111
Тұйықталған жүйенің механикалық энергиясы кеміген кезде əрқашанда
энергияның басқа түрінің, көрінетін қозғалыспен байланысы жоқ,
эквивалентті мөлшері де пайда болады. Осы тұрғыдан (4.49) теңдеуді
тұйықталмаған жүйенің механикалық
энергиясы өзгеруінің себебі
көрсетілген энергияның сақталу заңының жалпылама тұжырымдамасы деп
қарастыруға болады. Тұйықталмаған жүйенің
энергиясының сақталуы
мүмкін, бірақ бұл тек (4.53) сай, ішкі диссипативті күштерге қарсы
атқарылған жұмыстың арқасында осы энергияның кемуі сыртқы күштердің
атқаратын жұмысы есебінен өтемеленетін жағдайларда ғана орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: