Зертханалық ЖҰмысты орындауға арналған әдістемелік нұСҚау №1 Зертханалық жұмыстың аты



бет11/15
Дата17.11.2022
өлшемі50.56 Kb.
#465065
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Практ лаб (копия)

Зертханалық жұмыстың аты: НЛБ.
Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Орындық, жұмсақ қағаздар.
Жұмыстың мақсаты: Білімгерлерді практикалық психолог жұмысымен , оның мақсаты, мінедеттерін түсіндіру, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін көрсету.
Пререквизиттер: Психологиядағы кеңес беру жайлы мәлімет.
Кеңес беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білу.
Постреквезиттер: Кеңес беруге машықтандыру.
Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:
Психологиядағы кеңес беру жайлы мәліметті білу.
Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. Кеңес беруге жалпы шолу жасау.

  2. Кеңес беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білу.

Жұмысты орындау реті:

  1. Екі білімгер екі орындыққа отырады.

  2. біреуі кеңес берушінің, екіншісі клиенттің рөлін орындайды.

3. Соңында білімгерлер кеңес беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді талқылайды.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) – адамның сөз арқылы өзін бағдарламалауға және кейіннен сол бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін әістемелік әдістердің жүйесі. Адам қатынастары мен мінез-құлықтың осындай үлгісін психотерапияда және іс-әрекеттің басқа да түрлерінде өзара әрекеттестікті жетілдіру мақсатында ұйымдастыру немесе сипаттау үшін тиімді қолдануға болады. Нейролингвистикалық бағдарламалау тұлғаны жетілдіру өнері және ғылым ретінде қарастырылады. Нейролингвистикалық бағдарламалау мінез-құлықты ғана емес, сонымен бірге ойлау тәсілін де қозғайды. Нейролингвистикалық бағдарламалау ой процесін, сезімдер мен сенімдердің дамуын модельдеп, тұлғаның барлық қырларына ықпал етеді. Алайда, ең алдымен, ол адамдар қарым-қатынастарының процестерімен айналысады. Ол төмендегідей постулаттарға негізделеді.

  1. Адам белсенділігінің барлық түрлерінің өз бағдарламалары бар. Олардың кейбіреулерінің шығу тегі генетикалық болса, басқалары иландыратын ықпалдар мен стрестік күйзелітердің өзіндік бағдарлануы, нығаюы арқылы қалыптасқан.

  2. Бағдарламалардың көбісі сезілмейді, алайда адамның вербалды емес мінез-құлқында және айтқандарының терең құрылымдарында сипатталады.

  3. Мінез-құлық пен ойлаудың барлық тиімсіз және патологиялық стереотиптері өткен шақта орынды да пайдалы болған; олар жаңа тәжірибе мен жаңа жағдайларға сай қайта бағдарлана алады.

  4. Психологтың клиентпен жұмысы проблемалардың мазмұнының емес «процесінің» негізінде жүзеге асады. Оның серігіне вербалды емес «қосылуы» және тиімді қатынасулардың басқа тәсілдерінің жүзеге асырылуы процесс деңгейінде жұмыс жасаудың мысалы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет