Зертханалық жұмыстарды жүргізу жоспары



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#131454
1   2   3   4

Бақылау сұрақтары
1. ЛХТ-55 (ТДТ-55А) трактор рама құрылымы жөнінде айту.

2. ЛХТ -55 (ТДТ-55А) трактор ілгіші қандай негізгі бөлімдерден тұрады?

3. «Белорусь» тракторының алдынғы өсі қалай жасалған?
4. МТЗ-80 (МТЗ-82) тракторының артқы белдігі қалай жасалған?

5. МТЗ-80 (МТЗ-82) трактор рөл басқару құрылымы мен жүмыс принципі туралы айтыныз.

6. Екі өсті көлік рөлдін басқару құрылымы мен принципі туралы айтыныз?

7. Көлік тежегіш жүйесінің негізігі бөліктерін атаныздар.

8. 3ИЛ-131 көлігінің тежегіш жүйесі қалай құрылған?

9. Трактор мен көліктер басқару жүйесі мен жүру бөлімдегі мүмкін ақаулар туралы айту, жою жолдары?

5 Зертханалық жұмыс. Түп қопарғыш жер қазу, жол көліктері және орманды тазалайтын агрегаттар
5.1 Жұмыс мақсаты

Түп қопарғыш орманды тазалайтын көліктердің, жер игеру мен жол көліктерінің жалпы құрылыспен танысу, және жер игеру жұмыстары кезінде негізгі мәліметтер мен жұмыс операциялармен танысу.


5.1.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары: полигон, техника сақтау орны, жер қазу-жинастыру МП-7А машинасы, орман жолдарын тазалау көлігі МРП-2А (КМ-1), бұрылатын және бұрылмайтын аударма бульдозерлер, ДЗ-20А скрепер, толық бұрылу экскаваторы ЭО-6112 Б, жол қазушылар ЛКН-600 және КЛН-1,2, тырналар, тырнауыштар универсалды итергіш рама, автогрейдер, оқу плакаттары.

Жұмыс барысы: екінші окулықтың 1 – 3 параграфынан, 1 бөлімінен МП - 7А қызушы-жинаушының жалпы құрылымы мен танысу, МРП - 2А (КМ –


1) жол тазалау көліктері, экскаваторлар, жол қазулар, ЛКН - 600 және КЛН -1,2 бульдозер, скрепер, грейдер; Осы техникалардын жасайтын жұмыстар түрлері мен сызбаларымен танысу.
5.2 МП-7А Түп қопарғыш-жинағыш

Аспалы жабдық: итеру рамасындағы бекітелген тістері бар итергіш, тракторды жүру итергіштермен құрал жабдықты көліктік түрге айналдыру гидр кезінде түсіру бұрылысының гидроцилиндрлері.

Түп қазу тістер арқылы жүргізіледі ал, өсімдікпен шағын
ормандарда қазуда кесілген өсімдіктерден тазалау керек, түсіргіш жақтарына екі тісі бар арнайы кеңеткіштерді тіркейді. Үлкен түбірлерді кесу үшін трактордың артына түбір кесетін пышақ тіркейді.
5.3 Жолақ тазалағыш машина МРП-21 (түп қопарғыш машинасы КМ-1А)

Аспалы құрал жабдығын қарау: сына түріндегі аударғыш кескен қалдықтардан жолдарды тазарту кезінде тереңдікте жүруді қамтамасыз ететін түсіргіш тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Түп қопарғыш құрылысын анықтау: қазу тістері, вал, гидравлика цилиндрлері жұмысқа айналдыру рычагтары, гидравликалық цилиндрларды басқару және олардың бекітілуі, сонымен бірге тракторге тіркеу, кранштейн бекітулері, көліктін жағдайға түсіру және жұмыс күйіне түсіру мүмкіндігі. МРП- 2А - көлігіне аспалы тягамен қысқарту және ұзарту мүмкіндігіне аса назар аудару керек. Жоғарғы тягамен алдына қарай бұрылғанда ұзартылады. Жоғарыда аталған реттегіштер өндірістік жағдайда жасалады.
5.4 ДЗ-20 А скрепері

Скрепердің негізгі бөліктері (жинау бөліктері); алдынғы және артқы рамалар өзара топса арқалы гидравликалы цилиндрмен бекітілген; жүріс құрал-жабдықтары; ковш (7м³) және оның жұмыс істейтін гидравликалық жетегі. Қамту ені 2,65м, тереңдету мен жер түсіруі еріксіз. Студенттер технологиялық ықшам сызбаларын білу керек.


5.5 Толықбұрышты экскаватор ЭО-6112 Б

Негізгі тараптары (құрылу бірліктері); шынжырлы жүрісі, бұрылы платформасы, ауыстыратын жұмыс құрал жабдығы. Студенттер платформаның толық бұрылы құрылымын, қозғалтқыштың орналасуын және басқа механизмдердің орналасқанын қарастыру керек. Платформаға бекітілу құрылысын, сонымен бірге машинист бөлмесі мен басқару жүйесін қалай орналасқанын білу керек. Экскаватор тура күрекпен тұрған жерінен, жоғары жерді өңдейді. 1,25м³ ковшка және оның жұмыс уақытында басқаруына, платформаның бұрылуы және ұзын жолақты қазу үшін, экскаватордың тұрған жерден төмен жерді қазу үшін жасалған.

Драглайн экскаватор тұрағаның өзінен төмен жерден жерді алу үшін, ол түзу қабырғалы котлавандарды қазу үшін, су түбімен 9,5м тереңдіктегі гравиді алып шығару үшін пайдаланады.
5.6 ЛКН-600. Жолақ қазғыш

Жолақ қазғыштың бірлік бөлімдері мен жинаулуы; рама және аспалы-тіркеу құрал жабдығы, рычаг, жылжу кареткасы, черенкелік пышақ, апантазартқыш, апантазартқыштың рамасы, соқа тұрқы және оның пышақтары сонымен бірге жолақ және тірек шанасы.

Жолаққазушыны орналастырумен реттелуі: апантазартқыш орналастыру бұрышын кергіш штанганың саусақтарын алмастырумен реттеледі, биіктікті жылжымалы каретка арқылы реттейді. Шана жұмыс барысында жасалған жолақ түбінде жылжиды, құралдың тұрақты жүруін қамтамасыз етеді.
5.7 КЛН-1,2. Жолақ қазғыш

Аспалы құрал жабдығы: ТДТ-55А (ЛХТ-55) тракторына тіркілейтін колоннасы, фрезер барабанның жебесі мен жұмыс мүшесі.

Зерттеп білу: гидравликалық бұрылу колоннасын жұмыс қалпына келтіру; тәрелке пышақтарын барабанның жақтарына бекітуін аса қарастыру керек. Назарды фреза құрылысына аудару керек, ол 0,75 жолақ бұрыштарының коэффициентеріне сай келеді және жолақтын екі жағын бір уақытта фезерлейді.

Жұмыс органдырының қосымша мүшелерін қарау керек: жолақ қазғыш арнайы ұзартқыш арқылы соңына бекітілген өсімдік кесу ротор құрылысын, тегіс пышақтардың жұмыс уақытында, диаметрі 15 см ағаштарды кесетін көру керек.


5.8 Автогрейдер

Грейдердің негізгі бөлімдері мен жинақталу бірліктері: рама, қопсырқтыш, бульдозер қайтармасы; негізгі қайтарғыш, бұрылу дөңгелек рамасы, бұрылу дөңгелегі. Жұмыс механизмдеріне аса назар аудару қажет, олар қозғалтқышпен, тіркеуден, жылжытудағы алмастыру каробкалары, кардан валдары мен гидравликалық цилиндрлерден тұрады. Әр түрлі жұмыстар орындағанда. Автогрейдер жүру бөлімі құрылымын білу керек. Жинақталу бірліктері мен бөлікртердің қармым-қатынасын. Көлденең беттегі негізгі түсіргіш бұрылысы тура өсте оның бұрылу дөңгелегінің айналуы арқылы іске асады, ол тік тяга арқылы рамамын сол немесе оң шеттерінің көтерілуі немесе түсірілуі бақылайды.

Тік өс айналасында тарту рамасының бұрылуы негізгі түсіргішті жан жаққа шығаруға мүмкіндігін береді. Косогорлы жұмыста автогрейдердің тұрақтылығы үшін оның алдыңғы дөңгелектері алдынғы өске қарама–қарсы бұрылуы мүмкін. Жер үстін кесуде жұмыс бабында жан жақты жолдан жердің кесіп, оны жолдың ортасына әкелу болып табылады.Кесуде жердің қиыныны байланысты пышақты ұстау бұрышының 30 дан 600 дейін көтеруге болады. Сыртқы қисықтарға жол бермеу үшін арнайы қиылыстар бекітіледі. Автогрейдер жылдамдығын 0,8-14 с/м дейін ауыстыруға болады.

Жұмыс есебі: қозушы бульдозермен, грейдермен, скрепермен жасалған жұмыстар сызбаларын сызу, ордалу технолгиясын көрсету.


Бақылау сұрақтары


  1. Қазушы жинаушы МП-7А қандай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады?

  2. Бұрылу түсіргіші бар бульдозер құрылысы жөнінде айтыңыз?

  3. ДЗ-20А скрепер негізгі механизмдері мен бөліктері туралы айтыңыз?

  4. Толық бұрылу экватор ЭО-6112Б негізгі механизмдері мен бөлімдерін ата?

  5. Жолақ қозушы ЛКН-600 құрылымы жөнінде айтыңыз?

  6. КЛН-1,2 жолақ құрылымы жұмыс құрылымы туралы айтыңыз?

  7. Автогрейдер қандай негізгі механизмдерден тұрады?

6 Зертханалық жұмыс. Су бүркіткіш, тозандатқыш және аэрозол генераторлары
6.1 Жұмыс мақсаты

ОРР-1, ОМР-2 және ОН-400 су бүркіткіш, ОРВ-1 және ОШУ-SОА тозандатқышы, РАА-1, ЛАГО-У аэрозолды генераторлар, орман химиялық агрегатары АЛХ-2 жұмысқа дайындықтарын, реттелуін, құрылымын білу; су тозандатқыш бүркіткіш және аэрозолды генераторлардың түзу еместігімен танысу, олардың себептері мен жою жолдарын білу.

Жұмыс орнының құрал-жабдықтары: алаң. Орманды қорғауға арналған аппараттар саймандар мен плакаттар. 3-ші оқулықтың 1-3 параграфынан екінші бөлімін оқу; көліктердің және орманды химиялық сақтау құралдардың дайындығын, жұмысын, құрылымын білу.
6.2 ОРР-1 Иыққа асатын бүркіткіш

Бүркіткіштің негізгі жинақтау бірліктері мен бөлімдерін құрастыруын байқау: бак, оның түбі, қолмен жұмыс істейтін тұтқасы бар поршен насосы, брандспойт, белбеулері мен артқы жастық.

Шашу жұмысын білу: насос тұтқасын басқанда: поршен төмен түсіп жоғарғы жағы босайды. Ол жоғары көтерілгенде, цилиндрде сұйық жиналады, бұнда сұйықтық манжетаті сығады және бактан цилиндрге түседі. Поршеннің астына түсуінде цилиндрді толтырған сұйықтық қысыммен 11, шарик клапанын ашады, көтеріліп қалпақтағы ауаны қысады. Ауа қысыммен сұйықтық трубкадан шығарылып шлангадан брандспойтқа жақындап, ұзындыққа шашушы арқылы шашылады.
6.3 ОМР-2 Ұсақ тамшыларды бүркіткіш

Бүркіткіштің негізгі жинақталу бірліктері: «Дружба-4» мотокескіштен алынған қозғалтқыш, рама, желдеткіш және шашушы құрылым.

Бүркіткіш жұмысы: желдеткіш дөңгелегін қозғалтқыш айналдырады, бұнда ауа желдеткіштерден майысқақ шлангқа келіп шашушы тұрқысына және 1 уақытта трубка арқылы ерітіндісі бар бакқа түседі. Ауа қысымы көтерілу нәтижесінде бактағы ерітінді шашуға барады. Бүркіткіштен ұшқан сұйықтықты желдеткіштің ауа желі жиі тамшыларға бөліп, бұл сұйықтықтың өз мөлшерін ұзақтыққа шашады. Шашу ұзындығы 11 м дейін.


1-клапан, 2, 8, 14, 15, 16, 20 и 23-түтік, 3- резервуар, 4-эжектор, 5- сөндіруші, 6-қақпақ, 7-ағызу фильтрі, 9-деңгей көрсеткіші, 10-басқару пульті, 11-жоғары қысым түтігі, 12-манометр, 13-бөлінетін демпфер құрылысы, 17-штанга, 18-насос, 19-сақтандыру клапаны, 21-сору фильтрі, 22-гидроараластырғыш, 24-тұрқы.
17 сурет ОН-400 шашушы технологиялық сызбасы.

6.4 Әмбебап аспалы бүркіткіш ОНН-400

Бүркіткіштің негізгі бөлімдері (жинақталу бірліктері) рама, бак, насос, фильтрі бар сору түтігі, басқару пульті, эжектор, шашушылары бар штанга, брандспойт және байланыстыру түтігі.

Бүркіткіштің толтырылу технологиясы: клапаны бар сору түтік бакқа түсіреді. Бұнда жұмыс ерітіндісінің өз мөлшері болуы керек. Сосын насосты қосады, ол сұйықтықты сору фильтрі арқылы түтікпен басқару пультіне береді. Эжектордың жоғары жылдамдықпен аққан сұйықтық эжекторда вакуумның әсерімен бактан сорылады.

Бүркіткіштің технологиялық процесі: орман өсімдіктерін өңдегенде насос бактан сұйықтықты басқару пультіне апарады. Мұнда оның бөлігі түтік арқылы штангага беріледі және шашушы көмегімен өңделу объектісіне кетеді. Сұйықтықтық артығы түтік арқылы сақтандырғыш клапанға барып сөндіргіш арқылы бакқа қайтадан түседі. Қысымы штангага түскен сұйықтық, басқару пульті тұрқысында қосылған редукциялы клапанымен реттейді. Басқару пультінде серіппесі бар бөлу клапаны бар, ол гидроцилиндр штокымен жұмысқа қосылады. Гидрожүйеден май түскенде шток клапанға басады, оны алдынғы күйге түсіреді де жұмыс мүшелеріне майдың баруына жол бермейді.

Есте сақтау қажет, насос тұрқысындағы сұйықтық клапан жұмыс істегенде (қақпақты ашса) толығымен сыртқа төгіледі. Сондықтан фильтрді жууда аса абай болу керек. Қолға ерітінді түссе, оны сумен жуу қажет. Шашушыда су сақтау үшін бак бар, ол көлікке белдеушіктерімен бекітіледі.

6.5 ОШУ-50А әмбебап кеңінен қамту тозаңдатқыш

Тозаңдатқыштың негізгі бөлшектері (жинақтау бірліктері): тракторға ілу үшін пісірілген саусақтар, рама; айналдырғышы бар бункер, сүрту катушкасы бар шнектолтырғыш, толтыру құрылымы бар (заслонка түрінде) желоб, желдеткіш және шашушы күршекте оның сыртында орналасқан. Аса назарға алатын рычаг пен трос арқылы ерітіндінің нормасын сақтау үшін жылжу мүмкіндігіне аудару қажет. Трактордың ВОМ арқылы тозаңдатқыштың қосылуын білу.

Тозаңдатқыштың жұмысы мен принципі: тозаңдатқыштың жұмысы кезінде поршокті препарат бункерден мөлшеулер құрылым арқылы желдеткішке әкелінеді, онда қолақшамен алынып және ауамен шашушы сыртынан өңделу жеріне шашылады.
6.6 ОРВ-1 қол тозаңдатқыштың

Тозаңдатқыштың негізгі бөлімдері: бункер, онда орналасқан айналдырғышы бар шнек, желдеткіш жетектің айналдыру шнегі, желдеткіш және шашу құбыры.

Бір минуттық шығысы: мөлшендірді басқару үшін аңықтау көрсеткішімен бекітілген. Заттегі мөлшері-0,2 ден 12 г/мин, айналу жиілігі 25-30 мин.


1, 3, 8-крандар, 2-жұмыс сұйықтық багы, 4-манометр, 5-сақтандыру клапаны, 6, 9, 11-құбыр, 7-бензобак, 10-қол ауа насосы, 12-кері қақпақша, 13-араластырғыш, 14-білте, 15-тұтыну коробкасы, 16- тұтыну кнопкасы, 17-жану камерасы, 18-аэрозоль трубасы, 19-рубашка, 20-тозаңдатқыш
18 сурет – РАА-1 аэрозольды аппарттың технологиялық схемасы

6.7 РАА-1 қол аэрозоль аппараты

Аппараттың негізгі бөлімдері (жинақталу бірліктері): жұмыс сұйықтығы үшін бак, бензин үшін бак, ауа қол насосы, жану камерасы, аэрозол трубкасы, шашушы, оталдыру жүйесі, сақтандыру клапаны, манометрлер және крандары бар құбырлар.

Аппарат жұмысы: жабық крандармен сөндірілген оталдыруда ауаны бензобакқа насоспен итереді, нәтижесінде қысым көтеріледі. Содан кейін электродтарың арасында от болу үшін, от алдыру кнопкасын басады, бензин кранын ашады. Құбыр арқылы бензин араластырғышқа беріледі. Мұнда бензин ауамен араласып, қол насосымен берілетін және жану камерасына барады. Жану ерітіндісі оттан жанады. Нәтижесінде камерада қысым көтеріледі. Жабылғыш клапаны жабылады және жану қалдықтары трубадан атмосфераға кетеді. Босаған камерада сиректеу пайда болады, клапаны ашылады, жану қыпасын береді, процесс қайталанады.
6.8 Аэрозоль генераторы ЛАГО-У

Бүркіткіш генератордың негізгі жинақталу бірліктері: рама УД-2 қозғалтқышы, сыртқа тепкіш желдеткіші, бүркіткіш құрылым, сұйық әкелу құбыр өткізгіштері, жұмыс сұйықтығы әкелу-қосылу краны, бүркіткіш қосындысын әкелу. Бүркіткіштің қосымшасы.

Бүркіткіш түріндегі генератор жұмысы: Бактан шлангага келетін ауа арқылы артық қысым арқылы жұмыс сұйықтығы басқа шлангамен бактан бүркіткішке беріледі. Бұнда желдеткіштен келетін ауа оны азайтып, өнделу объектісіне апарады.

Бүркіткішті бұратын құрылым фиксаторы бар тұтқадан, сектор мен гребенкадан тұрады. Құрылым Бүркіткіштің трубасының 300 бұрышқа айналуын және берілген күйлерде орнықтылуын қамтамасыз етеді.

Орман химиялық АЛХ-2 агтегатының негізгі (жинақталу) бөлімдері: агрегат тұрқысы, онда 2 жұмыс жинақталуының –аэромонитор, автомонитор және инъекциялы жабдық орналасуы мүмкін.

Агрегаттың тұрқы құрылымы: рама, кардан берілісі, резервуар, крандар, сору түтік, фильтр, жұлдызды аралық вал, насос, дистанциялық әрекеті клапаны, байланыс шлангалары және арматура, бұл автомонитор мен инъектор жұмысы кезінде орналастырылады.

Автомонитор құрылымы: рама, екі сатылы беріс және қисықтісті редукторлар, химикатты бөлетін редуктордың аралық валына жасалған клапан (редуктор қиғаш тісті шестерияның осі әрекетіне мен іс әрекетке қосылады), жұмыс тәртібін қосу рычагы, сонымен бірге, желдеткіш жұмыс дөңгелек сөндіру рычагы. Желдеткіш корпусы тірекке тіреледі, оларда сырғанау подшипниктері бар. Бұл жұмыс дөңгелегіне ос айналасында айналуға мүмкіндік береді. Желдеткіш асыру терезесі әр түрлі аралық күйде болуы мүмкін, турасынан 300 солға қарай (көлік жүрісі бойынша) және көлденен күйде. Аэромонитор желдеткіш тұрқысын гидравликалық механизмі құрылысымен жасалған, ол трактормен оператор бөлмесінен дистанционды басқарылады.

Аэромонитор түріндегі агрегат жұмысы: агрегат жұмысы кезіндегі жұмыс ерітіндісі, агрегат тұрқы коллекторы мен тығынды кран арқылы майысқақ шлангалармен бүркіткішке барады, одан өңделу объектісіне шашылады. Үлкен тамшы шашу үшін де жасалады.



5 кесте – Тозаңдатқыш пен бүркіткіштердің ақаулықтар, олардың жою жолдары


Ақаулықтар

Ақаулық себебі

Жою жолдары

1

2

3

Трактор бүркіткіші

Сору түтік жұмыс сұйықтығын толық мөлшерде бермейді

Кранның жабылуы, насос реттелуінің бұзылуы

Кранды ашу, насостан ауаны шығару; насоспен берілетін қысымды реттеу

Шашушының жиі қоқыстануы

Фильтрдің сеткасы жыртылған

Фильтрді айырбастау, бақты тазалау

Шашыратқыштар аз шашады

Шығу жолдары тозған немесе қысымның аздығы

Тозған шашыратқыштарды жаңаға ауыстыру немесе жұмыс қысымын реттеу

Ағызу механизмін соплосынан сұйықтық ағыу

Трактор валы толық айналмайды немесе жүру муфтасы жұмыс істемейді

Трактор валының айналуын үлкейту, муфтаның техникалық күйін анықтау

Трактор тозаңдатқышы

Беру механизміне дәрі бармайды

Порошок тозын қалды

Бункерде заттегіні араластыру

Кардан жылжуының сақтандыру муфтасы жұмысқа кіреді

Трактор трансмиссиясының реттелуі бұзылған

Трактор трансмиссиясы бұзылуын табу, және оның жөндеу

Желдеткішің астынғы байланыс құбырынан заттегі шашылады


Байланыс тығыздығы жоқ

Құбырдың бекітулерін тексеру, керек кезде төсеніштерді ауыстыру

Редуктор немесе желдеткіштің подшипниктері қызады

Редукторда май аздығы

Редукторға май құю, желдеткіш подшипниктерін майландыру

5 кестенің жалғасы







1

2

3

Қоректендіргіш және желдеткіштің дірілдеіу

Редуктор немесе желдеткіш үстінгі подшипнигінің бекітілуінің әлсізденуі

Рамадағы редукторді бекітетін болт гайкаларын тарту және валдағы бункерді ортақтандыру, редуктор люгін ашу және редуктор болттарын тарту

Желдеткіштің қапты соғуы

Жоғарғы валдың жоғарғы жағыысқан

Валды алып, түзеу, керек болса жаңадан ауыстыру

Аэромотор түрінде агрегат жұмысы: жұмыс кезінде жұмыс ерітіндісі шашырау жасайтын құрылымға түседі,онда ауамен өңделу объектісіне шашыратылады, жиі өз тамшылау шашырату үшін қолданылады.

Су шашушы заттегі шашушы ақаулық себептерін және жою жолдарын оқушылар білу керек (5 кесте)

Істелген жұмыс есебі: бүркіткіштің аэрозол генераторлармен озаңдатқыштарың реттелуі және құрылымы жөнінде айту.

7 Зертханалық жұмыс. Орман кесу жұмыстары үшін көліктер мен механизмдер
7.1 Жұмыс мақсаты

ВМ-4 вал көлігінің, вал-трель көлігінің, ЛП-17А, ЛП-19А вал-пакеттік көлігінің, ТБ-ІМ бесчокер трелевчик көлігінің, ЛП-18А бесчокер трель көлігінің жалпы құрылымын білу.

Жұмыс орнының құрал жабдықтары: техника сақтайтын алаң, ВМ-4 вал-пакеттік көлік, ЛП-17А

Жұмыстың орындалу барысы: 1,2 бөлімдері, У3 енінші бөлім оқу, орман кесу жұмыстарына арналған көліктер мен механизмдер құрылымымен танысу.


7.2 БМ-4 вал көлігі

Вал көлігінің негізгі жинақталу бірліктері: ілгішімен кесу механизмі, ағаштарды түсіру механизмі, технологиялық (толтыру) рычагы, қар тазалатқышы мен итергіш, бөлме шеті, гидрожүйе насосы, жұмыс сұйықтығы үшін бак және гидроүлестіргіш, оқушылар кесу, түсіру механизмдерін, технологиялық рычагтарды білу керек. Аталған механизмдер Н3-І00-Л2 насосымен және Р-150 үлестіргішімен жұмысқа қосылады. Кесу механизмі тура және көлдеңен беттерде 1000 мм дейін жылжуы мүмкін, бұл жер деңгейінде кесусіздікті ағаштардың кесуін максималдық диаметрі (120 см) қамтамасыз етеді.

Түсіру механизмі рычакты-технологиялық құрылым болып табылады, ол бұрылу және шығару балкаларынан, гидроцилиндрдан, кілт құрылымы мен рычагтар жүйесінен тұрады. Трактордың орталық осінен вал рычагының максималды шығысы 2,2 см, оның дамыған күйі 25 кН дейін. Технологиялық рычаг кесілген ағашты алып сол жақтан оңға қарай лақтырады (әрекет барғанда). Трактордың орталық осінен жұмыс рычагының шығысы 3,2 м, ал салмақ көтерілуі-30кН. Н3-50-Л2 насосы Р75-ПГ үлестіргіш құрылымымен, итергіш, қар тазалағыш механизміне,шығару балкалары бар вал механизміне,тура ілгіш (параллелограмм көтеру және түсіру), ілгіш шығару механизмі мен ілгіш бұрылу механизміне қызмет етеді.

ВМ-4 көлігінің жұмысының технолнгиялық процесі: көлік технологиялық құрал арқылы ағашты бағыттап, кесіп түсіреді, технологиялық рычаг кесілген ағашты жолдарды тазалауда басқа жаққа лақтырады және жолды тазалайды. Керекті ағаштар қалдықтарын түзейді.


7.3 Валдық-трелер көлігі ЛП-18А

Көліктің негізгі жинақталу бірліктері: ЛХТ-55 базалық трактор, стрела мен тұтқасы бар бұрылу колонасы, алу-кеу басымен бітеді. Бұрылу гидроцилиндрімен ілгіш гидробасқарудың пантографтық жүйе мүшесі болып табылады және базалық көлік рамасына қатысты өз күйін өзгертпейді. Алып-кесетін бас шарнир көмегімен бұрылу цилиндріне ілінген. 2 гидроцилиндр стреланы көтеріп түсіреді, ал басқасы тұтқаны бұрады.

Алып-кесу басының іс-әрекетімен құрылымы, ағашты кесуде, оны басқару күшімен тік салмақкөтергіш арқылы және гидроцилиндр рычагтары жасалған іс-әрекеттер арқылы. Тұрқыда бекітілген шаршир айналасында рычаг айналады. ОН (гидроцилиндр мен тірек) домкрот және ағаштың бағыттық түсуін қамтамасыз етеді. Ағаш консольді түрдегі тіркеу кесу аппаратымен кесіледі, ол гидроқозғалтқыш арқылы жұмысқа қосылады, ал кесу шинасы гидроцилиндрмен қозғалады. Тік және көлдеңен беттердегі алып-кесу басының бұрылуы 220 және 1200 гидроцилиндрмен іске асады.
7.4 Вал-пакеттік көлік ЛП-18А

Көліктің негізгі жинақталу бірліктері: табан шынжыр жүйесі, қарама-қарсы салмағымен бұрылу платформасы, күштік орналастыру, бұрылу механизмі, жабдықталу бөлмесі, гидро және электро жабдық, стрела және тұтқа, алып-кесу құрылым. Күштік қою, бұрылу механизмі, трактор кабинасы, гидрожабдық, электрожабдық, стрела және тұтқа бұрылу бетінде орналасқан. Барлық аталған бөлімдер, кабина, тұтқа және стреладан басқалары бұрылу бетімен ЭО-НІ-21 эксковаторынан алынған. Кесу аппаратының кесу құралы болып ПЦУ-30 кесу ұзақтығы болып табылады. Цеп жылдамдығы 16 м/с, ал стрела шығуы 7 м, минималды шығыс 3,5 м, салмақ көтергіш 22 кН. Жұмыс басында көлік жол осінде кеңстік 14-15 м, 2 км/с жылдамдықпен жүреді.


7.5 Бесчокер ЛП-18А трелеволық көлік

Көліктің негізгі құрылым бірліктері: гидрокүшейткіш пен тұрқысымен рама, басу жылжуы мен жиналуы үшін байланыс жиынтығы.

Байланыс жиынтық құрылысы және оның жұмысы: байланыс жиынтық щитімен трактор рамасына шарширді түрде бекітіледі. Щит байланыс жиынтық пен салмақ алаңы үшін негізі болып табылады, сонымен бірге ағаштар қисықтарын түзу үшін пайдаланады. Ағашты жатқызу алдында трактор лебедкасы тежелмейді. Бір ағаш немесе жиынтық байланысы бастапқы күйге тірек және негіздердің бұрылуы арқылы іске асады, сонымен бірге лебедка қосылуымен байланыс құрылысы басып тартады.

Істелген жұмыс есебі: орман кесу жұмыстары үшін пайдаланатын көліктер мен механизмдер жұмыс принципі мен құрылысын көрсету.

8 Зертханалық жұмыс. Аз мөлшерлі мотопомпалар мен ранцелық шашушылар, олар орман өрттерін қарсы пайдаланылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет