Зертханалық ЖҰмыстарды ұйымдастьіру және оны жүргізу зертханалық жұмыстарды жүргізу жөніндегі жалпы нұсқаулар


ПІСІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ



бет2/3
Дата18.05.2022
өлшемі85 Kb.
#456892
түріНұсқаулар
1   2   3
Техника қауіпсіздігі

ПІСІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ



Жұмыстың мақсаты: Пісіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпті жағдайлармен танысу. Электр қауіпсіздігі, өрт қауіптігі, зиянды газдар әсерінен қорғану шараларымен танысып, оны игеру.
Жұмыстың ұзақтығы – 2 сағ.
Тапсырма:
1. Қауіпсіздік техникасы туралы нұсқау, ережелер, т.б. құжаттармен
мұқият танысыңыз.
2. Электр қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліңіз. Аппараттарды жермен қосу
жүйесінің қажеттілігі және оның орындалуына назар аударыңыз.
3. Зиянды газдардың таралу, зияны және одан сақтану жолдары.
4. Өрттен сақтану жолдарына назар аударыңыз.
Жабдықтар мен материалдар:

  1. Қауіпсіздік техникасы туралы нұсқау, плакаттар, кітапшалар.

  2. Лаборатория ішіндегі аппараттарды жермен қосудың орындалу жүйесімен танысу.

  3. Нұсқаулама өткенде қол қоятын журнал.

  4. Лабораториядағы желдеткіш, өрт сөндіргіш құралдар.

Теориялық анықтама


Электр тогымен зақымдану.
Электр тогымен зақымдану, пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталып, ток адам денесінен өткенде болады.
Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей:
– пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіздіктен;
– пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан;
– бөлменің ылғалдығынан;
– бөлменің тарлығынан;
– басқада факторларға байланысты.
Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тогының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц):
– ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың жеңіл дірілдеуі;
– ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы;
– ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырып, тартылады;
– ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды;
– ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады;
– ток күші 90-100 мАдемалу тоқтатылады, 3 сек артық әсер етсе, жүрек тоқтайды;
– ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады.
Яғни, адам 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы ток күші өміріне қауіпті деп саналады.
12В кернеу қауіпсіз болса, ал құрғақ, жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады.
Электр тогының зақымдауынан қорғану.
Пісірушіні электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін, төменгі шарттарды сақтау қажет:
– доғаны нәрлендіру көзінің тұғырлары мен пісіру бұйымын сенімді жермен қосу қажет;
– жермен қосу сымдарын кері сым есебінде пайдаланбау қажет;
– электродұстауыштың қолсабын сенімді оқшаулау қажет;
– құрғақ және мықты арнайы киім және қолғаптармен жұмыс істеу қажет;
– далада жұмыс істегенде не жауын жауғанда, қар жауғанда, жұмысты тоқтату қажет;
– жабдықтар мен аппараттарды жөндеуге болмайды (мұндай жұмысты электрик жасауы керек);
– ыдыстардың ішінде істегенде резеңке кілемше мен кернеуі 12В-тан аспайтындай тасылмалы шамды пайдалану қажет.
Жермен қосу.
Қорғану үшін жермен қосу – бұл электр қондырғылары бөлшектерін жермен металл сым арқылы қосу. Апатты жұмыс жағдайында тұйықталған тізбекте жер өткізгіш есебінде пайдаланылады.
Электр жабдықтарын дұрыс жермен қосқанда екі параллель электр тармағы қалыптасады: біріншісі – аз кедергімен (3-4 ом), ал екіншісі, адам кіретін жағдайға, үлкен кедергімен (2000 ом). Сондықтан, кернеуде тұрған нәрлендіру көзінің тұғырына адам денесі тигенде, ток адам денесі арқылы іс жүзінде өтпейді.
Жермен қосу, кернеу шамасы мен электржабдықтау жүйесіне (оқшауланған нейтраль немесе жермен қосылған нейтральмен) байланысты орындалады.
Жылжитын пісіру қондырғыларында тасымалы жерге қосу құрылымдары пайдаланылады.
Электр тогынан зақым алғанда бірінші көрсетілетін көмек.
Бірінші ретте зақымдаушыдан ток өтетін сымды ажырату қажет. Мұны құрғақ тақтаймен, ағашпен, т.б. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен тиімдісі – мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты ток көзінен бірден ажырату. Зақымданған адамға таза ауамен және мүмкіндігінше тыныштықты қамтамасыз ету керек.
Электр тогымен зақымданғанда дәрігерді ертерек шақырған абзал. Электр тогымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай – 12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, жасанды демалдырып немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адамның денсаулық жағдайын тек қана дәрігерлер айтады, ал дәрігер келгенше оған көмек көрсете беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет