Замана Елбасы дәрісі сындарлы сипатқа ие



жүктеу 26.16 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі26.16 Kb.
Сенбі, 8 қыркүйек, 2012

Замана

Елбасы дәрісі сындарлы сипатқа ие


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінен үлкен әсер алдым. Өйткені, мемлекет басшысының әр сөзі терең мазмұнға және сындарлы сипатқа ие. Көрегендікпен тереңнен ойлайтын кемеңгер басшы, ойшыл саясаткер ретінде біздің Елбасымыз мемлекеттің жақын болашақтағы дамуының, соның ішінде отандық білім беру мен ғылымның даму жолын белгілеп берді. Мен бұл тұрғыда маңызды, ауқымды қадамдардың жасалып жатқанына тағы бір мәрте көз жеткіздім.

Елбасы: «Біз білім, ғылым және инновация билігі жүретін постин­дустриялық әлемге кетіп барамыз» дей келе, үшінші пос­тин­дустрия­лық төңкеріс дәуірі басталған тұста қазақстан­дық­тардың алдында үл­кен міндеттер тұрғанын шегелей айтты. Тұрақ­тылық пен келісім салтанат құр­ған тәуелсіз Қазақ елінің бағын­дырмайтын қамалы, алмай­тын асуы жоқ деп ойлаймын. Елба­сы­ның «тыныштықтың арқасында қазіргідей мақтанатын халге жеттік» деген пікірін қызу қуат­тай­мын. Бірлік бар жерде тірлік бар деп дана халқымыз бекер айт­па­ған. Тек ауыз­біршілік пен ын­ты­мақ жара­сым тапқан елде ғана берекелі тірлік орнайды. Бұл тұрғыда Қазақ­стан тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұр­сұлтан Назар­баев­тың салиқа­лы саясатының ар­қасында азуын айға білеген ал­пауыт елдерге Бейбітшілік пен Келісімнің сал­танатты үлгісін көрсетіп келеді. ХХІ ғасырдың биік талабы – білім мен ғылымның және инно­ва­цияның жарасымы болса, бұл тұрғыдағы барлық жетістіктерге жету жолында ерінбей еңбек етіп, тер төгу керек. Мемлекет бас­шысының осы қуатты пікірі әрбір қазақстандықты биік белестерге жетелеп, жаңа жеңіс­терге қанат­тандырады. «Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақа­ласының түпкі төр­кіні де Қазақ елін дамыған үстіне дамыта түсіру, қарапайым ха­лық­тың әл-ауқатын мейлінше арт­ты­рып, жаңа дамыған қоғам құру екені мәлім.


Дәріс өткен «Назарбаев Университетіне республикадағы жо­ға­ры оқу орындарының көшбас­шы­сы деп баға берген Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстанға ха­лықаралық деңгейдегі маман­дар­ды өз бетінше даярлауға қабі­лет­ті, өз ғылым мен білім ин­дус­трия­сы қажет екендігін баса айт­ты. Осы орайда аталмыш білім ордасын интеллектуалды-иннова­ция­лық кластерге айналдыруды тапсырды. Ал өзге жоғары оқу орындарына «Назарбаев Университетін» үлгі тұтуға шақырды. Айтса айтқандай, қазіргі таңда Елбасының тікелей қолдауымен ашылған Назарбаев Университеті әлемдік сапа стандарттарына жауап беретін жоғары білім берудің озық үлгісін көрсетіп келеді.
Маған, әсіресе, Елбасының мемлекеттік «Болашақ», «Балапан» бағдарламалары туралы ма­ғы­налы пікірлері мен тілдердің үштұғыр­лылығы, сондай-ақ оқы­тушылар мен түлектердің біліктілігін арттыру курстары туралы айтқан тың ұсыныстары терең ой салды.
Екі сағаттан астам уақытқа со­зылған дәрістен мемлекеті­міз­дің қоғамдық саяси және эко­номикалық даму барысы туралы соны мәліметтерге қанығып қана қоймай, заманауи озық техно­логияның арқасында Президентпен тікелей байланысқа шыққан ел аумағындағы үздік білім орда­ларының толайым табыстарына да масаттандым.
Өткен аптада ғана тәулік бойы хабар тарататын су жаңа ақпараттық арна – «24KZ»-тің ашылуына куә болсам, бүгінгі дәріс барысында мемлекеттік тілде хабар тарататын тағы бір жаңа ақпарат құралының «Білім» арнасының тұсауы кесілгенін көріп, көңілім марқайып қалды. Қос арнаның да өздерінің алдың­ғы буын «ағалары» «Мәдениет» және «Балапан» арналарындай халық сүйіп көретін телеарна­ларға айналарына сенімім мол.
Жалпы, мені адами тұрғыдан Президенттің өз уақытының ты­ғыз­дығына қарамастан интерактивті режимде өз ойларын, идея­ла­рын білдіру үшін профессор-оқы­тушылармен және студенттермен, магистранттармен кездесу мүм­кін­дігін табуды дәстүрге айналдыр­ғаны ерекше қуантады. Біз өз қыз­метімізде Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткен негізгі бағыттарды басшылыққа алатын боламыз.
Қазыбай Бозымов,
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
Орал.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет