Заман талабына сай қазіргі уақытта білім беруде инновациялық әдістердің қолданылуы



Дата26.02.2016
өлшемі63.39 Kb.
#27215
УДК 336.338.4

Зулхажы Ж., Токтарханова Б.Т.

экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Алматы қ. , Қазақстан Республикасы
E-mail: zhuldyz_zulkhazh@maul.ru, balauzi@maul.ru
Заман талабына сай қазіргі уақытта білім беруде инновациялық әдістердің қолданылуы
Елбасы педагогикалық білім беру құрамын жаңарту, жаңа формациядағы педагогтарды дайындау бойынша міндеттерді алға қойып отыр. Қазір оқытушыға қойылатын негізгі талап- ақпараттық сауаттылық, көптілділік, оқуға және барлық педагогикалық қызмет барысында дамып, жетілуге дайын болу.

Әлемдегі алдыңғы орынды елдер қатарында болу үшін кез-келген елде адекватты білім және ғылыми инфраструктура болу керек. Бізде ел президентінің алға қойған топ-30 алдыңғы қатарлы елдер санына кіруге барлық мүмкіндіктеріміз бар. IT сияқты тұрақты дамып келе жатқан салада жоғарыдәрежелі мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан, заман талабына сай қазіргі уақытта білім берудің инновациялық әдістерін енгізуге көп көңіл бөлініп отыр.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.
«Білім беру технологиясы» - ұғымы білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым - қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудің технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.

Вебинардың таралғанына көп уақыт болмаса да, көптеген елдерде интернетті және басқа да заманауи компьютерлік қондырғыларды қолдану арқылы белсенді қолданыс табуда.

Білім беру саласында вебинардың дәріс оқу теки жаңа әдіс қана емес, сонымен бірге аймақтық кедергілерсіз қол жетімді сапалы білімнің жаңа деңгейін; білім беру жүйесінің әлемдік тенденцияға және сапалы білім беру қызметіне деген сұрангыстың өсуіне сәйкестігін, әлемдік қауымдастық біріңғай білім беру кеңістігін дамыту қатысу және мүмкіндіктерін қолдануды; кәсіби біліктілікті жоғарылату мақсатымен білім берудің жаңа формаларын құруды және қолдануды қамтамасыз ететін инновациялық әдіс болып отыр.

Сандық технологияларды қолдану арқылы заманауи білім беру саласында қашықтықтан оқытуды белсенді қолдануды анықтайды.

Мұнда интеграциялық білім беру ортасын құру Adobe Acrobat Connect бағдарламалық өнімнің негізінде білім беру технологияларын қолдану арқылы мумкін, ол дипломнан кейінгі деңгейде білім беру үдерісінің сапасын жақсартуға мүмкіндлік береді.Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегімен тыңдаушыны оқытуды қамтамасыз етуді;

Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиялық мақсатына толық сәйкес келетін, білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың басты аспеклерінің бірі деп қарастыруға болады. Елбасымыздың Стратегия «Қазақстан-2050» халыққа жолдауында «Бізге елімізге қажетті технологиялардың трансферті және оларды қолдану үшін мамандарды оқыту қажет... Біз ғылым мен бизнесті толық кооперациялау бойынша іс-шараларды қабылдауымыз керек» деген.

Білім беруді заманауи технологияның көмегімен жүзеге асырудың қажеттілігін республиканың барлық аймақтарында байқауға болады. Вебинар сияқты бағдарламалар арқылы біліктілікті жоғарылату курстарын қызметтен қол үзбей және басқа жаққа шықпай –ақ өткізуге мүмкіндік туындайды. Республикалық сонымен бірге шет елдердің білім беру жүйесі үшін өзекті тақырыптар бойынша онлайн-вебинарлар өткізілсе, оқытушылардың біліктілігін көтеруде тәжірибе алмасуға қажетті таптырмас құралдың бірі болар еді.

Осы вебинар форматында шетелдік ғалымдардың дәрістерін тыңдау арқылы ұстаздардың біліктілігін жетілдіріп отырса деген тілегіміз бар.




Аннотация

Глава государства ставит задачи по обновлению содержания педагогического образования, по подготовке педагогов новой формации. Cегодня главные требования к учителю – информационная грамотность, полиязычность, готовность учиться, развиваться в течение всей жизни.Для достижения передовых позиций в мире любая страна должна иметь адекватное образование, научную инфраструктуру. У нас есть все необходимое для выполнения задачи по вхождению в топ-30 ведущих стран мира, поставленной Президентом в Послании. В такой динамичной сфере, как IT, постоянно ощущается нехватка высококвалифицированных специалистов. С появлением и развитием совершенно новых технологий и направлений деятельности встает вопрос: где находить специалистов, обладающих знаниями и опытом в нужной сфере? Как правило, такие специалисты «вырастают» из профессионалов в смежных сферах, это естественный процесс для рынка труда.

Annotation
The President of Republic of Kazakhstan sets targets for updating the content of teacher education, new formation of teacher training. Today the main requirements for teachers - information literacy of multilingual, willingness to learn, to grow throughout their lives.
To achieve leading positions in the world of any country should have adequate education, scientific infrastructure. We have everything you need to complete the task of entering the top 30 leading countries of the world, set by the President in Address.
In this dynamic field, as IT, always a shortage of highly qualified specialists. With the advent and development of entirely new technologies and activities raises the question: where to find professionals with knowledge and experience in the right area? Typically, these professionals "grow" from professionals in related fields, it is a natural process for the labor market.

түйін сөз: Adobe Acrobat Connect, ғылыми инфраструктура, білім беру технологиясы, интеграциялық білім, онлайн-вебинар

ключевые слова: Adobe Acrobat Connect, научначная инфраструктура, образователные технологии, интеграционное образование, онлайн-вебинар..

keywords: Adobe Acrobat Connect, scientific infrastructure, educational Technology, integrative education, live Webinar.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008. – 23-б.

  2. Қазақстан жолы – 2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

  1. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2013.

  2. Қалым Г.М.. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар // Педагогикалық альманах, 2011. – 1.

  3. Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы. – Павлодар, 2008.

РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА
Фамилия __Зулхажы____________________

Имя ____Жулдыз_______________________________

Отчество _______________________________________

Ученая степень __магистр, аға оқытиушы________________________

Адрес__________________________________________

Место работы, должность _КазНТУ им К.И.Сатпаева, ИЭиБ, МиМП____

E-mail zhuldyz_zulkhazh@maul.ru, balauzi@maul.ru

Факс ________________________________________

Телефон ___8 7013429499___________

Название доклада __Заман талабына сай қазіргі уақытта білім беруде инновациялық әдістердің қолданылуы

Название направления __ Инженерное образование в условиях глобализации_



Авторы ____ Зулхажы Ж., Токтарханова Б.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет