Заградовка селолық округі әкімі Б. Төлегеновтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан



Дата22.02.2016
өлшемі53.83 Kb.
#839
Заградовка селолық округі әкімі Б.Төлегеновтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Селолық округтің жұмысында өмір сүру сапасын арттыру – бұл біздің селомыздың алғаш басым бағыты болып қала бермек. Аграрлық кешенінің орта және шағын бизнестің және де басқа салалардың дамуының нәтижелері округ бойынша жаман емес. Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және тұрғындарды әлеуметтік қорғау дамуы бойынша әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар осыған байланысты табысты нәтижелерге жетуде.

Селолық округ аумағында бес елді мекен бар, 483 аулада 1923 адам өмір сүреді: соның ішінде 164 мектепке дейінгі жастағы балалар, 358 мектеп жасындағы балалар, 1317 тұрғындардың экономикалық белсенділері соның ішінде 2 жұмыссыздар .

Округте жаңа техникалары, технологиялары бар және жеткілікті қаржымен қамтамасыз етілген үлкен агроқұрамалар бар. Мемлекеттің қолдауының арқасында олардың өндірістері өсуде. Барлық шаруашылықтар уақытылы керекті әрі сапалы агротехникалық іс-шараларды жүргізеді. Егістікке сәйкес құрылым ұтымды әзірленген, 18006 гектар аумағында бидай егістіктері жүргізілген, ал 254 гектар аумағында – дәнді-дақылдар.

Бидайдың сапасын көтеру үшін барлық шаруашылықтар жұмыс істейді, “Заградовка” ЖШС (басшысы И.Фисенко) тұқымдық өсімдіктер өсіретін мәртебесі бар, 2683 тонна бидайдің дәнді-дақылдары, 506 тонна ешменнің дәнді-дақылдары, 274 тонна сұлының 53 тонна бұршақ дәнді дақылдары егілген. Барлығы егіннің шығымы гектардан 14 центнер. Дәнді-дақылдарға ауыстыруды енгізу, дәнді-дақылдармен әрқашан жұмыс істегендіктен шаруашылыққа біркелкі жоғары егін алуға мүмкіндік береді, округтың және ауданның басқа да шаруашылықтарын жоғары сапалы дәнді-дақылдармен қамтамасыз етеді.

Округте машина-тракторлық парктың техникалық қайта жаңартылуы белсенді жүзеге асуда. Тек осы жылы “Заградовка” ЖШС-мен 5 бірлікте техника алынды, оның сомасы 29 млн. 259 мың теңге, ГСМ-ға субсидия 10 млн. 339 мың теңге мөлшерінде алынды; “Прометей-Агро” ЖШС-мен нан пісіретін құрылғылар “Алмаз” машиналық шашушы сепараторы, құлататын жатқа алынды, жалпы сомасы – 17 млн. 515 мың теңге, ГСМ-ға субсидия 2 млн.156 мың теңгеге алынды; “Есіл-Агро-Север” ЖШС-мен 2 млн. теңгеге техника алынды.

Петропавл қаласындағы жәрмеңкелерде өз өнімдерін сатуда тұрғындардың мүмкіндіктері бар. Барлығы жылына біздің округ 22 ауылшаруашылық жәрмеңкелерге қатысып, 2 млн. 786 мың теңге сомасына өнімдерін шығарды.

Округте малды жасанды түрде төлдендіретін пункт бар. Тұрғындар арасында жасанды төлдендіруден асыл тұқымды мал алынатыны туралы және малдың әрі қарай іріленетінін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ветеринарлық инспектор мен ветеринарлық дәрігер-лицензиат жұмыс істеп, керекті ветеринарлық іс-шараларды уақытылы өткізеді.

“Заградовка” ЖШС диірменінің толық жөндеуі аяқталуда. Округте “Заградовка” ЖШС-нің және 12 желтоқсан күні ашылған “Прометей-Агро” ЖШС-нің наубайханалары істеп жатыр.

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік қарқын дамуы экономикамыздың өсу қарқынына сәйкес келеді. Округте 5 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Өткен жылы “Заградовка” ЖШС 4-орындық қонақ үйін, Ж.Седыкина “Евразия” дүкенін және Ж.Вишнякова “Дарья” атты шаштараз ашты. Барлығы округте 18 адам шағын бизнеспен айналысуда.

Округ бойынша “СҚО ауылшаруашылыққа қаржылық қор көмегі” АҚ-ы филиалынан 2008 жылы аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдауға 1 микрокредит 300 мың теңге көлемінде берілді.

Заградовка-Горный-Петропавл, Заградовка-Горный-Көкшетау, Петропавл-Горный-Гусаковка бағыттарында 3 жолаушылар тасымалдаушы автобустар жүреді. ЖК “Грицай” жағармай стансасы Горный селосында бар.

Округте цифрлық стансасы құрылып, тұрғындар ұялы байланысты пайдалануға мүмкіндік алды. Пошта бөлімшесі жұмыс істейді, пошта ауданнан аптасына 3 рет келеді.

“Жасыл ел” президенттік бағдарламаның жүзеге асуы бағдарында 2008 жылы 1010 бұталар отырғызылды.

Абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізгені үшін біздің селолық округ ауданда 2-ші орын алды. Бұл барлық тұрғындардың және де біздің тауар өндірушілеріміздің сіңірген еңбектері ішінде “Заградовка”, “Прометей-Агро”, “Есіл-Агро-Север”, “Родичи” ЖШС-тері. Олар осы абаттандыруға 1 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсады. Біз олармен өз ауламыздың учаскелерін абаттандыруға байланысты осындай нәтижеге жетіп отырмыз. Осымен біздің жұмыс аяқталған жоқ деп ойлаймын, келешекте біз біздің округтың жақсаруы үшін жұмыс істейміз.

Жол үстінің шұңқырларын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 700 тоннаға жуық құмды-гравийлық қоспалар шығарылды.

Бюджеттік қаражаттан көшелерді жарықтандыру үшін 10 шам орнатуға қаржы бөлінді. Заградовка, Тонкошуровка, Славянка селоларын жарықтандыруға “Заградовка” және “Прометей-Агро” ЖШС-тер есептерінен барлығы 47 шам орнатылды.

Округте 4 мектеп бар, барлығында да телефон байланысы орнатылған, 3 мектеп Интернет желісіне қосылған. 2008 жылы Заградовка орта мектебіне 736 мың теңгеге 6 компьютер, 5 млн. 541 мың теңгеге мультимедиялық кабинет алынды.

Былтыр Ұлттық бірыңғай тестілеуден Заградовка орта мектебі аудан бойынша 9-шы орын алды. Жазғы каникул кезінде “Родник” денсаулықты жақсарту лагерінде 9 бала демалды.

2008 жылдың басынан бастап Астана қаласын көруге біздің мектептен 2 оқушы барып “Солнечный” лагеріне 2 жолдама берілді.

2008 жылы 3 қазақ тілі пәнінің мұғалімдері оқытудың методикалық жетілдіруінен өзгеше еңбектерімен ай сайын облыс әкімінің бекітілген грантын алады. Өткен жылы округке 2 жас маман келді. Мектепте жылу беру жүйесі сақталған. Ыстық тамақ беру ұйымдастырылған, бір баланың түстігінің сомасы 45 теңгені құрайды.

Селолық округте жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша және аз қамтамасыз дандырылған азаматтардың негізгі жұмыстары жүргізілуде. “Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы” ҚР-ның Заңына сәйкес 10 отбасына 324,9 мың теңгеге және 18 жасқа дейінгі балаларға 24 отбасына 401,2 мың теңгеге мемлекеттік жәрдемақы көрсетілді. Тамақтандыруға қосымша әлеуметтік көмек 5 отбасына 206, 9 мың теңгеге көрсетілді.

2008 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 89 адам жұмысқа тұрғызылды, тұрақты жұмыс орнына 45 адам, бұрынғы құрылған орындарға – 25, мезгілдік жұмыстарға – 6, қоғамдық жұмыстарға 12 адам қамтылған.

Қарттар және мүгедектерді қолдау айлығы кезінде көмекпен 241 адам 278,3 мың теңгеге қамтылды. Барлығы өткен жылы 421,1 мың теңге азаматтарға қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Денсаулық сақтау мекемелері материалдық базасының жақсаруына қазіргі заманға сай принциптер мен стандарттарға көшуге үкімет үлкен мән береді. Округте дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, патронаждық кабинет, лаборатория, физио және гинекологиялық кабинеттер бар. Барлық медициналық мекемелер дәрілермен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дәрігерлік амбулатория толық жөндеуін 1400 мың теңгеге жүргізді. Горный селосының медициналық пунктінде де ағымдағы жөндеу жұмыстары 12830 мың теңгеге жүргізілді. 7281,1 мың теңгеге құралғылар алынды.

Ауылдастардың мәдени бос уақыттарын селолық кітапхана және Мәдениет үйі қамтамасыз етеді. Мұнда естелікті күндерге мемлекеттік мерекелерге арналған әр түрлі іс-шаралар өтеді. Кітапхана компьютермен, принтермен, магнитофонмен қамтамасыз етілген.

Тұрғындарды салауатты өмір салты бойынша өмір сүру үшін және жастарды осындай жұмыстарға тарту үшін спорттық іс-шаралар өткізіледі.



Округіміздің спортшылары аудандық спорттық іс-шараларына бірнеше рет қатысты. Өткен жылы “Ақ бидай” спорттық мерекесінде 16 округ арасында 7-ші орынға иеленді.

Селолық округ әкімшілігі ғимараты ішінде полиция бөлімшесі жұмыс істейді. Қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар учаскелік инспектормен жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіледі. Селолық округ әкімшілігінде маскүнемдікпен күрес, нашақорлық және нашақорлық бизнесі бойынша жасөспірімдер құқықтарын сақтау үшін қоғамдық кеңес комисссиясы жұмыс істейді. Заңды сыйлауға және жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрғындарды құқықтық тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Спирттік ішімдікті пайдаланатын адамдармен, қоғамдық тәртіпті бұзушылармен және отбасында ойран салушылармен қоғамдық кеңес мақсатты жұмыс жүргізеді. Қоғамдық кеңестің мүшелерімен 25 құқық бұзушылық есепке қойылды. Округ бойынша Есіл аудандық ІІБ-нің тіркеуіне 15 адам әр түрлі категориялар бойынша қойылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет