Зайсан ауданының 2013 жылдың І жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы



жүктеу 25.54 Kb.
Дата16.07.2016
өлшемі25.54 Kb.
Зайсан ауданының 2013 жылдың І жарты жылдығындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан 2013 жылғы 1 жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық рейтингтік көрсеткіштер бойынша өңірлер арасында 13-орында болды. Өткен 2012 жылы алғашқы жартыжылдықта да рейтингтік бағалауда 13-орында болған. Сәйкес мерзіммен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша 15 орын, құрылыс жұмыстарының көлемі 1 орын, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 1 орын, халықты қауіпсіз таза сумен қамту 12 орын, халық санының өсу қарқыны 16 орын төмен болды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 млрд. 969,6 млн. теңге болып, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 126,9% құрады. Табиғи көлем индексі 104,9%. Рейтингте өңірлер арасында 6-орын, сәйкес мерзімде 11-орында болған, немесе 5 орынға көтерілді.

Өткен мерзім ішінде 4332 тонна ет (өсім 7,6%), 20353,6 тонна сүт (өсім 1%), 2 млн 358,4 мың дана жұмыртқа (өсім 1,9 есе) өндірілді.

Ірі қара саны 80578 басқа (өсім 0,3%), оның ішінде сиыр 27951 басқа (өсім 13,9%), қой-ешкі 184284 басқа (өсім 6%), жылқы 15395 басқа (өсім 0,4%), құстар 60949 басқа (өсім 9,8%) жетті.

Өнеркәсіпте 750 млн. теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 105,2 млн теңгеге артық болды. Табиғи көлем индексі 80,1% есені құрады. Рейтингте өңірлер арасында 17-орын, сәйкес мерзімде 2-орында болған, немесе 15 орынға төмендеген.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 1270,4 млн. теңгені құрап, 2012 жылғы сәйкес мерзімдегіден 15,3%-ға жоғары болды, дегенмен рейтингтік орны 3-орыннан 5-орынға түскен.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5 млрд 112,2 млн. теңгеге жетті, бұл сәйкес мерзімдегіден 1 млрд 437,3 теңгеге артық. Табиғи көлем индексі 132,9% болды. Рейтингте өңірлер арасында 5-орын, сәйкес мерзімде 11-орында болған, немесе 6-орынға көтерілді.

2013 жылдың 1 шілдесіне шағын бизнес субъектілерінің белсенді жұмыс істеп тұрғандарының саны – 34 болды, бұл 2012 жылғымен (31 субъект) салыстырғанда 109,7%. Рейтингте өңірлер арасында 4-орын, сәйкес мерзімде 10-орында болған, немесе 6-орынға көтерілді.

Бюджет саласында:

Аудан бюджетінің жоспары 2 498,9 млн теңге, орындалғаны 2 532,7 млн теңге немесе 101,4%. Өз кірісінің жоспары 273,5 млн. теңге, орындалғаны 307,4 млн теңге немесе 112,4%. Нақтылы жиналған өз кірістер көлемі сәйкес мерзімдегіден 40,8 млн теңгеге артық болды. Рейтингте өңірлер арасында 5-орын, сәйкес мерзімде 12-орында болған, немесе 7-орынға көтерілді. Бюджет шығындарының жоспары 2 511,3 млн теңге, орындалғаны 2 506,2 млн теңге немесе 99,8%.



Құрылыс жұмыстарының көлемі 1236,9 млн.теңге, бұл өткен жылғы деңгейден 77,9% құрайды. 2012 жылы 6 айда 1 588,7 млн теңгңнің құрылыс жұмыстары атқарылған.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 2406 ш.м. болды, бұл былтырғы сәйкес мерзімдегіден (1123 ш.м) 2,1 есе артық.

Халықты қауіпсіз таза сумен қамту былтырғыдай 67,6%. Рейтингте өңірлер арасында 18-орын, сәйкес мерзімде 6-орында болған, немесе 12 орынға төмендеген. Көкжыра ауылындағы су тазартқыш қондырғы орнату жұмыстарын үстіміздегі жылдың



Әлеуметтік салада:

Шілденің 1-не тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 175 адам (былтыр 178 адам болған). Жұмысқа орналастырылғандар 265 адам, былтыр 255 адам болған. Жаңадан ашылған жұмыс орындары 212 орын, былтыр 189 орын.



Денсаулық сақтау саласында:

Өткен жылғы 6 айда 341 бала туса, биыл 320 бала туды, қайтыс болғандар саны 123 адам, былтыр сәйкес мерзімде 152 адам.



Туберкулезбен ауырған 6 адам анықталған (былтыр 6 айда – 21 адам).

Мектеп жасына дейінгі балалардың 97,7%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған.

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар үлесі 26,8%, бұл сәйкес кезеңдегіден 127,6% құрайды.

Қоғамдық тәртіп:

Қылмыстар саны 163 болып, сәйкес мерзімдегіден (127 оқиға) 28,3% артқан, ашылу пайызы 61,8-ден 56,1-ге дейін төмендеп кеткен.


Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің бастығы Г.Мухамадиева


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет