Зайсан ауданының 2012 жылдың қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Ауыл шаруашылығының



жүктеу 19.17 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі19.17 Kb.


Зайсан ауданының 2012 жылдың қаңтар-маусымдағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3127 млн. теңгені құрап, табиғи көлем индексі – 102,6 % болды.

4026,1 тонна ет (өсім 5,3%), 20152,7 тонна сүт (өсім 0,3%), 1237,8 мың дана жұмыртқа (3,8% -ға төмен) өндірілді.

Ірі қара саны 80318 басқа (өсім 1 %), қой 110125 басқа (өсім 10,9 %), ешкі 63768 басқа (өсім 0,7 %), жылқы 15336 басқа (өсім 2%), құстар 55500 басқа (өсім 3,5%) жетті.

Биылғы жылы аудан бойынша егістік көлемі 15593 гектар, бұл өткен жылғыдан 1486 гектарға артық (10,5%). Дәнді астық өткен жылғыдан 250 гектар, мал азығындық дақылдар 1470 гектар, көкөніс 58 гектар, бақша дақылдары 35 гектар артық егілді.



Өнеркәсіпте 556,9 млн теңгенің өнімі өндіріліп, табиғи көлем индексі 372,2 % болды.

Көмір өндіруде 44,7 млн теңге өнім шығарылды, табиғи көлем индексі 101,8% құрады. 6 айда 22,3 мың тонна көмір өндірілді, былтыр сәйкес кезеңде 21,9 мың тонна болған.

Өңдеу өнеркәсібінде 195,8 млн теңге өнім шығарылды, табиғи көлем индексі 56,5% болды. Былтыр 6 айда 251,4 млн теңгенің балық өнімдері шығарылса, биыл балық зауытының тоқтап қалуына байланысты өнім өндірілген жоқ.

2012 жылдың 1 шілдесіне Зайсан ауданы бойынша шағын бизнес субъектілерінің тіркелген заңды тұлғалар саны – 68 (2011 жылы – 66 немесе өсім 103%), оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 39, бұл 2011 жылдың (35) сәйкес мерзімімен салыстырғанда 111,4%, соның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 31, бұл 2011 жылмен (29) салыстырғанда 106,9%.



Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3 млрд 674,9 млн.теңге болып, 122,8% құрады.

Осы кезең аралығында құрылыс жұмыстары 1 млрд 588,7 млн.теңгеге жетіп, 148,2% құрады.



Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 1123 ш.м. немесе 129,5% -ға артық орындалды.

Аудандық бюджетке түсімдер ішінде өз кірістері 266,6 млн. теңгені құрады, орындалуы 110,4%, былтырғы жылмен салыстырғанда 121%. Өз кірістер көлемі өткен жылғыдан (220,3 млн теңге) 46,3 млн теңге артық. Шығыстар көлемі 1839,6 млн теңге болып, игерілуі 99,9%-ды құрады.
Зайсан ауданында бөлшек тауар айналымының көлемі 2012 жылдың 6 айында 1068,4 млн. теңгені құрады, 2011 жылдың 6 айында 851,8 млн. теңге, яғни 119,9%-ға жоғарылаған .

Аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 105,9%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған. Ауданда 5 балабақша, мектептер жанынан құрылған 23 шағын орталық жұмыс істейді. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар үлесі 93%.



Туу көрсеткіші 21,7-ден 19-ға төмендеді. Өткен жылда 6 айда 389 бала туса, 2012 жылы 341 бала туды.

Туберкулезбен ауырғандар 21 адам болып, өткен жылғы сәйкес мерзімнен 6 адамға азайды, немесе 76,5%.

Қылмыстар саны 127 болып, өткен жылдың сәйкес мерзімдегіден (96 оқиға) 135,1 %, ашылу пайызы 94-тен 49,7-ге төмендеп немесе 65,8% құрады.

Қылмыстың көбейуі мал ұрлығы фактілерінің көбеюіне байланысты болып тұр.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет