Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын



бет1/6
Дата23.02.2016
өлшемі421.5 Kb.
#5576
  1   2   3   4   5   6
Источник: справочная правовая система ЮРИСТ, 10.06.2008 13:54:30
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын

ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,

оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 223 Қаулысы

(2008.25.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы қоса берілген нұсқаулық бекітілсін.



2. Күші жойылды деп танылсын:

1) Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 412 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3995);

2) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының» «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 412 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4273 тіркелген).

3. Осы қаулы 2006 жылғы 15 желтоқсаннан қолданысқа енгізіледі.

4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына мәлімет үшін жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Т.Ш. Пернебаев) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 

Төраға

А. Дунаев 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын



және қаржы ұйымдарын реттеу мен

қадағалау агенттігі Басқармасының

2006 жылғы 27 қазандағы № 223

қаулысымен бекітілген



 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге

асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің

нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі

туралы нұсқаулық

 

Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 3-тармағына және 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен есептеу әдістемесін белгілейді.



 

1-тарау.



Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ақшалай эквиваленттер - алдын-ала белгілі ақша сомасына жеңіл айналатын және олардың құнының елеусіз ғана өзгеріс тәуекеліне душар болатын қысқа мерзімді жоғары өтімді салымдар. Ақшалай эквиваленттер қатарына екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға инвестициялар және қысқа мерзімді өтеу мерзімі бар басқа инвестициялар (сатып алғаннан бастап үш айдан артық емес) жатады. Ақшалай эквиваленттер түріндегі инвестицияларды жіктеу «Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептер» халықаралық қаржылық есеп берудің 7-ші стандартына сәйкес жасалады;

2) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қор немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз қызметінде шетел валюталарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (зиян) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (зиян) пайда болу қаупі валютаның құнын көрсету бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;

3) зейнетақы активтерінің шартты бірлігі - жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің оларды ұйым инвестициялық басқару нәтижесіндегі олардың өзгерістерінің сипаты үшін пайдаланылатын және осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелетін үлестік өлшемі;

4) кредиттік тәуекел - заемшының (эмитенттің) бағалы қағаздар шығарылымының (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) талаптарында белгіленген мерзімде кредиторға (инвесторға) тиесілі негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлемеу негізінде пайда болған шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі. Кредиттік тәуекелге сондай-ақ әріптестің своптар, опциондар және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды реттеу кезеңіндегі міндеттемелерді орындамауына байланысты пайда болған жоғалтулар тәуекелі кіреді;

5) қор - жинақтаушы зейнетақы қоры;

6) қордың тәуекелі - акциялардың рыноктық құнына ықпал ететін қаржы рыноктарының талаптары өзгерген жағдайда пайда болатын акциялар құнындағы өзгерістер негізінде пайда болатын тәуекел;

7) меншікті капиталдың жеткіліктілігінің жиынтық коэффициенті - осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелген қордың меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтығы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және қаржы ұйымдарын қадағалау мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 тіркелген) сәйкес есептелген Қордың меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтығы;



8) проценттік тәуекел - мыналарды қосқандағы сыйақы мөлшерлемесінің тиімсіз өзгеруі салдарынан шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі:

орналастырылған активтердің (белгіленген сыйақы мөлшерлемесі кезінде) өтеу мерзімдерін сақтамауға байланысты жалпы пайыздық тәуекел;

басқа тең талап жағдайында ұқсас бағалау сипаты бар бірқатар құралдардан сыйақы алынатын және төленетін есептеу және түзетудің әртүрлі әдістемелерін қолдануға байланысты ерекше пайыздық тәуекел;

9) рыноктық тәуекел - қаржы рыноктарының тиімсіз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі. Рыноктың тәуекелдің макроэкономикалық тәуекелі бар, рыноктық тәуекелдердің негізгі көзі қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Рыноктық тәуекел пайыздық, валюталық және қор тәуекелдерінің жиынтығын береді;

10) «таза» зейнетақы активтері - қордың оның зейнетақы активтеріне қатысты міндеттемелерін (зейнетақы төлемдері, басқа қорларға аударымдар жөніндегі міндеттемелерді және басқа да ұқсас ықтимал міндеттемелерді) шегеріп тастағандағы зейнетақы активтері;

11) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

12) ұйым - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - ұйым).

2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін уәкілетті орган Standard & Poor's агенттігінің рейтинг бағасынан басқа сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch рейтинг агенттігінің бағасын және басқа еншілес рейтинг ұйымдарының рейтинг бағасын таниды.



 

2-тарау.



Өз капиталының жеткіліктілігінің

жиынтық коэффиценті

 

3. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні:



1) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап - 0,01 кем емес;

2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап - 0,04 кем емес;

3) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап - 0,06 кем емес.

4. Осы Нұсқаулықтың 3-тармағының талаптарын орындау мақсатында активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болса, Ұйым мен қор арасында жекеменшік капиталдың жиынтық жеткіліктілік коэффицентін сақтау туралы шарт жасалуы мүмкін. Шарт жазбаша түрде жасалады және онда мынадай мәліметтер болуы керек:



Ұйымның К1 коэффициенті мәнінің жекеменшік капиталдың жеткілікті жиынтық коэффициентіне арақатынасы;

активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы қордың К1 коэффициенті мәнінің жекеменшік капиталдың жеткілікті жиынтық коэффициентіне арақатынасы;

Ұйым мен қордың активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы К1 коэффициенті мәнінің арақатынасын анықтау бөлігінде шартқа ол өзгерістердің қолданысқа енгізу күні көрсетіле отырып өзгеріс енгізу жиілігі.

Ұйым уәкілетті органға шарт жасалғаннан кейін бір күн мерзімде осы шарттың көшірмесін жібереді.

Ұйым мен қор арасында жасалған жекеменшік капиталдың жеткілікті жиынтық коэффициентін сақтау туралы шарт жасалмаған болса Ұйымның К1 коэффициентінің мәні жекеменшік капиталдың жеткілікті жиынтық коэффициентінің кемінде отыз пайызын құрауы тиіс.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымда қор біреуден артық болған жағдайда К1 коэффициентін сақтаудың теңбе-теңдік мақсатына сәйкес К1 мәні ұйымның әрбір қорға қатысты өтімді активтері мен міндеттемелерін бөле отырып, әрбір қорға байланысты есептеледі.

Ұйымның К1 коэффициентінің мәні күн сайын жұмыс күнінің аяғына анықталады.

 

3-тарау.



1-пруденциалдық норматив

«Өз капиталының жеткіліктілігі»

 

5. Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі К1 коэффициентімен сипатталады.

К1 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К1 = (ӨА-М)/ МКЕАМ, онда

ӨА - осы Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарымен белгіленген өтімді және басқа активтер;



М - баланс бойынша міндеттемелер (»репо» операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек «репо» ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған «репо» объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);

МЗА - мына формула бойынша есептелетін тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Қордың инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының құны:

 

МЗА = Е(К*Кт)+((Жпт+Епт)+ЕАк*0,08+Вт))+ ОЖК, мұнда Е(К*Кт) - кредиттік тәуекел, мұнда

 

К - қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес өтелгенге дейін ұсталынатын санатқа енгізілген борыштық бағалы қағаздардың, сондай-ақ үш жылдан астам портфелдегі борыштық бағалы қағаздардың, депозиттердің, аффинирленген бағалы металдардың ағымдағы құны;

Кт - осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының тәуекел деңгейі;

 

(Жпт+Епт)+ЕАк*0,08+Вт - рыноктық тәуекел, мұнда

 

(Жпт+Епт) - осы ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес есептелген ерекше пайыздық тәуекелдің және осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес есептелген жалпы пайыздық тәуекелдің кредиттік тәуекелдің есебіне қабылданбаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сомасын көрсететін пайыздық тәуекел,



ЕАк*0,08 - қор тәуекелі, мұнда

Ак - акциялардың, пайлардың ағымдағы құны,

Вт - В*0,08 ретінде анықталатын валюталық тәуекел, мұнда

В - шығару шарты бағалы қағаздардың айналымының барлық кезеңіне ұлттық валютаның белгіленген бағамы бойынша осы қаржы құралы бойынша ақша ағындарын белгілеуді көздейтін қаржы құралдарын қоспағанда, шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының, сондай-ақ, олар бойынша шетел валюталарының бағамдары өзгеруіне индекстелген номинал және/немесе купондық сыйақы, және бағалы металдардың қолма-қол шетел валютасындағы ағымдағы құны;

ОЖК - формула бойынша есептелетін орташа алынған жалпы кіріс:

 

Е соңғы үш қаржы жылында алынған жалпы кіріс

ОЖК = -------------------------------------------------.

                              3

 

ОЖК мөлшері қаржылық есеп беруге сәйкес есепті жылдың бірінші айының бірінші күнгі жағдай бойынша жыл сайын есептеледі және қажет болғанда жыл сайынғы аудиттен кейін түзетіледі.

6. Ұйымның мына активтері өтімді активтер болып табылады:



1) ақша және ақша баламалары, оның ішінде:

кассадағы ақша;

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

бағалы қағаздар орталық депозитарийінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

ұзақмерзімді, және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтинг «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі «ВВВ-» бойынша немесе агенттіктің осыған ұқсас деңгейлерінің рейтингін иеленген банк-резидент еместердің ағымдағы шоттарындағы ақша;

бағалы қағаздардың ұйымдастыру рыногында операцияларды жүзеге асыруға арналған ұйымдарға банктік қызметтер ұсынатын резидент емес ұйымдардың ағымдағы шоттарындағы ақша;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;

3) Бағалы қағаздары қор биржасының ең жоғары санаты бойынша ресми тізімге енгізілген немесе еншілес резидент банктер болып табылатын, мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып «ВВВ-» «Standard & Poor's» агенттіктерінің жіктелімі бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «kzВВВ-» «Standard & Poor's» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша санаттарынан кем емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі бар резидент емес енші беруші банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары;

4) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып ұзақмерзімді, және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтинг «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі «ВВВ-» бойынша немесе агенттіктің осыған ұқсас деңгейлерінің рейтингін иеленген резидент емес банктердегі салымдар;

5) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес айналысқа ақша шығарған);

6) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып қор биржасы листингінің ең жоғары санаты бойынша (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ облигацияларынан басқа, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізімге енгізілген Ұйымдарға қатысы бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

7) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының ипотекалық облигациялары;

8) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының инфрақұрылымдық облигациялары;

9) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигациялары;

10) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ» «Standard & Poor's» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша кем емес рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;

11) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып «ВВВ» «Standard & Poor's» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

12) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып борыштық бағалы қағаздары «ВВВ» «Standard & Poor's» рейтинг агенттігінің жіктелімінен кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары;

13) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, "ВВ-" "Standard & Poor's" рейтинг агенттігінің жіктелімісі кем емес рейтингтік бағасы немесе шетел мемлекеттерінің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыста жүретін Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі "kzВВВ" рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және мүмкін жоғалтудың резервтерін шегергендегі "ВВ" ("Standard & Poor's" кем емес рейтингтік бағасы немесе шетел мемлекеттерінің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыста жүретін Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі "kzВВВ" рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары;

14) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

15) тазартылған қымбат металдар;

16) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі кемітілген ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;

17) қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, елу процентке кемітілген негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдарға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар) Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

18) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын, бағалы қағаздармен сауда-саттық жасауды ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздардың орталық депозитарийі және өзге заңды тұлғалардың, акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылатын, акциялар;

19) мүмкін жоғалтудың резервін шегергендегі, Алматы қаласы Өңірлік Қаржы орталығының арнайы сауда алаңында листинг амалынан өткен, негізгі қарызды және есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, қарыз бағалы қағаздар;

20) ұйымға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын (мүмкін жоғалтудың резервін шегере отырып), дебиторлық берешегін шегергендегі заңды тұлғалардың дебиторлық берешегі, оның ішінде:

Ұйымға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын, үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірген қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі заңды тұлғалардың дебиторлық берешегі (мүмкін жоғалтудың резервін шегере отырып);

ұйымға қатысы бойынша аффилирленген тұлға болып табылмайтын, тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірген, қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі заңды тұлғалардың дебиторлық берешегі (мүмкін жоғалтудың резервін шегере отырып).

Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:

Ұйым оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;

Ұйым автоматтандырылған «репо» нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.

7. Басқа активтер ретінде Ұйымның мынадай активтері танылады:



1) Ұйымның баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтар, оның ішінде:

Ұйымның меншігіндегі немесе тұрақты пайдалану құқығындағы жер;

Ұйымның меншігіндегі үйлер және ғимараттар;

Ұйымның меншігіндегі машиналар мен жабдықтар;

2) бағдарламалық қамтамасыз ету - баланстық құны бойынша.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет