4-тарау.
2-пруденциалдық норматив
«Зейнетақы активтерінің кірістілігі»
8. Ұйымның инвестициялық басқаруында тұрған зейнетақы активтерінің кірістілігі мына формула бойынша есептелетін К2 номиналды кіріс коэффициентімен сипатталады:
__
Сt
К2 = ( _________+ - 1) х 100, бұл жерде
__
С0
__
Сt - қордың есепті күнтізбелік айда ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің осы Ереженің 7-тармағына сәйкес есептелген орташа құны;
__
С0 - қордың жиырма, отыз алты және алпыс ай бұрын Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес есептелген орташа құны.
9. Қордың қандай да болмасын айда Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны осы қордың осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің соңында осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес есептелген орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.
10. Қордың қандай да болмасын күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құнын ұйым мына формула бойынша есептейді:
ПАі
Сі = ____, бұл жерде
УЕі
Сі - қордың осы күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;
ПАі - қордың осы күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруында болған «таза» зейнетақы активтерінің осы Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес есептелген ағымдағы құны;
УЕі - қордың осы күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруында болған «таза» зейнетақы активтерінің осы Нұсқаулықтың 12-тармағына сәйкес есептелген шартты бірліктерінің жалпы саны.
11. Қордың қандай да болмасын күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруында болған «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (осы Нұсқаулықтың 13-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):
ПАі = ПА(і-1)+Ві+Ті+Д+Иі+Пі1+Пі2-Ні1-Ні2-КВі, бұл жерде
ПА(і-1) - қордың өткен күнтізбелік күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруында болған "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;
Ві - осы күні қорға түскен зейнетақы жарналары;
Ті - осы күні қорға түскен басқа қорлардан аударылған зейнетақы активтері;
Ді - қордың зейнетақы активтері бойынша осы күні есептелген инвестициялық табыс;
Иі - қордың инвестициялық шотындағы қалдық бойынша осы күні кастодиан-банк төлеген сыйақы (мүдде);
Пі1 - зейнетақы жарналарын уақытында төлемегендік үшін қордың осы күні алған өсімі;
Пі2 - зейнетақы активтерін уақытында инвестицияламағандық үшін қордың осы күні алған өсімі;
Ні1 - осы күні қордан есептелген зейнетақы төлемдері, қордан басқа қорларға жасалған аударымдар және қордың инвестициялық шотына қателесіп түскен сомалар бойынша міндеттемелер (қор және оған қызмет көрсететін кастодиан-банк түскен күні қателесіп түскен деп таныған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және қордың салымшыларының/зейнетақы төлемдерін алушылардың жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда);
Ні2 - анықталғанға дейін осы күні есептелген сомалар;
КВі - қордың және Ұйымның осы күні есептелген комиссиялық сыйақылары.
12. Қордың қандай да болмасын күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі (осы Нұсқаулықтың 13-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):
Вi + Ті + Пі1 - Ні1 - Ні2
УЕі = УЕ(і-1)+ _________________________, бұл жерде
С(і-1)
УЕ(і-1) - қордың осы күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;
С(і-1) - қордың осы күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күннің соңына ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.
13. Қордың зейнетақы активтері ұйымның инвестициялық басқаруына бастапқы түскен кезде (осы Нұсқаулықтың 14-тармағында белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда) осы қордың зейнетақы активтері инвестициялық басқаруда болып табылған бірінші күннің соңына Сі, ПАі және УЕі көрсеткіштерінің есебі мынадай мәндерге сүйене отырып жүзеге асырылады:
1) С(і-1) - 100 теңге;
2) ПА(і-1) - қордың Ұйым инвестициялық басқаруға қабылдаған "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;
3) УЕ(і-1) - қордың Ұйым инвестициялық басқаруға қабылдаған "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын 100 теңгеге бөлудің нәтижесі.
14. Қордың зейнетақы активтерін бір Ұйымнан екіншісіне инвестициялық басқаруға өткізген кезде осы қордың зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын есептеу үзілмейді және оның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қабылдаған Ұйым жүзеге асыруды жалғастыра береді.
15. К2 коэффициентін Ұйым тек зейнетақы активтері осы немесе басқа ұйымдарда жиырма, отыз алты, алпыс және одан көп ай ішінде инвестициялық басқаруда болған қорларға ғана қатысты аталған мерзім ішінде есептейді.
16. Ұйымдар ұсынған К2 коэффициенті есептерінің негізінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес ай сайын мыналардың мәндерін есептейді және ағымдағы айдың он бесінен кешіктірмей уәкілетті органның web-сайтында:
1) осы Нұсқаулықтың 14-тармағының шарттарына сәйкес келетін барлық қорлар бойынша К2 коэффициенті;
2) осы Нұсқаулықтың 15-тармағының шарттарына сәйкес келетін барлық қорлар бойынша өткен толық жиырма, отыз алты, алпыс айдағы орташа номиналды кіріс коэффициенті;
3) осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес есептелген түзетілген орташа номиналды кіріс коэффициентті жариялайды.
17. Орташа номиналды кіріс коэффициенті «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны бойынша (К2 коэффициентін есептеу жүзеге асырылған кезеңнің бірінші айының бірінші күні жағдайы бойынша) осы Нұсқаулықтың 15-тармағының шарттарына сәйкес келетін барлық қорлар бойынша бір кезеңдегі К2 коэффициенттерінің орташа өлшенген өлшемі ретінде есептеледі.
Түзетілген орташа номиналды кіріс коэффициенті «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны бойынша (К2 коэффициентін есептеу жүзеге асырылған кезеңнің бірінші айының бірінші күні жағдайы бойынша) осы немесе басқа Ұйымдардың инвестициялық басқаруында алпыс және одан да көп айлар болған, шарттарына сәйкес келетін барлық қорлар бойынша тиісті кезеңдегі олар осы немесе басқа Ұйымдардың инвестициялық басқаруында алпыс және одан да көп айлар болған К2 коэффициенттерінің орташа номиналдық өлшемі ретінде есептеледі.
18. Зейнетақы активтері осы ұйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір қор бойынша К2 коэффициентінің ауытқуы тиісті кезеңнің түзетілген орташа номиналды кіріс коэффициентінің мәнінен отыз проценттен кем болмауы тиіс.
19. Ұйым номиналды кіріс көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы қорға оның екінші деңгейдегі банктің банк шотына мына формула бойынша есептелген тиісті ақша сомасын аудару арқылы өтейді:
S = (Cср - Сt)* Yei, бұл жерде
Cср - қордың ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің қажетті орташа құны, бұл ретте зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні мен К2 коэффициенті арасындағы теріс айырма алынып тасталады;
Сt - қордың есеп айырысуды жасау күніне ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны;
Yei - қордың есеп айырысу күніне ұйымның инвестициялық басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің жалпы саны.
Сср мәні мына формула бойынша есептеледі:
Сср >=((Kcp-(Kcp*30%)+100)/100)*Сo, бұл жерде
Кср- есеп айырысуды жасау күніне сәйкес келетін жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша номиналды кірістің орташа коэффициентінің мәні;
Со - қорда есеп айырысуды жасау күнінің алдында алпыс және одан да ай бұрын болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны.
20. Көрсетілген сома қор ұйымға номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу туралы талапты қойған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қордың шотына есептелуі тиіс.
Осы тармақтың талабы Ұйым зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы және зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бір мезгілде болған жағдайларға қолданылмайды.
21. Ұйым кірістіліктің ең аз мәні мен К2 коэффициенті арасындағы теріс айырманың өтеу сомасын есептеген күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға екінші деңгейдегі банктің растауымен бірге осы соманы есептеу туралы ақпаратты жібереді.
5-тарау.
3-пруденциалдық норматив
«Бір эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына,
екінші деңгейдегі бір банктегі салымдарға инвестициялау»
22. Ұйымның инвестициясының жиынтық мөлшерін бір эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына есептеген кезде, екінші деңгейдегі бір банктегі салымға осы Нұсқаулықта белгіленген шектеулер әрбір жинақтаушы зейнетақы қорына жеке-жеке қолданылады.
23. Ұйымның Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің бірімен бағалы қағаздарға, сондай-ақ осы банкте салымға эмитенттелген инвестицияларының жинақталған мөлшері, осы банктің дауыс беруші акциялары осы банктің жалпы дауыс беруші акцияларының жалпы санының кемінде он процентін құрайды, мынадай мәндерден асып кетпеуі керек:
зейнетақы активтері есебінен - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он процентінен;
жекеменшік активтер есебінен - Ұйымның жекеменшік активтерінің он процентінен;
жиынтықтылығы - осы банктің жекеменшік капиталы мөлшерінің отыз бес проценті (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды қоспағанда) немесе осы банктің жекеменшік капиталы мөлшерінің елу пайызынан аспаса, егер осы банк «ВВ-дан төмен емес ұзақмерзімді инвестициялық («Standard & Poor's» рейтингтік агенттігінің жіктемесі бойынша) рейтингтік бағалауға ие болса немесе осыған ұқсас басқа бір рейтингтік агенттіктің рейтингі деңгейі болса. Зейнетақы және жекеменшік активтер есебінен болған инвестициялар бағалы қағаздарға жинақталып, бір банк ақшаға немесе бір банкте салымға айналған болса ол сол банктің жекеменшік капиталы мөлшерінің жиырма бес процентінен аспауы тиіс (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды қоспағанда).
24. Ұйымның Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің бірімен бағалы қағаздарға, сондай-ақ эмитенттерге - банктердің аффилииренген тұлғасы, екінші деңгейдегі банк болмаса, осы банктегі салымдарға, мынадай мәндерден асып кетпеуі тиіс:
зейенетақы активтері есебінен - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінен он процентінен;
жекеменшік активтер есебінен - Ұйымның жекеменшік активтерінің он процентінен;
жиынтықтылығы - осы банктің жекеменшік капиталы мөлшерінің отыз бес процентінен (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды қоспағанда) немесе осы эмитенттің жекеменшік қаржысының жиырма бес процентінен (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды, инфрақұрылымдық облигацияларды және қаржы агенттігінің кепілдігімен шығарылған облигацияларды қоспағанда), немесе осы эмитенттің бір эмисиясының облигацияларының жалпы көлемінің жиырма бес пайызынан аспайтын (көрсетілген көлемдердің барынша кішкентай болуына байланысты), осы эмитенттің дауыс бертін акцияларының жалпы санының кемінде он пайызынан.
Эмитент-банктің аффилиирленген тұлғасы екінші деңгейдегі банк болмаса, ипотекалық облигациялар шығаратын болса, онда осы облигацияларға инвестициялардың жиынтық мөлшері осы Нұсқаулықтың 25-тармағында белгілеген мәндерден аспауы тиіс.
25. Ұйым инвестицияларының эмитенттің облигацияларына жиынтық мөлшері Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын, оның ішінде шетел эмитенттерінің облигациялары мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейенетақы активтері есебінен - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінен он процентінен;
жекеменшік активтер есебінен - Ұйымның жекеменшік активтерінің он пайызынан;
жиынтықтылығы - осы банктің жекеменшік капиталы мөлшерінің отыз бес процентінен (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды, инфрақұрылымдық облигацияларды және қаржы агенттігінің кепілдігімен шығарылған облигацияларды қоспағанда), немесе осы эмитенттің бір эмисиясының облигацияларының жалпы көлемінің жиырма бес пайызынан аспайтын (көрсетілген көлемдердің барынша кішкентай болуына байланысты).
Ұйымдардың инвестициялар жиынтық мөлшерін, екінші деңгейдегі банк болып саналмайтын эмитенттің облигацияларын есептеген кезде облигациялардың номиналдық құны пайдаланылады.
26. Ұйым инвестицияларының эмитенттің облигацияларына жиынтық мөлшері Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын, оның ішінде шетел эмитенттерінің облигациялары мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейенетақы активтері есебінен - Ұйымның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінен он бес процентінен;
жекеменшік активтер есебінен - Ұйымның жекеменшік активтерінің он бес процентінен;
жиынтықтылығы - осы эмитенттің дауысқа ие акцияларының кемінде он бес процентінен.
Ұйымның инвестицияларының жиынтық мөлшерін есептеу эмитенттің акцияларына есептеу кезінде осы Нұсқаулықтың 30-тармағының талаптарын ескеріп, алпыс күннен аспайтын аспайтын мерзім ішінде белгіленген мәннен үштен аспайтын пайызға артуына жол беріледі.
26-1. Ұйымның Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Алматы қаласы Өңірлік Қаржы Орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімін қоспағандағы және меншікті және зейнетақы активтері есебінен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген басқарушы компанияның аралық пай инвестициялық қорының пайларына салатын инвестициясының жиынтықты мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - әрбір фонд активтерінің он пайызынан артық емес;
меншікті активтер есебінен - әрбір фонд активтерінің он пайызынан артық емес;
жиынтықты түрде - осы аралық пай инвестициялық қорының активтерінің он пайызынан артық емес.
Ұйымның «BBBm-»-дан кем емес «Standard & Poor's principal stability fund ratings» не «BBBf-»-дан кем емес «Standard & Poor's principal stability fund ratings» халықаралық рейтинг бағасы бар инвестициялық қордың пайына салынған инвестициясының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - әрбір фонд активтерінің он пайызынан артық емес;
меншікті активтер есебінен - Ұйымның меншікті активтерінің он бес пайызынан артық емес;
жиынтықты түрде - осы инвестициялық қорының активтерінің он пайызынан артық емес.
27. Ұйымның инвестицияларының жиынтық мөлшерін бір эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына, екінші деңгейдегі банктердің салымына есептеген кезде:
1) Қазақстан Республикасының банк (эмитент)-резидентінің жекеменшік капиталы Қазақстан Республикасының банк қызметі туралы заңына немесе Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес баспасөз бетінде жарияланған соңғы тоқсандық, немесе листингтік амалдарға сәйкес бағалы қағаздарды сатуды ұйымдастырушылардың баланстары негізінде айқындалады;
2) шетел эмитентінің жекеменшік капиталы Reuters немесе Bloomberg V.L.Р. ақпараттық талдау жүйелерінде орналастырылған немесе оның сауда жүйесінде бағалы қағаздар лайықты бағаланатын бағалы қағаздар сатуды ұйымдастырушылардың сайтындағы интернет желісінде, немесе осы бағалы қағаздардың эмитенті сайтында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансының негізінде айқындалады;
3) банктер бір біріне аффилиирлеуді бір банкпен танылады. Инвестициялардың жиынтық мөлшері бөлігінде белгіленген шектеулер банктің жекеменшік капиталының отыз бес пайызынан астам проценті (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды қоспағанда), осындай банктердің әрбіріне қолданылады;
4) екінші деңгейдегі банктер болып саналмайтын бір біріне қатысты аффилиирленген бір эмитент ретінде танылады, екінші деңгейдегі банктер болып саналмайтын осы Нұсқаулықтың 25-тармағының төртінші абзацымен және осы Нұсқаулықтың 26-тармағының төртінші абзацымен белгіленген шектеулер осы эмитенттердің бәріне де қолданылады. Осы тармақша аредиттік бюролардың қатысушысы, сондай-ақ мемлекеттік акциялар пакетін иелену құқығы мен пайдалану (қатысу үлесі) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақ холдингі» акционерлік қоғамына және мемлекеттік акциялар пакетін иелену мен пайдалану құқығын (қатысу үлесін) «Қазына» нақты даму қоры» акционерлік қоғамына берген заңды тұлғаларға қолданылмайды.
28. Ұйымның кассасында күн аяғында қалған ақшаның мөлшері Ұйымның жекеменшік активтерінің он процентінен аспауы тиіс.
Екінші деңгейдегі бір банктегі (өз араларында аффилиирленген тұлғалар болып табылатын екі және одан көп екінші деңгейдегі банктердегі) ұйымның ағымдағы шоттарындағы ақшаның барынша жоғары қалдығы ұйымның меншікті активтері мөлшерінің он процентінен аспауы тиіс.
29. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 225 қаулысымен белгілеген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібіне сәйкес Ұйымдардың инвестициясының жиынтық мөлшеріне қойылған шектеулер Ұйымдар бағалы қағаздарды алуға болатын халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
30. Ұйым өзіне байланысты емес себепке байланысты банктің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келсе, онда оған осы факті белгілі болған сәттен бастап алпыс күн ішінде өзінің қызметін осы Нұсқаулықтың 23 және 26-тармақтарына сәйкес келтіруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |