Зертханалық жұмыс №1 ispring Suite бағдарламасымен танысу



бет1/33
Дата03.04.2024
өлшемі315.69 Kb.
#497544
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Зертханалық жұмыстар ҒЗН

Зертханалық жұмыс № 1

ISpring Suite бағдарламасымен танысу



Бүгінде iSpring компаниясы - электрондық оқу курстарын және онлайн презентациялар дайындаушы әлемдегі ең танымал компания. iSpring бағдарламалық құралы оқу мен бизнесте қазіргі заманғы жаңа мультимедиялық технологиялардың жетістіктерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. iSpring компаниясы Microsoft компаниясының әріптесі болып табылады және ара қашықтықтан оқыту жүйесін жасаушылармен ынтымақтастықта жүмыс істейді. 2008 жылдан бастап компания iSpring қүралдарын Ресей нарығына бейімдей бастады. Қазіргі кезеңде iSpring өнімдерінің барлығы дерлік орыс тілінде үсынылады. Аталған бағдарламаның бірнеше түрі кеңінен танымал бола бастады, атап айтқандаiSpring Presenter, iSpring Online, iSpring PRO, iSpring QuizMaker, iSpring Suite [2].
iSpring технологиясын медициналық білім беруде қолданудың тамаша үлгісін iSpring блогынан көруге болады [3].
iSpring Presenter, iSpring Suite көмегімен презентацияға негізделген кәсіби электрондық курс жасауға болатын болсаiSpring Online көмегімен ара қашықтықтан оқытуға қажетті онлайн курс жасауға мүмкіндік туады. Ал iSpring PRO арқылы HTML5 және Flash презентацияларды тікелей PowerPoint-та жасауға болады. iSpring QuizMaker бағдарламасы интерактивті он бір түрлі сипаттағы тест құраудың және он екі түрлі тапсырмалар құрастырудың жүйесін қамтиды.
Жас ғалым Г.Ж.Жетимекованьщ «Тест құрауда және сауалнама жүргізуде. iSpring Quiz Maker қолданылу ерекшеліктері» атты мацаласында iSpring Quiz Maker құралдарын оқу үдерісіне қолдану ерекшеліктері қарастырылады[4, 6.52- 55].
iSpring Suite-7, iSpring Suite-8, iSpring 8ийе-9аталған бағдарламалардың кешенді жиынтығыдесе де болады. iSpring Suite арқылы компьютерде де, мобильдік құрылғыларда да қарауға болатын бірегей интерактнвті курс жасауға болады. Онда Power Point мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалануға, аудио және бейне материалдар қоюға, тестер мен тапсырмалар жасауға, дайын курсты кез келген құрылғы арқылы пайдалануға жағдай жасалған.
Бұл құрылғының мүмкіндіктері М.К.Астанованың мақаласында жан-жақты баяндалған [5, 6.41-45].
iSpring Suite бағдарламасын орнатқаннан кейін Сіздің компьютеріңізден презентация парағын ашқанда, аталған бағдарламаның Power Point-тан шығып тұрғанын байқайсыз. Бүкіл оқулық материалын слайд түрінде жоспарлап алып, әрбір тақырыпқа қажетті материалды сол жоспардың жанына енгізе берсеңіз болады.
iSpring Suite көмегімен бейнежазбалар, аудиожазбалар, суреттер, мультимедиялық материалдар енгізе аласыз, әрі бүкіл бір слайдқа жинақталған материалдарыңызды HTML5 и Flash форматтарына ауыстырып, электрондық курсқа айналдырасыз.
Электрондық оқулықтың басты артықшылығы интерактивті тестілеу мен тапсырмалар жүйесіне байланысты. Көрсетіліп отырған бағдарламада оқу құралына тест енгізу үшін «ТЕСТ» белгісін басып, бағдарламаның тиісті бетін ашу керек. Онда 11 түрлі тест сүрақтарын, 12 түрлі анкеталық тапсырмалар құрастыруға, сондай-ақ ол тестерге, тапсырмаларға қажет болса, сурет, аудио, бейнелер, формулалар қоюға болады. Мүның барлығы iSpring Quiz Maker көмегімен орындалады. Төменде «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясы» [6] бойынша дайындалған электрондық оқулық тапсырмаларын үлгі ретінде ұсынып отырмыз. Қазіргі қазақ тілі салалары бойынша электрондық оқулықтар базасын құру мен бейнеқор жасау мәселесінің қажеттігі бүдан бүрын да көтерілген болатын [7, 6.133-136].
«Анкета» бастырмасы арқылы жасалатын тапсырмалар төмендегідей сипатта болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет