Зайсан ауданының 2013 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы Ауыл шаруашылығының



жүктеу 23.81 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі23.81 Kb.
Здравствуйте! Высылаю материал на страницу http://zaysan.vko.gov.kz/kz/economy.htm, сделайте выложенным файлом на ссылку 3-ші тоқсан 2013 года
Зайсан ауданының 2013 жылдың

9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8938.9 млн. теңге болып, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 127.5% құрады.

8604,3 тонна ет (өсім 4,4%), 34306,1 тонна сүт (99,3%), 4378,4 мың дана жұмыртқа (өсім 1,4 есе) өндірілді.

Ірі қара саны 70339 басқа (өсім 0,1%), оның ішінде сиыр 34684 басқа (өсім 6,3%), қой-ешкі 155207 басқа (өсім 0,1%), жылқы 15531 басқа (өсім 6,5%), құстар 62233 басқа (өсім 1,2%) жетті.

Ауданда егілген барлық 6611 гектар дәнді астық толық жиналып алынды. Әр гектарынан 20,2 центнер өнім жиналып, 13354,2 тонна дән құйылды. 2113 гектар күнбағыстың 1500 гектары орылып, орташа есеппен әр гектардан 9 центнерден өнім алынуда. 200 гектар сояның 20 гектары орылып, әр гектардан 15 центнерден өнім алынуда. 1514 гектар картоп, 595,5 гектар көкөніс, 129,6 гектар бақша дақылдары толықтай жиналып алынды. Әр гектардан көкөністен - 160, картоптан - 142, бақша дақылдарынан - 190 центнерден өнім алынды.

Мал азығына 131 мың тонна шөп жиналып, 100,7 пайызға орындалып отыр.

Жыл қорытындысында ет өндіру 14112 тоннаға (өсім 9%), сүт өндіру 45462 тоннаға (өсім 2%), жұмыртқа өндіру 5332 мың данаға (өсім 17%) жеткізіледі. Табиғи көлем индексінің 106,9% болуы болжанады.

Өнеркәсіпте 1114,9 млн. теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, өнім көлемі өткен жылғыдан 12,9% кем болды, табиғи көлем индексі 71,8%. Индекстің төмендеуіне «Ерен қабырға» ЖШС-інің кен барлау қызметтерінің көлемін азайтуы негізгі әсер етуші фактор.

Кен өндіру өнеркәсібі бойынша табиғи көлем индексі 9 айда 51,7%, оның ішінде техникалық қызметтер көлемінің индексі 28,3% болды.

2013 жылдың 3 тоқсанынан бастап «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-і ҚХР-на газ жеткізуді бастады. Тоқсанда барлығы 86 млн текше метр газ өткізілген. Осының есебінен өнеркәсіп көлемінің индексі жыл қорытындысында 100 пайыздан асады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2140.5 млн. теңгені құрап, 2012 жылғы сәйкес мерзімдегіден 16,1%-ға жоғары болды.

2013 жылдың 1 қазанына шағын бизнес субъектілерінің белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 33 болды, бұл 2012 жылғымен (32 субъект) салыстырғанда 3,1% артық.

Бюджет саласында:

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 416,7 млн. теңге, орындалуы 494,1 млн теңге немесе 118,6% болды. Былтырғы сәйкес мерзімдегіден 79,9 млн теңгеге артық жиналды.



Құрылыс жұмыстарының көлемі 3132,9 млн.теңге болып, өткен жылғыдан 7% кем болды. Дегенмен жыл қортындысында былтырғы деңгейден төмен болмауы үшін жұмыстар атқарылуда.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 2971 ш.м. болды, бұл былтырғы сәйкес мерзімдегіден (1910 ш.м) 1,5 есе артық.

Денсаулық сақтау саласында:

Өткен жылғы 9 айда 544 бала туса, биыл 499 бала туды, қайтыс болғандар саны 189 адам, былтырғы сәйкес мерзімде 225.



Туберкулезбен ауырған 16 адам анықталған (былтыр 9 айда – 28 адам).

Мектеп жасына дейінгі балалардың 98,6%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған. Бүгінгі күні 7 балабақшаға – 566, мектептер жанындағы 21 шағын орталықтарға – 1095, барлығы – 1661 бала тартылып отыр, бұл барлық мектеп жасына дейінгі бала санының /1684 баланың/ 98,6 пайызын құрайды. Қыркүйек айында 1 балабақшада 15, 1 шағын орталықта 5 қосымша орындар ашылды.

Халықты орталықтандырылған таза ауызсумен қамтуды Тасбастау, Көкжыра ауылдарында скважиналарды қосу, Айнабұлақ ауылында су құбырлары жүйесі құрылысын аяқтау арқылы жыл аяғына дейін 73%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Қылмыстар саны 270, бұл сәйкес мерзімдегіден (182 оқиға) 48,4% артық. Қылмыстардың ашылуы 53%, сәйкес мерзімде 61,6% болған.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет