Зайсан ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама



Дата24.02.2016
өлшемі17.39 Kb.
#16394
Зайсан ауданының 2014 жылғы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама
Ауданымыз 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша ішкі өңірлік талдау қорытындысы бойынша 1-ші орынға тұрақтады. Атап айтқанда:

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жылдық қорытындыға сәйкес 13718,7 млн. теңге болып, табиғи индекс көлемі 98,9% құрады (15-орын). Оның ішінде: - өсімдік шаруашылығы өнімі – 3505,0 млн. тг; - мал шаруашылығы өнімі – 10213,7 млн. тг.

14096,8 тонна ет (өсімі 1,3%), 40165,6 тонна сүт (89,6%), 6036,5 мың дана жұмыртқа (98,0%) өндірілді.

Ірі қара саны 63244 (97,8%) басқа, қой-ешкі 134986 (өсім 0,4%) басқа, жылқы 13753(өсім 1%) басқа, құстар 52727 (өсім 0,7%) басқа жетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 6512 млн. теңгені құрап, өткен жылғыдан 2284,0 млн. теңгеге артық орындалды. Табиғи индекс көлемі - 148% (2-орын).

Бөлшек тауар айналымының көлемі 3782,2 млн. теңге болып, табиғи индекс көлемі – 108,3%-ды құрады. Өткен жылғыдан 531,2 млн. теңгеге артық орындалды (9-орын).

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 16954,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 4,9%-ға артты. Негізгі капиталға салынған жеке инвестициялардың нақты көлемінің индексі – 108,0% (12-орын).

2014 жылғы 12 айда белсенді кәсіпорындар саны 39 болды, бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 102,6 % (11-орын). Қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 4765,1 млн.теңге болды, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 89,4% (5302,6 млн.тг.) құрады. (13 орын).

Таза сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 106,6%. 2014 жылы 1682 адам таза сумен қамтылып, халықты таза сумен қамту көрсеткіші 79,8%- ға (2013 жыл 74,9%) жетті (4-орын).

Қаңтар-желтоқсан айында тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 9925 ш.м болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда (7055) 40,7 %-ға артық. Әлеуметтік салада:

01.01.2015 тіркелген жұмыссыздар саны жыл басынан – 694 (2013 жылы - 574). Жұмыссыздардың экономикалық белсенді халықтың ішіндегі үлес салмағы 0,7%. Жаңадан ашылған жұмыс орындары – 415(412), жұмысқа орналастырылғандар саны 555-ті (458) құрады.

Денсаулық сақтау саласында:

Туберкулезбен ауырғандар саны - 10 адам, былтыр сәйкес мерзімде 19 адам. 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі – 44,9% (2-орын).



Қоғамдық тәртіп:

Қылмыстар саны – 363(358) немесе 101,4%, қылмыстардың ашылу деңгейі – 67%, 2013 жылмен салыстырғанда 8,9% жоғарылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейінің өзгеруі – 107,6% (9-орын).



Бюджет саласында:

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 840,5 млн. теңге, орындалғаны 908,6 млн. теңге немесе 108,1% болып, былтырғы сәйкес мерзімдегіден 194,6 млн. теңгеге артық жиналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет