Зеңбілмен тасымалдау


Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері



бет4/5
Дата21.09.2023
өлшемі199.13 Kb.
#478131
1   2   3   4   5
Зеңбілмен тасымалдау

Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері
Медициналық мекемелерде науқасты тасымалдауды жеңілдету үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады: балдақтар, ит арба, таяқ және қолдаушы белдемелер.
Ит арба қозғалыс координациясын жақсартады, тепе-теңдікті сақтайды және аяқтарына жүктемені азайтады. Ит арбаның адымдаушы және адымдаушысыз моделдері бар. Адымдаушысыз модель - қатты конструкция болып келеді, бір бүтін әсер етеді. Адымдаушы моделдер түтікті, яғни ит арбаның оң жағымен сол жағын бекітеді, шарнирлері бар, ол арқылы науқас алдыға қарай қозғалғанда сүйенеді.
Ит арбаның биіктігі науқас бойымен түзетіледі. Науқас қолдары, ит арбаның ұстағышында жатады, шынтақ 20 дан 30°- қа дейін бүгіледі. Науқастар тұрақты, жақсы таңдалған аяқ киім киюі керек. Барлық ит арбалар сатымен көтеріліп немесе түскенде қауіпсіз емес. Сонымен қатар, ол абажадай және қолайсыз, есіктерге сыймай тіреліп қалуы мүмкін (сурет 21).


Ит арба көмегімен қозғалу
а – дөңгелейтін, б – қозғайтын
Қозғалыстағы әлсіреген немесе координациясы бұзылған науқастарды құлап қалудан сақтау үшін сенімді бекіту мақсатында көмекші жалпақ мықты белдемені қолдана алады, ол науқасқа киім сыртынан киіледі және құлыппен бекітіледі (сурет 22).
Науқас қозғалғанда бір қолымен көмекшінің мойынынан ұстайды, ал көмекші науқасты бір немесе екі қолымен белдемеден ұстайды. Мұндай белдеме көмекшіге науқасты қозғалтқанда аз күш жұмсауға және дұрыс бақылауды жүзеге асырауға әсер етеді.
Науқастарды тасымалдайтын заттар болмаса, басқа да әдістерді қоладнуға болады. Науқасты тасымалдайтын әдіс жарақат сипатына және ауырлығына, зардап шегушінің салмағына, көмек көрсетуші адамдардың санына және олардың физикалық қабілеттіліктеріне, қолда бар заттардың барлығына сәйкес болады. Маман емес адамдардың зардап шегушілерді тасымалдауы, тек дәрігерлер мен құтқарушылардың келген уақытына дейін науқасқа төніп тұрған қауіпті алдын алу кезінде қолданылады.

Науқастың қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда, яғни жеңіл жарақаттарда өз бетімен көмекшінің қолына тірелу арқылы қозғала алады.


«Қолдары арқылы ұстау» әдісі










Қолдары арқылы ұстау
Іс-шараның орындалуы:
· Науқас қолдарын айқастыруын өтініп, оларды кеудеге қысу (егер бір қолы әлсіз болса науқас күштірек қолымен оны ұстайды).
· Науқастың арқа жағынан келеді (отырған орындық немесе кресло артынан).
· Өз қолдарын артынан қолтық асты аймағына өткізу, науқасты қолдарының білезігінен ұстау
· Науқасты тасымалдау
Науқас жүрісі кезінде қолдау










Науқас жүрісі кезінде қолдау

Іс-шараның орындалуы:


· Науқастың қасына тұру
· «Бас бармақпен алақанды ұстау» әәдісін қолдану: науқастың оң қолын өзінің оң қолымен ұстайды (немесе сол қолымен сол қолын), науқас қолы тік, алақанымен мейірбике алақанына тіреледі
· Басқа қолымен науқасты шынтақтан немесе қолтық астынан, белінен ұстап қолдау.
· Науқасқа жақын тұру, оның тізелерін оң жақ аяғымен қолдау (егер мейірбике оң жағында тұрса)
· Науқаспен қатар қозғалу
«Көтерілген шынтақты қапсыра ұстау» әдісі арқылы науқасты ұстау

Көтерілген шынтақты қапсыра ұстау
Іс-шараның орындалуы:
· Орындықта (төмен кереуетте) отырған науқасқа бүйірінен бетімен қарап тұру
· Бір аяғын орындықтың жанына қою, келесісін өкшені жеңіл бұрып науқас аяғының алдына қою, оның тізелерін өз аяғымен бекіте отырып
· Науқасты алдыға қарай саны арқылы еңкейуін (немесе оған көмектесуін) сұрау және оның иығы Сіздің кеудеңізге тығыз орналасуы қажет
· Науқас арқасы арқылы алдыға қарай еңкейіп және оның шынтақтарынан қатты ұстаймыз да төменнен тірейміз
· Науқас иығы Сіздің қолыңызға тіреу ретінде қолдану мақсатында өз иығыңызды ыңғайлы қоясыз
· Науқасты қажет жеріне ауыстырамыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет