Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Зертханаларда вирустармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#124617
1   2   3   4   5

5. Зертханаларда вирустармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікке
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      98. Зертхананың жұқпалы аймағы бокстарында (немесе БҚБ-да) мыналар жүргізіледі:


      1) жұқтыру және жануарларды сойып ашу;
      2) инфекция жұқтырған жануарларды күтіп-ұстау;
      3) центрифугалау, кептіру, дезинтеграциялау, аэрозол түзуі ықтимал басқа да операциялар;
      4) жасушалар және тауық эмбриондары өсірінділерін жұқтыру;
      5) жүзгіндер дайындау;
      6) лиофилизацияланған ПБА-мен жұмыс істеу;
      7) коллекциялық штаммдарды жүргізу бойынша жұмыс.
      99. Тірі вирустармен серологиялық зерттеу, бастапқы және қайта егілетін тіндер өсірінділерінің сан алуан жүйелерін дайындау, клиникалық материалдарды бастапқы өңдеу БҚБ-да жүргізілуі тиіс.
      100. БҚБ-да жұмыс істеген кезде мақта-матадан тігілген пижамалар, стерилді халаттар, орамалдар, бетперделер киілуі тиіс. Жасушалық жүйелерді культивациялау және жұқпалы материалмен жұмыс істеу резеңке қолғаппен орындалуы тиіс.
      101. ПБА бар ыдыстар дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған қабатталған салфеткамен жабылған дезинфекциялық табаққа немесе астауға орналастырылады.
      102. Адамдардың қан сарысуларын антигендердің болуына зерттеу немесе патогендігі ІІ топтағы қоздырғышқа антиденелерді анықтау кезінде мынадай шарттар сақталуы тиіс:
      1) жұмыс жеке үй-жайларда (бөлмеде, бокста) жүргізіледі;
      2) инфекциялық емес (құрамында тірі қоздырғыштар жоқ) антигендерді (диагностикумдарды) қолдану;
      3) центрифугалау арқылы қанның сарысуын бөлу бокста немесе БҚБ-да жүргізіледі.
      103. Патогендігі І-ІІ топтағы вирустармен жұмыс арнайы арналған барлық зерттеулер өзара қатынасатын БҚБ жүйесінде жүргізілетін зертханаларда жүргізілуі тиіс. Жұқпалы аймақтардың үй-жайларында есіктері автоматты түрде жабылатын өтпелі автоклав орнатылуы тиіс.
      104. Жұқпалы аймаққа кіру жуынатын себезгісі немесе шлюзі бар санитариялық өткізгіш арқылы жүзеге асырылады, ол жерде қорғаныш киімдері киіледі. Шлюзде жұмыс істеген уақытта бактерицидті шам қосылуы тиіс.
      105. Шлюздерге кіретін есіктер өздігінен жабылатын болуы және құлыптармен қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмыс уақытында жұқпалы аймақтағы үй-жайлардың есіктері жабық болуы тиіс. Бұл уақытта вирусологиялық боксқа кіруге және шығуға жол берілмейді. Басқа үй-жайлармен байланыс жасау үшін телефон немесе сөйлесу құрылғылары қолданылады.
      106. Биологиялық материалдарды сақтау тұмшаланған, төменгі температураға төзімді, сынбайтын контейнерлерде жүзеге асырылуы тиіс, олар температурасы төмен шкафтарға немесе сұйық азот құйылған ыдыстарға орналастырылады.
      107. Биологиялық материалды технологиялық желілер, сақтау қоймасы аралығында тасымалдау тұмшаланып жабылатын, ылғал өтпейтін, залалсыздандырылатын контейнерлерде жүргізілуі тиіс.
      108. Вирусологиялық зертхананың барлық қалдықтары, пайдаланылған жуынатын себезгі сулары залалсыздандырылуы тиіс.
      109. Жұмыс кезінде персонал 2 типті обаға қарсы костюмді қолданады, тауық эмбриондарын, жануарларды, экопаразиттерді жұқтыруды, биологиялық материалды центрифугалау және вакуумдық кептіруді 1 типті қорғаныш костюмімен жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін гигиеналық себезгі қабылдайды.

6. Зертханада терең микоздар қоздырғыштарымен жұмыс кезіндегі
қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      110. Мицелиалды фазадағы өсірінділермен әрекет жасау, грибоктардың өміршеңдігінің барлық фазаларын зерделеу БҚБ-да жүргізілуі тиіс.


      111. Егер жұмыс кезінде бокста ауаны сору тоқтап қалса, онда жұмыс та бірден тоқтатылады. Аптасына кемінде бір рет бокстың ауасына бактериологиялық зерттеу, сүзгіштің жұмысына айына бір рет бақылау жүргізіледі.
      112. Мицелиалды фазадағы өсірінділерді егу бокстарда физиологиялық ерітіндімен немесе сорпамен түтікке және матрасқа алдын ала енгізгеннен кейін жүргізіледі. Өсірінділер шайындысы барысында сұйықтықты матрасқа ұзын инесі бар шприцпен түтік арқылы енгізеді. Өсірінділерді металл сыйымдылықтарда инкубациялайды.
      113. Грибоктардың мицелиалды фазасымен жұмыс істеу кезінде агар пластинкаларын себінділерімен 5 тәуліктен аспайтын уақытқа (спора пайда болғанға дейін) термостатта ұстайды, себінділері бар матрастарды, түтіктерді бокстан тыс жерде ашпайды. Бокстарда себінділерді қарау 4 типті костюммен, мақта-дәке бетпердесін киіп жүргізеді. Грибоктардың ашытқы фазасымен жұмысты бокста бетпердемен 3 типті костюммен, серологиялық зерттеуді – 4 типті костюммен жүргізеді.
      114. Грибок жүзгіндерінің жасушалық элементтерін есептеу алдында автоклавтайды немесе 10% дейінгі формалинді қосады және термостатта 37оС температурада 2 сағат ұстайды.
      115. Антигендерді, вакциналарды алу мақсатында өсірілген грибоктарды 30 минут бойы 0,5 атмосфера жағдайында немесе формалинді ақырғы шоғырлануына дейін 0,5% қоса отырып, автоклавтау арқылы залалсыздандырады.

7. Зертханаларда паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен
жұмыс кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      116. Ішінде стробила, онкосфера, жұмыртқалар, құрттар, ересек гельминттер мен ішек қарапайымдылары болуы ықтимал материал тығыз жабылатын қақпағы бар шыны немесе пластикалық ыдыста жеткізілуі тиіс.


      117. Гельминттердің, ішек қарапайымдыларының және қан паразиттерінің болуына зерттеуді және дайындауды ауа шығару шкафында жүргізеді. Байыту әдістерін қолдану арқылы зерттеуге арналған зертханалық ыдыс кюветте орнатылады. Зерттеу үшін дайындалған препараттар арнайы подностарға қойылып, жағындылар бар заттық шынылардың астына көлемі үлкен шыныларды салады.
      118. Зерттелетін материалмен, ыдыспен, жабдықпен жасалатын барлық әрекеттер резеңке қолғаппен жүргізіледі.
      119. Пайдаланылған тамшуырлар, түтіктер, капиллярлар, заттық және жабынды шынылар дезинфекциялануы тиіс.
      120. Гельминттерді жұқтыруы ықтимал материал жеке тоңазытқышта сақталуы тиіс, ол жұмыс күнінің соңында сүргіленеді.

8. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен жүргізілетін
жұмысқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      121. Меншік нысанына қарамастан зертхананың патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жүргізілетін жұмысқа осы санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі тиісті комиссияның рұқсаты болуы тиіс.


      122. Биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – режімдік комиссия) туралы ережені және орталық режімдік комиссияның құрамын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. P08000078.
      123. Патогендігі І-ІV топтағы микроорганизмдердің сыныптамасы осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
      124. Рұқсат мынадай микроорганизмдермен:
      1) патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдеріне және гельминттерге: ғылыми-зерттеу институттарына (Ғылыми орталық), республикалық ауруханалық ұйымдарға, облыстық, қалалық (Астана, Алматы) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарына, обаға қарсы күрес станцияларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар басқа ведомстволардың мекемелеріне – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының орталық режімдік комиссиясы (ОРК);
      2) патогендігі І-ІІ топтағы микроорганизмдермен: эпидемияға қарсы жасақтардың зертханаларына – тиісті обаға қарсы станция;
      3) патогендігі ІІI-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен: қалалар мен аудандардың аумақтарында орналасқан зертханаларға – облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы жанындағы тиісті режімдік комиссия ғылыми-зерттеу, тәжірибелік, өндірістік, далалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізуге беріледі.
      125. Режімдік комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының мамандары енеді. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс жүргізуге рұқсат 5 жылға мынаның негізінде беріледі:
      1) үй-жайлардың тағайындалуы көрсетілген зертхананың схемасы және таза, жұқпалы ағындар қозғалысының схемасы қоса берілген зертхананы оның бейініне сәйкес режімдік комиссия мамандарының тексеру актісі;
      2) ұйым (орталық, зертхана) басшысының өтініші;
      3) орындалатын зерттеулер номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіби дайындығы көрсетілген түсіндірме жазба;
      4) зертхананың бейініне сәйкес ОРК сарапшыларының қорытындысы.
      126. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдер мен гельминттердің қоздырғыштарын жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізуге берілетін рұқсаттың шарттары мыналар болып табылады:
      1) мамандардың жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтуі;
      2) профилактикалық егулер алуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесі бойынша, сондай-ақ егулер жүргізу ережелеріне және жоспарлы егуге жататын халықтың топтарына сәйкес).
      127. Патогендігі І-ІІ топтағы қоздырғыштарды жұқтырған немесе оларды жұқтыруы ықтимал биологиялық материалмен жұмыс істеуге берілетін рұқсаттың шарттары мыналар болып табылады:
      1) қызметкерлердің эпидемиология, бактериология, вирусология, паразитология және аса қауіпті инфекциялар бойынша маманданудан өтуі;
      2) патогендігі І-ІІ топтағы қоздырғыштарды жұқтырған немесе оларды жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік техникасын білуіне, ұйым басшысының бұйрығымен ресімделген мерзімдік (екі жылда бір реттен жиі емес) аттестаттаудан өтуі.
      128. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің үй-жайларға тұрақты баруына зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша олар арнайы нұсқамадан өткеннен кейін ұйым басшысының өкімімен рұқсат беріледі.
      Олар келген кезде зертханада жұқпалы немесе жұқтыруға күдікті материалмен жұмыс тоқтатылады. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің үй-жайларды аралауы зертхана қызметкерінің біреуі ілесе жүруімен жүзеге асырылады және арнайы журналда еркін нысанда тіркеледі.

9. Химиялық заттармен және улармен жұмыс жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      129. Зертханаларда арнайы (зақымдалмаған) химиялық ыдыстар пайдаланылады. Химиялық ыдыстар таза және құрғақ күйінде пайдаланылады. Суда ерімейтін органикалық заттар ыдыстан органикалық еріткіштермен кетіріледі.


      Ыдыстарды химиялық әдістермен тазарту үшін хромдық қоспа, күкірт қышқылы және сілтілердің ерітінділері қолданылады. Ыдыстар мұқият тазартылғаннан және жуылғаннан кейін арнайы кептіргіш шкафтарда кептіріледі.
      130. Шыны материалдарынан жасалған аспаптарды жинау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай талаптар сақталады:
      1) диаметрі үлкен емес шыны түтікшелер шыны кесуге арналған арамен кескеннен кейін сынады;
      2) шыны түтікшелердің ұштарын жинауды жеңілдету үшін олар балқытылады және сумен немесе глицеринмен ылғалдандырылады;
      3) шыны ыдыстармен жұмыс істеу барысында жарақат алғанда (кесіп алғанда) жараны шынының сынықтарынан тазартады, түскен химиялық затты бейтараптандырады немесе теріден тиісті ертіндімен немесе суға батырылған тампонмен сіңіріп алынады.
      131. Жабдықтарда жұмыс кезінде мынадай талаптар сақталады:
      1) жинақталған аспапты оның жарамдылығын алдын ала тексермей пайдалануға және жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдыруға жол берілмейді;
      2) қайнау температурасы плюс 150оС жоғары заттарды айдау барысында ауамен салқындататын тоңазытқыш қолданылады;
      3) сумен салқындататын тоңазытқышпен жұмыс кезінде судағы токтың үздіксіздігі бақыланады;
      4) реакциялық қоспаны қайнатуға дейін қыздырған кезде түбі дөңгелек қабырғасы жұқа құтылар, сұйықтықтарды айдау үшін арнайы түбі дөңгелек құтылар (Вюрц, Кляйзен құтылары, екі немесе үш ауызды құтылар) қолданылады;
      5) вакуум астындағы жұмыстар үшін түбі жайпақ құтыларды, сондай-ақ плюс 100 оС жоғары температурада пайдалануға жол берілмейді;
      6) вакуум астынан сорып алу үшін қалың шыныдан жасалған Бунзен құтысы қолданылады. Шар түріндегі емес, жұқа қабырғалы ыдыстарды вакуумның астына қоюға жол берілмейді. Вакуумның астында жұмыс істеуге арналған ыдыстар алдын ала ең көп сұйылтылуға сыналады. Сынақ жүргізу алдында ыдысты темір тормен орайды;
      7) сұйықтықты түтікте немесе құтыда қыздыру кезінде құтыны арнайы ұстағышпен, оның тесігін жұмыс істейтін адамнан басқа жаққа бағыттап ұстайды;
      8) жұқа қабырғалы ыдысты тығынмен жапқан кезде тығынға жақын болатын мойнының жоғарғы бөлігінен ұстайды. Ысыған ыдысты кептелген тығынмен салқындағанға дейін жабуға жол берілмейді;
      9) тотықтарды жою темір сульфатының сулы ерітіндісімен сілкілеу арқылы жүргізіледі;
      10) көгертетін қышқылмен және оның тұздарымен, диметилсульфатпен, алмаспен, фосгенмен, хлормен, броммен, азот тотығымен, диазометанмен, күкірт сутегімен жүргізілетін жұмыс резеңке қолғаптарды және қажет болған жағдайда шаңтұтқышты қолданып ауа шығару шкафында орындалады;
      11) натрий азидімен, металлды натриймен және калиймен жұмыс кезінде сумен жанасуға жол берілмейді;
      12) металлды натриймен және калиймен реакциялар ауа немесе майлы моншаларды қолдана отырып жүргізіледі. Ерітілмеген майлы қатардағы галоидті қосылыстарды диметилсульфоксидпен, металлды натриймен және металлды калиймен қосуға жол берілмейді;
      13) эфирді, эфирлі ерітінділерді және басқа тез тұтанатын заттарды төгу ауа шығару шкафындағы арнайы шыны сауытқа жүргізіледі, одан әрі бөлек ыдысқа ауыстырылады. Оларды су құбыры раковиналарына немесе су ағызатын құйғыштарға құюға жол берілмейді.
      132. Еріткіштерді айыру (эфир, спирт, бензол, толуол) алдын ала су ағысы бар сорғыда, одан әрі майлы вакуум-сорғыны қолдану арқылы жүргізіледі. Вакуум-сорғыны қосу алдында құтының ішіндегі салқындатылады. Айырғыш құтыны вакуум-қондырғыда қыздыру аспапта сұйылтуға қол жеткізілгеннен кейін жүргізіледі.
      133. Газдық оттықтың ашық жалынында айыру кезінде құты түбінің бетін қыздыру біркелкі жүргізілуі тиіс.
      Вакуум-қондырғыда айыру және құтыны салқындатудан кейін, манометрдің шүмегі жабылады, сорғы жүйеден ажыратылады және мотор өшіріледі.
      134. Улы заттармен (органикалық және минералды қышқылдар, оттегі, азот, құрамында галоид бар қосындылар, мышьяк, фосфор және басқа да улы металлдар мен металл еместер қосындылары) жұмыстарды сақтық шараларын сақтап, оқытылған персонал жүргізеді.
      135. Зертханада қолданылатын қатты әсер ететін улы заттарды (бұдан әрі – ҚӘУЗ) (мышьяк және оның қосындылары, көгертетін қышқыл және оның тұздары, алмас, фосфор органикалық қосындылар және басқалары) шкафта арнайы бөлінген орында немесе құлпы мен пломба салынатын ағаш жәшікте сақталады. Ішінде улы заттар бар ыдыстардың "У" деген және заттың атауы жазылған айқын және ашық түсті затбелгісі болуы тиіс. ҚӘУЗ-ды сақтауға, есепке алуға және шығысқа жазуға жауапкершілік кәсіпорын (мекеме, ұйым) бойынша бұйрықпен тағайындалған адамға жүктеледі.
      136. Ішінде от-жарылыс қауіпті заттар және қатты әсер ететін улы заттар бар сыйымдылықтар жұмыс үй-жайларында жұмыс күніне қажетті мөлшердегі заттарымен сақталады. "А" және "Б" тізіміндегі медициналық препараттар 1-2 апталық қажеттіліктен аспайтын көлемде сақталады, жұмыс үшін тәуліктік қажеттілік мөлшерінде беріледі, ал күні бойы қолданылмағандары сақтауға қайтарылады.
      137. Улы заттармен және қатты әсер ететін заттармен жұмыс істеу кезінде сифон немесе резеңке грушасы бар арнайы тамшуыр пайдаланылады.
      Қатты улы заттар және қатты әсер ететін заттар жабық ступкада ұнтақталады және салмақ астындағы ыдыста өлшенеді. Жұмыс шаңтұтқышпен жүргізіледі.
      138. Улы және қатты әсер ететін заттарды қыздыруға түбі дөңгелек құтыларда майлы, құмды, сулы моншаларда спиралі жабық электрлі пештерде жол беріледі. Ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
      139. Еденге немесе үстелге төгілген улы және қатты әсер ететін сұйықтық дезактивацияланады.
      Улы және қатты әсер ететін заттармен жұмыс кезінде пайдаланылған сүзгілер және қағаз бөлек ыдысқа жиналады және газ пештерінде немесе камераларында өртеледі.
      140. Улы газдармен жұмыс аяқталғаннан кейін аспаптар инертті газбен үрлеу немесе сумен толтыру арқылы залалсыздандырылады.
      Сынақ жүргізіліп болғаннан кейін босаған ыдыстар мен құралдар залалсыздандырылады және жалпы жуғышқа беріледі.
      141. Тез тұтанатын жанатын сұйықтықтар (қайнау температурасы төмендерін есептемегенде) сыйымдылығы 2 литрден (бұдан әрі - л) аспайтын қабырғасы қалың сауыттарда немесе берік кептелген тығындары бар банкілерде сақталады. Сыйымдылығы үлкен болған кезде ыдыс тұмшаланған металл сауыттармен жабдықталады.
      142. Ішінде оңай тұтанатын жанғыш заттар бар банкілер қақпағы тығыз жабылатын, қабырғасы мен түбі асбестпен қапталған арнайы металл жәшіктерге салынады. Жәшіктің түбіне қалыңдығы 10 мм құм төселеді. Жәшік қақпағының ішкі жағына заттың атауы анық жазылады.
      Жәшік жүретін жерлерден және қыздыру құралдарынан алыс, оған баратын жол ыңғайлы болатындай еденде орналастырылады.
      143. Диэтильді (күкіртті) эфир басқа заттардан оқшау салқын және қараңғы үй-жайда сақталады. Дайындалған мерзімінен бір жыл өткен эфир құрамындағы периоксидтерге тексеріледі. Құрамында периоксидтер бар ерітінділер жойылады немесе қайта айдаудан өткізіледі. Тез тұтанатын және жанатын сұйықтарды қоймадан зертханаға жабық сынбайтын ыдыспен немесе сауытқа салынған шыны ыдыспен жеткізеді.
      144. Сығылған газды пйдаланатын жабдық (газды хроматографтар, хроматомассалар, сұйықтық хроматографтар, атомдық-сіңіруші спектрометрлер, вольтамперометрлік талдағыштар) бірінші қабатта немесе басқа қабаттарда газ баллонына арнайы орын бөлу сақталған жағдайда орнатылады. Жабдықтармен жұмыс істеуге арнайы оқытудан өткен адамдар жіберіледі.
      Газ баллондарының таңбалануы және айрықша түске боялуы тиіс.
      145. Өрт-жарылыс қауіпті заттармен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен және өрт сөндіретін басқа құралдармен жабдықталады.
      Тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтармен жүргізілетін барлық жұмыстар ауа шығару шкафында желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда және электр құралдары мен газдық оттықтар өшірілген жағдайда жүргізіледі. Ауа шығару шкафтары және жұмыс үстелдері ыстық және суық суды келтіруге арналған коммуникациялармен, сығылған ауамен, тұрмыстық газбен, электр қуатымен қамтамасыз етіледі; суды ағызуға арналған раковина орнатылады.
      146. Қайнау температурасы төмен өрт қауіпті заттар қатты балқытылған шынылардан жасалған түбі дөңгелек құтыларда осы заттың қайнау температурасын ескере отырып, тиісті жылу ұстағышпен (сумен, маймен) толтырылған моншаларда қайта айдалады және қыздырылады. Моншалар айдауға арналған құралдан кем дегенде 0,5-0,8 м қашықтықта орналастырылады.
      147. Қайнау температурасы төмен тез тұтанатын сұйықтықтар бар ыдыстарды ашық отта және электрлі қыздыратын аспаптарда қыздыруға жол берілмейді.
      Қайнау температурасы аса жоғары сұйықтықтар құты қыздырғыштарда қыздырылады.
      0,5 л көлемдегі оңай тұтанатын сұйықтықтарды қыздыру кезінде құралдың астына авариялық жағдайда сұйықтың үстелдің үстіне төгілуін болдырмау үшін сыйымдылығы жеткілікті кювет қойылады.
      148. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қыздыруға қолданылатын барлық аппаратура жарамсыздықтарды уақытында анықтау үшін мезгіл-мезгіл тексеріледі.
      149. Жарылыс болдырмау үшін диэтильді эфирді кепкенге дейін булауға жол берілмейді.
      150. Жанғыш сұйықтықтармен жұмыстар жүргізілген ыдыстар зерттеу аяқталған соң жуылады.
      Жұмыста пайдаланылған жанғыш сұйықтықтар арнайы тұмшаланған жабылатын ыдысқа жиналады, ол жұмыстың соңында жою үшін зертханадан әкетіледі.
      Қауіптілігі 3-4-сыныптағы пайдаланылған жанғыш сұйықтықтарды жою тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондарда, ал қауіптілігі 1-2 сыныбының жанғыш сұйықтықтары улы қалдықтарға арналған полигондарда көмуге жатады.
      151. Өрт қауіпті сұйықтықты кездейсоқ төгіп алған жағдайда барлық оттықтар және қыздыратын асапаптар сөндіріледі, сұйықтық төгілген жерге құм себіледі. Ластанған құм ағаш немесе пластмасса күрекшемен жинап алынады. Тез тұтанатын заттарды сумен сөндіруге жол берілмейді.
      152. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауа шығару шкафында (ауа сорғышта) өртенген жағдайда желдеткіш ажыратылады.
      153. Күйдіргіш заттармен (қышқылдар, сілтілер) кез келген жұмыстарды орындау кезінде күйіп қалудың алдын алу үшін зертханада жұмыс істеушілер қорғаныш көзілдіріктерін (былғары немесе резеңке оправалы) және резеңке қолғаптарды, кейбір жағдайларда резеңке (резеңке қосылған) алжапқыш пайдалануы тиіс. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыстарды қорғаныш көзілдіріксіз орындауға жол берілмейді.
      Қаныққан қышқылдармен және ұшқыш сілтілермен атқарылатын жұмыстар ауа шығару шкафтарында орындалады.
      154. Қышқылдар бар шөлмектер корзинада немесе тор себетте сақталады, екі адам немесе тұмшаланған ыдыста арнайы арбамен тасымалданады.
      Шөлмектен қышқылдар және сілтілер кіші ыдыстарға сифон немесе әртүрлі конструкциялардағы қол сорғылары арқылы құйылады.
      155. Қышқылдардың ерітіндісін дайындау үшін суға жіңішке ағынмен ақырын үздіксіз араластыру арқылы құйылады. Қышқылға су құюға жол берілмейді. Күкірт қышқылын вакуум-эксикаторларда су сіңіретін зат ретінде қолдануға жол берілмейді.
      Қаныққан азот, күкірт және тұз қышқылдарын зертханалық үй-жайларда қабырғасы қалың сыйымдылығы 2 л аспайтын шыны ыдыста ауа шығару шкафында шыны немесе фарфор тұғырықтарда сақтайды. Түтіндейтін азот қышқылы бар шыны сауыттарды тотықпайтын болаттан жасалған арнайы жәшіктерде сақтау керек.
      156. Ерітінділерді дайындау кезінде сілті суға шағын кесектермен үзіліссіз араластыра отырып ақырын салынады, сілтінің кесектері тек қысқышпен ғана ұсталады. Алдын ала тығыз матамен жабылған күйдіргіш сілтінің ірі кесектері арнайы бөлінген орында ұсақ кесектерге бөлінеді.
      157. Сынапты төгіп алған жағдайда оны демеркуризациялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Төгілген сынапты аулағышы бар вакуум-тамшуырмен жинайды немесе вакуумдық сорғыға қосылған Тищенко сауыттарын, мыстан жасалған қылқаламдарды немесе тілімдерді пайдаланады. Сынаппен былғанған бет тұз қышқылымен қышқылданған перманганат калийінің 1%-дық ерітіндісімен өңделеді.
      158. Қышқылмен күйген кезде зақымдалған орын судың мол мөлшерімен, содан кейін натрий гидрокарбонатының ерітіндісімен жуылады және күйікке қолданылатын жағынды жағылады, сілтімен күйген кезде мол мөлшердегі сумен, содан кейін сірке қышқылының 1%-дық ерітіндісімен өңделеді және күйікке қолданылатын жағынды жағылады.
      159. Уланудың аздаған белгілері байқалған кезде зардап шегушіні ластанған үй-жайдан таза ауаға шығарады, жазық бетке жатқызады, қысып тұрған киімдерінен босатады, жылы жауып қояды.
      Фосформен уланған кезде асқазанын мол мөлшердегі сумен шаяды. Сүт немесе май ішуге жол берілмейді.
      160. От-жарылыс қауіпті заттармен жұмыстан кейін жұмыс орнын жинау, аспаптар мен аппараттарды су, электр қуаты, тұрмыстық және сығылған газ көздерінен ажырату жүргізіледі.
      161. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолдарды сабындап жуады, ауыз сумен шайылады, қорғаныш көзілдіріктер дезактивацияланады.
      162. Улы және қатты әсер ететін заттармен ластанған арнайы киімдер және сулық жуу алдында дезактивацияланады.
      163. Электрлі қондырғыларды және электрлі жабдықтарды пайдалану бойынша жұмыстарға арнайы оқытудан өткен және біліктілік куәлігі бар қызметкерлер жіберіледі.
      164. Әрбір зертханада кесіп алу, күю, улану және басқа да жазатайым оқиға орын алғанда алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасы болуы қажет, сондай-ақ авариялық жағдайларда және қауіпті жұмыстарда қорғауды қамтамасыз ететін газтұтқыштардың жеткілікті саны болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет