Зайсан қала әкімінің 2012 жылы атқарған жұмыстары



жүктеу 122.86 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі122.86 Kb.
Зайсан қала әкімінің 2012 жылы атқарған жұмыстары
Елбасымыздың өткен 2012 жылғы 14 желтоқсанда жария еткен Жолдауы еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басты бағыттарын батыл ойлармен белгілеп берді.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани даму үрдісіне Зайсан қала жұртшылығы қомақты үлес қосып келеді.

Қалада 2013 ж 01 қаңтарына 15437 адам тұрады. Статистикалық есеп бойынша 4221 жанұя есепте тұр. Жалпы қаладағы жер көлемі 18832 га, оның ішінде егістік жер – 4068 га, шабындық – 2468 га, қалғаны жайылымдық жер, яғни 10192 га. Осы ауылшаруашылық жерлерін 88 шаруа қожалықтары бекітіп алып, мал, егін шаруашылықтарымен айналысуда. Өткен жылы егілген дақылдардың көлемі – 1377 га жетіп, 344 га дәнді дақыл, 300 га картоп, 240 га көкөніс, 20 га бақша, 1,5 га күнбағыс дақылдары егіліп, дәнді дақылдың әр гектарынан 12,3 центнер өнім алынды. Бұл 2011 жылдан 5 центнерге аз болды. Алынған картоп, бақша өнімдері қала халқына саудалануда. Мал азығының берік қоры жасалып, шабындық жерлер шабылып алынып, қыстақтарға, мал ұстайтын үйлерге тасылып алынды. Шаруа қожалықтары мен қала әкімі ауылшаруашылық өнімдерін арзандату мақсатында 3 жақты меморандумдар жасасып, 38 тонна картоп, 32 тонна капуста, 10 тонна пияз сақтауға қойылып, базарларға саудалануда. Егін шаруашылығында нәтижелі табыстарға жетіп жүрген шаруа қожалықтарын қала округінде бірнешеуін атауға болады. Олар: «Алмат» шаруа қожалығы (жетекшісі Н.Мухамадиев), «Нәке 96» шаруа қожалығы (жетекшісі О.Қамшыбаев), «Мадияр» шаруа қожалығы (жетекшісі С.Байгоныров), «Қазақстан» шаруа қожалығы (Ю.Горнышев), «Мұхтар МС» шаруа қожалығы (жетекшісі М.С.Базаров).

Егін шаруашылығында жетістіктермен бірге кемшіліктер әліде жойылмай келеді. Шаруа қожалықтары бекітіп алған жерлерін толық пайдаланбауда. Жалпы 2011 жылдан бастап игерілмеген егістік жерлерді қайтару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 382,4 га, былтыр, 2012 жылы 450 га егістік жер қайтарылып, аудан әкімінің қорына алынды, биыл да бұл жұмыс жүргізілуі тиіс, яғни егетіндер егіп, игерілмеген жер қайтарылып, егетін ауылшаруашылық құрылымдарына берілуі тиіс. Себебі, биыл Үйдене су жүйесінде үлкен магистральды канал Р-1, Р-2 түгелдей айырбасталып, жаңадан канал тартылып, Республикалық бюджеттен 1 миллиард тенге көлемінде қаржы жұмсалды. Үкімет осындай қаржы жұмсап, жағдай жасап беріп отырғандықтан, бізден де үлкен сұраныс болады. Сондықтан, егістік жерді түгелдей игеруге жұмыс жүргізуіміз керек. Өзімізден екпесе, басқа жақтан қалталы азаматтар, инвесторлар тартуымыз тиіс. Егіншілікпен айналысу үшін шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмыс жүргізуіміз керек. Бүгінгі күні ауылшаруашылық техникалардың жетіспеуі үлкен қол байлау болып отыр. Соңғы 3 жылда округке 4 – МТЗ-82 тракторлары мен 2 астық комбаиндары ғана лизингке алынды. Оның өзін қаламыздағы үлкен шаруа қожалықтары ғана алды. Техниканы жаңалаудың бірден-бір жолы ұсақ шаруа қожалықтары бірігіп «Казагроқаржы» мекемесі арқылы лизингке алу, ол үшін аудандық ауыл шаруашылық бөліміне қазірден тапсырма беріп, тіркелу керек. Бүгіннен бастап көктемгі егіске дайындалуымыз керек. Қолда бар тұқымды тазалап, егу кондициясына жеткізіп, сараптамадан өткізуіміз тиіс. Жетіспеген тұқымға тапсырыс беріп, жоғарғы сортты тұқым сатып алу керек. Қолда бар техниканы көктемге дейін толық жөндеуден өткізіп, бір сөзбен айтқанда мықты дайындалуымыз тиіс.

Қала округінде сыртқы қыстақтармен қосқанда бүгінгі күнге 7497 бас ірі қара, 15293 бас қой-ешкі, 1031 бас жылқы малдары бар. Бұл алдыңғы жылдың осы уақытына 3% -ға өсіп отыр. Малдың саны болғанмен, сапасын көтере алмаудамыз. Асыл тұқымды малдардың үлес салмағы өте төмен, малдың сапасына көңіл бөлінбеуде. Қой, ірі қара малдарынан сарып аурулары жойылмай келеді. Былтыр 55 бас ірі қара, 86 бас қой-ешкіден сарып ауруы анықталды. 2011 жылы ірі қара – 83, қой-ешкі – 46 болған.

Бірнеше жылдан бері жабық мекемелерді (бала бақша, мектептерді) сүтпен қамтамасыз ете алмай отырғанбыз, былтырдан бері сүт зауыты іске қосылып, осы мекемелер сүт пен басқа сүт өнімдерімен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда, осы зауыттың өнімдерін қала халқы жақсы сатып алмай отыр. Жалпы біздің мақсатымыз – ауылшаруашылық өнімдерін, өзімізде аудан арқылы сапалы ет, сүт, нан өнімдерімен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта қаламызда ұн, сүт зауыттары, 11 наубайхана, 3 май сығатын цехтар жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетуде. Базар бағасын арзандатуға соңғы уақытта қалада тұрақты ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп келеміз. Ет базарда 1100-1200 тенге болса, жәрмеңкеде 900 тенгеге сатуда. Тағы басқа өнімдерде арзан бағаға саудаланып, қала халқына жағдай туғызуда.



Қаланың тіршілік ету инфрақұрылым жұмыстары.

2012 жылы Зайсан қаласында тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қаланы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру бойынша біршама істер атқарылды. Қала бойынша барлығы 80 көше бар, ұзындығы 87 км, осы көшелердің 25% асфальты бар. Аз да болса жыл сайын осы көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Тек былтыр 102,0 млн.тенгеге Абай, Баитов, Победа, Н.Маукенұлы, Құрманғазы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кейбірі жартылай асфальтталды. Осы көшелерді және Жақсылықов көшесіне 200,0 млн тенгеге сметалық құжат жасалған болатын. Былтыр бөлінген қаржыға байланысты 100,0 млн.тенгеге жұмыс атқарылды. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табады. Бұрынғы Шанин, қазіргі Ә.Кенжебаев көшесі орташа жөндеуден өтті. Заречный мөлтек ауданында 3 көше сенбілік арқылы жөнделді. Мұндай сенбілік биылда жалғасын табады. 3 млн.тенгеге 11 көшелерге 767 м2 жерге шұңқырларды жамау (ямочный) жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні қалада 22 көшелер, 3 саябақ және 3 алаң жарықтандырылған. Тек биылдың өзінде ғана 6 көше жарықтандырылды. Олар: Шегіров, Баитов, Н.Маукенұлы, Құнияров, Спамбетов және Жангелдин көшесінің аяқ жағына жарық тартылды. Абаттандыру жұмыстары бойынша қалада 23627,0 мың тенгеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және Батырлар алаңдары, 26193,0 мың тенгеге «Бейбітшілік» балалар саябағы антракцион, автодромымен салынып, қолданысқа берілді. Ауданымыздың бірінші кәсіпкері, марқұм С.Спамбетовтың атына берілген алаң салынып, су тартылып, тоғайлар, гүлдер егілді. Орталық алаңға 1,5 млн. тенгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тротуар плиткалары төселіп, жанып тұратын Бүркіт қойылды. Ақбасов көшесінің сол жағын жеке меншік тұрғын үйлерге беру себебінен 2,5 млн. тенгеге электр желілері тартылды. Қазақ ауылы мөлтек ауданында бірнеше тұрғын үйлер жарықсыз отыруына байланысты 1,2 млн. тенгеге оларға да электр жарығы берілді. Қалада көп қабатты үйлерге Егеменді ел болғаннан бері, түгелдей жекешелендіруге байланысты ешқандай жұмыстары жүргізілмеген болатын. Биыл аудандық бюджеттен 6200,0 мың тенгеге қаржы бөлініп, Кондюрин көшесіндегі №36,38,40,42-ші көп қабатты үйлердің алды асфальтталып қоршаулары, сыртқы есіктері ауыстырылып, балалар ойнайтын алаңы салынып, әрбір подъездің алдына жарықтар тартылды. Жалпы Үкіметтің (термомодернизация) бағдарламасына сәйкес көп қабатты үйлерді жөндеуге жұмыс жүргізілуде. Ол үшін пәтер иелерінің кооперативтері құрылып, заңдастырылып, барлық құжаттары дайындалып, биыл жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 6 көп қабатты үйлерге жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Аманшылық болса 2013 жылы қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуі тиіс.

Тәуелсіздік күні қарсаңында бұрынғы казарма ғимаратына облыстық бюджеттен 147,0 млн. тенге қаржы бөлініп, құрлысы толық аяқталып, шағын отбасылар пәтері болып, жас отбасыларына, мүгедектерге, жетім балаларға, жас мамандарға пәтер кілті тапсырылып, қоныс тойларын тойлады. Спамбетов көшесінде 60 пәтерлі арендалық үйдің құрлысының жартысы аяқталып, 2013 жылы қолданысқа беріледі. Қаламызда жеке меншік үйлер салу қарқынды дамып келеді. 2011 жылы 2985 кв метр 30 жеке меншік үйлер пайдалануға берілсе, 2012 жылы 68 жеке меншік үй салынып, оның 4204 кв метр, 52 үй пайдалануға берілді.

Зайсан қаласында ластанған суды әкету және тазалау қондырғысы орталықта болмағандықтан Жангелдин көшесіндегі №38,38а көп пәтерлі 5 қабатты үйлердің ластанған суы септикке тез толуына байланысты 1,8 млн. тенгеге қосымша септик салынды. Зайсан қаласында су құбырлары желілерін қайта жаңғыртудың бірінші кезеңіне 629,0 млн. тенгенің жұмысы аяқталып, бұрындары 12 км жаңарса, соңғы 2 жылда 31 км жаңаланды. Жалпы қалада 142 км су құбыры бар, сонда 43 км ғана жаңартылды. Әлі екінші кезеңде 99 км су құбыры жаңартуымыз керек. Бұған жобалық-сметалық құжаттарға облыстық басқармаға бюджеттік тапсырма берілді.

Сонымен қатар, ұйымдастырылмаған күл-қоқыс, свалка тазалауға 5,5 млн. тенге, арықтарды тереңдетуге, тоғайларды, бордюрлерді, саябақтарды ағарту, гирляндалар қоюға 2,8 млн тенге бөлініп, жұмыстар атқарылды. Уақытында көшелер қардан тазартылуда. Қаланы көгалдандыру бойынша Катон, Марқакөл өңірлерінен 2000-ға таяу шырша әкелініп, Спамбетов, Ұлы Отан соғысы ардагерлері алаңдарына, Жангелдин көшелеріне, мектептердің, мекемелердің ғимараттарының маңына егілді. Саябақ, алаң, көшелерге көктерек, шынар, қайың ағаштары егілді. Жангелдин көшесінің аяғындағы жолдың екі жағына жиде, көктерек, яз, қараағаш ағаштары егіліп, жаздай суарылып, өсіп келеді.

Жангелдин, Желтоқсан, Боқажанов көшелеріне қаладағы мекемелердің күшімен гүлдер егіліп, жаздай күтіп баптады.

Қаланы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіле береді. Бұл мәселеге қаржы да берілді. Бұған қала тұрғындары да ат салулары тиіс. Қаланың көркеюі барлығымызға керек. Көшеде қараусыз, иесіз малдардың, әсіресе бұзау малдарын тоқтатуда біршама жұмыстар атқарсақта, әлі де малдарын күтуге қоспай, көшеге жіберу фактілері тиылмай келеді.

Қалада қала халқының тазалық сақтау мәселесіне ат салыспауы бізді қынжылтып отыр. Қалада күл-қоқыс төгетін контейнерлер, урналар қоюды жылда көбейтіп келеміз. Алайда, қала тұрғындары күл-қоқыс төгетін орындарға төкпей, су ағатын арықтарға төгіп, бітеп, су көшеге асфальттарға жайылу фактілері жылда тиылмай келеді. Жалғыз «Зайсан-Тазалық» мекемесі, бұл мәселеге толық үлгермейді. Сондықтан, әр қала тұрғыны Зайсан қала тазалығына жаппай ат салысуы керек. Сонда ғана қаламыз таза болады. Қаладағы ең үлкен мәселе қаңғыбас иттерді жою. Бұл мәселеге байланысты иттер атылуда. Алайда, ит иелері иттерін байламайды, көшелерге қоя береді. Аудандық мәслихаттың мысық, ит ұстау ережелері сақталмай отыр.

Тек 2012 жылы қала тұрғындарының талап-тілегі бойынша 325 жеке тұрғын үйге су кіргізілді. Бүгінгі күні 2362 жеке меншік үйге орталық су жүйесі қосылды, тағы да қостырамыз. Алайда, асфальт көшеден су тартса, тартқан адам есебінен жол асфальтталады.

Қалада халықты моншамен қызмет көрсетуге тоқталсақ, жеке кәсіпкер Д.Намазбаевтың моншасы жұмыс істеп келеді. Алайда, бұл монша халықтың талап-тілегін нақты қанағаттандырмай отыр. Сонымен қатар, әскери бөлімнің моншасын жеке кәсіпкер А.Өтеуовке берілді, ол да жұмыс істеуде. ГЭС мөлтек ауданындағы моншаны жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. 2013 жылы ол да жұмысқа қосылады. Жалпы, Зайсан қаласына мемлекеттік бір монша керек. Осы мәселені шешуге жұмыс жүргіземіз.

Қалада жолаушыларды тасу қызметі тұрақты жүргізіліп, «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің автобустары қызмет көрсетуде. Биылға дейін жылына 7,0 млн тенге аудандық бюджетте қосымша қаржыландырып отырсақ 2013 жылдан бастап 12,0 млн тенге беріліп отыр.

«Зайсан-Тазалық» мекемесі үнемі қаланың тазалығымен айналысып келеді. Бүгінгі күні халықтың сұранысы бойынша жеке қызмет түрлерін де көрсетуде. Жылда қала көшелері қардан тазаланып, техникалардың, жаяу жүргіншілердің қалыпты жүруіне жағдай үнемі жасалуда. Әлде де, бұл мекемеде техникалар жетіспейді.

Қаламызда қаланың көркін келтіруде, әр түрлі ғимараттарды салуда жеке кәсіпкер азаматтардың еңбегі көп. 2012 жылы қаланың ортасында «Рахат» қонақ үйі салынды. «Замана» дүкені жаңа типтік жобада ашылды, СК «Зайсан» мекемесінің «Жолшы» қонақ үйі ашылды, «Алаш» магазині салынды, автобекетке қонақ үй салынуда. Кәсіпкер А.Сиырбаев 3 қабатты жеміс-жидек магазинін салуда. Кейбір қонақ үйлер күрделі жөнделді, тағы басқа дүкен, тойхана, мейрамханалардың құрылыстары басталды. Жалпы, халыққа қызмет көрсететін осындай ғимараттарды салуға қаланың ішінен бос жер болса беріледі. Алайда, салынған ғимарат 2 қабаттан аз болмай, көрнекі салынуы тиіс.

Қала тұрғындарын жұмыспен қамту және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа тарту үнемі жүргізіліп келеді. Аз қамтылған жанұя мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын учаскелік комиссия арқылы тағайындалып келеді. 2011 жылы қаланың 189 отбасының мүшелеріне 18909,2 мың тенге атаулы әлеуметтік көмек (АСП) берілсе, 2012 жылы 200 отбасына 28129,0 мың тенге берілді. Ал 2011 жылы 589 отбасына 16003,3 мың тенге балалар жәрдемақысы төленсе, 2012 жылы 763 отбасына 29489,0 мың тенге төленді. Сондай-ақ, 2011 жылы 84 отбасына 1723,3 мың тенге тұрғын үй көмегі берілсе, 2012 жылы 98 отбасына 2100,0 мың тенге төленді. Тіркелген жұмыссыздар саны қалада азайып, жұмысқа орналасу саны артып, жаңадан жұмыс орнының ашылуы жыл сайын өсіп келеді. 2011 жылы 160 бірлік ашылса, 2012 жылы бұл сан – 184 бірлік.

Білім саласы.

Қалада 6 орта мектеп, №11 техникалық колледж бар. 6 орта мектепте 2961 бала оқиды, ол 2011 жылдан 27 балаға кем. Балаларды мектепке дейін біліммен қамту орталығымен 100% қамтылуда. Қала мектептеріндегі оқушылардың 92,6% ыстық тамақпен қамтылуда. Жыл сайын мектептердің МТБ жаңартылып, күрделі жөндеулерден өткізілуде. 2012 жылы:



  • 30047,0 мың тенгеге Х.Мустафина атындағы орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 5113,0 мың тенгеге жылу трассасы жөнделді және 1500,0 тенгеге жылу батареялары ауыстырылды.

  • Ломоносов орта мектебіне 125,0 мың тенгеге жылу қазандығына 1 насос сатып алынды.

  • 2439,0 мың тенгеге №3 бала бақшаның қоршауы ауыстырылды.

  • Гагарин орта мектебіне Республикалық бюджеттен 4093,0 тенгеге химия кабинеті алынды және 125,0 мың тенгеге жылу қазандығына 1 насос сатып алынды.

  • Дауленов орта мектебіне 243,9 мың тенгеге электр плита сатып алынды.

  • М.Ауэзов атындағы орта мектебіне 125,0 мың тенгеге жылу қазандығына 1 насос сатып алынды. 5541,0 мың тенгеге лингафонды-мультимедиялық кабинет алынды.

  • Зайсан мектеп-интернатына 4500,0 мың тенгеге автобус алынды.

  • Зайсан қаласындағы Музыка мектебінің жылу жүйесін ауыстыруға 884,0 мың тенге бөлініп, жөнделді және 2690,0 мың тенгеге ГАЗЕЛЬ автомашинасы сатып алынды.

Қосымша барлық мектептерге 120,0 мыңнан бір-бір компьютер және барлығына 6236,0 мың тенгеге мүгедек балаларға арналған құрал-жабдықтар алынды.

Барлық мектептердің үлгерімі 100% болғанмен, сапасы М.Әуезов атындағы орта мектебінде 61% болса, қалғандарында 47-53% аралығында. Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы 2012 жылы өте төмен болды. 2011 жылы мектеп-интернатынан басқа мектептерде 100% артық болса, (мектеп-интернат 89%), ал 2012 жылы керісінше 60-80% ғана көрсетіп отыр. Сондықтан, мектеп басшылары білім сапасын көтеруге нақты шаралар жасап, ҰБТ-леуге тиянақты дайындалуды ұйымдастырулары қажет.

2013 жылы да мектептерді жөндеу жұмыстары жалғасын табады. Зайсан қаласында Абай саябағының жанында құны 1 млрд 442 млн. тенге тұратын 600 орындық мектеп, 300 орындық жатаханасына 2012 жылы 120,0 млн. тенге Республикалық бюджеттен қаржы беріліп, құрлысы басталды. 2013 жылы қазан айында құрлысы аяқталып, қолдануға берілуі тиіс. Сонда мектеп-интернат, Дауленов атындағы мектептің ғимараттары босайды. Қаладағы техникалық колледж үлкейеді. Ауданға керекті мамандықтардың барлығы осы техникалық колледжде оқытылады. Сонымен қатар, қазір Зайсан қаласында 500 астам бүлдіршіндер бала бақшаға кезекте тұруда. Сонда бұрынғы 2 бала бақша іске қосылады. Қосымша бұрынғы ПМК-ның ЖБИ-нда 140 орындық 315 млн. тенгеге бала бақша құрлысы басталады, 55,0 млн. тенгесі беріліп отыр. Жалпы алдағы 2 жылда қала бойынша бүлдіршіндердің кезектері толық қанағаттандырылады деп жоспарлаудамыз. Кеңес заманында жұмыс істеген жас натуралистер оқитын мектептен тыс мекеме жабылып қалған болатын. 2012 жылы Мустафина мектебінің ескі ғимаратын толық жөндетіп, 300 кв метр жылы жайымен салу үшін 26,0 млн. тенгенің құрлысы басталып, бұл мектеп ашылады.

Мәдениет, денсаулық сақтау, спорт саласы бойынша

Қалада орталық мәдениет үйі, кітапхана, бірнеше спорт залдары бар. Жаңадан спорт комплексі жұмыс істеуде. Қала халқының дұрыс демалып, спортпен айналысуға жағдай толық бар. Алайда, қала халқын толық осы мәселелермен қамтымай отырмыз. Спорт залдары үнемі бос тұрады. Сондықтан, осы жөнінде әлі де жұмыс жүргіземіз.

Қалада орталық аурухана, №1ЖҰЕ және туберкулезге қарсы емдеу бөлімшесі аудан тұрғындарын емдеп, сауықтыру жұмыстарын жүргізіп, келеді. №1 ЖҰЕ жыл сайынғы емдеу жоспары артығымен орындалып келеді. Туберкулезге қарсы емдеу емханасы учаскелік емхана болды. 2010 жылы 1 қаңтарынан денсаулық сақтаудың жаңа Заңы енгізіліп, кез келген адам өзі қалаған дәрігерге қаралу мүмкіндігі туған болатын. Бұл денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлердің халыққа қызмет көрсету сапасын сөзсіз арттыруда. Қала әкімшілігіне қала жұртшылығынан дәрігерлерге наразылық танытқан адамдар болған жоқ.

Бір-екі ауыз сөз көркемөнерпаздар үйірмелеріне тоқталсам, Зайсан қаласында мекеме басшылары бұл салаға нақты көңіл бөлмей келеді. Мысалы, биыл қала бойынша өткен көркемөнерпаздар сайысына телекоммуникация, Алтайэнергия, аудандық аурухана, барлығы 3 мекеме ғана қатысты. Бұл бізді қынжылтады. Зайсан қаласында қандай мекеме қызмет жасаса, барлығы бірдей қойылған талапты орындаулары тиіс. Алдағы уақытта мекеме басшылары осыны ойланулары керек.

Негізгі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері көшелердегі арық суын ретке келтіру, арық тазалау, мал кезегін ұйымдастыру, мал жаю бағасын реттеу, қаңғыбас иттерді ату, көмір бағасын реттеу, көшелердің жарығы, күндіз жанады, Заречный мөлтек ауданында бала бақша ашу, 60 пәтерлі үйдің кәріз суы жайы, көше жөндеу жұмыстары тағы басқа мәселелер жөнінде ұсыныс-пікір айтылған. Барлық мәселелерге шара жасалып, орындалуы бақылауға алынды. Бір-екеуін айтып өтейін, Заречный мөлтек ауданында жеке меншік бала бақша жөнделіп, ашылды. 60 пәтерлі үйге қосымша септик салынды, көшелердегі арықпен су айдаудың кестесі жасалып, бақылауға алынды, көшелердің жарықтары реттеліп, барлық жерге уақытпен жанатын реттегіштер қойылды, қаңғыбас иттер атылды, бұл әлі де жүргізіледі, Б.Сатбаев көшесіндегі 8 үйге су құбыры тартылды, тағы басқа сын ескертпелер орындалып, жауаптары қайтарылды. 2012 жылы Зайсан қала әкіміне 1090 арыз-шағымдар түсті, оның 712 жер мәселесі туралы, 376 тұрғын-үй коммуналды шаруашылық және жеке меншіктердің жетіспеуі жөнінде. Барлық арыз-шағымдар дер кезінде қаралып, тиісті шешімдер қабылданып, арыз-шағым иелеріне жауап берілді.

Қалада аудандық ішкі істер бөлімі қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыстар атқарып келеді. Зайсан қаласында 6 учаскелік полиция қызмет жасауда. Қылмыстың саны 2011 жылмен салыстырғанда 2,3 % азайып отыр. Мысалы, квартира тонау 2011 жылы 18 болса, 2012 жылы 31, мал ұрлығы да көбейіп отыр.



Биыл 2 млрд 668 млн.тенгенің 14 жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, 3 млн. тенгеге көшелерге ямочный жұмыстары, 4 көшені жарықтандыруға 4,5 млн. тенге, орталық алаңға су бұрқағын (фонтан), рәміздер салуға – 10 млн, 5х3 көлемде телевизор қоюға – 8 млн, Желтоқсан көшесінің аяғына алаң салып, тоғай егіп, қоршап, трубадан су апаруға 1,2 млн. тенге, Рысқұлбеков скверін салуға 25,5 млн. тенге, құны 315,0 млн. тенге тұратын 140 орындық бала бақшаға – 55 млн.тенге, құны 336 млн.тенге тұратын 60 пәтерлі үйдің құрлысын аяқтауға, абаттандыруға инженерлік инфрақұрылымына – 200,0 млн. тенге, құны 1 млрд 384 млн.тенге тұратын қалаға кәріз суының жұмысын жүргізуге 555,0 млн. тенге, жас натуралистер станциясының ғимаратын жөндеуге – 26,0 млн.тенге, 10х30 кв метр жылыжайын салуға 24,2 млн.тенге тұратын 600 орындық жатаханасымен мектеп салуға – 1 млрд 442 млн.тенгенің жұмыстары жүргізіледі. Жеменей өзеніндегі Плотинаны 1 метр көтеріп, щиттерін айырбастап, электрлендіруге, қалаға судың көлемін көбейту 550,0 метр каналы айырбасталады, өзенге каскадтар салуға 305,0 млн.тенгенің жұмысы атқарылады, тағы да Желтоқсан-Манапов, Желтоқсан-Спамбетов, Боқажанов-Пограничная көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған белгілерімен бағдаршамдар (светофор) қойылады, құны 7,0 млн. тенге, қалаға жылдамдық өлшегіштер (скоростомер) қойылады және 2,0 млн. тенгеге жол белгілері түгелдей ауыстырылады. Сонымен қатар 5-6 жерге видеокамералар қойылады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық қаржы игерілмекші. Сонымен қатар, босаған бала бақша ғимараттары күрделі жөндеуден өтеді.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет