«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты



жүктеу 0.55 Mb.
бет1/4
Дата14.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы «26» ақпандағы

№ 140 қаулысымен

бекітілген



«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін айқындайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді бекіту туралы» 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 және «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн – халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулылары негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет 1, 2-қосымшаларға сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі – білім бөлімдері), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталықтар) арқылы көрсетіледі.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 4-қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтарын алуға анықтамалар, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаға тиесілі мүлікпен әрекетті жүзеге асыруға анықтама-келісім беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:

білім бөліміне өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 40 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен құжаттарды тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы Стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген білім бөлімдері мен орталықтардың фойесінде, сондай-ақ көрсетілген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналасады.

10. Мемлекеттік қызмет:

білім бөлімдеріне өтініш білдірген кезде:

1) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі;

2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) жексенбі күнін қоспағанда, аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. Филиалдар мен өкілдіктер үшін жұмыс кестесі түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленеді.

2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты тұратын жері бойынша білім бөлімдерінің және Орталықтың ғимараттарында көрсетіледі. Білім бөлімдерінің және Орталықтың ғимараттарында тұтынушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдай жасалған. Күту залдары толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділермен жарақталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес кәмелетке толмаған баланың екі ата-анасының (ерлі-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер) өтініші;

ерлі-зайыптылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер) жеке куәліктерінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;

неке қию туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

басқа да құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері (некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы куәлік, бала некеден тыс туылған жағдайда № 4 нысан бойынша анықтама); 

заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан);

егер анықтама ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда, машинаға құжаттың (техпаспорт) түпнұсқасы мен көшірмесі.

Ескертпе: салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, олар кейін тұтынушыға қайтарылады.

13. Өтініш бланкілері білім бөлімінің үй-жайында үстелдерде орналасады не білім бөлімдерінің мамандарында болады.

Орталықта өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналасады.

14. Құжаттарды қабылдау:

1) білім бөліміне өтініш білдірген кезде – білім бөлімі мамандарының кабинеттерінде;

2) орталыққа өтініш білдірген кезде «терезелер» арқылы қабылданады, онда «терезелердің» белгіленуі мен орындайтын функциялары туралы ақпарат, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасау мен білім бөліміне жөнелтуді жүзеге асырады.

Білім бөлімінің маманы орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін құжаттардың толықтығын осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама дайындайды және тұтынушыға беру үшін орталыққа жолдайды.

Орталық тиісті уәкілетті органға құжаттары қоса берілетін өтініштерді жөнелтуді және кері жеткізуді курьерлік байланыс арқылы аталған өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырады.

Орындалған (дайын) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын уәкілетті органнан Орталыққа түсуі тиіс.

15. Қабылдау кезінде тұтынушыға:

1) білім бөліміне өтініш білдірген кезде – барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат;

2) орталыққа өтініш білдірген кезде – мыналарды көрсетіп, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күн;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды берген күн (уақыт) мен орын;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.

16. Тұтынушыға дайын құжаттарды беру:

1) білім бөліміне өтініш білдірген кезде қабылданған құжаттар негізінде білім бөлімінің балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі маманы белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырады.

Анықтама тұтынушының өзі барғанда беріледі.

Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде бармаған жағдайда білім бөлімдері дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екі ай бойы сақталуын жүзеге асырады.

2) орталыққа өтініш білдірген кезде инспектор күн сайын қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.

17. Тұтынушы осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда білім бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметті орталық арқылы жүзеге асырған кезде білім бөлімі осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған кезде немесе құжаттар толық болмаған жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бас тарту себебінің жазбаша негіздемесімен бірге оларды Орталыққа қайтарады.

Орталық құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін тұтынушыны бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және білім бөлімінің қайтару/бас тарту себебінің жазбаша негіздемесін береді.

Егер тұтынушы көрсетілген мерзімде құжаттарды алуға өтініш білдірмесе, Орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды білім бөліміне тапсырады.


3. Жұмыс қағидаттары
18. Білім бөлімі мен Орталықтың қызметі:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;

2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу;

6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалыққа салынбау;

7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;

8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;

9) белгіленген кезеңде алынбаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

10) нақтылық және сыпайылық қағидаттарына негізделеді.


4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметтің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын білім бөлімдері басшылары қатарынан арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.




5. Шағымдану тәртібі
21. Шағымдар ауызша және/немесе жазбаша нысанда почта арқылы, немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері білім бөлімінің және Орталықтың кеңсесі арқылы қабылданады.

22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым 1, 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін орынның білім бөлімі бастығының атына немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне, қызмет Орталық арқылы көрсетілген жағдайда Орталық директорының атына беріледі.

23. Қабылданған шағым тұтынушының тұрғылықты жері бойынша білім бөлімінің немесе Орталықтың шағымдар мен өтініштерді есепке алу журналына тіркеледі және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі, есепке алынуы және қаралуы тиіс.



6. Байланыс ақпараты
24. Білім бөлімі басшысының, Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесі осы Стандарттың 10-тармағында көзделген білім бөлімінің және Орталықтың жұмыс кестесіне және осы Стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес анықталады.

25. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде 010000, Астана қ. «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 939-каб. мекенжайынан, сондай-ақ комитеттің сайтынан: www.bala-kkk.kz ала алады.


_________________________

«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің

аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

1-қосымша




Р/с№

Бөлімдердің атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Ақмола облысы

1


«Ақкөл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов к-сі, 81

8(716)38-210-48


2

«Аршалы ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауылы, Тәшенов к-сі, 47


8 (716)44-213-76

3

«Астрахан ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауылы, Әл-Фараби к-сі, 50

8(716)41-225-34


4

«Атбасар ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атбасар қаласы, Уәлиханов к-сі, 11

8(716)43-242-72


5

«Бұланды ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Макинск қаласы, Некрасов к-сі, 19

8(716)46-213-87


6

«Егіндікөл ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауылы, Жеңіс к-сі, н/ж

8(716)42-213-51


7

«Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степняк қаласы, Ленин к-сі, 68

8(71639)2-16-20


8

«Ерейментау ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ерейментау қаласы, Әл-Фараби к-сі, 10

8(716)33-216-64


9

«Есіл ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы, Дружба к-сі, 1

8(716)47-214-86, 215-69

10

«Жақсы ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Жақсы ауылы, Дружба к-сі, 3

8(716)35-217-04


1

2

3

4

11

«Жарқайың ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Державинск қаласы, Ленин к-сі, 30

8(716)48- 929-43


12

«Зеренді ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауылы, Ленин к-сі, 43

8(716)32-226-02


13


«Қорғалжын ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев к-сі, 14

8(716)37-221-98


14

«Сандықтау ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балкашино ауылы, Ленин к-сі, 120

8(716)40-917-01


15

«Целиноград ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақмола ауылы, Гагарин к-сі, 15

8(716)51-312-06,  311-33

16

«Шортанды ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауылы, Абылай хан к-сі, 2

8(716)31-215-04, 211-44

17

«Щучье ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Щучинск қаласы, Абылай хан к-сі, 3

8(716)36-458-88


18

«Степногор қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степногор қаласы, 4-шағын ауданы, 1

8(716)45-619-09

19

«Көкшетау қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Құдайбердиев к-сі, 57

8(716)2-401-364


Ақтөбе облысы


20

«Алға ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алға қаласы, 4-шағын ауданы, 7 «а»

8(713)37-318-76, 333-46, 541-95

21

«Әйтеке би ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов к-сі, 52

8(713)39-215-35, 216-80

22

«Байғанин ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауылы, Қонаев к-сі, 36

8(713)45-225-56, 228-50

23

«Ырғыз ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан д-лы, 52


8(713)43-213-77, 215-63

1

2

3

4

24

«Қарғалы ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бадамша ауылы, Цыбульчик к-сі, 2

8(713)42-215-33, 230-02

25

«Қобда ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қобда ауылы, Достық к-сі, 53

8(713)41-215-33, 214-39

26

«Мәртөк ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауылы, Сейфуллин к-сі, 36

8(713)31-216-33, 215-49

27

«Мұғалжар ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қандыағаш ауылы Гагарин к-сі, 6

8(713)33-362-01, 367-22

28

«Темір ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шұбарқұдық ауылы, Кереев к-сі, 4

8(713)46-227-48, 227-84

29

«Ойыл ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Жолмырзаев к-сі, 3

8(713)32-217-44, 217-32

30

«Хромтау ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Хромтау қаласы, Спортивный тасжолы, 2

8(713)36-216-51, 216-52

31

«Шалқар ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шалқар қаласы, Көтібарұлы к-сі, 84

8(713)35-213-36, 231-93

32

«Ақтөбе қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сі, 2

8(713)22-116-05, 211-580

Алматы облысы


33

«Алакөл ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үшарал қаласы, Қонаев к-сі, 50

8(728)33-210-33, 225-64

34

«Ақсу ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жансүгір кенті, Желтоқсан к-сі, 5

8(728)32-215-80, 222-90

35

«Балқаш ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бақанас ауылы, Қонаев к-сі, 72

8(728)73-913-70, 918-53

36

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есік қаласы, Алматы к-сі, 312

8(728)75-453-57, 415-50

37

«Ескелді ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Қарабұлақ ауылы, Оразбеков к-сі, 31

8(728)36-312-00, 307-74

1

2

3

4

38

«Жамбыл ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзын ағаш ауылы, Мәжитов к-сі, 4

8(728)70-228-51, 233-48

39

«Іле ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өтеген батыр кенті, Титов к-сі, 33

8(728)52-235-05, 236-94

40

«Қаратал ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үштөбе қаласы, Молдағұлова к-сі, 67

8(728)34-215-36, 213-82

41

«Қарасай ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаскелең қаласы, Қабанбай батыр к-сі, н/ж

8(728)71-210-80, 220-37

42

«Кербұлақ ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыөзек кенті, Тимирязев к-сі, 1

8(728)40-320-68, 314-34

43

«Көксу ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балпық би кенті, Мырзабеков к-сі, 38

8(728)38-217-61, 202-95

44

«Панфилов ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаркент қаласы, Розыбакиев к-сі, 22

8(728)31-507-69, 517-75

45

«Райымбек ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы, Момышұлы к-сі, 19

8(728)77-212-52, 214-50

46

«Сарқант ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарқант қаласы, Тынышбаев к-сі, 8

8(728)39-227-39, 213-04

47

«Талғар ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талғар қаласы, Қонаев к-сі, 65

8(728)74-225-214-00, 236-89

48

«Ұйғыр ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шонжы ауылы, Ысмайылов к-сі, 70

8(728)78-228-25, 217-04

49

«Қапшағай қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы, Жамбыл к-сі, 13

8(728)72-422-65, 411-76

50

«Текелі қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы, Абылай хан к-сі, 34

8(728)72-425-24, 447-70

51

«Талдықорған қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 256

8(728)2-271-000, 270-708

Атырау облысы

52

«Атырау қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Азаттылық д-лы, 65 «а»

8(712)2-354-847, 328-209

1

2

3

4

53

«Жылыой ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құлсары қаласы, Әбдірахманов к-сі, 47

8(712)37-214-85

54

«Индер ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Индер ауылы, Қонаев к-сі, 18

8(712)34210-50

55

«Махамбет ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Махамбет ауылы

8(712)36-210-21

56

«Исатай ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан к-сі, 7

8(712)31-204-57

57

«Мақат ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мақат кенті, Орталық алаң, 2

8(712)39-300-13

58

«Құрманғазы ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ганюшкино ауылы, Күшікбаев ауылы, 25

8(712)33-204-99

59

«Қызылқоға ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Миялы ауылы, Қарабалин к-сі

8(712)38-211-75

Шығыс Қазақстан облысы


60

«Абай ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарауыл ауылы, Кұтжанов к-сі, 1

8(722)52-918-17

61

«Аягөз ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Аягөз қаласы,

Момышұлы к-сі, 58



8(722)37-315-34

62

«Бесқарағай ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Большая Владими-ровка ауылы, Сейфуллин к-сі, 162

8(722)36-914-44

63

«Бородулиха ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бородулиха ауылы, Түсіпжанов к-сі, 39

8(722)51-291-77

64

«Глубокое ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Глубокое кенті, Пирогов к-сі, 6

8(722)31-215-33

65

«Жарма ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Георгиевка ауылы, Ленин к-сі, 101

8(722)47-619-74

66

«Зайсан ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зайсан қаласы, Жангельдин к-сі, 54

8(722)40-217-88

67

«Зырян ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зырян қаласы, Киров к-сі, 54

8(722)35-400-69

1

2

3

4

68

«Қатонқарағай ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үлкен Нарым ауылы, Абылай хан к-сі, 109

8(722)41-214-40

69

«Көкпекті ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкпекті ауылы, Раев к-сі, 44

8(722)48-273-11

70

«Курчатов қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Курчатов қаласы, Ленин к-сі, 10

8(722)51-257-45

71

«Күршім ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Күршім ауылы, Момышұлы к-сі, 85

8(722)39-331-43

72

«Риддер қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Риддер қаласы, Семей к-сі, 10

8(722)36-424-98

73

«Семей қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы, Интернациональная к-сі, 8

8(722)2-522-540

74

«Тарбағатай ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсуат ауылы, Абылай хан к-сі, 14

8(722)46-220-16

75

«Ұлан ауданы әкімдігінің Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Молодежный кенті, 1

8(722)38-273-45
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет