Зайсан ауданының 2010 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама



Дата23.02.2016
өлшемі31.31 Kb.
#4510
Зайсан ауданының 2010 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы

анықтама

2010 жылғы 9 айда Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен алғанда 1135,2 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 3,6 %-ға немесе 41,9 млн теңгеге кем. Табиғи көлем индексі 96,4% болды. Өнеркәсіп өнімдерінің ішінде есепті мерзімде 82,6 млн теңгенің 28,7 мың тонна тас көмірі (2009 жылдың 9 айында 26,5 мың тонна), 404,7 млн теңгенің 336 тонна балық өнімдері (2009 жылдың 9 айында 370 тонна) өндірілді. Өнеркәсіпте ай сайын өнім көлемінің өсу қарқыны байқалып отыр. Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі қаңтарда 56,8%, ақпанда 68,4%, наурызда 74,1%, сәуірде 69,5%, мамырда 80,1%, маусымда 91,8%, шілдеде 91,4%, тамызда 93,1%, осы айда 96,4% болды.

Аудан көлемінде 2010 жылдың 9 айында 7716,8 тонна ет, 29876,2 тонна сүт, 2526,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 50,8%-ға, сүт 5,4%-ға), жұмыртқа 4,8% - ға артты. Ірі қара саны 68707 басқа жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (70044 бас) 98,1% болды, немесе 1337 басқа аз, оның ішінде сиыр 939 басқа өсіп (4,1%-ға), 21288 бас (2009 ж. – 20449 бас) болды. Жылқы 13135 бас болып, өткен жылмен салыстырғанда (12330 бас) 6,5%-ға көбейді, немесе 805 басқа артты. Қой-ешкі саны 152194 бас болып, өткен жылғыдан (177786 бас) 14,4%-ға кеміп кеткен. Құстар саны 45110 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда (44612 бас) 1,1%-ға артты.

Тіркелген шағын және орта кәсіпорындар саны - 67, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 2 кәсіпорынға артық, жұмыс істеп тұрғандарының саны 39, былтырғы жылы 34 болған. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үлесі 2009 жылғы 52,3%-дан 58,2%-ға дейін өсті.

2010 жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2158,4 млн. теңге, өткен жылғы сәйкес кезеңде инвестиция көлемі 1446,1 млн. теңге болған, биылғы жылы инвестиция көлемі 712,3 млн теңгеге артқан, немесе 141,6%.

2010 жылдың 9 айына арналған аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 1917,572 млн. теңгені құрайды, орындалуы 1934,054 млн теңге немесе 100,9%. Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 307,354 млн. теңге. Орындалғаны 324,484 млн теңге немесе 105,6%. Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары 1921,828 млн. теңге, орындалғаны 1893,322 млн теңге немесе 98,5%.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі өткен жылғы сәйкес мерзім деңгейінің 92,2%-ын құрады. Барлығы 2889 ш.м. үй берілді, бұл былтырғыдан (3133 ш.м.) 244 ш.м. аз.

Әлеуметтік көмектерге (атаулы көмек, балалар жәрдемақысы, тұрғын үй көмегі т.б.) 89 млн 293 мың теңге төленді.

Ең төменгі күнкөріс шегінен төмен тұратын адамдар саны 2289 болып, сәйкес мерзімдегіден (2448 адам) 6,5%-ға азайды.

Орташа еңбекақы 46773 теңге, бұл өткен жылғыдан (40301 теңге) 116,1% артық.



Жұмыс іздеуші ретінде жыл басынан 916 адам (2009 – 921 адам) келді. 1 қазанға тіркелген жұмыссыздар саны 488 адам (2009 – 491 адам), тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 180 адамды (2009 – 235 адам) құрады. Экономикалық белсенді халықтың ішінен (21507 адам, 2009 - 20706 адам)) тіркеудегі жұмыссыздардың үлес салмағы 0,8%-ды (2009 – 1,2%) құрады.

Есепті мерзімде 665 адам (2009 – 816 адам) жұмысқа орналастырылды.

Жаңадан 158 жұмыс орны (2009 – 195 орын) ашылды немесе жылдық жоспар (150 орын) 105% орындалды. Жастар іс – тәжірибесіне 11 жұмыссыз (2009 – 8 жұмыссыз) қатысты.

Білім саласы бойынша 2010 жылдың 9 айында аудан бойынша 1-11 сынып аралығындағы бала саны - 6614. 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда оқушы саны 319 балаға азайған.

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге мектеп түлектерінің 96 пайызы – 574 оқушы қатысты. Орташа балл 85,2 болды, бұл өткен жылғыдан 13,1 балл артық, облыстық орташа баллдан (84,2) 1,1 балл көп.

Аудан бойынша 29 мектепте 6614 оқушының 3780-не мектеп асханалары арқылы ыстық тамақ беру (57,2%) ұйымдастырылған, оның ішінде 1-4 сыныптардағы 2396 оқушы 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 1 аудандық, 1 ауылдық мәдениет үйлері, 7 ауылдық клуб және 1 аудандық, 7 ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Аудандық мәдениет үйінде 17 қызметкер мәдениеттің әр түрлі саласында қызмет атқарады. Халық театры, ұлт аспаптар оркестрі, «Айнакөл» халықтық ән-би ансамблі, «Ақ әжелер» ансамблі, «Алты жаңғақ, бес кәмпит» ойын-сауық отауы және «Зайсан сұлулары» би тобы, «Ұлпа» бейнелеу студиясы жұмыс істейді. Осы ұжымдарға 100-ге тарта адам тартылған.

Ауыл клубтары бойынша 25 адам мәдениет саласында жұмыс атқарып келеді.

Аудандағы 8 кітапханада 18 қызметкер аудан халқының рухани байлығын нығайтуда өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізеді. Аудандық кітапханаға 1 млн. теңгеге кітап қорын көбейтуге қаржы бөлінді.

Жыл басынан салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту мақсатында жыл көлемінде 28 бұқаралық спорттық шаралар ұйымдастырылды. Аудан командасы 2010 жылғы ХIV халықтық спорт ойындарында 211,25 ұпай жинап 11 орынға ие болды.

Облыста өткен «V жазғы оқушылар спартакиадасында» Зайсан ауданының командасы жүлделі 2-орынды еншіледі.


Аудандық экономика және

бюджетті жоспарлау бөлімінің

бастығы Г.Мухамадиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет