Зейнетақы және зейнетақыға шығу туралы 2013 жылғы 3 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі38 Kb.
#22526
Зейнетақы және зейнетақыға шығу туралы
2013 жылғы 3 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін әйелдерге тағайындау:


2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

Зейнетақы жасының өсуі 1 қаңтар 1960 жылы туған әйелдерді шарпиды, ал 63 жаста 1 қаңтар 1964 жылдан бастап туылған әйелдер зейнетақыға кететін болады.


2. Төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгі кезеңде кемiнде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
ерлердің – жалпы жұмыс өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда;
әйелдердің – жалпы жұмыс өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар.

3. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақыға құқығы бар.

Зейнетақыны тағайындауға өтiнiш беру тәртiбi туралы айта кететін болсақ,   Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау үшiн зейнетақыны алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың бөлiмшесiне қажеттi құжаттарды және олардың көшiрмелерiн қоса ұсынады.      Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшiн өтiнiштi және қажеттi құжаттарды басқа адамдардың ұсынуы зейнетақыны немесе жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариалды расталған сенiмхаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған адамдарға зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшiн өтiнiштi және қажеттi құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары ұсынады.

  . Өтінішке қоса қажеттілігіне қарай мынадай құжаттары беріледі:


      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруына ыхтиярхат, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі);
      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);
      3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың не түзеу мекемесінің бақылау шотының нөмiрi туралы мәлiметтер.
      2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстағы үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы ұйымның (кәсіпорынның) анықтамасы ұсынылады.
      Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда табыс туралы мәліметтер көрсетілген мұрағат анықтамасы ұсынылады.
      Ұйымның (кәсіпорынның) орташа айлық табыс туралы анықтамасын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін алынатын орташа айлық табыстың мөлшері, жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді;
      2) зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның еңбек өтілін растау үшiн, олардың бар-жоғына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
      еңбек кiтапшасы;
      бiлiмi туралы құжат;
      әскери билет немесе қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің анықтамасы;
      балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтардың хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбасы немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) мен балалардың мынадай құжаттарының біреуі:
      жеке куәлік;
      неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы анықтама жазбадан үзінді көшірме);
      орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
      арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом немесе оқу орнынан білім алғанын растайтын анықтама;
      балалардың тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;
      балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтардың хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазбасы немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
      1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жұмыс кезеңiнде сақтандыру жарналарының Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына төленгенi туралы салық органының анықтамасы сәйкес (өтілді есепке алу кезiнде);
      ақталуы туралы анықтама;
      әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
      бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке, бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, атом сынақтарының, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен немесе адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған не ЖИТС-пен ауыратын 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
      1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлде аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн растайтын құжат;
      егер еңбек қызметi туралы жазбалар еңбек кiтапшасына енгiзiлмесе немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтама;
      бұрынғы кеңестiк мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң және халықаралық ұйымдар қызметкерлерiнің – жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын анықтама;
      әскери қызметшiлердiң жұбайының (зайыбының) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтама;
      арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтама;
      неке және (немесе) некені бұзу туралы куәлік не азаматтардың хал актілерін жазу органдары берген некеге тұру және (немесе) некені бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, азаматтардың хал актілерін тіркеу туралы анықтама (тегін өзгерткен кезде).

Жамбыл облысы бойынша

еңбек, әлеуметтік қорғау және

көші-қон Комитетінің департаменті

Зейнетақымен қамсыздандыру

бөлімінің бастығы Р.Назарова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет