары+қысқа

мерз. инв.+деб-қ қарыз)/ қысқа мерз. міндеттемелер



Қаржы тұтқасы коэффициенті

К2

тартылған қаражаттар/ меншікті қаражаттар

Несие пайызының өтелу коэффициенті

К3

(таза пайда+пайыз төлеу бойынша шығындар)/ несие пайызын төлеу шығындары

Активтердің рентабельділігі

К4

Пайда / кәсіпорын активтері

Меншікті капитал рентабельділігі

К5

Пайда / меншікті капитал

Қор қайтарымы коэффициенті

К6

Жалпы пайда – түсім/активтер

Айналым қаражаттарының айналым уақыты коэффициенті

К7

(Орташа қалдық * мерзім ұзақтығы) / Жалпы кіріс

Ақша қаражаттарының қозғалысы коэффициенті

К8

Жалпы қарыз / ақша қаражаттарының балансы

Қарызға қызмет ету коэффициенті

К9

Пайда / қарыз бойынша шығындар

Тәуелсіздік (автономия) коэффициенті

К10

Меншікті капитал / авансталған капитал

Көзі: /21. 14-бет/
Бұл жердегі қаржы тұтқасы коэффициенті 0,7-ден аспауы керек, яғни тартылған қаражаттардың ең жоғары мөлшері 70%-ды құрауы керек. Алайда, кейбір жобалар бойынша өте көп қаражат қажет болғандықтан, банктен алынатын несие бұл көрсеткіштен жоғары соманы қажет етеді. Бұл жағдайда банктер жобаны өз тарапынан толық зерттеп, несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдің алдын алу үшін үшінші тарапты іске қосуын ойластыруы керек. Мысалы, жоба құрылыс объектісін қамтитын болса, алдын ала үшінші жақтағы қандай-да бір компаниямен келісім-шартқа отырғаны жөн. Қазіргі таңда кейбір банктер іске асырылмаған жобаны өзі алып, әрі қарй жүргізеді. Бірақ, бұл банктерге қажет емес.

Қарыз алушының қаржылық жағдайының көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және есептеу несие қабілеттілігін талдаудың бір жағы ғана болып табылады. Келесі кезеңде алынған мәндерді қандай-да бір нормативтік мәндермен салыстырады. Осындай нормативтік мән ретінде орташа салалық коэффициенттерді қолданады. Олардың көмегімен белгілі бір кәсіпорынның қаржылық жағдайы сол саланың ұқсас кәсіпорнымен салыстырылады. Мұндай салыстыру кәсіпорынның саладағы шруашылық субъектілердің аясында жағдайын неғұрлым объективті көрсетеді. Бұл жағдайда банктер өздерінің несиелік ресурстарын экономиканың қай саласына салу тиімді болатынын да анықтай алады. Жалпы, салалар бойынша орташа коэффициенттерді есептегеннен кейін сол мәнге сәйкес келген кәсіпорын коэффициенттерін екінші класқа, одан жоғары болғандарын бірінші класқа, ал олардан төмендерін үшінші класқа жатқызуға болады. Сәйкесінше, бірінші және екінші класқа жатқызылған кәсіпорындарға несие беру туралы, ал үшінші класқа жатқызылғандарына несие бермеу туралы шешім қабылдауға болады.

Алайда, мұндай бағалау әдісі объективті шешім қабылдауға толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан, осыған қоса несиені беру мүмкіндігінің балдық бағасын анықтаған жөн. Оны келесідей көрсетуге болады (18-кесте):

18-кесте


Несиені беру мүмкіндігінің балдық бағасы


Көрсеткіш

Мүмкін болатын балл саны

Несиенің тағайындалуы: өндірістік

өндірістік емес



3

0


Несие мөлшері: қолайлы

қолайсыз


3

0


Несие мерзімі: қысқа мерзімді

ұзақ мерзімді



8

2

0



Несие қабілеттілік класы: 1-класс

2-класс


3-класс

9

5

1



Несиенің экономикалық негізделуі: негізделген

жеткіліксіз негізделген

негізделмеген


9

6

0



Өтеу сызбасы: пайдадан өтеу

пайдадан жартылай өтеу

бір реттік

бөлшектеп өтеу



6

5

4



2

Несиенің қамтамасыз етілуі: кепіл кепілдеме

гарантия


сақтандыру

қамтамасыз етілмеген



7

5

2



2

0


Несиелік тарихы: өте жақсы

жақсы


қанағаттанарлық

жоқ


жаман

6

5

4



2

0


Қарыз алушы туралы пікірлер: өте жақсы

жақсы


қанағаттанарлық

жоқ


жаман

5

4

1



1

0


Қарыз алушының саласы: өнеркәсіп

сауда


құрылыс

ауыл шаруашылығы

басқалар


9

6

3



2

1


Банктің несиелік саясатына сәйкестігі: толық

жартылай


сәйкес емес

9

5

0



Көзі: /21. 15-бет/
Бұл жердегі ең жоғарғы мүмкін болатын балдар саны 74-ке тең. Ал, ең төменгі мәні 36 немесе ең жоғарғы мәннің 49%-ын құрайды. Осы мәндердің арасында тұрса, несиені беру туралы шешім қабылдауға болады. Әрине, 74-ке жақын болған сайын жақсы болады. Осындай рейтингті қолдану банктердің несиелеу облысындағы шешімін неғұрлым тура негіздейді деген ойдамыз.

Несие қабілеттілігін қаншалықты нақты бағалап, несие беру туралы шешімі қаншалықты негізделіп қабылданғанымен, бір де бір банкир өзі берген ссуданың мерзімінде қайтарылмауын болжай алмайды. Несиенің қайтарылуына бақылау жасау кезінде несиелік қызметкер жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жағдайын тұрақты түрде талдап отыруы қажет. Әсіресе, талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Осы орайда, белгілі бір жобаны несиелеу кезінде болжанатын ақша түсімінің ағымына шамадан тыс тәуелді ссудалардан қауіптену керек. Баланста көрсетілген өтімсіз активтерді дисконттап, тек тез өтетін активтерді есепке алған жөн. Яғни, мониторинг үрдісінде кепілге алынатын затты аса мұқияттылықпен талдап, кейбір мүліктердің пайдаланылу аясы мен мерзіміне көңіл бөлген жөн. Негізінен, клиенттің несие қабілеттілігін талдау коэффициенттерінен бұрын баланс баптарына аса көңіл бөлген жөн. Бұл жерде ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер баптарына ерекше қарау керек. Себебі, олардың өзгерісі несиенің қайтарылуына тікелей әсер етеді. Клиенттің қаржылық жағдайын қарау кезіндегі тағы бір маңызды ақпарат көзі – төлейтін салығы туралы мәліметтер болып табылады. Яғни, несиелік қызметкер осы ақпарат көздерін бір бірімен салыстырып, несиенің мақсатты іске асырылуын бақылап, барлық несиелеу үрдісіне ұйытқы болып отырады.

Екінші деңгейлі банктердің беретін ұзақ мерзімді несиелерінің жалпы несиелік портфельдегі үлесінің аз екені белгілі. Осыған байланысты коммерциялық банк ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау мәселесін шешудің екі жолы бар: біріншіден, банктердің ресурстық базасының нақты өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес балансталуы; екіншіден, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеуді ынталандыру. Қазіргі кезде банк жүйесінің ресурстық базасының көбеюі екі

көзден тұрады: депозиттер және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері. Салыстырмалы түрде «арзан» және «ұзақ мерзімді» ақша көзі ретінде зейнетақы қорларының активтерін банк депозиттеріне тарту үшін олар қазіргі жағдайды сәтті пайдалануда ( мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының шектелуі мен табыстылығының төмендеуі, корпоративтік бағалы қағаздар нарығының дамымағандығы) /22. 19-20бет/.



Жалпы, банктердің ресурстық базасының балансталуына байланысты шаралардың келесі бағыттарын бөлуге болады. Біріншіден, банк банкрот болған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру Қоры тарапынан мерзімді салымдар бойынша толық компенсациялық неғұрлым жоғары соманы белгілеу. Екіншіден, ұлттық валютадағы шоттарға қарағанда шетел валютасындағы шоттар бойынша резервтік мөлшерлемені жоғарылату. Ал, мемлекет тарапынан кәсіпорындардың мерзімді депозиттен алатын пайызына салықтық мөлшерлемені төмендету, яғни олар талап етуге дейінгі депозиттерінен төмен болу керек. Қазіргі таңда кәсіпорындар депозиттен алған пайызының 15%-ын салық органдарына төлейді. Оны бір жылдан көп мерзімге салынған депозит болса 10%, екі жылдан жоғары мерзімге салынған депозит болса 5% қойған жөн. Сондай-ақ, қаржылық мекемелердің пайдасына салынатын салық бойынша қысқа мерзімді несиеден ұзақ мерзімді несиеге қарай дифференциалданған мөлшерлемелерді қою қажет. Бұл жерде ұзақ мерзімді несиеден алынған табыстарға салық мөлшерлемесі қысқа мерзімді несиеден алынған табыстарға қарағанда аз болуы тиіс. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторындағы маңызды жобаларға ұзақ мерзімді несие беру кезінде мемлекет тарапынан кепілдік жүйесін дамыту да несиелеуді ынталандыруы шарт. Оны Қазақстан Даму банкі арқылы немесе несие алып отырған саланың табиғи ресурстарын кепілге ала отырып жүзеге асыруға болады.

Қорытынды.
Қазақстан Республикасының ЕДБ-нің қызметінің жылдан жылға дамып келе жатқанына байланысты олардың негізгі қызметі ретіндегі несиелеу операциясы кеңеюде. Соның ішінде заңды тұлғалар банктердің негізгі клиенттері болып қалуда. Жалпы берілген несие көлемі 2003-жылы 1999-жылға қарағанда шамамен 6,5 есе өсіп, 978,1 млрд. теңгені құрады. Ал, заңды тұлғаларға берілген несиелер көлемі шамамен 6 есе өсіп, өткен жылы 856 млрд. теңге құрады Алайда, заңды тұлғаларға берілген несиелердің жалпы несие көлемінің ішіндегі үлесі 1999-жылғы 94,5%-дан 2003-жылы 87,5%-ға төмендеген. Бұл елімізде жеке кәсіпкерліктің тез қарқынмен дамып, олардың жаппай несие алуымен түсіндіріледі. Банктік зайымдар, негізінен, айналым қаражаттарын толтыру мен негізгі құралдарды сатып алуға алынған. Олардың мерзімдері бойынша сыныпталуында оң өзгерістер бар. Бірақ, оған бұрынғы орта мерзімді несиелердің жаңа сыныпталу бойынша ұзақ мерзімдіге жатқызылуы да әсер еткен. Сондай-ақ, салалық құрылымы бойынша несиелердің көп үлесі өнеркәсіп және сауда саласына келеді. Ал, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркісібі сияқты салалары берілген несиелердің ішінде аз үлес алады. Жалпы алғанда, қазіргі несиелеу жүйесінің әрі қарайғы дамуын ынталандыру үшін келесідей шараларды ұсынамыз:

  • Несиелік ресурстардың көзі ретінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, соның ішінде зейнетақы қорларының салымдарын ынталандыру;

  • Қарыз алушылардың несиелік тарихын анықтауға мүмкіндік беретін Несиелік бюро құру;

  • Несиелік келісім-шарттарда негізгі қарыз бен пайыздың қайтарылмауының алдын алу баптарына көңіл бөлу;

  • Кепіл механизмін жетілдіру, соның ішінде банкрот болған кәсіпорынның мүлкін таратуда банктің талаптарын бірінші кезекте орындау.

  • Кейбір салаларды, мысалы, ауыл шаруашылық және тамақ өнеркәсібі тәрізді салаларды несиелеу кезінде мемлекеттің қатысуы маңызды болып табылады. Атап айтсақ, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыруды жүзеге асырған жөн;

  • Несиелік тәуекелді басқаруда маңызды роль ойнайтын провизияны құру кезінде шетел тәжірибесіне сүйену.

Республика бойынша берілген несиелердің ішінде «Қазақстан Халық банкі» Жезқазған аймақтық филиалының берген несиелерінің үлесі соңғы бес жыл көлемінде шамамен 0,1%-ды құраған. Аймақтағы ірі бизнес бірліктерінің аздығын ескерсек, бұл көрсеткішті қанағаттанарлық деп айтуға болады. Банктің несиелік менеджерлері қарыз алушылардың жалпы қызметін және қаржылық жағдайын талдау кезінде несиелік меморандум толтырады. Онда қарыз алушының қызмет түрі, қызмет ету кезеңі, географиялық жағдайы, байланысты компаниялары, қызмет көрсететін банктермен қарым-қатынасы, несиелік тарихы, менеджменті көрсетіліп, қаржылық жағдайына: балансына, пайдасы мен зияны туралы есебіне толық зерттеу жүргізіледі де, соған байланысты коэффициенттері бағаланады. Сонымен қатар, несиелік қаражаттарды жұмсайтыны туралы жоба, тәуекелдер талданады, оң және теріс жақтары қарастырылады. Соңында мониторинг жоспары мен несиенің берілуі туралы оң шешім қабылданған жағдайда несиелеудің оптималды құрылымы көрсетіледі. Осы жерде, біздің ойымызша, заңды тұлғаларды несиелеу тәртібіне байланысты келесідей жетілдіру жолдарын енгізген жөн:

  1. Бөлшектелген талдауларды біріктіре келе несие қабілеттілігін рейтингтік бағалаудың бірегей сызбасы бойынша жұмыс жүргізу;

  2. Несие қабілеттілігін бағалау кезінде анықталатын коэффициенттердің белгілі-бір түрін біріктіретін оптималды жүйесін енгізу;

  3. Несиені беру мүмкіндігінің балдық бағасын қолдану;

  4. Ссуда берілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторинг жасау кезінде баланс баптарының, соның ішінде ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерінің өзгерісіне аса көңіл бөлген жөн;

  5. Ақша қаражаттарының қозғалысына толық талдау жүргізіп, өзгеру мүмкіндіктерін болжау;

  6. Қарыз алушыдан міндетті түрде жобаның іске асырылуына толық талдау жасалған бизнес-жоспарын талап ету;

  7. Потенциалды қарыз алушылар қызмет ететін аймақтағы нарық сегменттерін зерттеу бойынша жұмысты жақсарту.

Жалпы алғанда, заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіруге Қазақстан Ұлттық банкі және ЕДБ-дің несиелік менеджерлерінің тарапынан жан-жақты атсалысу қажет. Қорыта айтқанда, еліміздегі банктердің несиелік операцияларын жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асырған кезде әрі қарай жетілдіруге болады деген ойдамыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2004-жылғы 19-наурыз // Егемен Қазақстан. – 2004, 20-наурыз.

  2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы: Қазақ Университеті, 2000.

  3. Лаврушин О.И. Банковское дело. – Москва: Финансы и статистика, 1999.

  4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.

  5. Банковское дело / Под редакцией Сейткасимова Г.С. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

  6. Банковское дело / Под редакцией Колесникова В.И. – Москва: Финансы и статистика, 1995.

  7. Нурсеит Н. Расширение банковского кредитования производства // АльПари. – 2002. - №6.

  8. оыо

  9. Эдвин Дж. Долан, Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – Москва-Санкт-Петербург, 1993.

  10. Банковское дело: стратегическое руководство / Под редакцией Платонова В., Хиггинса М. – Москва: Консалтбанкир, 1998.

  11. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – Москва: Финансы и статистика, 1993.

  12. Ұлттық банктің Жылдық есебі. – Алматы, 2003.

  13. ЕДБ-де тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық // Егемен Қазақстан. – 2004, 11-ақпан.

  14. Стратегия индустриаьно-инновационного развития Республики Казахстан: проблемы и перспективы ее реализации: Материалы конференции / Под редакцией Елемесова Р.Е., Джумамбаева С.К. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.

  15. Хавьер М. Пиедра. Система кредитного бюро в Казахстане. Расширение доступа к кредитным ресурсам. Успех сбалансированного подхода // Банки Казахстана. – 2003.- №9.

  16. Хамитова К.Н. Современные проблемы и перспективы краткосрочного кредитования в Казахстане // Банки Казахстана. – 2002. - №2.

  17. Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Текущее состояние развития и кредитования малого бизнеса // Экономика и статистика. – 2003 - №2.

  18. Бобаканова Ж.О. Кредитные риски в банковской сфере и критерии рейтинга банков // Банки Казахстана. – 2002.- №7.

  19. Халитова М. Система кредитования в условиях реформирования экономики Казахстана // Саясат. – 2003.- №7.

  20. Симановский А.Ю. Резервы на возможные потери по ссудам: международный опыт и некоторые вопросы методологии // Деньги и кредит. – 2004.- №1.

  21. Калкабаева Г. Новые подходы к определению возможности предоставления банковского кредита // Қаржы-қаражат. – 2002.- №2.

  22. Баймуратов У.Б., Каирленов М.А. О ресурсной базе и стимулировании долгосрочного кредитования реального сектора экономики банками второго уровня РК // Банки Казахстана. – 2002.- №6.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет