Зеренді. 2011. №24. 1 сәуір



жүктеу 54.87 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі54.87 Kb.
Зеренді.- 2011.- №24.- 1 сәуір

Азат Б.


Желмен жарысқан жүйріктер

немесе спортшыларға көмек қажет

Жуырда Зеренді ауданы әкімінің кубогына арналған шаңғышылар арасында екі күндік марафон өткізілді. Оған зеренділіктермен қатар Щучье, Сандықтау, Көкшөтау, Астанадан шаңғышылар қатысты. Шаңғышылардың марафоны нағыз қызған кезде бір топ шетелдің кісілері жақындап келіп, қызықтап тұрды. Бұрын соңды шетелдіктерді Зерендіде мұндай жақын жерден кездестірмеген спортшылар оларға жақын барып, бірін-бірі қызықтады. Бір сәт спорт алаңы суретке түсіру майданына айналып кетті, шетелдіктер спортшыларды суретке алса, ал біздікілер шетелдік қонақтарды ұялы телефондарына суретке түсіріп әуре. Қызық соңынан болды, шетелдіктердің киіміне қарап, Үндістанның азаматтары екенін пайымдаған оператор жігіт үнді әуенін қосқанда, қонақтардың делебесі қозып, ортаға шығып билеп кетті. Біздің таза ауада дем алып, көңіл-күйлері көтеріліп тұрған жерлестеріміз оларға ілесіп билеп кетті. Сөйтіп, сарапшылар орынды анықтап, жүлдегерлерді белгілегенше, қонақтар көңілімізді көтерді.

Біз қарап тұрмай, оларды ертіп жұрген біздің жерлестерімізден мән жайды білейік деп, қастарына жақындадық. Индиядан келген өкіл аудармашы арқылы бізге берген ақпаратына қарағанда: «Астана қаласының, Еуразия ұлттық универси­теті мен Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті осы ұлттық ка­деттік корпус арасында Қазақстан мен Индияның аралығында кадеттерді дайындау, кадеттердің біліктілігін көтеру мақсатында біздің екі мемлекеттің екі университеті арасында келісім-шарт түзген. Сол келісім-шарт бойынша студенттердің алмасып оқуы бойынша келгенбіз»,-деген сөзін аударып тұрған Еуразия университетінің мұғалімі одан әрі сөзін жалғастырып: - Бұл кісілер 13 наурызда келген 26 наурызда кетеді. Сол жоспар бойынша Университетте ректормен кездесу болды. Әскери кафедраның курсанттарымен кездесу болды. Біраз кала­ны аралап көрдік. Енді 4 күнге Зеренді Бурабайға келген себебіміз, өзіміз айтқандай кішкентай Швейцария ретінде қонақтарымыз дем алып, табиғатты тамашаласын дедік, қарды өмірлерінде бірінші рет көріп жатыр. Шаңғыда бірінші рет тұрды Щучьеде, енді Зерендіде бір күн болып кетеміз,-деді.

Осы кезде микрофонның үні біздің сезімізді беліп, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Хаси Жуасов марафон қатысушыларын марапаттау рәсімі басталатынын хабарлады.

Сонымен, 1995 - 1996 жылғы жасөспірімдер арасында 10 км. қашықтықтан басқалардан оқ бойы озып келіп, 26:21 уақытпен Щучье қаласының спортшысы Дмитрий Коломеец бірінші орын­ды жеңіп алды. Осы қашықтықта қыздар арасында 31:10 уақытпен Сандықтау ауданынан Люд­мила Науменко жеңіске жетті. Екінші 31:30 уақытымен Зеренді ауданынан Алила Карымсакова, ұшінші 32:00 уақытымен Эльмира Мутагарова мәреге жетті.

1997-1998 жылғы жастар арасында 5 км. қашықтықтан 14:47 уақытта Сандыктау ауданының спортшысы Еремин Ро­ман бірінші орын, 15:02 уақытта Зеренді ауданынан Юриков Ва­дим екінші келді, ал қыздар ара­сында осы қашықтықта 15:40 уақытпен шортандылық Тюленева Валерия қатарларынан озды.

1999-2000 жастар арасында 5 км қашықтықтан 17:08 уақытта Зеренді ауданынан Дален Әлібеков, ал қыздар арасын­да Зеренді ауданының үш бірдей спортшысы, 21:15 уақытта Оля Шифнер, 28:10 уақытта Юлия Алимова 28:20 уақытта Айжан Садықова мәреге жетіп, жулдені қолдан бермеді.

Көпшілікпен жүгіруден (ерлер) арасында бірінші болып, мәреге 30:10 уақытта шортандылық Б. Мурзагельдин, 31:56 уақытта көкшетаулық Владимир Белов, 33:25 уақытта Зеренді ауданынан Валера Нихаенко, ал қыздар арасында 38:20 уақытта зеренділік Оксана Фидченко, 45:53 уақытта Любовь Давыденко мәре сызығынан өтті.

1993-1994 жыпғы жастар арасында 15км қашықтықтан 39:30 уақытымен Щучье қаласынан Алексей Скороход озыл шықса, ал сол жылғы қыздар арасында 10км қашықтықта 34:15 уақытпен зеренділік Майра Қарымсақова озды.

20 км қашықтыққа жүгірген 1991 жылғы қыздар және одан үлкен қыздар және әйелдер арасында 1:07:53 уақытта Щучье қаласынан Злата Кротова бірінші, 1:12:11уақытта Зеренді селосынан Валентина Касьяноаа екінші болып мәреге жетті.

1991 жылғы және одан үлкен ерлер арасында 30км қашықтықтан 1:26:15 уақытта Щучье қаласынан Ринат Зайнулин мәреге бірінші келді.

Спорт және дене шынықтыру бөлімі, Зеренді аудан әкімі XXIII зеренді шаңғы марафонының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мактау қағаздарымен марапаттады және спорттық киімдерін естелік сыйлыкка тарту етті. Казақстан шаңғышыларынын қызығушылар Одағының президенті Валерий Шаров сайыс қатысушыларына өзінің кітабын сыйлады. Сайысқа қатысқан ең үлкен шаңғышы щучьелік Н. Айбасов пен ең кішкентай шанғышы зеренділік Петр Светличный да ерекше аталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Көп жылдан бері талай жарысқа қатысып жүрген спортшы Н.Айбасов марафонның өткізілуіне үлкен баға беріп, аудан әкімдігіне, ұйымдастырушыларға өзінің шексіз ризашылығын білдірді.

І-ші орынныц иегері, Зеренді қазақ орта мектебінің оқушысы Дален Әлібековтың анасын сөзге тартыл, жеңісімен құттықтадық. 1-ші сыныптан бері қатысып келе жатқан Даленмен бірге анасы Нұргүл де 4 жыл бойы онымен бірге жарыстарға бірге баратынын айтты.

- Кешеден бері өтіп жатқан марафон ұйымдасқан түрде өте жаксы өтті. Біріншіден Зерендінің тарихында мұнша бала жиналғанын өзім бұрын көрген емеспін, кеше 200 бала қатысты. Қиындыққа карамай, балаларды жаттықтыру үшін барлық жағдайды жасап жүрген жаттықтырушыларына алғысымды білдіремін. Ата-ана ретінде мен әуелі ауданымызда осындай жетістіктерге жетіп жүрген балалар үшін база керек дер едім, олардың шынығатын тренажер залы болса, терлеп шыққанда жуынатын душ болса құба-құп болар еді. Жаттығудан терлеп шығып, киінемін дегенше балалардың денелері тоңып, тітіркенеді. Жаттықтырушылары Михаил Петров, Сыздықкерей Қаскеев, Василий Самойленко бүгінгі бар мүмкіндіктерімен жаттықтырып жүр,-дейді Нұргүл



- Біздің ауданнан облыс бойынша көшбасшы болып саналатын Майра Карымсақова, Лейла Қарымсакова, Эльвира Мутагарова, Вадим Юриков, Дален Әлібеков сынды шаңғышылар баршылық. Облыстық рейтингке ілінген бұл спортшылар Республикалық деңгейдегі жеңімпаздар, біздің мақтанышымыз. Бұлар Зеренді ауданының жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің бүгінгі алтын қоры. Ал Оля Шифнер, Олеся Самой­ленко, Эльвира Сабыржанова осы жеңімпаздарымыздың сонынан өкшелеп келе жатқан жеткіншектер. Оларға қоса жас буыннан да ізбасарлар өсіп келеді. Өкінішке орай, ұл балалар аз көрінеді. Облыс көлемінде Көкшетау, Бурабай, Сандықтау қалаларымен бір деңгейде биіктен көрініп, келе жатқан Зеренді ауданы көшбасшылар қатарында келеді. Біз спорттың негізін құрдық, жеңімпаздарымыз баршылық, соларды енді сайыстарға қатыстыруымыз керек. Не шақты сайысқа көп қатыссақ, соншалық жеңіске жетеміз. Алыс жолдарға бару үшін, балалардың өздерінен жүгі көп, үлкен сайыстарға қатысу үшін оларға кемінде екі пар шаңғы керек, киімдері, жүктері өте ауыр, сондықтан да спорт мектебіне автобус керек-ақ, дейді спорт мектебінің оқу істерінің меңгерушісі Бейсембай Әбдірахманов.

Сөз соңында айтарымыз, жетістіктері мен жеңістері жеткілікті жастарымыздың жағдайы жасалса, Зеренді жерінен Әлем чемпионатына қатысатын жерлестеріміздің талайы шығарына сеніміміз мол!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет