Зайсан ауданы әкімінің 2014 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында аудан тұрғындарымен есеп беру кездесулеріндегі есебінің тезистері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол –Болашаққа бастар



жүктеу 291.13 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі291.13 Kb.



Зайсан ауданы әкімінің 2014 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында аудан тұрғындарымен есеп беру кездесулеріндегі есебінің тезистері
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол –Болашаққа бастар жол» Жолдауы Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Жолдау әрбір адамның ертеңгі күніне үлкен сенім ұялатады. Қазақстан 23 жылдың ішінде қоғам  өмірінің барлық саласында жаңартуды өте жоғары деңгейде жүргізді. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың барлық сұрақтарына  жауап іздей отырып, күрделі кезеңнен елді аман-есен алып шығудың алғы шарттарын қарастырған Жолдауда елді еңбекпен қамтамасыз ету, байтақ еліміздің ішкі байланысын арттыру қажеттілігі атап өтілді. Егемен еліміз алған биіктер мен табыстар ұлт­аралық татулық, өзара келісім мен бірлік­тің арқасында келіп отырғанын жас­тардың ойына сіңіру керектігі туралы пікірі де көптің көңілінен шықты. Бүгін еліміз бағыт ұстап отырған «Мәңгілік Ел» болудың нұр­лы жолында барша қазақ­­­­­стан­дықтар жұмылған жұды­­­­рықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуі­не үлес қосуы керек деуі де орынды. Болашақ – жастардың қолында екені де шындық. Жолдауда аға ұрпақтың қолымен жасалған құндылықтарды көздің қара­шығындай сақтау қажет­тігіне маңыз берді. Алда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан мемлекеттілігінің түпқазығы Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты мерекелерді қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында ұйымдастыру туралы ойлары да ұтымды. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен балалар бақшасының жетіспеушілігі. Білім беруде, денсаулық сақтауда, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары жалғаса береді. Жолдаудың әрбір жолында Президенттің еліміздегі миллиондаған халықтың әл-ауқаты, жағдайына байланысты қамқорлығы сезілген. 2014 жыл еліміз үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды. Елде саяси тұрақтылық, береке –бірлік нығайып, жұрт болашағына зор үмітпен қарай бастады. Ендігі біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілікте, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі халықта бар.

Зайсан ауданы облыс көлемінде ауыл шаруашылық бағытындағы аудан болып саналады. Ауданның 1 қала, 8 ауылдық окруктеріндегі 36 елді мекенінде 38129 халық тұрады. Ауданның барлық жер көлемі 1044,0 мың гектар, оның ішінде егістік жер 28,4 мың гектар, шабындық 540,0 мың гектар, жайылымдық – 748,0 мың гектар.



Ауыл шаруашылығы. 2014 жылдың қортындысы бойынша аудан көлемінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 13718,7 млн теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өндірілген өнімінің 25,5 пайызы егін щаруашылығының үлесі алып отыр. Есепті жылы мал және егін шаруашылықтар саласындағы барлық негізгі көрсеткіштердің өсу тенденциясы сақталды. 2014 жылы барлық егілген егістіктің көлемі 17611 гектарды құрап, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артты, оның ішінде дәнді дақылдар 7883 гектар (өсім 5 пайыз), майлы дақылдар 1778 гектар (өсім 7 пайыз), картоп 1581, көкеніс 630 гектар, бақша дақылдары 128 гектар, мал азығының дақылдары 5641 гектарды құрады.

Есепті жылы күнбағыстың көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 250 гектарға азайып, керсінше соя 176 гектарға көбейтілді. Күзгі егін жинау қортындысы бойынша 7883 гектар дәнді дақылдар дер кезінде толық орылып, жиналған өнімнің көлемі 11900 тонна. Сонымен қатар 1800 тонна майлы дақылдар, 22400 тонна картоп, 13400 тонна көкеніс және бақша дақылдары жиналып, 1 гектар дәнді дақылдардан 15 центнер өнім, картоптың 1 гектарынан алынған өнім 142 центнерді құрады. 2014-2015 жылдың қыстамасына 136,0 мың тонна мал азығы, 2,4 мың тонна сенаж, силос дайындалды. 2014 жылы 3500 гектар судігер жыртылып, былтырғыдан 17 пайызға артық болды.

Аудан бойынша 2015 жылы көктемгі дала жұмыстарына 1129,5 тонна дәнді дақылдар тұқымы дайындалған, бұл тұқымның көлемі «Казагрэкс» тұқым зертханасымен тексертілген 234 тонна тұқымның 207 тоннасы 2 класты 23 тоннасы 3 класты ғана. Бірінші класты тұқым дәрежесіне жеткізілмеген. Сондықтан қолда бар тұқымды егу дәрежесіне жеткізу үшін бірнеше рет тазалап, зертханаға апарып тексеруден өткізуіміз керек.

Ауданды «Икеп» тұқым шаруашылығы жұмыс атқаруда. Бірақ ауданымыздың барлық шаруашылықтарын сапалы тұқыммен қамтамасыз ету үшін бір шаруашылық жеткіліксіз. Сондықтан, аудан көлемінде тұқым шаруашылықтарын көбейту мақсатында жұмыстар жүргізіліп, бұл кәсіппен айналысамын деген шаруашылықтарға тұқым шаруашылығы статусын алуға көмектесуіміз тиіс.

Ауданның негізгі саласы – ауыл шаруашылығына уақыт талабына сай бағдар ұстап, тұрақты дамуына қол жеткізу үшін мемлекет тарапынан тиісті қаражат бөлініп, көмек көрсетіліп келеді. 2014 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар майларды, басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға ауданның 220 ауыл шаруашылық тауар өнімдеріне 108,9 млн теңге субсидия төленді.

Жердің құнарлығын арттырып, жоғары өнім алу мақсатында аудан бойынша 30 тонна минералдық тыңайтқыштар сатып алынып, пайдаланылды. Минералды тыңайтқыштардың құнын арзандату үшін 1 шаруашылыққа 0,9 млн. теңге субсидия бөлінген. Тыңайтқыштарды 50 пайызға арзандатып сатқаны үшін аталған субсидия көлемдері тыңайтқыш өндіретін зауыттарға төленді. Арамшөптермен күрес жүргізу мақсатында гербициттердің құнын арзандату мақсатында 2 шаруа қожалықтарына 0,6 млн. теңге субсидия төленді. Сонымен қатар, элиталық тұқым сатып алған 6 шаруашылыққа 1,3 млн теңге, жоғары сортты тұқым сатқаны үшін бір шаруа қожалығына 1,1 млн теңге адресті субсидия жергілікті бюджеттен төленді.

Аудандағы 1 қала, 8 ауылдық округтері бойынша 877100 га ауыл шаруашылық жерлерге оның ішінде 34595 га егіндік (суармалы 28562 га), шаппалық 53865 га, жайылымдық (жайлауды қосқанда) -74794 га түгендеу жұмыстары жүргізілді.Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде барлығы 64190 га құнарлылығы төмен егістік пен тыңайма жерлер анықталды.Оның ішінде 9938 га егіндік жер, 2502 га шаппалық және 51750 га жайылымдық жер. Бүгінгі күні атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 1236 га егіндік, 747 га шаппалық, 6637 га жайылымдық, жиыны 8620 га арнайы жер қорына алынды. Бұл жұмыс биылда жалғасын тауып, толық аяқталып, арнайы жер қорына алынған жерлер шаруашылықтарын дамытамын деген азаматтарға конкурс арқылы беріледі.Ал биылғы жылы түгендеу жұмыстарының негізінде 9938 га егіндік жер бірнеше жылдан бері пайдаланылмай келе жатқаны анықталды.Оның ішінде 1700 га егістік жер құнарлығы өте төмен болып, 8238 га егістік жерге гидротехникалық құрылымдардың тозғаны және кейбір жерлерде жоқтығынан егіс суы бармау себебінен бұл жерлер басқа мақсатта пайдалануға ауыстыру үшін жұмыстар жүргізіледі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде өндірілген ет көлемі 14096,8 тонна (101,3%), сүт 40165,6 тн (89,6%), жұмыртқа 6036,5 (97,8%) болды.

Аудан бойынша ірі қара мал саны -63244 (97,8%), оның ішінде сауын сиырлар -35204 (122,6%), қой мен ешкі -134986 (100,4%), жылқы -13753 (101%), құстар-52727(100,7%) басты құрады.

Ауданда 9 асыл тұқымды шаруашылықтар жұмыс істейді. Бүгінгі күні малды асылдандыру жұмыстарымен (селекционно-племенная работа) 166 шаруа қожалықтары айналысады. Облыстың әртүрлі асыл тұқымды шаруашылықтарынан тек 2014 жылы ғана 280 бас бұқалар сатып алынды.

Аудан бойынша бүгінгі күнге 1216 бас асыл тұқымды ірі қара малдары, 2866 га асыл тұқымды «Байыс», «Еділбай» қойлары, 894 бас қазақтың «Жәбе» асыл тұқымды жылқылар және 200 дана асыл тұқымды ара ұялары бар. Бүгінгі күнге шаруа қожалықтардың иелігінде барлық сиымдылығы 3600 бас ірі қара малды бордақылауға арналған 22 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп, жылына 864 тонна ет өндіруге мүмкіншіліктері бар.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында ірі-қара малын сатып алуға ауданның 3 шаруа қожалықтарына 18,5 млн.теңге несие берілді. Берілген несиеге барлығы 89 бас ірі-қара малы алынды.

«Құлан» бағдарламасы аясында 4 шаруа қожалығы 40,1 млн.теңгеге 102 бас биелер сатып алды. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы »АҚ-мы арқылы «Жайлау» бағдарламасы аясында 50 млн.теңге бөлініп, 25 шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға 100 бас қойдан берілді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы ауданның 21 шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлеріне 47,7 млн.теңге мөлшерінде несие берілді. Соның ішінде: «Егінжай» бағдарламасы арқылы ауданның 1 шаруа қожалығына жалпы сомасы 3,0 млн.теңгеге, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 51 жеке тұлғаға 120,9 млн.теңге, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 73 жеке кәсіпкерге 192,0 млн.теңге несие берілді. «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру» бағдарламасы бойынша ауданның «Нұр» шаруа қожалығына өткізген ірі-қара малының етіне республикалық бюджеттен 4,1 млн.теңге төленді.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша ауданның 67 шаруа қожалықтарына республикалық бюджеттен 141,4 млн теңге төленді. Соның ішінде: сатып алған асыл тұқымды ірі-қара малдары үшін 26,3 млн.теңге, сатып алған асыл тұқымды қойлар үшін 1,9 млн.теңге, ірі-қара малына селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 104,4 млн.теңге, қойларға селекциялық асылдандыру жүргізгені үшін 4,8 млн.теңге.

2014 жылға «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» бюджеттік бағдарламасы негізінде профилактикалық диагностикалық тексеру іс-шаралары республикалық бюджет есебінен 83,7 млн.теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге бөлінген қаражат толығымен игерілді.

«Зайсан ауданының ветеринариялық қызметі» коммуналды мемлекеттік мекемесінде 3 ДУК автомашиналары дизинфекция жасауды қамтамасыз етеді. Биылғы жылы аудандық бюджеттен дизинфекция жұмыстарына 700,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2014 жылы бруцеллез ауруы шыққан аулаларға бұл мекеме арқылы 417 нысанды құрайтын 38027 шаршы метрге дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюға 1,0 млн.теңге қаражат жергілікті бюджеттен бөлініп, 983ит және 17 мысық жойылды. Биылғы жылы «Зайсан ауданының ветеринариялық қызметі» мекемесіне қосымша республикадан ауруға шыққан малдарды сою пункттеріне таситын және жұқпалы аурулардан өлген малдарды өртеуге арнаулы өртеу пеші орнатылған 2- Газ-53 дизельді автокөліктері берілді. Қосымша бұл сала бойынша дербес ауданның ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігі бөлімін құру жоспарлануда. Жалпы, бұл сала бойынша барлық жағдай жасалып келеді. Алайда, мал арасында бруцеллез ауруы азаймауда. Сол үшін бұл саладағы мамандарға нақты жұмыстар жүргізуін талап етемін.

«Казагрофинанс» АҚ-мы арқылы лизингке 7 шаруа қожалықтары 8-МТЗ-82 тракторларын және 43 бірлік ауыл шаруашылық техникалары шаруашылықтардың өз қаражаты есебінен көрші ҚХР сатып алынды.Биылғы жылы жаңадан сатып алынған ауыл шаруашылық техникалардың құны 151,0 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылдан 22 бірлікке артты.

Аудандағы ұсақ шаруа қожалықтарына егінді дер кезінде егіп, ысырапсыз жинап алу үшін 2014 жылы аудан бюджеті есебінен жоғары қуатты астық комбайны мен Беларус-121,1 тракторын құрал жабдықтарымен сатып алып, ұсақ шаруа қожалықтарына көмек көрсетті. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында 100 бас сауынды сиырларға арналған сүтті тауарлы фермаларын ашуға «Әмрен» және «Жомарт» шаруа қожалықтарымен жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаруа қожалықтарына қораларын салуға жерлері беріліп, бизнес-жоспарлары жасалып, несие алуға тапсырма берілуде.

Бүгінгі күні «Шакен» шаруа қожалығы 50 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салып, несиеге 30-ға жуық сүтті сиырлар сатып әкеліп, өндірілген сүтін Зайсан қаласындағы сүт цехына өткізуде.

Сонымен қатар, халықтың жеке шаруашылықтарында қанша сауынды сиырлар бар, олардың сүт өнімділігі, тұқымы анықталуда. Биыл ауылдық округтерінің орталықтарынан сүт дайындау пункттері ашылуы тиіс.



Өнеркәсіп. Ауданда өндірілген ішкі жалпы өнімнің көлемі 20230,7 млн. теңгеге жетті. Оның ішінде өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6512,0 млн.теңге болып, ішкі жалпы өнімнің 32,1пайызын құрады.

2014 жылы 51,1 мың тонна көмір, 189,6 мың литр минералды және әр түрлі сулар мен сусындар, 1848 тонна ұн, нан-тоқаш өнімдері, 62 тонна сүт өнімдері өндірілді. Ауданда газ, мұнай, көмір өндірілу себебінен өнеркәсіп өнімдері артып келеді.

Зайсан қаласына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 405,0 млн теңге қаржысына 38,25 км газ құбыры тартылып, 1100 үйге газ кіргізуге жағдай жасалды.

Бүгінгі күні 239 тұрғын үй, 30 коммерциялық нысандар және М.Әуезов атындағы орта мектебі газды пайдалануда. Сондай-ақ Х.Мұстафина, М.Ломоносов атындағы орта мектептерін газға қосуға ЖСҚ жасалынып, бюджетке тапсырыс берілді.

«Тарбағатай Мұнай» ЖШС жеке өз қаражаты есебінен 9 елді мекенге дейін газ тарту құны 792 млн. теңгеге жобасы жасалынып, мемлекеттік сараптама алды. Облыстық бюджет есебінен 50,4 млн. теңгеге 9 ауылдың ішкі газ тарту жүйесінің ЖСҚ аяқталып, сараптамадан өтті, Жалпы алдағы жылдары табиғи газ өндірудің көлемі артып, ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру басты салаға айналады.

Инвестиция және құрылыс. Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның жалпы көлемі 16954,3 млн.теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107% құрады.

2014 жылы бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Зайсан қаласында 600 орындық мектеп 300 орындық интернатымен, 140 орындық балабақша құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді. «Зайсан қаласындағы кәріз суды әкету және тазалау қондырғылары» нысанының құрылысына 2013 жылы 556 млн.теңге, 2014 жылы республикалық бюджеттен 727,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 81,0 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы Зайсан қаласында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы басталып, өткен жылдың желтоқсан айында құрылыстары аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылданды.

Дайыр ауылына жалпы сметалық құны 219,3 млн.теңге 150 орынды ауылдық клуб үйі құрылысы 2014 жылы басталып, 60,0 млн.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға беріледі.

Зайсан қаласында атшабар (ипподром) құрылысы бір айдың ішінде салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Қайнар ауылындағы мектепке құны 28,8 млн.теңгеге екі айдың ішінде спорттық модулі құрылысы салынып, аяқталды.

«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 348,4 млн.теңгеге Улкен-Каратал ауылында су құбыры желілеріне және құрылымдарына құрылыс жұмыстары басталып, пайдалануға берілді. Ауданның 9 елді мекенге кентішілік газбен қамтамасыз ету, тарату желілері құрылысына өткен жылы 15,0 млн.теңге қаржы бөлініп, Қаратал ауылында құрылысы басталды.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 2014 жылы 9925 шаршы метр болып, бұл былтырғыға сәйкес мерзімдегіден 40,7% артық болды.

2014 жылы аудандық бюджеттен 147 млн.теңге бөлініп, Зайсан қаласындағы су жүйелері және су қондырғыларын қайта жаңғыртудың екінші кезеңінің және канализация жүйелері және тазалау құрылысының 2-кезеңінің, ауданның 9 елді мекеніне кентішілік газбен қамтамасыз ету, тарату желілері және Зайсан қаласының бірінші кезектегі ішкі кварталдық газ тарату желілерін іске қосу комплексі екінші кезеңі құрылысының, Шевченко мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің ЖСҚ мен мемлекеттік актісіне қаржы бөлініп, жасалды. Қаладағы бұрынғы М.Дәуленов атындағы орта мектебінің, интернаттың ғимаратын жатаханаларға қайта жаңғыртуға байланысты ЖСҚ жасалды. Сонымен қатар, Шевченко мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің инженерлік желілері, Қаратал ауылының су құбыры желілерін және құрылғыларын, осы ауылдағы 140 орынды бала-бақша құрылысының, №4-60 пәтерлі тұрғын үй құрылысының, Қарабұлақ ауылындағы 90 орынды балабақша құрылысының, Шілікті орта мектебін күрделі жөндеудің, №1 (Х.Мұстафина атындағы орта мектеп), М.Ломоносов атындағы орта мектебінің жылу қазандықтарын газға қосу, Қасқажолдың құрылысына ЖСҚ дайындалды.



Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары. Зайсан ауданы бойынша 460 шақырым автомобиль жолдары бар. Соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 168 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 81 шақырым және жергілікті маңызы бар жолдардың ұзақтығы 211 шақырым.Аудандық маңыздағы 211 шақырым жолдың 29 шақырымына асфальт төселген, 24 шақырым арнайы салынбаған қыр жолдары. Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының бойында 7 көпір, 153 су өткізетін құбырлары бар.

Жергілікті маңызы бар жолдарды қалыпты жағдайға ұстауға 20,9 млн.теңге бөлініп, игерілді, биылғы жылы да осы мөлшерде қаралып отыр.

Қайнар ауылының Бейсен өзенінің көпіріне 9,7 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аққойын жолының 15-22 шақырымы аралығында күрделі жөндеуге 630,0 млн.теңгеге ЖСҚ жасалған болатын.Соңғы 2 жылда 40,0 млн.теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Айнабұлақ ауылының көшелерін жөндеуге 4 млн.теңге, Зайсан қаласының көшелерін орташа жөндеуге 25,5 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Желтоқсан-Шанин көшелерінің қиылысына 3,5 млн.теңгеге бағдаршам орнатылды.

2014 жылы халық саны 500 адамнан аз тұратын елді мекендерді орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен Көгедай, Қуаныш, Бақасу ауылдарында скважина бұрғыланып, Бақасу, Саржыра, Жалши, Жамбыл ауылдарына су құбырлары

тартылды. Жаңатұрмыс ауылының су құбырына жанындағы Жеменей өзенінен су тазалағыш қондырғы орнатып, су шығарылып, ауылға жеткізілді.

Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылының су желілері жөнделді. Осы жұмыстарды атқаруға жиыны 72,2 млн.теңге қаржы жұмсалды.



Жалпы аудан халқын таза сумен қамтамасыз ету 2014 жылы 79,8 пайызды құрады.

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға 8,5 млн. теңге бөлініп, «Зайсан» ККМК су құбырларын қалыпты жағдайда ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. 2015 жылға 12,0 млн. теңге бөлінді.

Аудан бойынша жолаушы тасымалы негізінен автобус және әуе қатынастары арқылы жүргізілуде.

Әр күн сайын Зайсан қаласынан Өскемен, Семей қалаларына автобус үзіліссіз қатынап тұрады.

Бірнеше жылдан бері Зайсан қаласының ішінде жолаушы тасымалы аудандық бюджеттен қаржы (доход) бөлу арқылы жүргізілуде. Қала ішінде жолаушы тасымалдау таңғы сағат 7-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі аралықта, қарама-қарсы екі бағытта жолаушы тасымалдауға қолайлы 20 орындықты «SAULIN» автобустары және өткен 2014 жылы жаңадан ГАЗЕЛЬ шағын автобустары алынып, халыққа қызмет көрсетуде.

Өткен 2014 жылы облыс бойынша алғашқы болып аудан аралық маршруттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, «Зайсан-Кеңсай-Шілікті»,«Зайсан-Айнабұлақ-Жамбыл-Дайыр-Қуаныш-Біржан» және «Зайсан-Көгедай-Шалқар-Қаратал-Үлкен-Қаратал» бағыттары бойынша маршруттар ашылып, жұмыс істеуде.

Аталған бағыттарда жолаушы тасымалдаушының ақтамаған шығындарын өтеу мақсатында жергілікті бюджеттен дотация берілуде.

Сонымен қатар, Зайсан қаласында орналасқан әуежайдан аптасына 2 рет әуе қатынасымен «SCAT» АВИА Компаниясы жолаушыларды тасымалдауда.

Зайсан қаласында үйлерге терможаңғырту бағдарламасына сәйкес 2014 жылы республикалық бюджеттен 29 200,5 мың теңге бөлініп, 6 көп қабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылға 12 көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу жоспарланып, ақаулық актілері ШҚО тұрғын үйді пайдалану басқармасына өткізілді. Аталған басқарма арқылы ЖСҚ жасалынып, бюджеттік тапсырыс берілетін болады.

Зайсан ауданы бойынша тірек елді мекендер қатарына Қаратал, Қарабұлақ ауылдары және облыс көлемінде бекітілген үлгілі ауылдар ретінде дамитын 16 елді мекенінің қатарына Қаратал ауылы енгізілген. Тірек ауылдарды дамыту үшін облыстық маслихат шешімімен бекітілген жоспарына сәйкес 582 млн. теңгенің 42 жобасы жүзеге асырылды. Жалпы экономиканың барлық саласында Қарабұлақ ауылында 398,4 млн. теңгенің 24 жобасы, Қаратал ауылында 183,6 млн. теңгенің 18 жобасы іске асты.

2020 жылға дейін ауыл тұрғындарын 80% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Шілікті, Қаратал ауылдарының су құбыры желілері мен құрылғыларының құрылысы мен жаңғырту жұмыстарын жүргізілуі енгізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2015 жылы Біржан, Дайыр. Қаратал. Қарабұлақ, Кеңсай, Шілікті ауылдарының көшелерін жарықтандыруға, Айнабұлақ ауылының кіре беріс жолын жөндеуге және Сартерек ауылының демалыс саябағын абаттандырып, жөндеуге қаржы бөлінді.



Бюджет. 2014 жылға ауданның жоспарланған бюджет шығыстары 5901,9 млн теңге, нақты кассалық шығыстары 5876,6 млн теңге, яғни аудан бюджетінің шығыстары 99,6% орындалды. Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 840,05 млн. теңге, орындалғаны 908,6 млн. теңге немесе 108,4 % болды.

Білім саласы. Зайсан ауданында 27 мектеп бар, оның 17 орта, 8 орталау, 2 бастауыш мектеп. Зайсан қаласында 1 кәсіптік техникалық колледжі, 1 музыка, 1 өнер, 1 спорт мектебі бар. Аудан бойынша 11 балабақша жұмыс атқарып, онда 903 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар 22 мектепте ұйымдастырылған толық және қысқа күнді шағын орталықтарда 1050 бала қамтылған. Аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру мен қамту 3-6 жас бойынша 100 пайызды, 1-6 жас бойынша 85 пайызды құрап отыр. Тек 2014 жылы ғана 2 мемлекеттік, 1 жеке меншік балабақша салынып, 300 бала қамтылды.

2014 жылы 388 бала мектеп бітіріп, оның 350 оқушысы (90,2 пайыз) ҰБТ-ға қатысты. Аудан бойынша ҰБТ-ның қорытындысында орташа балл 77 болды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 6 балға артық. 100 және 100-ден жоғары балды 63 мектеп бітіруші жинап, 2013 жылдан 15 балаға артық болды. Орта балды аудан деңгейінен жоғары алған мектеп-интернат-(86.6), М.Ломоносов атындағы орта мектебі-(86.6), М.Әуезов атындағы орта мектебі - (79.8), Кеңсай орта мектебі - (85.2), Шілікті орта мектебі - (78.4), Абай атындағы орта мектебі - (85.2), М.Дәуленов атындағы орта мектебі - (81.9), Сартерек орта мектебі - (80). «Алтын белгі» аттестатына 29 үміткердің 9-ғана өз білімдерін ақтап шықты.

Аудан бойынша 33 мектеп бітіруші бекітілген деңгейден төмен нәтижелер көрсетті.

Есепті жылы аудандағы 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен 100 пайызға қамтылды, (2013 жылы 93,3 пайыз болған). 2013 жылы мектеп оқушыларының ыстық тамағына бюджеттен 41020,0 мың теңге бөлінсе, 2014 жылы 1 оқушыға тамақтың құны 2 есеге көбейтіліп 86230,0 мың теңге бөлініп, берілді. Жеке кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен 4,0 млн. теңгеге жуық 78 меморандум жасалып, 267 бала ыстық тамақпен қосымша қамтылды. Зайсан қаласындағы Сүт зауыты арқылы келісім шарт жасалып, аптасына үш рет сүт өнімдері беріліп отырды. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына және аз қамтылған 5-11 сынып оқушыларына күнделікті ас мәзірінде 10 грамм бал беру ұйымдастырылды.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында «Бәйтерек» демалыс лагерінде балалардың демалыс уақытын тиімді өткізуіне үнемі көңіл бөлінуде. «Бәйтерек» демалыс лагерінде есепті жылы 600 баланың демалуына тиісті жағдайлар жасалды, оның ішінде 463 тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары тегін демалды.

Мектептен тыс 5 қосымша білім беру мекемелеріндегі оқушылар өз өнерлерімен облыс, Республика, халықаралық деңгейде қатыса бастады. Музыка мектебінің оқушылары облыстық байқауларды жүлделі орындарды жеңіп алса, халықаралық «Ақ көгершін» фестивалінің ән, би номинациялары бойынша I, III орындарды иеленді. «Өнер» мектебінің оқушылары облыстық «Қазақстан 2050» және «EXPO 2017», «Жас суретші» байқауларында бас жүлде және II, III орындарды иеленсе, «Жас техниктердің, авиомодельдеу спортының республикалық фестивальдары» байқауларында жылда жүлделі орындарды иеленеді. Ауданда қосымша білім берудің желісін кеңейту мақсатында Дайыр, Қаратал ауылдарынан музыка мектебінің филиалдары және Зайсан қаласында жас натуралистер орталығы ашылды. Осындай жұмыстар биылда жалғасын табады.

Мектептердің материалдық техникалық базаларын нығайтуға 2014 жылы барлығы 90523,2 мың тенге бөлінсе, оның ішінде республикалық бюджеттен – 8194,0 мың теңгеге 2 биология, 2 химия кабинеті, 1ЛМК, 6 комьпютер, 1 автобус, асханаларға 8 электроплиткалар, 2 тоңазытқыш, 5 электр насостары, 2 электр қазандығы және 28 мектепке оқулықтар мен оқу әдістемеліктері алынды.

Білім саласы бойынша 2014 жылы – білім беру объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы – 253852,6 мың теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 207626,0 мың теңге. Бөлінген қаржыға Абай, Шілікті, Қаратал, Жамбыл, Маметова мектептеріне күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сартерек, Орманбетов, Октябрь, Мұжықсу мектептерінің жылу қазандықтары айырбасталды, М.Ломоносов орта мектебінің вентеляциялық жүйесі жөнделінді. Сонымен қатар, Қайнар ауылындағы Октябрь орта мектебіне жаңа спорт модуліне 10687,6 мың теңге, қоршауына 2206,4 мың теңге жұмсалды.



Денсаулық. Аудан тұрғындарына 7 бөлімнен тұратын 145 төсектік аурухана, амбулаториялық-поликлиникалық көмекті аудандық аурухананың құрамындағы мамандандырылған клинико-диагностикалық бөлімі, заманауи қондырғылармен жабықталған кіші диагностикалық орталық, сонымен қатар қалалық, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория өздеріне қарасты ФАП және медициналық пункттерімен қызмет көрсетеді. аудандық ауруханада жедел жәрдем көрсету бөлімі жұмыс істейді.

Аудан әкімдігі тарапынан емдеу мекемелерін кадрлармен қамтамасыз ету және оларды тұрақтандыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы аудандық ауруханаға 5 жас маман дәрігерлер жұмысқа қабылдануда. Жас мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу мақсатында 16632 мың теңге көлемінде бюджеттік несиелер беріліп, тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Барлық жас мамандарға 1037,2 мың теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақылар төленді.

Аудандағы 23 денсаулық сақтау мекемелерінің 13 пайызы типтік жобадағы ғимараттарға орналдасқан.Есепті жылда Біржан дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының төбесіне 5427,0 мың.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сартерек ауылында сметалық құны 136500,0 мың теңгеге дәрігерлік амбулатория ғимараты салынып, құрылысы аяқталды. Айнабұлақ дәрігерлік амбулаториясына ғимарат салу жұмыстары басталды. 2013 жылы 10784,0 мың теңгеге құрал жабдықтар алынса, 2014 жылы-101559,0 мың теңгеге заман талабына сай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Яғни, 3 ЭКГ аппараты, 1- отоакустикалық қондырғы, 1-авторефрактометр, жаңа заманауи асқазан, өңеш ауруларын тексеруге арналған 1 –видеоэндоскопиялық жүйе және тоқ ішек ауруларын, ота жасайтын қондырғылар алынды. Осы қондырғылармен жұмыс істейтін маман дәрігерлер оқуға жіберілуде. Аудандағы барлық медициналық мекемелер санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілген, бүгінгі күні жылжымалы медициналық қондырғы, жылжымалы ФЛГ қондырғы және реаниомобиль автокөлігі халыққа қызмет көрсетуде.2014 жылы ауданымызға 4 санитарлық автокөлік және 2 жеңіл автокөлік алынды. Жыл сайын денсаулық сақтау саласына жағдай жасалып келеді.Сондықтан осы саладағы қызметкерлер халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруы тиіс.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай. Аудан бойынша 2014 жылы санитарлық-эпидемиологиялық хал ахуал бір қалыпты, төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.

2014 жылы 17 нозологиялық жұқпалы аурулардың түрі тіркелген. Өткен 2013 жылмен салыстырғанда жұқпалы ішек инфекция-2 жағдайға, вирустік гепатит-3 жағдайға, туберкулез-11 жағдайға, мерез 3 жағдайға, жұқпалы респираторлық инфекция 623 азайған.

Есепті жылда адамдар арасында 11 сарып аурушаңдығы тіркелді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5 адамға азайған. Сарып ауруы науқастарға негізінен малдан жұғатыны белгілі. Осыған сәйкес, аталған аурудан аман болуы үшін мал ұстайтын қора-жайларға уақтылы және сапалы түрде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отыру және мал ішінен сарыппен ауырған мал анықталғанда, ол малдарды кешіктірмей жою аудан тұрғындарына міндетті түрде ескерулерін сұраймыз

Кәсіпкерлік. Аудан экономикасының қалыпты жағдайда дамып, одан ары өсуіне кәсіпкерлік саласының тигізер әсері мол. Аудан тұрғындарына 139 дүкен, 13 дәріхана, 17 наубайхана, 2 кондитер цехы, 9 қонақ үй, 8 машина жөндеу шеберханасы, 8 жанар-жағар май станциясы, 22 қоғамдық тамақтандыру орны, 5 базар және 14 шаштараз қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары аудан көлемінде шағын кәсіпкерлік саласы дамуда, атап айтқанда есепті жылы ғана 4 сауда дүкені, 2 тамақтану орны,1 мал базары ,1 шаштараз, 1 машина жөндеу шеберханасы іске қосылып, 21 адамға жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлер Д.Мықияновтың, Б.Базикеевтің сауда үйлері, Ғ.Құнапияұлының мәдени-сауық орталығының құрылысы жүргізілуде.

Инфляциялық үдерістерді тежеу, яғни халық тұтынатын негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, әр аптаның сенбі күндері ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. 2014 жылы 52 рет ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, құны 176,5 млн.теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері саудаланды. Ауылшаруашылық өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен саудалануда.



Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар бірінші кезекте халық тұтынатын тауарлардың тұтыну бағаларын шамадан тыс өсірмеу мақсатында барлығы 190 жеке меншік иелерімен өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Оның ішінде: 116 меморандум сауда дүкені, 17 наубайхана, 3 май тарту цехтары, 7 жанар-жағар май станциялары, 3 мал сою пункті, 8 дәріхана, 36 шаруа қожалықтары бар.

Өткен жылы 4 әлеуметтік дүкен және 5 әлеуметтік бұрыш халыққа қызмет көрсетуде.



Аудан көлемінде барлығы 17 наубайхана, 2 кондитер цехы жұмыс істеп, аудан тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тұрақтандыру қорынан бөлініп отырған әлеуметтік ұнның аудан көлемінде нан бағасының тұрақтануына әсері мол. Ағымдағы жылдың сәуір-желтоқсан айларына барлығы 550 тонна ұн бөлініп, наубайханаларға берілді. 1 кг бағасы 50 теңгеден.

Аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, көкөніс өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында ауданда уақытша тұрақтандыру қоры құрылды. Аудандағы жергілікті ұн өндірушілермен ай сайын 1 сортты 20 тонна ұн және жыл көлемінде 300 тонна тауарлы бидайдың тұрақтандыру қорында сақталуына өзара келісім меморандумдары жасалды. Сонымен қатар, көкөніс егумен айналысатын шаруа қожалықтарының басшыларымен 694 тонна картоп, 61 тонна орамжапырақ, 75 тонна сәбіз, 7 тонна қызылша және 2 тонна шомыр (редька) сақтау туралы барлығы 43 меморандум жасалынды.

Ауданда «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің құрылыс комбинатын темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын ұлғайтуы және жаңалау жобасы облыстық үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді, жалпы құны 325 млн.теңге, қаржыландырылуы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қажыландырылып, пайыздық мөлшерлеме субсидиялау бойынша несие қаражатын алып, жұмыстар жүргізілді. 20 адам жұмыс орнымен қамтылды. Нысан жұмыс комиссиясы қабылдап алды. Сонымен бірге жобаның инженерлік инфрақұрылымдарын салуға (электроторабы, жылу жүйесі, байланыс қызметі, жабдықтау арналары, су жүйесі құбырларын жөндеу жұмыстары) 270 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. 2012 жылы жобалық қуаттылық 100%-ға жетті. 2014 жылы жоспарланған 10,0 мың куб метр темір-бетон өнімдері толық өндірілді.

2013 жылдың 15 тамызында «СМУ Шығыс» ЖШС-ның құны 411 млн. теңге «Құрылыс материалдары комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын кеңейту және жаңалау жобасының 2 кезеңі» жобасы облыстық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып танылды. Жоба іске асқанда 20 адам жұмыс орнымен қамтылады. Жоба 2015 жылы қуаттылыққа шығады.

2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Шокей» ш/қ , (жетекшісі Г.Сәкібаева, Сартерек ауылы) «Зайсан ауданында қарқынды алма бағын отырғызу» инновациялық жобасын қорғап, Шығыс Қазақстан облыстық үдемелі индустриялдық кеңесінің шешіміне сәйкес, 3 млн.тенге мемлекеттік грант берілді, жобаның жалпы құны 4,9 млн.тенге,3 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

2014 жылғы 23 желтоқсанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қоры ұйымдастырған кәсібін жаңа бастаған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жұлдыздарға қара» жобасына қатысқан Дайыр ауылында Ешмұхамбетов Заманбек жеңімпаз атанып, май шығаратын цех ашуға өз идеясын ұсынып 200 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекке ие болды.



Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 694 адам жұмыссыз ретінде тіркеуге қойылған, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 123 адамға немесе 21,5 пайызға көбейді.

2014 жылдың басынан 555 адам жұмысқа орналастырылды. Есепті жылы жаңадан 415 жұмыс орындары ашылды, 572 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 14 пайызға (93 адамға) және он сегіз жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысын алушылар саны 3 пайызға (57 алушыға) кеміді.

2014 жылы тұрмыс жағдайлары төмен отбасылардың облыстық жоғарғы оқу орындарында оқитын 44 балаларына жатаханада тұру және шәкіртақыларына 41 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Аудан бойынша 1432 мүгедек адамдар бар, оның ішінде 450 адам еңбекке қабілетті. Есепті мерзімде 27 мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш қабылданды. Олардың барлығы ақылы қоғамдық жұмысқа қатыстырылып, соңынан 22 адамды уақытша, тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Мүгедектерді тұрмыстық-қамту орталығы» аз қамтылған 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Аудандық мүгедектер қоғамы ұйымының ұйымдастуымен жыл басынан емдеу-сауықтыру шипажайларына 17 мүмкіндігі шектеулі адамдар жолданды. Бұдан қосымша Алакөл көлі жағалауында орналасқан демалыс үйіне, «Бәйтерек» сауықтыру орталығында мүмкіндігі шектеулі 26 балалармен 20 еңбек ардагерлерінің демалысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, осы ұйымның басшылығымен 9,5 млн.теңгенің әлеуметтік жобалары іске асты.

2014 жылдан бастап Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында пилоттық жоба ретінде «Өрлеу» жобасы жүзеге асырыла бастады.

Жобаның негізгі мақсаты-тұрғындардың аз қамтылған бөлігінің 20%-на қолдау көрсетіп, тұрмысы төмен азаматтарға берілетін ақшалай көмектің белсенді түріне көшу, нәтижесінде жұмыссыздар санын мүмкіндігінше азайту және оларды өзін-өзі қамтамасыз ету дәрежесіне жеткізу.

Есепті жылы «Өрлеу» жобасымен ауданда 140 отбасы қамтылған

( 594 адам бар). Оларда 194 жұмысқа жарамды мүшелері бар. Отбасылардың жұмысқа жарамды мүшелерінің 116 төлемді қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 78 адам тұрақты бос жұмыс орындарына орналастырылды.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 9227,0 мың, жергілікті бюджеттен 5000,0 мың теңге бөлініп, бөлінген қаржы 79,6 игерілді.

Аудан көлемінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылды:

Бірінші бағыт бойынша 2014 жылы әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарына 309,1 млн.теңге қаржы бөлініп, межеленген жөндеу жұмыстары, толық атқарылды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша барлығы 84, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 41 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 21 адам, 47,7 млн.теңге және «Ертіс» ӘКК ҰҚ» АҚ арқылы 81 адам 192,0 млн.теңге, барлығы 102 адам 239,7 млн.теңге несие алды. Несие алу арқылы 76 адам жаңадан өз ісін ашып, 26 адам несие алушы кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде, 124 жаңа жұмыс орны ашылды.

Үшінші бағыт бойынша есепті жылы республикалық бюджеттен 3725,0 мың теңге бөлініп, қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарына 30 адам жолданады.Оның ішінде: 20 сылақшы, 10 электр-газбен дәнекерлеуші бойынша оқу курстарын бітіріп, жұмыспен қамтылды.Қосымша 15 адам біліктілігін арттыру курстарын бітірді.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 2014 жылға 6300,0 мың.теңге бөлініп, әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 24 адам жолдануы тиіс болса, іс жүзінде 50 адам жолданды.

Жастар практикасын ұйымдастыруға 2014 жылға барлығы 3303,0 мың. теңге бөлініп, 18 түлектер жастар практикасына жолданды.

Мәдениет, ішкі саясат.Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 орталық, 8 ауылдық кітапхана, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді.

Халықтық «Зайсан халық театры», «Поэзия» театры, халықтық «Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі, халықтық «Айнакөл» ән-би ансамблі, халықтық «Ақ әже» ән-би ансамбілі, халықтық «Балауса» балалар би топтары, «Алау», «Гүлдер» бүлдіршіндер би топтары, «Бәйтерек» ардагерлер ансамблі жұмыс істейді. Осы ұжымдар арқылы аудандық мәдениет үйінде әлеуметтік мәні бар іс-шаралар жыл көлемінде өтіп отырады.

«Туған ел-алтын бесігім» облыстық акцияда аудан 3-ші орынды иеленді.

Есепті жылы мәдениет нысандарын қалпына келтіріп, мәдени жұмыстарды жандандыру мақсатында 216 млн.теңге бөлінді.17 млн.теңгеге аудандық орталық мәдениет үйінің төбесі жөнделді. Дайыр ауылында сметалық құны 219,0 млн.теңгеге мәдениет үйінің құрылысы басталды.

Мәдениет саласының материалдық -техникалық базасын нығайтуға байланысты 7 млн.200 мың теңге LED экранға, 1 млн. 500 мың теңге концерттік костюмдер, 2 млн. 260 мың теңге оркестрге концерттік киімдерге, 1млн. 400 мың теңге жаздық сахна, 3 млн теңге дыбыстандыру аппаратурасы, 2млн 900 мың теңгеге этно кигіз үй алынды.

Аудан көлемінде 2014 жылы ұйымдастырылған мәдени, саяси жұмыстардың барлығы қоғамдық саяси ахуалды, бірлікті, ұлтаралық және дінаралық келісімді қолдауға бағытталып, Елбасының «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аудан тұрғындары арасында кеңінен түсіндіріп, насихаттау мақсатында аудан бойынша барлық мекемелер, ұйым басшылары, мәслихат депутаттары елді мекендерді аралап, өңірдің қарапайым тұрғындарына кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Туған жерге тағзым» атты акциясының аясында аудан көлемінде барлығы 201 млн.725 мың теңгенің 117 жобасы жүзеге асырылды.



Саяси, қоғамдық және діни ахуал. Ауданда тіркеуден өткен 15 діни бірлестік (олардың 14 мешіттері, 1 православиелік шіркеу) бар. Аудан әкімшілігі тұрғындар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында барлық діни бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс жасап, оларға үнемі жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында арнайы құқық қорғау органдарымен бекітілген жоспарға сәйкес алдын алу шаралары, ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес аудан жастарымен жұмыс жүргізуге аса назар аударып, рухани құндылықтарын нығайту белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында мемлекеттік органдар мен қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара байланыс орнаған.

Аудан көлемінде қоғамдық институттар мен саяси партиялардың қатысуымен 2014 жылы 500 жуық іс-шаралар ұйымдастырылып, оның 67-сі Ұлттық, мемлекеттік мерекелерге арналды.

Әсіресе, аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысын атап өткен жөн.Бұл ұйым аудан жастарына патриоттық тәлім-тәрбие беруде қомақты жұмыстар атқарып, облыс көлемінде 1-ші орынды иеленді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық көркемөнерпаздар байқауында жақсы нәтижеге жетіп Астанаға жолдама алды. Сонымен қатар аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық және әйелдер кеңестері өз үлестерін қосуда.

Мәдени, саяси жұмыстардың барлығы қоғамдық саяси ахуалды, бірлікті, ұлтаралық және дінаралық келісімді қолдауға бағытталып, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясына байланысты өткізіледі.

Аудандағы қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты.



Спорт.Ауданда денешынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жұмысы жоспарлы түрде іске асырылуда. 2014 жылы аудан көлемінде 80-нен астам ірі жарыстар мен турнирлер өткізілді.Өткізілген жарыстарға 20000 аса адам қамтылды.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 19-25 маусым аралығында Балуан Шолақтың 150 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған XVIII халықтық спорт ойындары ауданымызда өткізілді. Аталған дәстүрлі шараға облыстан келген 14 ауданы мен 5 қалаларының екі мыңға жуық спортшылар мен төрешілер қатысты. Спорт ойындары 21 спорт түрлерінен өткізілді. Зайсан ауданы облыс бойынша жүлделі екінші орынды иеленді. Жүлделі орынға ие болуға 137 спортшылар мен жаттықтырушылар өз үлестерін қосты. Ұйымшылдықпен өткен халықтық спорт ойындары аудан халқының көңілінен шықты ма деп ойлаймыз.


Аудандағы спорт нысандарының саны – 103. Оның 67 ауылдық елді мекендерде орналасқан. Есепті кезеңде ауданда Орталық «Сайхан» стадионына, орталық ашық жүзу бассейні толық күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі талаптарға сай 1500 орындық ипподром, Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылында спорт модуль, Кеңсай ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мини футболға арналған алаң салынып, халық игілігіне берілді. Биыл Зайсан қаласында жабық жүзу бассейнін салу жұмыстары жоспарлануда. Қала, ауылдық округі аумағында орналасқан мектептердің спорт залдарында тұрғылықты халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету мақсатында, сабақтан тыс кезде секция жүргізетін адамдар белгіленіп, арнайы кесте бойынша спорт топтары ашылып, жұмыс істеуде. Аудан спортшылары, атап айтқанда қол күресінен, еркін күрестен, футболдан облыс құрама командасының сапында республикалық жарыстарға қатысып жүр. Осы аталған шаралардың нәтижесінде аудандағы барлық деңгейдегі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 11 938 адам болып, 31,3 % пайызға жетіп отыр.

Байланыс, пошта. Ауданда төрт СДМА -450 технологиясы бойынша жалпы сыйымдылығы 3700 номерлік сымсыз телефон стансасы, Зайсан қаласында, Қаратал, Қуаныш ауылдарында жалпы сыйымдылығы 3744 номерлі үш автоматты телефон станциясы аудан тұрғындары мен мекемелеріне түрлі байланыс қызметін көрсетуде.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде мың тұрғыннан асқан ауылдық елді мекендерде жылдамдығы 256 немесе 512 Кбит/с дейін қоғамдық интернетке қатынау орындары ұйымдастырылды. Олар Қаратал, Кеңсай, Сартерек, Дайыр, Біржан, Айнабұлақ, Қарабұлақ, Шілікті, Жарсу, Үлкен-Қаратал ауылдарында қызмет көрсетуде.

Былтырғы жылдан бастап аудан халқының желісіз телефондарына ЕVDO технологиясы арқылы интернет қызметі қосылуда.

Аудан бойынша жаңа қызмет түрлері: Мегалайн, ЕVDO, ID Phone, ID TV қызметтерін пайдаланушы абоненттер саны күн санап артып келеді.

Ауданның елді мекендерінде 8 ауылдық, Зайсан қаласында 1 пошта бөлімдері, Алтайэнерго мекемесінде уақытша төлем қабылдау пункті және 1 орталық операциялық участок жұмыс істеп, аудан орталығынан аптасына 5 рет ауылдық жерлерге газет, журналдар, сол сияқты белгіленген кестеге сәйкес мемлекет тарапынан төленетін зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақылар уақытында алушыларға жеткізіліп отырады. Аудан халқынан бұл мәселелер жөнінде сын-ескертпелер түскен жоқ.

Құқық бұзушылық. Өткен жылы аудан аумағында 363 қылмыс тіркеліп, 2013 жылдан 5 қылмысқа көбейіп отыр. Ал тіркелген қылмыстардың ашылу деңгейін былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артып отыр.

Демографиялық жағдай. Есепті жылы 681 бала дүниеге келіп, 262 адам қайтыс болды, табиғи өсімі 419 адамды құрады. аудан әкімінің аппаратына 2014 жылы барлығы жеке және заңды тұлғалардын жалпы 3176 өтініш түсті.(2013 жылы 4639 болған) Оның ішінде тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу, электр энергиясын пайдалану бойынша 687, құрылыс - 4, ауыл шаруашылық және ветеринария бойынша 27, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша 294, білім саласы бойынша 68, жер мәселесі бойынша 1532, су ресурстары 57, өнеркәсіп 2, төтенше жағдай мәселесі – 15, басқа өтініштер саны 490.

Барлық түскен өтініштер қолданыстағы заңнама шеңберінде қаралып, уақытында өтініш иелеріне жауаптар қайтарылды.

Аудан әкімінің 2014 жылдың ақпан айында өткен халыққа есепті кездесулеріне 3474 адам қатысып, барлығы 119 сұрақтар мен ұсыныстар келіп түскен болатын. Түскен ұсыныстардың басым бөлігі аудан тұрғындарының әлауқатын жақсарту, шағын, орта кәсіпкерін кеңейту және одан ары дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыру жолдары туралы мәселелерді қамтыды.Аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесу кезінде айтылған ұсыныстар мен сын ескертпелер бойынша нақты іс-шаралар жоспары жасалып, оның 9-ы ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімімен бақылауға алынған. Бүгінгі күні бақылауға алынған 9 тапсырма тұрақты бақылауда болып, толығымен орындалды.

2015 жылға міндеттер

Аудан көлемінде 2015-16 жылдар аралығында келесі бюджеттік инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ:

Ауданның 9 елді мекенінде, Зайсан қаласының екінші кезең газ құбырын салу, Шілікті, Қаратал ауылдарында су құбыры желілері мен құрылғыларының құрылысы, Зайсан қаласындағы канализация жүйелері және тазалау құрлыстарының I кезеңін аяқтап, кәріз желілері құрлысының II кезеңінің құрлысы, Зайсан қаласында Спамбетов көшесіндегі 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрлысы, Дайыр ауылындағы мәдениет үйі құрлысын аяқтау, Зайсан қаласындағы орталық қазандық пен М.Ломоносов атындағы орта мектебінің қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру, жабық бассейн салу құрлысы, Қаратал ауылындағы спорттық модуль, Шілікті орта мектебінің ғимаратын, Зайсан қаласындағы «Абай» саябағын «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы және күрделі жөндеу.

Білім саласы бойынша мектептерді жөндеуге бюджеттен тиісті қаржы қарастырылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылды жерлердің көшелерін жөндеуге, абаттандыруға, жарықтандыруға

21,3 млн.теңге бөлінді.

Денсаулық саласы бойынша Айнабұлақ ауылындағы амбулаторияның ғимаратының құрлысын аяқтау.

Аудан бойынша «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі гидротехникалық құрылғыларды қайта жаңғыртудан өткізу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, сметалық құны -305,2 млн.теңгеге Зайсан қаласындағы Жеменей өзеніндегі бөгеуді жаңғырту (реконструкция) жұмысы басталды.



Жалпы ұзындығы 135,3 км ішкі шаруашылық каналдарының жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. Биылғы жылы қазан айында сметалық құны 522,0 млн.теңгеге Үйдене су қоймасының гидротехникалық құрылғыларын жаңғырту жұмыстары басталады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында: «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы,   ең мәртебелі жол» деген. Ендігі біздің басты мақсатымыз алдымызда тұрған өзекті мәселелерді шеше біліп, ауданымыздың одан әрі көркеюі, экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсару жолында аянбай еңбек ете беруіміз қажет. Бұл барлығымыздың азаматтық парызымыз. Осы азаматтық парызымызды орындау жолында ынтымақтаса отырып, береке-бірлікпен ортақ ісімізге бір кісідей ат салысуға шақырамын.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет