Зат есімнің зерттелу тарихынан мағЛҰмат 15 марта, 2018 22: 33



Дата03.01.2022
өлшемі38.5 Kb.
#450525
ЗАТ ЕСІМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН МАҒЛҰМАТ


ЗАТ ЕСІМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН МАҒЛҰМАТ

15 марта, 2018 22:33

 

Зат есімнің жеке сөз табы ретінде танылуы А.Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Оның казак тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін үйретуге арналған “Тіл-кұрал„ атты үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулығында сөз таптарына катысты алғашқы мағлұматтар берілген. 1914 жылы шыққан “Тіл- кұралда ол (бірінші жылдық) сөздерді магынасына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулык, одағай деп тоғыз сөз табына жіктеп, эрқайсысын тілдік нақты мысалдармен сипаттаган.



Ғалым зат есімге «Сөздердің кейбіреуі нэрсенің өзін атайды. Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз,«- деген анықтама беріп, зат есімнің кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігін және бұл сұрақтардың қойылу жүйесін де көрсеткен: “Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз баска заттар туралы (7,161),,.

А.Байтұрсынұлы “Тіл-кұралдың„ (екінші жылдық) 1915 жылғы басылымында зат есімге кеңірек тоқталған, яғни “Заттарды көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері- көзге көрінбейтін, құлакка естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар,,, деп екіге бөліп, “Сол деректі һэм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім (7, 200),, деген аныктама берген.

Бертінде, 1930 жылдары морфология мәселелері зерттеу нысанына айналып, ғылыми түрде талдана бастады. Бұл жерде казак тілі грамматикасының тұңғыш авторы, профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен де сөздерді таптастыру мәселесі, соның ішінде зат есім жеке сөз табы ретінде танылганын байкауға болады. Қ.Жұбанов жасаған “Қазак тілінің програмында (1936),, сөз таптары жеке тарау етіп көрсетіліп, зат есімнің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру максатында 20 сағат берілген. Сондай-ақ ғалым “Қазак емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері,, атты макаласында зат есімді “заттың өзін көрсететін септік, тәуелдік, көптік, -шы (кәсіп) қосымшаларын ертетін затты ғана аныктап, аныкталушы сөзіне жалғас қана тұра алатын түбір болады (16, 233),,,- деп сипаттаган.

Сөз таптарына катысты пікірлерді академик Н.Сауранбаев еңбектерінен де кездестіруге болады. Онын 1939 жылы “Халык мұгалімі,, журналында жарияланған “Қазак тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы туралы,, деген макаласында сөздерді таптастыруды жүйелеу жөнінде ұтымды ойлары бар.

1954 жылы шықкан “Қазіргі казак тілі„ атты окулықта да зат есім жеке сөз табы ретінде карастырылды. Зат есімге байланысты жүйелі пікір көрнекті ғалым А.Ыскаковтың “Қазіргі казак тілі„ (1964, 1974, 1991) оқулығында кеңінен қамтылды. Осы оқулықта зат есімнің семантикалык, морфологиялық жэне синтаксистік белгілері толық сипатталған.

Зат есімге катысты пікір 1967 жылы шыккан “Қазак тілі грамматикасында,, да бар. Ондагы “Зат есім„ тарауын С.Омарбеков жазған. Бұл тарауда зат есімнің жасалу жолдары, түрлену жүйелері талданган. Ғалымның талдауындағы бір ерекшелік-казақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшелейтін белгілердің бірі-жаісгылык және жаксыздык категориясы деп дэлелдеп “Жактылык пен жақсыздык категориясы,, деген тақырыпша берген. Автор “Лексикалық мағынасы тек “адамды,, білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен предикаттык катынаста айтыла алады, ал зат есімдердің баска түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктерімен предикаттык катынаска түсе алмайды (31,51),,, — дей келіп, зат есімдердің жактылық пен жақсыздык категориясы дегенді “зат есімдердің жіктелу касиетінің бар- жоқтығы тұргысынан ғана алып түсіну кажет,, деген түсініктеме берген. Шын мәнінде, зат есімнің барлыгы жіктеле бермейтіндігі, эрі жіктік категориясы зат есімнің категориясына жатпайтындығы ғылымда дәлелденген жагдай. Сол себепті галымның казақ тіліндегі зат есім категорияларының катарына жактылык, жаксыздық категориясын енгізуі колдау таппады. Сондықтан болар 2002 жылы шыккан “Қазак грамматикасы,, авторларының бірі ретінде С.Омарбекұлы “Зат есім„ тарауын жазғанда бұл такырыпшаны өзгертіп, зат есімнің жактылық, жаксыздық категориясы жайлы пікірін кеңейтіп, “үш жақта бірдей жіктелу қабілеті бар адамга байланысты зат есімдерді шартты түрде жақты зат есімдер, ал үш жақта бірдей жіктелу кабілеті жок адамнан басқа зат атауларына байланысты зат есімдерді жаксыз зат есімдер деп атасак болады …бұл жердегі жакты, жақсыз дегенді тек жіктік жалғауымен ғана байланыстыра ұккан абзал (32,443),,,- дей келіп, бұл мәселені “Адамзат жэне галамзат есімдері,, деген такырыпшамен берген.



Зат есімге байланысты еңбектердің бірі- Ә.Төлеуовтың “Қазак тіліндегі зат есім категориясы,, атты оку кұралы. Автордың бұл енбегіндегі зат есімдерге берілген лексика-семантикалық сипаттамасы, немесе зат есімнің синтаксистік қызметіне, морфологиялық белгілеріне байланысты айткан тұжырымдары алдыңгы еңбектермен үндесіп жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет