- Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Б.з.б. 519-518 жж. сақтарға қарсы Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, баса-көктеп кіргенін жазады.Бұл жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген ақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермафоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста өз өнерлерін көрсетеді.
- Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменид мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з.д. 330-327 жж. Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді.
Өзеннің қарсы бетінде гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, “еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды алып кеткен”. Александр бұйрығы бойынша, Сырдария жағасынан Александрия Асхата (Шеткі Александрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек пункті ретінде салынады. Александр Македонскийдің Яксарт (Сырдария) сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс-талабы сәтсіз аяқталады. - Өзеннің қарсы бетінде гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, “еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды алып кеткен”. Александр бұйрығы бойынша, Сырдария жағасынан Александрия Асхата (Шеткі Александрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек пункті ретінде салынады. Александр Македонскийдің Яксарт (Сырдария) сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс-талабы сәтсіз аяқталады.
- Орта Азия мен Орта Шығыста сақтар бұдан былай маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з.б. 3ғ.-б.з.д 3ғ аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады.
Достарыңызбен бөлісу: |