Зертханалық ЖҰмыс №1



бет51/61
Дата20.09.2022
өлшемі2.75 Mb.
#460969
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61
Зертханалық сабақ - 30

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық альбом» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

  2. Үш кестеден «Дәрігер», «Пациент», «Участки» тұратын «Емхана» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

  3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

  4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

  5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздеріңіз өрістерді анықтап, кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Деректер қоры, ДҚБЖ деген не?

  2. Microsoft Access ДҚБЖ қандай объектілерден тұрады?

  3. Объектілерді жасаудың қандай тәсілдері бар?

  4. Деректердің қандай типтері, қандай байланыс типтері бар?

  5. Кестелер арасындағы байланысты орнату үшін қандай талаптар қойылады?



зертханалық жұмыс №18

Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»


Мақсаты: Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access-те пішін жасау әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтырумен танысу.
Негізгі ұғымдар:
Деректер қорын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер қорын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.
Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер қорының кестелеріне толтырылады.
Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.
Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).
Деректер қорының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде немесе форма режимінде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет