Зертханалық жұмыс №1 Тақырып: ms access мәліметтер қорын басқару жүйесі мақсаты



бет32/44
Дата23.04.2024
өлшемі2.12 Mb.
#499592
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Зертханалық жұмыс 1-15

4.4 Көпкестелік форма құру
Көпкестелік форма бір-бірімен байланысқан бірнеше кестемен жұмыс істеу үшін құрылады. Мұндай форма бір негізгі бөліктен және бірнеше бағынышты формалардан тұрады. Олар сол формаға байланысты болады. Көпкестелік форманы жасаудың ең тиімді жолы Шебер (Мастер) көмегімен жасап, Конструкторда аяқтау. Көпкестелік форманы жасаудың бірнеше тәсілі бар. Олар:

  1. бағынышты форманың анық қосылуы – бағынышты форма бағынышты кестенің барлық жазуларын көрсетеді. Бағынышты форма/басылым (Подчиненная форма/отчет) батырмасы арқылы жасалады.

  2. байланысқан форманы батырма арқылы шақыру – батырма құрылады, оны басқанда байланысты форма шақырылады.

  3. бағынышты және байланысты формаларсыз форма – егер бағынышты кестенің жазуларын көрсету керек болған жағдайда.

  4. сұраныс негізіндегі форма – жазбалары негізгі кесте және онымен байланысқан бағынышты кестелер бойынша жасалған сұраныс үшін. Шебер (Мастер) форманы бастапқы кестелер берілгендей етіп құрады.

Көпкестелік форманы құрудың бірінші тәсілін қарастырайық.. Басты кесте «ВладелецАвто», ал бағынышты кесте «Авто» болсын. Форма шебері (Мастер форм) көмегімен «Фамилия», «Имя», «Отчество», «Телефон», «ДатаПолучПрав» сияқты өрістерді енгізейік. Конструктор арқылы редакциялап, «Макет» - Қоюлығы (Насыщенность) – қалыңдатылған, Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 10. Өрістер үшін жанама меню көмегімен мәтін түсін “қара” етіп таңдаймыз. Форманың тақырып аймағына “Сведения о владельце и автомобиле” мәтінін орналастырып, жанама меню арқылы фон түсін, Қаріп мөлшерін (Размер шрифта) – 12, Қоюлығын (Насыщенность)– қарайтылған етіп тағайындаймыз. Бұдан басқа, формада сурет және Бағынышты форма/басылым (Подчиненная форма/отчет) батырмасының көмегімен бағынышты “Авто” формасын орналастыруға арналған аудан жасалған. Бұл форма бұрын жасалып 28-суретте көрсетілген.

42-сурет. «ВладелецАвто» көпкестелік формасы

43-суретте көру режиміндегі «ВладелецАвто» көпкестелік формасы берілген. Жоғарғы жағында көлік иесі туралы мәлімет, ал төменгі жағында оның көліктері туралы мәлімет берілген. Көру батырмасы арқылы көлік иелері туралы мәлімет көре аламыз, яғни бағынышты формада көліктер туралы мәлімет шығады. Бұл басты және бағынышты кестені байланыстыру арқылы жүзеге асады.





43-сурет. «ВладелецАвто» көпкестелік формасы

Көпкестелік форма құрудың екінші жолын қарастырайық: мұнда басты кесте «Завод», ал бағынышты кесте «Авто» болсын. Форма шебері (Мастер форм) арқылы «Авто6» формасын құраймыз «КодАвто», «Номер», «Марка», «Стоимость», «Мощность», «КодЗавода» өрістерін енгіземіз. Конструктор режимінде редакциялап алып, «Макет» парақшасында қасиеттерді Қаріп (Шрифт) – Arial Cyr, Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 10, Қоюлығы (Насыщенность)қалыңдатылған деп аламыз, ал өрістер үшін Қаріп (Шрифт) – MS Sans Serif, Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 10, Қоюлығы (Насыщенность) – қарайтылған. Өрістердегі мәтін түсін жанама меню көмегімен қара етіп тағайындаймыз. Форманың тақырып аймағына “Информация о заводах” мәтінін орналастырамыз. Тақырып үшін жанама меню арқылы фон түсін, Қаріп мөлшерін (Размер шрифта) – 14, Қоюлығын (Насыщенность)– қарайтылған, Туралау (Выравнивание) – ортаға етіп тағайындаймыз. Осы тәсілмен жасалған “Авто6” формасы 44-суретте көру режимінде берілген. Бұл форма ”Завод1” негізгі формасындағы ФормаАвто батырмасына басқанда пайда болады. ”Завод1” негізгі формасы 31-суретте көрсетілген. Конструктор режимінде осы формаға енгізілген өзгертулер нәтижесін 45-суретте көруге болады.


46-суретте мәліметтерді іріктеу үшін шарт жасауға негізделген Өрнек құрастырғыш (Построитель выражений) терезесі көрсетілген. Жасалған шарт өзара байланысқан «Завод» және «Авто» кестелерінің мәндері бойынша сәйкес (синхронды) қозғалуға мүмкіндік береді. ФормаАвто батырмасы үшін Форманы ашу (Открыть форму) макросы жасалған. Макрокоманданы аргументтері ретінде: форма аты – “Авто6”, режимі – “Форма”, іріктеу шарты – [авто]![КодЗавода]=[Forms}![завод1]![КодЗавода] берілген. “Авто6” формасы үшін “Завод1” формасындағы “КодЗавода” өрісінің сәйкес жазбалар ғана іріктеліп алынады. Бұл мысалда бірге қарастырылып отырған кестелердің “КодЗавода” өрісінің мәні 1-ге тең.



44-сурет. «Завод1» және шақырылған «Авто6» формалары

45-сурет. «Завод1» формасының өзгерген түрі

46-сурет. Макрос4 үшін іріктеу шартын жасау.
Көпкестелік форма жасаудың үшінші тәсілі – бағынышты кестенің жазбалары бір немесе бірнеше негізгі кестелердің өрістерімен толықтырылып көрсетіледі. Формада байланысқан кестелердің тек сәйкес келген (совпадающие) өрістері біріктіліледі. Жаңа форма Форма шебері (Мастер форм) режимінде жасалады. Негізі ретінде “Авто” кестесі алып, формаға оның «Номер», «Марка», «Стоимость» өрістерін, «Завод» кестесінің: «НаименЗавода», «Город» өрістерін енгіземіз. Форма жасаудың бұл қадамдары 47-суретте көрсетілген. Сонан кейін формаға «ВладелецАвто» кестесінің: «Фамилия», «Телефон» өрістерін енгіземіз. Форма шебері (Мастер форм) режимінде форма жасалып болғаннан кейін Конструктор режиміне ауысып оны редакциялаймыз. Барлық өрістер мен жазбалар үшін: Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 14, Қоюлығы (Насыщенность) – қарайтылған, мәтін түсі – қара. 48-суретте “Авто7” көпкестелі формасы көру режимінде көрсетілген.



47-сурет. «Авто7» көпкестелі формасы үшін өрістерді таңдау.


48–сурет. «Авто7» көпкестелі формасы.

Көпкестелі форма жасаудың 4-ші тәсілі – сұраныс бойынша форма жасау, сұрастар жасау тарауында қарастырылады.


Көпкестелі формаларды редакциялау барысында жаңа өріс қосуға немесе өрістерді жоюға, бағынышты форма қосуға, алып тастауға, тізімді өрістер қосуға, сурет, диаграмма және т.б. OLE-объектілерін енгізуге болады.
Форманы сақтау үшін Файл – Сақтау (Файл – Сохранить) командасын орындау керек немесе саймандар тақтасындағы Сақта (Сохранить) батырмасына шерту керек. Сонымен бірге форманы Файл – Жабу (Файл – Закрыть) командасы арқылы немесе форма терезесіндегі Жабу (Закрыть) батырмасы арқылы жабу кезінде де сақтауға болады.

    1. Форма жасауға жаттығулар

Лабораториялық жұмысты орындау үшін:



  1. әртүрлі кестелер үшін біркестелік форманың бірнеше вариантын жасап, формаға кіретін өрістерді, тақырыптарын және басқа да элементтерді анықтау керек;

  2. формаларды форма жасаудың түрлі режимдерін пайдаланып жасау;



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет