«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі»мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 215.78 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі215.78 Kb.
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі»ММ 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары.


  1. Миссиясы мен пайымдауы

Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімінің (бұдан әрі - Басқарма) миссиясы мен пайымдалуы - жер ресурстарын тиімді және рационалды пайдаланудағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жердің сапалық жағдайын жоғарылату, ауданның жер қорын бөлудің есебін жүргізу, жер учаскелерін бөлудің жариялығын қамтамасыз ету.

Жер қорының нақты жағдайын көрсете отырып жер қатынастары жүйесінің тұрақты дамуы, жердің сандық және сапалық жағдайын көтеру және ауданның жер ресурстарына қатысты ақпаратты ашық ету.


  1. Ағымдағы ахуалды талдауы

Жер Заңдылықтарына сәйкес аудандық жер қатынастары бөлімі жергілікті атқарушы органдарға жер учаскелерін беру туралы ұсыныс пен шешімдердің жобаларын дайындау және олардың пайдалану мақсатын өзгерту; иесіз жер учаскелерді есепке алу; жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алуға ұсыныстар дайындау; жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерінің орналастыру жобасын бекіту; мемлекет және меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту; жерді аудандық деңгейде аймақтарға бөлудің нысаналы мақсат жіктемесі енгізілетін жобаларын әзірлеуді ұйымдастру, және жерді ұтымды пайдалану жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу; елді мекен аумағында жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру; жер учаскелерін сатуға конкурс, аукцион өткізуді ұйымдастыру; жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық (қалалық) бағдарламаға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу; ауданның жер балансын жасау; жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру; жер учаскелерін сату-сатып алу, жалға және уақытша өтеусіз пайдалануға шарт жасасу; аудан бойынша жер учаскелерін пайдаланушыларының, иелерінің және басқа жер қатынастар құқығы бар субъектілердің есебін жүргізу сияқты жұмыстарын жүргізеді.

Жыл сайын «Жер иелері мен пайдаланушылардың, пайдалану мақсатына және категориясына байланысты жерді бөлу туралы» ауданның есебі жасалады. Аяққы 3 жылдың ішіндегі (кесте №1) өзгерістерге қарайтын болсақ, жер иелері мен жер пайдаланушылардың жердің пайдалануы өскенін көрсетеді.

Ауданның өзінде мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін алатын орталықтандырылған жүйе жоқ. Бүгінгі күні жер учаскесі туралы ақпаратты алу қолда бар тізімге және Зайсан аудандық кадастр бюросынан сұраныс жасап, содан кейін өтініш білдірген жеке және заңды тұлғаларға жауап қайтарылады. Ол ұзақ уақыт алады. Картографиялық материалдар жоқ.

Жер кадастрының мәліметін беру проблемасы барлық мүдделі мекемелерді біріктіре отырып, біріңғай ақпараттық жүйе құрылған жағдайда шешімін табар еді.

Бұл проблема шешілген жағдайда жердің сандық және сапалық жағдайы туралы ақпарат беру нақты болар еді.


№1 кесте – Категорияларына байланысты жерді пайдалану туралы ақпарат.

п\п




Жер категориялары


2008 жыл


2009 жыл


2010 жыл

2008 жыл мен 2010 жылдың айырмасы

1

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер

382979

406202

396739

13760

2

Елді-мекен жерлері

68853

68853

68853

0

3

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері, және өзге де ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер

3385

3385

3385

0

4

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері

0

0

0

0

5

Орман шаруашылығының жері

88130

88130

88130

0

6

Су асты жерлер

54571

54571

54571

0

7

Босалқы жер

446506

423283

432746

- 13760




Жалпы аудан көлемі

1044424

1044424

1044424

0

Ауыл шаруашылық агроқұрылымдарға бекітіліп берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы егіндік және тыңайтылған жерлерге талдау жасап 2009 жылды 2010 жылмен салыстырғанда, аудан бойынша егістік жердің көлемі 3248 га ұлғайған.


№2 кесте. Агроқұрылымдардың бекітіп алған ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріндегі егіндік туралы ақпарат.




Аудан атауы

01.11.2009 жылға егіндік көлемі, га

01.11.2010 жылға егіндік көлемі, га

2009ж және 2010жыл айырмасы, га

1

Зайсан

8374

11622

3248

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердегі тыңайған жерлердің ауданы 2009 жылмен салыстырғанда 3,9 мың гектарға азайды.
№3 кесте. Агроқұрылымдардың бекітіп алған ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріндегі тыңайтылған егіндік туралы ақпарат.




Аудан атауы

01.11.2009 жылға тыңайтылған егіндік көлемі, га

01.11.2010 жылға тыңайтылған егіндік көлемі, га

2009ж және 2010ж айырмасы, га

1

Зайсан

23127

19270

- 3857

Ауданның актуалды проблемасы болып жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізуге көңіл бөлу табылады. Тексеру (түгендеу) жұмыстары – пайдаланылмай, мақсатына сай емес пайдаланылатын жер учаскелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар 2007 жылдан бастап жүргізіліп жатыр. 2007 жылы 19 агроқұрылымның 2685 га болатын 26 жер учаскесі, 2008 жылы 92 агроқұрылымның 3637 га болатын 126 жер учаскесі, ал 2009 жылдың 5 айында 9 агроқұрылымның 1084 га болатын 9 жер учаскесі ұзақ уақыт пайдаланылмағаны үшін иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Жер учаскелерінің сапалық жағдайын және мақсатына сай пайдалану мақсатында 2004 жылдан бері жер учаскелеріне паспорт дайындау жұмыстары жасалып жатыр. Қазіргі уақытта аудан бойынша 363 агроқұрылымға 411 паспорт дайындалды.

Паспортта жер пайдаланушылардың жер учаскелері туралы толық мәлімет көрсетілген.

Экономиканың дамуы белгілі бір деңгейде жерге байланысты төлімдер жүйесін қалыпқа келтіруге байланысты екендігін – нарықтық-экономикасы дамыған мемлекеттердің іс-тәжірбиесі көрсетеді. Аудан бюджетінің кіріс бөлігін көбейту мақсатында Зайсан аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 11 шілдесіндегі №7-5/3 шешімімен Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақылардың базалық ставкаларына және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілді.

2010 жылғы 1 қарашадағы есеп бойынша ауданда жеке меншікке ауданы 69,9 гектар болтын 289 жер учаскелері 65533,3 мың теңгеге сатылған, соның ішінде 2009 жылы ауданы 16,8 гектар болатын 70 жер учаскесі 20995 мың теңгеге сатылған.

2010 жылы жеке меншікке ауданы 4,7 гектар 15 жер учаскелері 7008,6 мың теңгеге сатылған.

Мемлекеттік экономика структурасын қайта жасау кезіндегі жер реформасының басты бағыттарының бірі болып – жер учаскесінің рыногын дамыту табылады.

Мемлекеттік меншік құқығын берудің перспективті түрінің бірі, ол – жер учаскелерін сатуға конкурс, аукциондар өткізу. Қазіргі уақытта конкурс, аукциондар өткізуге құжаттар дайындалуда.

Конкурстар мен акциондар сатып алушыларға жер учаскесінің көлемі, орналасқан жерін алдын ала таңдау, түрлі құжаттарды жинақтау сияқты ұзақ уақыт алатын процедуралардан құтылу. Ол мемлекетке ғана емес сатып алушыларға да тиімді. Бұл жер учаскелерін тиімді пайдалануына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға отандық және шетел инвестицияларын тартуға, бюджетке қосымша түсімдердің түсуіне, жер учаскесін бөлудің ашық түрде өтуіне, жер пайдалану аясында бәсекелестік ортаның қалыптасуына өз ықпалын жасайды.
3. Бөлімнің стратегиялық бағыттары,

мақсаттары және міндеттері.
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
1-Стратегиялық бағыт. Жерлерді тиімді пайдалану үшін ауданның жер қорын бөлу бойынша маңызды деректерді қалыптастыру.

1.1.-мақсат. Пайдаланушыларға картографиялық материалда нақты жағдайды суреттеумен берілетін жер ресурстары жайлы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету




Мақсаттық индикатор

(жетудің ақырғы мерзімін (кезеңін) көрестумен)



Ақпарат деректері

Соның ішінде аралық

Есепті кезеңде

Жоспарлы кезеңде

Өлшем бірлігі

1- жыл (есеп)

2-жыл (ағымдағының жоспары)

1-жыл

2-

жыл


3-

жыл


4-

жыл


5- жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Ауыл шаруашылық алқаптарының сапалық жағдайы жөнінде есептілік жүргізу үшін агроқұрылымдардың жер учаскелерін құжаттандыру

«МемЖерҒӨО» ШҚ ЕМК есебі

%







5

2

2

3

2

Мақсатты индикаторға жету жолдары, амалдыры және әдістері:

1.1.1.-міндет. Жерлердің сапалы сипаттамалары бойынша малімет жинау


Тікелей нәтижелердің

көрсеткіштері


Ақпарат деректері


Өлшем бірлігі



Есепті кезең

Жоспарлы кезең

1- жыл (есеп)

2-жыл (ағымдағының жоспары)

1-жыл

2-

жыл


3-

жыл


4-

жыл


5- жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Жер учаскесіне төлқұжат



«МемЖерҒӨО» ШҚ ЕМК есебі

%







5

2

2

3

2

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне жету үшін іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

1-жыл

2- жыл

3- жыл

4-жыл

5- жыл

1

2

3

4

5

6

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне төлқұжат беру

Х

Х

Х

Х

Х

Мақсатты индикаторға жету жолдары, амалдыры және әдістері:

2.1.1.-міндет. Жерлердің іс жүзіндегі жай-күйін бағалау үшін жерлерге мониторинг жүргізу



Тікелей нәтижелердің

көрсеткіштері


Ақпарат деректе рі

Өлшем бірлігі



Есепті кезең

Жоспарлы кезең

1- жыл (есеп)

2-жыл (ағымдағының жоспары)

1-жыл

2-

жыл


3-

жыл


4-

жыл


5- жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Түгендеу қорытындыларын бекіту бойынша нормативті-құқықтық акт

ЖАО қаулыөсы

Ауылдық округтердің саны







1

2

2

2

2

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне жету үшін іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

5- жыл

1

2

3

4

5

6

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу өткізу (аудандардың саны/ауылдық аймақтардың саны)

Х

Х

Х

Х

Х



3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі

Бөлімнің стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

1

2

1-Стратегиялық бағыт. Жерлерді тиімді пайдалану үшін ауданның жер қорын бөлу бойынша маңызды деректерді қалыптастыру.

1.1.-мақсат. Пайдаланушыларға картографиялық материалда нақты жағдайды суреттеумен берілетін жер ресурстары жайлы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету


1.1.1.-міндет. Жерлердің сапалы сипаттамалары бойынша мәлімет жинау

Қазақстан Республикасы Жер кодексі, ШҚО, Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы


2.1.1.-міндет. Жерлердің іс жүзіндегі жай-күйін бағалау үшін жерлерге мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасы Жер кодексі, ШҚО, Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



4. Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттерін іске асыру бойынша іс-шаралар

Іске асыру кезеңі

1

2

3

1-Стратегиялық бағыт. Жерлерді тиімді пайдалану үшін ауданның жер қорын бөлу бойынша маңызды деректерді қалыптастыру.

1.1.-мақсат. Пайдаланушыларға картографиялық материалда нақты жағдайды суреттеумен берілетін жер ресурстары жайлы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету

1.1.1.-міндет. Жерлердің сапалы сипаттамалары бойынша мәлімет жинау

2.1.1.-міндет. Жерлердің іс жүзіндегі жай-күйін бағалау үшін жерлерге мониторинг жүргізу



1. Ішкі әлеуетті дамытуға ықпал ететін, біліктілікті арттыру және басқа да курстар мен тренингтер арқылы қызметкерлердің кәсіби өсуі, жас мамандарды ынтымақтастыққа тарту;

2. Ақпарат жинау және қолдану жүйесінің еңбек сыйымдылығын қысқарту және ретке келтіру жолымен, қызметкерлердің Интернетке, заң базасына, ақпараттық деректер базасына қатынасуын 100% қамту арқылы бөлім қызметкерлерінің ақпараттық қажеттілігінің сапасын қанағаттандыру мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ ақпараттық ресурстармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын дамыту және оларды қызметкерлердің күнделікті жұмыста қолдануы;

3. Бөлім қызметінің нәтижелерін ескере отырып, бюджет қаражатын бөлу.



2011-2015 жылдар

Ауданның жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жер қатынастарын жетілдіру, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді және жер учаскелерін материалдық активтер санаттарына жатқызу және оларды қаржы-экономикалық айналымға енгізу– бұл жер реформасын тереңдету үшін қажетті міндеттердің толық емес тізбесі.

Қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге Бөлімнің ішкі ортасын өзгерту бойынша іс-шаралар, сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдармен толыққанды қарым-қатынастар дамыту ықпал етеді.
5. Ведомствоаралық әрекеттестік


Жету үшін ведомствоаралық әрекеттестікті қажет

ететін міндетердің

көрсеткіштері


Ведомствоаралық әрекеттестікті жүргізетін мемлекеттік орган

Мемлекеттік органмен жүргізілетін іс-шаралар

1-Стратегиялық бағыт. Жерлерді тиімді пайдалану үшін ауданның жер қорын бөлу бойынша маңызды деректерді қалыптастыру

1.1.-мақсат. Пайдаланушыларға картографиялық материалда нақты жағдайды суреттеумен берілетін жер ресурстары жайлы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету



1.1.1.-міндет. Жерлердің сапалы сипаттамалары бойынша малімет жинау

Ауыл шаруашылық алқаптарының сапалық жағдайы жөнінде есептілік жүргізу үшін агроқұрылымдардың жер учаскелерін құжаттандыру

«МемЖерҒӨО» ШҚ ЕМК

Әзірленген төлқұжаттар бойынша топырақтық құжаттарды жаңарту және топырақты бағалау мәліметтерін беру

2.1.1.-міндет. Жерлердің іс жүзіндегі жай-күйін бағалау үшін жерлерге мониторинг жүргізу

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу өткізу

«Аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ

Жоспарланған егілетін және жыртылған аудандар бойынша мәліметтерді беру

«Аудандық статистика басқармасы» ММ

4-аш формасы бойынша есеп беру

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы» ММ

Егістік жерлерді түгендеу барысында анықталған жер заңнамасын бұзу фактілері бойынша тексеру жүргізу


6. Қауіптерді басқару
Бөлімнің ықтимал қауіптерін шектелген көлемі қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер етуі мүмкін ресурстардың түрлері бойынша анықтау ұсынылады.


Мүмкін қауіптің атауы

Қауіптерді басқару бойынша шараларын қабылдамаған жағдайда мүмкін болатын салдар

Қауіптерді басқару шаралары

1

2

3

Сыртқы қауіптер

Технологиялық қауіп

Ауданның қазіргі жағдайына және мемлекетік топонимикаға сәйкес мемлекеттік топографиялық карталармен қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық мәліметтерді ұсыну, сақтау кезінде бұрмалануы экономиканың көптеген мәселелерін шешуде кері әсерін тигізеді

Мемлекетік тапсырысты уақытылы орындауға жағдайлар жасау, мониторинг жүйесін құру және оның сапалы және тиімді орындалуын бақылау

Техногендік қауіп

Геодинамикалық полигондарда жоғарғы дәлдіктегі геодезиялық өлшеулердің дер кезінде жүргізілмеуі экономиканың барлық салаларына әсер етуі мүмкін, жер қыртысының қазіргі заманға сай қозғалыс жағдайының талдауы орындалмауы мүмкін.

Апаттық құбылыстардан тұрғындарды, объектілерді және аудан аумағын сақтандыру шаралары экономикалық даму тұрақтылығының көрсеткіштерінің бірі болып табылады

Кадрлық әлеует

Жерге орналастыру қызметінің кәсіптік мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі және жүктелген функцияларды жүзеге асыру бойынша негізгі тапсырмаларды орындау қабілетсіздігі

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру, материалдық ынталандыру, көлікпен қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану

Материалды-техникалық жабдықтау

Компьютерлердің және ақпараттық инфрақұрылымдардың тозуы Бөлімнің жұмыстарына әсер етуі мүмкін

Жерге орналастыру қызметі органдарының алдына қойылған міндеттерін нәтижелі және жылдам орындау үшін озық компьютерлік технологиялармен қамтамасыз етілуі қажет.



7. Бюджеттік бағдармалар

7.1 Бюджеттік бағдармалар


Бюджеттік бағдарлама

463 001 000 «Аудан аумағында жер қатынатсарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»


Сипаттамасы

Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек шарттарын жақсарту, қойылған міндеттер мен функцияларды тиімді және оперативті орындауға жету мақсатында аудандық жер қатынастары басқармасы қызметін қамтамасыз ету


Бюджеттік бағдарламаның сыныптамасы

Мазмұнына байланысты

Мемлекеттік функцияларды, өкілеттік және олардан туындайтын мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру


Жүзеге асыру тәсіліне байланысты

Жеке бюджеттік бағдарлама

Ағымдағы / даму

Ағымдағы бюджеттік бағдарлама





Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерінің атауы

Өлшем бірлік

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2014


жыл

2015 жыл

2009

жыл


2010


жыл


2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тура қорытындылардын көрсеткіштері

Бөлімнің құрамы

бірлік

3

3

3

3

3

3

3

Соңғы қорытындылардың көрсеткіштері

Қойылған функциялар мен міндет терді тиімді орындау

%

100

100

100

100

100

100

100

Сапа көрсеткіштері

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қойылған функциялар мен міндеттерді максималды тиімді орындау

%

100

100

100

100

100

100

100

Бюджеттік шығыстардың көлемі

мың теңге

11223

5123

8054

8296

8545

8801

9065





7.2 Бюджеттік шығыстардың жиынтығы


Атауы

Өлшем бірлік

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл


2010 жыл


2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


1

2

3

4

5

6

7

Бюджеттік шығыстардың БАРЛЫҒЫ:

мың теңге

11223

5123

8054

8296

8545

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

мың теңге
















463 001 000 «Аудан аумағында жер қатынатсарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»


мың теңге

11223

5123

8054

8296

8545

Ескертпе:

қысқартылған атаулардың мағынасы:

«МемЖерҒӨО» ШҚ ЕМК – «Жер ресурастарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» Шығыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган

ММ – мемлекеттік мекеме



Аудандық жер қатынастары

бөлімінің бастығы: Т.Тилегенов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет