Зайсан ауданының 2012 жылдың қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат Өнеркәсіпте



жүктеу 32.74 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі32.74 Kb.


Зайсан ауданының 2012 жылдың қаңтар-сәуірдегі

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

ақпарат
Өнеркәсіпте 290,3 млн теңге сомасына өнім шығарылды ( өткен жылдың қаңтар-сәуір мерзімінде 411,3 млн теңге) немесе тауарлы өнім өндірісі 70,6% құрады.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көрсеткішінің төмендеуіне балық өнімін өндіретін «Балық Продукт Восток» ЖШС –нің жұмысын тоқтатуы себеп болып отыр. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде 199,9 млн теңгенің өнімі өндірілсе, биылғы жылдың 4 айында балық зауытының тоқтап тұруынан бұл көрсеткіш орындалмай отыр.

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің табиғи көлем индексі 148,4% құрады.

Тау кен өнеркәсібінде 39,3 млн теңге өнім шығарылды, табиғи көлем индексі 150,6% құрады.

Өндеу өнеркәсібінде 2012 жылдың 01 мамырына 173,2 млн. теңгеге орындалып, өткен 2011 жылдың (346,8 млн. теңге) сәйкес мерзімімен салыстырғанда тауарлы өнім өндіру 49,9% болды. Табиғи көлем индексі 71,9%. Төмендеу себебі өңдеу өнеркәсібінің ішінде тамақ өнімдерін өндіру табиғи көлем индексі 49,1%-ға орындалып, оның ішінде балық және сусын өнімдерін өндіру орындалмай тұр. Сусындарды өндіру 47,2% болу себебі статистика агенттігінің есептеу методологиясы бойынша 2012 жылдың 4 айына 2011 жылдың 4 тоқсанда өндірген өнімнің 1/3 бөлігі алынады, салыстырмалы 2011 жыл 4 айына нақты өндірген өнімі (40,5 мың литр ) қойылады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1927,7 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылдың ұқсас көлемінен 24,8% артық.

Табиғи көлем индексі – 100,2 %, бұл өткен жыл деңгейінен 2,7 пайыздық тармаққа төмен.

Аудан бойынша 2,6 мың тонна тірі салмақтағы ет (өсім 3,7%), сүт – 11,8 мың тонна (өсім 0,3%), жұмыртқа – 433,2 мың дана, (төмендеу 10,7%) өндірілген.

Ірі қара саны 71,7 мың басқа(1,3 %), қой 104,5 мың басқа (0,9 %), ешкі 64,9 мың басқа (3,9 %), жылқы саны 13,8 мың басқа (1,0%), құстар 38,7 мың басқа (3,7%) өсті.



Негізгі капиталға инвестиция көлемі 1472,6 млн.теңгені құрады, өткен жылдан 2 есе жоғары.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 585,ш.м. болды ( былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде 481 ш.м.) немесе 21,6% артық.

Осы кезең аралығында құрылыс жұмыстары 590,3 млн.теңгеге жетті, бұл былтырғыдан (180 млн теңге) 3,5 есе артық.

Тіркелген шағын кәсіпорындар саны 66-тен 68-ге жетті, өсім 3,0%, жұмыс істеп тұрғандары 36-ден 11,1% өсіп 40 болды, белсенді кәсіпорындар саны 31, былтыр сәйкес мерзімде 31 болған.



Бөлшек тауар айналымының көлемі 637,2 млн теңгені құрады, табиғи көлем индексі – 116,3 %.

Мемлекеттік бюджетке түсімдер 157,4 млн. теңге құрады, орындалуы 109,4%. Өз кірістер көлемі өткен жылғыдан (127,6 млн теңге), 29,8 млн теңге артық. Шығыстар 1000,9 млн теңге болып, игерілуі 97,9 %.

Жергілікті атқарушы органдар және салық органдарының резервтер іздестіру бойынша бірлескен жұмыстары нәтижесінде аудан бюджетіне қосымша 1587,4 мың теңге, соның ішінде алгоритм іс-шараларынан – 130,7 мың теңге түсті.



Әлеуметтік қорғау саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздардың 11 адамға азайды, ресми тіркелген жұмыссыздар 5,2% төмендеп, 202 адамды құрады.

4 айда 159 адам (2011ж.-144 адам) жұмысқа орналастырылды.

Жаңадан 104 жұмыс орны (2011 ж.-107 орын) ашылды.

Атаулы әлеуметтік көмекке 7,5 млн. теңге төленді, бұл былтырғыдан (6,5 млн.теңге) 1,0 млн. теңгеге көп. Балалар жәрдемақысына 9,6 млн.теңге төленді, бұл былтырғыдан (14,0 млн теңге) 4,4 млн теңгеге аз.



Білім саласында.

Аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 93%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған(былтыр-78,5 %). Ауданда 5 балабақша, мектептер жанынан құрылған 23 шағын орталық жұмыс істейді. 5 балабақшаға 468 бала, 23 шағын орталықтарға 1088, барлығы 1556 бала тартылған. Бұл барлық мектеп жасына дейінгі балалардың (1673 бала) 93%-ын құрайды. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар үлесі 93%.



Денсаулық сақтау саласында туу көрсеткіші 19,8-ден 18,5-ке төмендеді. Өткен жылғы 4 айда 251 бала туса, 2012 жылы 222 бала туды.

1000 тірі туылғандарға бала өлімінің деңгейі 13,5 болып, сәйкес мерзімдегіден 2,4-ке төмендеді. Ана өлімі тіркелмеген.

Туберкулезбен ауырған 12 адам анықталған (былтыр 4 айда – 16 адам). Әрбір 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 44,6-дан 33,2-ге дейін түсті. Онкологиялық аурулармен ауырғандар саны 2011 жылғы 4 айда 13 адам, биыл 22 адам болып, 36,2%-ден 61%-ға көтеріліп кеткен.
Қоғамдық тәртіп.

Тіркелген қылмыстар саны 80 болып, сәйкес мерзімдегіден (54 оқиға) 26-көбейді, ашылу пайызы 94,5-тен 60,0-ға төмендеп кеткен.

Қылмыстардың ішінде алаңдаушылық туғызып отырғаны бөтеннің мүлкін ұрлау былтырғы жылмен салыстырғанда 26 дерекке артып отыр.

Бұл мақсатта жыл басынан бері аудандық ішкі істер бөлімімен қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда профилактикалық және жедел шаралар атқарылды. Бөлім қызметкерлері елді мекендерде әкімдіктің, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, әңгімелер өткізілуде.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет