112
(4.47) теңдеуінде келтірілген меншікті
механикалық энергиядан
жүйенің толық механикалық энергиясының айырмашылығы бар,
өйткені
оның құрамына тек қана кинетикалық энергия мен қатар меншікті
потенциалдық энергиялардың қосындысынан басқа
тағы да сыртқы өрістегі
жүйенің потенциалдық энергиясы -
мен
да енеді.
(4.53) теңдеуін ескере отырып, (4.52) теңдеуді қайта жазуға болады:
∆
сырт
тос
ішк
дис
.
(4.54)
(4.54) теңдеуінен консервативті күштердің сыртқы стационар өрісіндегі
жүйенің толық механикалық энергиясының сақталу заңы шығады:
егер
бөлшектер жүйесіне сыртқы тосын күштер əсер етпесе жəне ішкі
диссипативті күштер болмаса, онда жүйенің толық механикалық энергиясы
тұрақты болып қалады:
мен
сырт
.
(4.55)
Осындай жүйеге мысал ретінде бірімен-бірі серіппемен байланысқан екі
кішігірім денені алуға болады (cерпімді гантель).
Егер ауырлық өрісінде ауаның кедергісінсіз (сыртқы тосын күштер жоқ)
осы жүйе қозғалса, онда оның
кинетикалық энергиясы,
мен
меншікті
потенциалдық энергиясы,
сырт
сыртқы потенциалдық энергиясы өзгереді,
алайда, осы үш шаманың алгебралық қосындысы тұрақты шама болып
қалады.
Басқа мысал ретінде Күннің ауырлық өрісіндегі Жер-Ай жүйесін алуға
болады. Күн жүйесінің қозғалу барысында осы аталған үш шама
,
мен
жəне
сырт
өзгеріске
ұшырайды, алайда, олардың алгебралық
қосындысы тұрақты болып қалады.
Қорыта келе (4.54) теңдеуі инерциалды жəне инерциалды емес те санақ
жүйелерінде орындала алады. (4.55)-теңдеу,
яғни толық механикалық
энергияның сақталу заңы тек инерциялық санақ жүйесінде ғана орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: