Зайсан ауданының 2008 жылдың 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму



жүктеу 69.67 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі69.67 Kb.
Зайсан ауданының 2008 жылдың 1 тоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық даму

қорытындысы

Өнеркәсіп

2008 жылдың 1-ші тоқсанында Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен алғанда 229,536 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Тау кен өндірісінде ЖШС «Сайхан» мекемесі – 29,14 млн. теңгенің 15,4 мың тонна көмірін өндіріп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен өсімі 79,4 пайызға жетті.

Өнеркәсіп өндірісінің көлеміндегі ең жоғары үлес 79,2 % өңдеу өнеркәсібіне тиіп отыр. Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлемі бірінші тоқсанда – 181,7 млн. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2008 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 3,1 есеге өсті. Оның ішінде ЖШС «Балық Продукт Восток» зауыты 174,8 млн. теңгенің 218 тонна балық өнімдерін өндіріп, былтырғы жылдың тиісті мерзімінен 3,4 есеге көбейді.




Бюджет

Аудан бюджетінің барлық (өз кірісі, трансферттер мен субвенция) кірісінің жоспары 2008 жылдың 1-ші тоқсанына 374,8 млн.теңгені құрап, нақты 382,6 млн. теңге түсіп, 102,1 пайызға орындалды. Аудан бюджетінің өз кірісі 2008 жылдың 1-ші тоқсанына жоспары 79,1 млн. теңгеге бекітіліп, нақты 86,9 млн. теңге түсіп, жоспар 9,8 пайызға артты, бұл 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 33,8 пайызға өсті.

Бюджеттік қаржылардың шығыс бөлігінің жоспары 94,2 пайызға игерілді.



Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2008 жылдың 1-ші тоқсанында 546,546 млн. теңге болып, 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 3,7 пайызға артты. Аудан көлемінде 303,208 млн. теңгенің 1716 тонна мал мен құс еті өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 93 тоннаға немесе 5,7 пайызға өсті. Сүт өнімі 7089 тонна 219,6 млн. теңгені құрап, 63 тоннаға немесе 0,8 пайызға және жұмыртқа өнімі 262 мың дананы құрап, 2 мың данаға немесе 0,7 пайызға жоғарылады. Сондай-ақ, 2008 жылдың үш айында ірі қара саны 63308 басқа жетіп, (2007 жылдың сәйкес деңгейінен 1561 басқа немесе өсімі 2,5 пайызға), қой мен ешкінің саны 188323 бас болып, (2007 жылдың сәйкес мерзімінен 7820 басқа немесе өсімі 4,3 пайызға), жылқы 10581 басты құрап, (2007 жылдың сәйкес деңгейінен 1266 басқа, яғни 13,6 пайызға өсті). 2008 жылдың бірінші тоқсанында 10281 бас бұзау (өсімі 0,5 пайызға), 52578 бас қозы-лақ (өсімі 1,6 пайызға) және 1120 бас құлын (өсімі 9,1 пайызға) алынды.





Шағын кәсіпкерлік

2007 жылдың 1-ші тоқсанында патенттік жүйемен жұмыс істейтін 192 кәсіпкер тіркелсе, 2008 жылдың 1-ші тоқсанына 258 тіркеліп, 34 пайызға артып, бюджетке 771 мың теңге салық түсірді. Ықшамдалған декларация бойынша 215 кәсіпкер тұрақты жұмыс атқарып, 2824 мың теңге салық төлеп, 2007 жылдың сәйкес мерзімінен 19 пайызға өсті және аудан базарларында 14520 талон беріліп, бюджетке 1663 мың теңге түсті.

2008 жылдың 1-ші тоқсанында шағын кәсіпкерліктің барлық түрлерінен жергілікті бюджетке 12,2 млн.теңге салық түсті, бұл 2007 жылдың сәкес деңгейінен 4 пайызға артты. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1761 жетіп, өткен жылдың тиісті мерзімінен 7 пайызға көбейді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Жұмыспен қамту бөліміне бірінші тоқсанда 187 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, оның 132 ауылдық жерден. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 49 жұмыссызға азайды. 2008 жылдың 1 тоқсанында 102 адам жұмысқа орналастырылған, бұл 2007 жылдың 1-ші тоқсанынан 23 адамға көбейді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2008 жылға 9000 мың теңге бөлініп, 1-ші тоқсанында 990 мың теңгесі игеріліп, аудан бойынша 108 адам тартылды. Жұмысқа тартылғандардың саны 2007 жылғы сәйкес деңгейінен 43 адамға азайды.

«Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау» бағдарламасына бюджеттен 2008 жылы 591 мың теңге бекітіліп, бірінші тоқсанда 144,6 мың теңге игерілді. Кәсіби оқуға 28 адам жіберілген, өткен жылдан 7 адамға көбейді.

Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға биылғы жылы 411 мың теңге бөлініп, 90 мың теңгесі игерілді. «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 16-24 жас аралығындағы жоғары және арнайы оқу орнын бітіріп келген 7 жас маман жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2008 жылға 17600 мың теңге бөлініп, 1-ші тоқсанда 266 отбасының 808 балаларына 4400 мың теңге берілді.

Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және оның коммуналдық қызметін төлеу үшін, аудан бюджетінен тұрғын үй көмегіне 2008 жылы 1404 мың теңге бекітіліп, 1-ші тоқсанында 86 отбасы 1004 мың теңге алды.

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын 30 мүгедек балаларға 682 мың теңге материалдық көмек берілді.


Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақысына бюджеттен 2008 жылға 37000 мың теңге қаралып, 1-ші тоқсанында 1208 отбасының 2972 баласына 10400 мың теңге төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына жергілікті бюджеттен 27349 мың теңге қаралып, 1-ші тоқсанда 7849 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде:

аз қамтылған, тұрмысы нашар 34 отбасына 400 мың теңге материалдық көмек көрсетілді;

Ұлы Отан соғысының 132 ардагеріне 2259 мың теңге материалдық көмек берілді;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» мен марапатталған, «Батыр ана», 1,2 дәрежелі «Материнская слава» ордендерімен марапатталған, көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмекке 5190 мың теңге қаралып, 503 анаға төленді;

аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды жоғары оқу орындарында оқудың құны, степендия, жатаханада тұру қаржысын төлеу үшін 4315 мың теңге бөлініп, 13 балаға берілуі жоспарлануда.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес 2008 жылдың бірінші тоқсанында 16 мүгедек дәрігерлік тексеруден өтіп, әлеуметтік медициналық сараптау комиссиясының қорытындысымен 30 мүгедекке гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Аталған бағдарлама бойынша 21 мүгедек бала памперспен және 1 бала мүгедек арбасымен қамтылды.




Білім саласы

2007-2008 оқу жылында мектеп жасындағы 7497 бала мектеп партасына отырса, 34 бала денсаулығына байланысты үйден оқытылуда. Көгедай, Мукарама, Жарсу, Октябрь, Амангелді орта мектептерінде 152 оқушыны мектепке тасымалдау ұйымдастырылуда және 135 бала Зайсан қаласының мектеп интернатында, 38 бала Шілікті мектебінің жанындағы интернатта білім алуда.

2007-2008 бірінші жарты жылды 1098 оқушы үздікке, 2048 оқушы «4» пен «5»-ке аяқтап, білім сапасы 42 пайызды құрап, 99,5 пайыз үлгеріммен аяқтады. 2008 жылдың 1-ші тоқсанында аудандық білім бөлімі Зайсан қаласының Дауленов орта мектебі мен Шілікті орта мектебін аттестациялаудан өткізді. Сонымен қатар, 9-11 сыныптар арасында жекелеген пәндерге қабілеті жоғары оқушыларды анықтау мақсатында, өткен аудандық пән олимпиадасына 24 мектеп қатысып, 12 оқушының жұмыстары облысқа жіберіліп, оның 8-і жүлделі орынға ие болды.

2008 жылы білім беру саласының материалдық техникалық базасын нығайтуға 39873 мың теңге бөлініп, 4 физика, 2 химия мен биология, 2 мультимедиялық лингафон кабинеті және мектеп интернаты мен бала бақшаның асханасына құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Білім беру объектілерін күрделі жөндеуден өткізуге 2008 жылы аудандық бюджеттен 22,6 млн.теңге, соның ішінде Әуезов орта мектебінің төбесін жөндеуге – 4,0 млн.теңге, Сартерек орта мектебінің жылу қазандығына – 3,3 млн. теңге (143 мың теңге игерілді), Үлкен Қаратал ауылындағы Қазақстан орта мектебінің жылу қазандығы мен жылу жүйесіне – 5,2 млн. теңге, Зайсан қаласының №1 бала бақшаның жылу қазандығы мен жылу жүйесіне – 10,0 млн.теңге бөлінді.
Денсаулық саласы

Аудандағы барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде 2007 жылдың 1-ші тоқсанында 63933 қабылдау жүргізілсе, 2008 жылдың 1-ші тоқсанында 64804 қабылдау жүргізілді. Ауруханаларда 1111 науқас емделіп шығып, оның 4-і туберкүлезге қарсы емханасынан. Күндізгі емдеу стационарында 353 адам емделіп шықты. Жедел жәрдем бөлімінде 2499 шақыртуға медициналық көмек көрсетілді.

Ауданда «Ауыл денсаулығы» мемлекеттік бағдарламалардың аясында, елді мекендердің медицина қызметкерлеріне ғимарат сатып алуға 3,3 млн. теңге, атап айтқанда Көкжыра ауылына-800 мың теңге, Мұқашы ауылына-500 мың теңге, Жаңатұрмысқа-1,0 млн.теңге, Шалқар-1,0 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Сәулет және қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

2008 жылдың 1- ші тоқсанында 6 тұрғын үй мен 10 әлеуметтік тұрмыс нысандарына құжаттар жасалды. Сонымен қатар, 1177 шарша метрлік 15 тұрғын үй қабылданып, былтырғы жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 3 тұрғын үйге артты. Қарабұлақ ауылындағы «Балық Продукт Восток» мекемесінің 16 орынды жатаханасы қабылданды.

2008 жылы Зайсан қаласының бас жоспарын жасауға аудандық бюджеттен 6,5 млн. теңге бөлініп, 27 ақпанда тендер өтіп, жеңімпазы жобалау фирмасы «ГРАДО» ЖШС болып танылды.

Спамбетов көшесіндегі 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысына 38,86 млн.теңге және орталық «Сайқан» стадионға қайта жаңғырту жұмысына 25,0 млн.теңге, жобалық сметалық құжатына - 1359 мың теңге бөлініп сәуірдің 1-де конкурс өткізіліп, мердігер «СК Зайсан» ЖШС болды.

Зайсан ауданының жолдарын жөндеуге 2008 жылға барлығы 40,8 млн.теңге бөлініп, 1-ші тоқсанда 4,5 млн. теңгесі игерілді. Атап айтқанда:

Орташа жөндеу жұмысына 26,47 млн. теңге қаралып, Зайсан қаласының (1,70 км) жолына 10,0 млн. теңге, Біржан ауылына кіреберіс (1 км) жолына – 6,0 млн. теңге, Сартерек ауылына кіреберіс (1 км) – 6,0 млн. теңге, Кеңсайға кіреберіс (0,74 км) жолына – 4,47 млн. теңге.

Ағымдағы жөндеу жұмысына 9,745 млн. теңге бөлініп, Омск-Майқапшағай-Жамбыл (2 км) 400 мың теңге, Дайыр – Көкжыра (7 км) 1,4 млн. теңге, Біржан-Ақарал (4,225 км) жолына 845 мың теңге, Омск-Майқапшағай-Жанабаз (5 км) жолына 1,0 млн.теңге, Қарабұлақ ауылына кіреберіс (2 км) жолына 400 мың теңге, Кеңсай-Шілікті (23 км) жолына 4,6 млн. теңге, Зайсан-Шүршітсу (5,5 км) жолына 1,1 млн.теңге.

Ауданның жергілікті маңыздағы автомобиль (292 км) жолдардың жұмыс істеуін және қыс айларында қалыпта ұстауға 4,6 млн. теңге бөлініп, 1-ші тоқсанда 1,5 млн. теңгесі игерілді.

Сумен жабдықтау желілерінің жұмыстарына үлкен назар аударылуда. 2008 жылы «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы негізінде су құбырларын күрделі жөндеуге 75,286 млн. теңге қаржы қаралып, оның ішінде «Сауыр» мөлтек ауданына – 27,2 млн. теңге, игерілуі 8,1 млн. теңге, Кеңсай ауылдық округіне – 21,3 млн. теңге, игерілуі 6,3 млн.теңге, Біржан ауылдық округіне – 25,5 млн. теңге, игерілуі 7,6 млн.теңге және жобалық сметалық құжатын дайындауға Айнабұлақ, Дайыр округтеріне 375 мың теңге (игерілуі 146 мың теңге), Кеңсай мен Біржан округтеріне 781 мың теңге бөлінді.
Қоғамдық тәртіп

2008 жылы негізгі бағыттар қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті күшейту бойынша ішкі істер органдарының қызметі елеулі түрде жандандырылды. Аудан аумағында 2008 жылдың 1-ші тоқсанында тіркелген барлық қылмыстардың саны 45, 2007 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 28,6 пайызға өсті. Оның ішінде ауыр қылмыстар 100 пайызға, ұрлық 76,9 пайызға, ауыр дене жарақатын салу 50 пайызға өсіп отыр.



Бірінші тоқсанда тіркелген қылмыстардың ашылуы 90 пайызды құрады. Сонымен қатар, нашақорлыққа байланысты 1 қылмыстық іс қозғалып, есірткі затының мөлшері 171,24 грамды құрады. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2 тіркеліп, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 100 пайызға артты.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет