Зейнетақы төлемдері



Дата24.02.2016
өлшемі23.66 Kb.
#16272
Зейнетақы төлемдері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.12.2012жылғы № 1676 «2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы» қаулысына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан жасына байланысты зейнетақы алушы азаматтардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға өсті.

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға өсті.

Қазақстан Республикасының 23.11.2012жылғы № 54-V «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарынан төменгі мөлшерлерде белгіленді:



Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1731 теңге,

Ең төменгі зейнетақы мөлшері - 19066 теңге,

Ең төменгі күн-көріс деңгейі (ЕТККД) - 18660 теңге,

Базалық зейнетақы төлемі - 9330 тенге (ЕТККД –нің 50 пайызы),

Ең төменгі еңбекақының мөлшері - 18660 теңге.

2013 жылы тағайындалатын зейнетақыны есептеу үшін алынатын ең жоғары табыстың мөлшері 67509 теңгені құрайтын болады (39 АЕК).

2013 жылы тағайындалатын зейнетақының ең жоғары мөлшері 50 632 теңгені құрайтын болады (39 АЕК-тің 75 %).

Заңның 9 бабына сәйкес:



  • Базалық зейнетақылық төлемнің мөлшері ең төменгі күн-көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейді (ЕТККД –нің 50 пайызы);

  • Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күн-көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейді немесе орташа есеппен 7 %-ға өсті;

  • №1 тізім және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты көбейді немесе орташа есеппен 7 %-ға өсті;

  • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерінің 7%-ға өсуін қамтамасыз ету мақсатында жәрдемақылардың мөлшері 1763 теңге сомасындағы айлық есептіш көрсеткіш мөлшері бойынша есептелді.

  • Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге төленетін ай сайынғы жәрдемақының мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінің өсуіне байланысты көбейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы» қаулысына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтары қарсаңына еңбек ету қабiлетiнен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем алушы болып табылатын алушылардың төлемдері 16%-ға өсті.

Қазақстан Республикасының 23.11.2012жылғы № 54-V «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарынан МӘСҚ-нан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда   төленетiн ең төменгі мөлшерде әлеуметтiк төлем алушы алушылардың төлемдерінің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты көбейді.



ЗТМО Шемонаиха аудандық

бөлімшесінің бастығы Л.А. Литовкина

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет