Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу



бет3/21
Дата11.03.2022
өлшемі0.88 Mb.
#456152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Зертханалық жұмыс

1.4. Жеке тапсырмалар

  1. Кәмпит 10 қораптың біреуінде. Ақпараттық анықталмағандықты анықтаңдар.

  2. Дәптер екі сөренің біреуінде - жоғарғы немесе төменгі жатыр. Ол төменгі сөреде жатады деген хабар неше бит алып жүреді?

  3. Шарик А, В немесе С сауытының бірінде орналасқан. Ақпараттық анықталмағандықты анықтаңдар.

  4. Шарик 32 сауыттың бірінде орналасқан. Қайсысында орналасқандығы туралы хабар неше ақпараттық бірліктен тұрады?

  5. Сіздің пойызыңыз 16 жолдың қайсысынан жүретінедігін анықтау үшін қанша сұрақ және қалай қою керек?

  6. 4х4 "крестілер-нөлдер" ойынында екінші ойыншының бірінші жүруінен кейін бірінші ойыншы неше ақпарат санын алады.

  7. Қандай да бір оқиғаны орындағаннан кейін 15 бит ақпарат алдық. Алғашқыда қанша мүмкін оқиғалар саны болды.

  8. Бірінші оқиғаның ықтималдығы 0,5, ал екінші және үшінші оқиғалардың ықтималдығы 0,25. Осылардың біреуін орындағаннан кейін қанша ақпарат санын аламыз.

  9. 32 секторлы рулетка ойынында қанша ақпарат саны алынады.



Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Мәтіндік, дыбыстық, графикалық ақпараттарды кодтау
(2 апта 2 сағ)


2.1. Жұмыс мақсаты - кодтау принциптерін, ақпараттыөлшеудің негізгі бірліктерін оқып үйрену, ақпаратты көрсету дағдылардың қалыптастыру, ақпарат сандарын анықтауға есептер шығару.
2.2. Әдістемелік нұсқау
2.2.1. Мәтіндік ақпаратты кодтау
Дәстүр бойынша, бір символды кодтау үшін саны 1 байт болатын ақпаратты қолданады, яғни I=1байт=8бит. К мүмкін оқиғалардың санын және I ақпарат санын байланыстыратын формула көмегімен неше әртүрлі символдарды кодтауға болатынын есептеуге болады (символдар - мүмкін оқиғалар есептей отырып):
К = 2I = 28 = 256,
яғни, мәтіндік ақпаратты өрнектеу үшін қуаттылығы 256 символ әліпби қолдануға болады. Кодтаудың мәні - әрбір символға 00000000-ден 11111111-ге дейінгі екілік кодты сәйкестікке қояды немесе 0-ден 255-ге дейінгі оған сәйкес ондық код.
Мысал 1. Екі мәтін символдардың бірдей санынан тұрады. Бірінші мәтін орыс тілінде жазылған, ал екіншісі нагури тайпасының тілінде, оның әліпбиі 16 символдан тұрады. Қай мәтінінде ақпарат саны көбірек?
Шешуі. I = К * а (мәтіннің ақпараттық көлемі символдар санының бір символдың ақпараттық салмағына көбейткенге тең). Екі мәтіннің де символдарының саны бірдей болғандықтан (К), онда айырма әліпбидің бір символының хабарлылығынан тәуелді болады (а).
2а1=32, яғниа1=5 бит; 2а2=16, яғниа2=4 бит; I1= К*5 бит, I2= К*4 бит.
Сонымен, орыс тілінде жазылған мәтін 5/4 рет көбірек ақпарат алып жүреді.
Мысал 2. 2048 символдан тұратын хабар көлемі Мбайттың 1/512 бөлігін құрайды. Әліпбидің қуаттылығын анықтау керек.
Шешуі. I=1/512*1024*1024*8=16384 бит. Хабардың ақпараттық көлемін биттерге ауыстырдық. а = I/К =16384/1024=16 бит - әліпбидің 1 символына келеді.
216=65536 символдар - қолданған әліпби қуаттылығы.
Нақ сондай әліпби Unicode кодтауында қолданылады, компьютерде символдық ақпаратты өрнектеуге арналған халықаралық стандарт болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет