Зертханалық-практикалық жұмыс №1 Тақырыбы: Битумның жұмсару температурасын, бату тереңдігін анықтау



Дата25.02.2016
өлшемі231.5 Kb.
#24584


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы

Жолжаксина Аяулым Даулетханқызы

050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру» мамандығы студенттеріне арналған «Гидроизоляциялық материалдары» пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Семей 2010
Алғысөз
1 ЖЕТІЛДІРІЛДІ

«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы

Орындаушы

________ «____»_______ 20__ ж. оқытушы А.Д.Жолжаксина

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Стандарттау және биотехнологиясы» кафедрасының отырысында

Хаттама №___ «____» ____________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ Ж. Какимова

Зертханалық-практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: Битумның жұмсару температурасын, бату тереңдігін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Битумның жұмсару температурасын, бату тереңдігін анықтау.

Қажетті материалдар: битум.

Қажетті аспаптар: «сақина-шар» құралы, термометр, темір ыдыс, шыны пластинка.

Битумның жұмсару температурасын анықтаудағы көптеген әдістердің ішіндегі ең ұтымдысы «сақина-шар» әдісі.

«Сақина-шар» құралы 1-суретте көрсетілген.



1-сурет. «Сақина-шар» құралы:

1 - шар; 2 – битум; 3 - сақина; 4 - сақинадан аққан битум; 5 - термометр; 6 - спиртовка.

Жез сақиналары алдын ала 120°С-ге дейін қыздырылған сұйық битуммен толтырылады. Сақина битуммен толтырылмас бұрын ішкі қабырғалары 1:3 қатынасында алынған тальк пен глицериннің коспасымен майлануы керек. Сақинаның деңгейінен асып кеткен битумды қыздырылған пышақпен қырып алып тастайды. Битум толтырылған сақиналарды ортаңғы дискінің тесігіне апарып орналастырады. Содан соң штатив сақинамен бірге су моншасына салады. Судың температурасы 5±1°С болуы тиіс. 10 минут уақыт өткен соң әр сақинадағы битумның үстіне металл шар қойылады да, су моншасын плитканың үстіне қойып, қызу беріледі.

Қыздыру жылдамдығы әр минутта 5°С температураға ғана көтерілуі тиіс. Қыздыру процесінде битум жұмсарады. Битумның үстіне қойылған шар оны өз салмағымен ығыстыра төмен түсе бастайды. Төмен түскен шар астыңғы дискіге түйіскен кезде термометрдің көрсеткішін жазып алу керек. Термометрдің көрсеткен температурасы битумның жұмсару температурасы болып есептеледі.



Битумның тұтқырлығын анықтау

Тұтқырлық стандартты пенетрометр құралының көмегімен анықталады (2-сурет).

Салмақтың әсерінен құрал инесінің 1 Н (100 гс) 5 секунд ішінде 250 С температурада битумаға батуының тереңдігі арқылы битумның тұтқырлығын анықтайды.

Тұткырлық градуспен белгіленеді. Ал «1°» иненің 0,1 мм тереңдікке батуына сәйкес келеді. Пенетрометр инесінің ұзындығы 50,8 мм, диаметрі 1-1,02 мм. Инеге түсіп тұрған салмақ 100+0,01 г.

Тұтқырлықты анықтау үшін битумды құм немесе су моншасында немесе кептіргіш шкафта ерітеді. Сонан соң битумды темір ыдысқа құйып, 1 сағатқа 18-20°С температурада қалдырады. Мұнан соң ыдысты битумымен бірге 25°С-ге дейін қыздырылған су моншасына сынаққа дейін қояды. Су битумның беткі қабатынан 25 мм жоғары болуы қажет. Су моншасындағы температура бірқалыпты болуы керек. 1 сағаттан кейін темір ыдысты битумымен бірге пенетрометр столының үстіне қойып сынақты жүргізеді.

2-сурет. Пенетрометр:

1 - штатив; 2 - шкала; 3 - бекітетін құрал; 4 - айна; 5 - ине; 6 - сыналатын битум; 7 - суы бар ыдыс; 8 - айналмалы стол.

Ол үшін әуелі құралдың инесін битумның беткі қабатына тигізіп қана қойып, пенетрометрдің стрелкасын нөлге келтіреді немесе тұрған жерін белгілеп алады.

Сонан соң бір уақытта секундомерді қосып, инені түсіретін кнопканы басады. Ине битумға 5 секунд уақытта жаймен батып болуы керек. Уақыт біткен соң, иненің батуын тоқтатады да, бақылау стрелкасының көмегімен иненің батқан терендігін градуспен көрсетіп түрған қашықтықты жазып алады. Иненің бату орнын ауыстыра отырып, сынақты үш рет қайталайды. Әр қайталаған сайын инені бензинмен жуып, құрғақ шүберекпен сүртіп отыру қажет. Қайталанған сынақтардың айырмашылығы кестедегі көрсеткіштерден алшақ болмауы тиіс.

1-кесте Иненің бату тереңдігіне сәйкес алшақтықтың мәндері



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.

2 Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б

3 Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1987-527с

4 Комар АГ Материалы и изделия: уч для эк спец строит вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1988 - 527

5 Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы: Уч. для вузов – М.: Стройиздат., 1986-688с

6 Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2005-438с.
Зертханалық-практикалық жұмыс №2

Битумды мастика түрлері және оның майысқақтығын анықтау

Жұмыстың мақсаты: Битумды мастика түрлерімен танысып, олардың майысқақтығын және су сіңіргіштігін анықтау.

Қажетті материалдар: битумды мастика.

Мастика дегеніміз - органикалық тұтқыр затты минералды толтырғыштармен және қоспалармен араластыру арқылы алынатын пластикалық зат. Қолданылатын тұтқыр заттың түріне қарай мастикалар битумды, битумды-резиналы, қарамайлы, битумды-қарамайлы, битумды-полимерлі жэне т.б. болып бөлінеді. Дайындалу әдісіне қарай мастикалар ыстық, салқын болып бөлінеді.

Ыстық мастикалар қолданылу орнына қарай кровельді және гидроизоляциялық болып бөлінеді. Төмендегі 1, 2, 3-кестелерде мастика сапасына қойылатын талаптар көрсетілген.

Зертханада мастиканың сапасын анықтау үшін оның сыртқы түрін, жоғары температураға төзімділігін, майысқақтығын, жабыстыруға (желімдеуге) бейімділігін, жұмсару температурасын анықтайды.



1-кесте

Ыстық битумды кровельді мастиканың физикалық-механикалық қасиеттері





2-кесте Битумды-резииалы изоляциялық мастиканың физикалық-механикалық қасиеттері



3-кесте Ыстық қарамайлы кровельді мастиканың физикалық-механикалық қасиеттері

160 0С-де жылытылған мастиканы 2 мм қалыңдықтағы қабатпен (10 г бір үлгіге) өлшемі 50x100 мм пергаминнің үлгісіне жағады. Мастика 18-20°С-ге дейін салқындаған соң (2 сағаттан ерте емес) үлгіні 15 минутқа, температурасы 18-20°С судың ішіне қояды. Сонан соң үлгіні судан алып, 5 с аралығында стерженьнің диаметрін айналдыра, мастика жағылған қабатты сыртқа қарата отырып, бірқалыпты майыстырады.

МБК-Г-65 маркалы мастика үшін

стерженьнің диаметрі - 15 мм.

МБК-Г-75 маркасы үшін - 20 мм.

МБК-Г-85 маркасы үшін - 30 мм.

МБК-Г-100 маркасы үшін - 40 мм.

Майыстыру кезінде міндетті түрде жарықшақтардың бар-жоғын анықтайды. Егер үлгідегі мастика қабатында жарықшақ пайда болмаса, материалды сынақтан өтті деп қабылдайды.



Су сіңіргіштікті анықтау

Мастиканың су сіңіргіштігін дайындалған үлгілердің 20 С температурадағы судың ішінде 24 сағат тұрған уақыттан кейін сіңірген судың массасын табу арқылы сипаттайды. Үлгілердің суда түрғаннан кейінгі массасы үлкеюінің құрғақ үлгілердің массасымен салыстырғандағы алынған пайыз шамасы материалдың су өткізгіштігін сипаттайды. Сынақ 3 рет жүргізіледі. Су сіңіріштіктің мәні ретінде 3 өлшемнің орташа арифметикалық шамасы алынады.



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.

2 Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б

3 Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1987-527с

4 Комар АГ Материалы и изделия: уч для эк спец строит вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1988 - 527

5 Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы: Уч. для вузов – М.: Стройиздат., 1986-688с

6 Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2005-438с.


Зертханалық-практикалық жұмыс №3
Тақырыбы: Ыстық битумды мастиканы дайындау және маркасын анықтау

Сабақ мақсаты: Битумды мастиканы дайындау және оның маркасын анықтауды оқып үйрену.

Сабақ жоспары:

Битумды мастика битумды байланыстырғыштардан және толықтырғыштан тұратын біртекті масса. Шикізат материалы ретінде: тез балқитын битум БНД немесе БНК, баяу балқитын жабындық битум БНК, талшықты немесе шаң тәрізді толтырғыш.

Талшықты толықтырғыш ретінде 7 сортты хризотилді астбест қолданады. Шаң тәрізді толықтырғыш ретінде – ұсақ ұнтақталған ұнтақ (тальк), сланецті тау жынысы, әк тас, доломиттер, трепел, бор (кесте 1).

Кесте 1. Мастик дайындауға арналған толықтырғышқа қойылатын талаптар



Көрсеткіштер атауы

Нормасы

Тығыздық, г/см3, көп емес

2,7

% салмақ бойынша толықтырғыш ылғалдылығы:

талшықты


шаң тәрізді

5,0


3,0

Толықтырғыштың түйір құрамы:

талшықты


шаң тәрізді

№04 тор електен 100% өтеді.

№02 тор електен 100% өтеді, ал №009 електен 10% отеді.



Жұмыс жүргізу барысы:

Ыстық битумды мастиканы келесідей дайындайды. Алдымен жылулық жылытумен тез балқитын битум бөлігін (мысалы БНД-60/90, БНК-45/180) араластырғышқа және 100....1150С температураға дейін жеткізе отырып, кептіреді. Кептірілгеннен кейін балқыған битумға баяу балқитын БНК-90/30 немесе БНК-90/40 маркалы битумды қосып, оны 160...1800С температураға дейін араластыра отырып жеткізеді.

Баяу балқитын битум мөлшері битумды байланыстырғыштың қажетті жұмсару температурасына байланысты (кесте 2) және келесі формуламен анықталады

Мұнда БТ- баяу балқитын битум мөлшері, %; Бл-тез балқитын битум мөлшері, %; tв-битумды байланыстырғыштың жұмсару температурасы, 0С; tТ, tЛ – баяу және тез балқитын битумдардың жұмсару температурасы, 0С.


Кесте 2. мастик үшін битумды байланыстырғыштың жұмсару температурасы

Мастиктер маркасы

Сақина және шар әдісі бойынша анықталатын байланыстырғыш температурасы, 0С

МБК-Г-55

45...50

МБК-Г-65

51...60

МБК-Г-75

61...70

МБК-Г-85

71...80

МБК-Г-100

85...95

Егер битумды байланыстырғыш температурасы берілгеннен төмен болса, баяу балқитын пайыздық мөлшерін жоғарлату қажет және содан кейін қажетті жұмсару температурасын алғанға дейін мұқият араластыру қажет.

Битумды байланыстырғыштың жұмсару температурасын тексергеннен кейін тұрақты араластыру кезінде жеке үлеске толықтырғыш қосады. Енгізілген толықтырғыш мөлшері әр үлесі қажетті мөлшерден 1/3 бөлігін құрайды. Көбікті интенсивті көтеру кезінде толықтырғышты енгізуді көбік деңгейін төмендетуге дейін тоқтатады, содан кейін қайта енгізуді бастайды. Толықтырғышты енгізгеннен кейін мастиканы қайнатуды 160...1800С тұрақты араластыра отырып, біртекті қоспа алғанға дейін жалғастырады.

Мастика оңай жағылатын болу қажет: 160...1800С температурада өлшемі 100х50 мм, қалыңдығы 2 мм қабатта пергамин бетіне 10 г салмақты мастика еш қиындықсыз жайылу қажет.

Маркасына байланысты мастика 3 кестеде келтірілген талаптарды қанағаттандыру қажет.

Кесте 3. түрлі маркалы мастиктерге қойылатын талаптар

Көрсеткіштер атауы




МБК-Г-55

МБК-Г-55

МБК-Г-55

МБК-Г-55

МБК-Г-55

5 сағ, 0С жылуға төзімділік

55

65

75

85

100

«Сақина және шар» әдісі бойынша жұмсару температурасы, 0С

55...60

68...72

78...82

88...92

105...110

(18±2) 0С температурада майысқақтығы шыбық диаметрі, мм

10

15

20

30

40

Толтырғыштың болуы, % салмақ

талшықты


12...15


12...15


12...15


12...15


12...15


Шаң тәрізді

25...30

25...30

25...30

25...30

25...30

Жылуға төзімділікті анықтау. Жылуға төзімділікті анықтау үшін алдын ала 140...1600С қыздырылған 100х50мм өлшемді пергаминге 8...10г мастик жағады. Үстіне дәл сондай өлшемді пергамин бетін қояды және 20 Н күшпен қысып, 2 сағатқа қояды. Жүкті металл пластинка арқылы 2 мм қалыңдықты пергамин бетінің өлшеміндей етіп салады.

Қалыпты жағдайда 2 сағ тұрған сынаманы жабыстырылған кептіргіш шкафта тұрған 3 кестеге сәйкес мастик маркасына сәйкес қыздырылған температурада 450 бұрышты астына қойғышқа ауыстырады. Сынамаларды шкафта 5 сағ тұрақты температурада ұстайды, содан кейін алып қарайды. Мастикті жылуға төзімділік сынағынан өтті деп санайды, егер ол еңкейген астына қойғышқа қойғанда сырғып немесе ағып кетпеген жағдайда.



Бақылау сұрақтары:

  1. Ыстық битумды мастиканы қалай дайындаймыз?

  2. Маркасын қалай анықтаймыз?

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.

2 Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б

3 Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1987-527с

4 Комар АГ Материалы и изделия: уч для эк спец строит вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1988 - 527

5 Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы: Уч. для вузов – М.: Стройиздат., 1986-688с

6 Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2005-438с.

Зертханалық-практикалық жұмыс №5

Тақырыбы: Орамды гидроизоляциялық материалдарды сынау
Сабақ мақсаты: Орамды гидроизоляциялық материалдарды сынау әдісімен танысып үйрену.

Сабақ жоспары:

Орамды жабындық және гидроизоляциялық битумды дегталы материалдарға негізгі көрсеткіштер орнатылған: созылу кезінде үзілу жүктемесі, майысқақтық, құрғақ негізге сіңіру құрамы массасы қатынасы және негіз массасы, су сіңіргіштік, су өткізгіштік, температураға төзімділік, қыздыру кезінде салмағын жоғалту, жабу қабатының себу байланысын ілінісуі, себудің түйір құрамы, созылу кезінде су қаныққан үзілу жүктемесін төмендету.

Әр сынақ үш сынамада жүргізіледі, таңдауды МСТ 2678-87 сәйкес жүргізіледі. Сынауды жүргізу алдында сынама (20±2)ºС температурада 2 сағат тұру қажет.

Жұмыс жүргізу барысы:

Созылу кезінде үзілу жүктемесін анықтау. Сынаудың маңызы 50х220 мм өлшемді үлгіні үзуге қажетті орташа жүктемені анықтау болып табылады.

Үлгілерді қиғашсыз машинаның қысқашына орнатады. Қысқаштар арақашықтығы 175 мм ден кем болмау қажет. Сынақ үшін РТ-250м-2 маркары үзу машинасын немесе бөлгіш құны 2 Н көп емес жұмыс бөлік шкаласы 0 ден 1000Н дейін аналогиялық машиналарды қолданады. Қозғалмалы қысқаштың араластыру жылдамдығы (50±5) мм/мин.

Үзілу жүктемесінің мәні ретінде алты сынаманың (үшеуі орамды материалдан көлденең бағытта қиылған және үшеуі бойлай бағытта қиылған) қорытындысының орташа арифметикалық мәнін алады.

Майысқақтықты анықтау. Егерде материал қажетті майысқақтыққа ие болмаған жағдайда, онда орамды жаю кезінде немесе қатты иілген бетке орамды жабыстыру кезінде су өткізгіштікті төмендететін сызаттар пайда болады.

Сынақ материалдың көзбен қарап сыртқы түрін бағалау және металл шыбықтың шеңбері бойынша 20х150 мм өлшемді жолақ түрінде иілу негізінде қаланған. Металл шыбық диаметрі және ыдыстағы судың немесе тоңазытқыш құрылғыдағы ауаның температурасы сыналатын материалдар талаптарына сай болуы қажет.

Материал үлгілерін және шыбықты суы бар ыдысқа салады, онда 10 мин кем емес ұстайды. Сынақты теріс температурада жүргізу кезінде үлгіні және шыбықты суыту камераларында 20 мин ұстайды. Ұстағаннан кейін әр үлгіні ақырындап жартылай шеңберлі шыбық бойынша беттік бетін жоғары қаратып 5 с мөлшерінде иеді. Ыдыстан немесе суыту камерасынан және ию басталған уақыт талапқа сәйкес 15 с аспау қажет.

Материал сынақ жүргізілгеннен кейін онда сызаттар және қабаттану пайда болмаған жағдайда майысқақтық талаптарына сәйкес.

Жабын құрамының массасын анықтау. Жамылғы салмағының болуынан материалдың су өткізгіштігі және шыдамдылығына байланысты. Сынақты 50х100 мм өлшемді үлгіде жүргізеді.

а) Шаң тәрізді себінді материалдар үшін. Сынақ жүргізер алдында үлгіні себіндіден мұқият щеткамен немесе құрғақ мақта қағазды матамен тазалайды, өлшейді (), содан кейін қысқаш немесе пинцетпен бет жағын жоғары қаратып алады және (300±10)ºС қыздырылған электр плиткада қыздырады. Қыздыру кезінде үлгі электр плитка бетінен 30...40 мм қашықтықта болу қажет. Байланыстырғыштың және жамылғы бет қалыңдығының жұмсару температурасына байланысты 15...45 с қыздырылатын бетте қампаю болмайтындай етіп қыздырады. Қыздырылған үлгіні бет жағымен үстелге қояды және пышақпен оны параллель ұзындық сынамасын араластыра отырып, қыздырылған қабатты негізіне дейін бүтіндігін бұзбай алады.

Сынаманы төменгі жамылғы қабатынан тазалап, өлшейді (), содан кейін жамылғы құрамының бет қабатымен аналогиялық түрде түседі. Екі жағынан тазартылған үлгіні өлшейді ().

Жамылғы құрам салмағын, г/м2 келесі түрде есептейді:

Сынаманың төменгі жағынан

Сынаманың бет жағынан



Төменгі және беттік жағы



Мұнда 200 - 0,005 м2 (үлгінің) 1 м2-қа ауысу коэффициенті.

б) Ірі түйірлі және қабыршақты себінділі материалдар. Төменгі жақты жамылғы құрамды салмақты анықтау шаң тәрізді себіндісі бар материалдар сияқты анықтайды. Бет жағының жамылғы құрамының салмағын анықтау үшін одан себіндімен бірге жамылғы қабатын бірге алады және оны құрғақ экстракционды гильзаға салады.

Мұндай гильзаны сүзгіш қағаздан өлшемі 100х100...150х150 мм тұрақты массаға дейін кептірілген қағаздан жасайды, оған экстрагирленген материалды орайды. Жамылғы құрамды және себінділі гильзаны өлшейді (), экстракторға салады, бензол құйып су моншасында эксрагирлеуді бастайды. Экстрагирлеуді түссіз ерітінді ( битумды материалда) немесе аздап сары түске боялған (дегталы материалдар) ерітінді болғанша жүргізеді.

Экстрагирлеуден кейін гильзаны ішіндегісімен тартпалы шкафта еріткішті жойғанға дейін кептіреді, содан соң кептіргіш шкафта 105...110 ºС температурада тұрақты массаға дейін кептіреді және өлшейді ().

Жамылғы құрамының ерітілетін бөлік салмағын () формула бойынша есептейді



Үлгінің бет жағынан жамылғы құрам салмағын, г/м2 келесі формула бойынша анықтайды



Мұнда D-дегтаның немесе битумның еруі,%; N-жамылғы құрамында толықтырғыштың болуы, %.

Ірі түйірлі, ұсақ түйірлі, қабыршақты себінділі материалдар үшін жамылғы құрамы салмағын МТ, г/м2, мына формуламен анықталады:

Су сіңіруді анықтау. Су сіңіруді (20±2)ºС температурада құрғақ үлгіні 24 сағатқа суға салғанда сіңірген су мөлшерімен сипатталады.

Сынақты 100х100 мм өлшемді үлгілерде жүргізеді. Капиллярлық подсос әсерін болдырмау үшін жамылғысыз үлгілерді (пергамин, жамылғысыз толь) алдын ала ерітілген битумның жұқа қабатымен жабады. Ол үшін 170 ºС температураға дейін қыздырылған битумға барлық төрт бүйірін кезекпен 3...5 мин түсіреді, содан кейін үлгілерді суытады және өлшейді (). Суытылғаннан кейін үлгілерді 1 минутқа температурасы (20±2)ºС сулы ыдысқа салады, жұмсақ матамен немесе сүзгіш қағазбен 30...60 с ішінде сүртеді және өлшейді (). Осылай дайындалған үлгілерді температуралы (20±2)ºС суы бар ыдысқа салады, үлгі үстінен судың мөлшері 50 мм кем болмайтындай 24 сағ ішінде ұстайды. Тәулік бойы тұрғаннан кейін үлгілерді судан алады, сүзгіш қағазбен сүртеді және өлшейді (). Өлшегенге дейін уақыт 60с аспау қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.

2 Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б

3 Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1987-527с

4 Комар АГ Материалы и изделия: уч для эк спец строит вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1988 - 527

5 Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы: Уч. для вузов – М.: Стройиздат., 1986-688с

6 Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2005-438с.

Зертханалық-практикалық жұмыс №6

Тақырыбы: Изол дайындау және оның қасиеттерін зерттеу

Сабақ мақсаты: Изол дайындауды және оның қасиеттерін зерттеуді оқып үйрену.

Сабақ жоспары:

Шикізат материалдары: Битум БН-70/30-20...25%, рәзеңкелі ұсақ -20...25, рубракс – 20...25, 7 сортты асбест-25...30, инден-кумаронды полимер -2, креозотты май -1 %.

Жоғарыда көрсетілген изол маркасының И-ПД (полимерлік қоспалы изол) құрамы. Полимерлік қоспаның болмауынан изол маркасы И-БД (полимерлік қоспасыз изол) шығарылады.

Изолды келесідей дайындайды. 110...115ºС температурада битумға рубакс қосады және 180...190ºС температурада тұрақты араластырып, содан кейін араластырғышқа рәзеңкелі ұсақты қосады. Рәзеңкені және битумды жылулық өңдеу процесі кезінде араластыру 40...45 мин жүреді, қорытындысында рәзеңке вулкандануы басталып, битумның ароматтық компонентіне еріп, ісінеді. Алынған битумды байланыстырғыштарға жеке үлеспен толықтырғыштар, полимер және креозотты май қосады және араластыруды жалғастырып 160...170 ºС температурада гомогенді масса пайда болғанға дейін ұстайды, болғаннан кейін шығарып, 25...30 ºС температурада суытады. Суытылған массаны пластикационды валецте салып, 50...70 ºС валецтейді. Пластикациялаудан кейін масса 80...85 ºС температуралы буынтықты пресстен өтеді. Темпертураның және қысымның әсерінен массаны 1...1,5 см қалыңдықты матаға қалыптайды.

Кесте 4. Изолға қойылатын талаптар



Көрсеткіштері

Марка үшін нормалар

И-БД

И-ПД

Беріктік шегі

0,55

0,60

Қатысты ұзару, %

70

80

Суу ұзаруы, %

75

30

Су сіңіргіштігі,

22

18

Бақылау сұрақтары:

  1. Изол деген қандай материал?

  2. Дайындалуы қалай жүргізіледі?

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.

2 Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б

3 Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1987-527с

4 Комар АГ Материалы и изделия: уч для эк спец строит вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1988 - 527

5 Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы: Уч. для вузов – М.: Стройиздат., 1986-688с

6 Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2005-438с

Зертханалық-практикалық жұмыс №7

Тақырыбы: Эпоксидті-битумды мастиканы дайындау және оның қасиеттерін зерттеу

Сабақ мақсаты: Эпоксидті-битумды мастиканы дайындауды және оның қасиеттерін зерттеуді оқып үйрену.

Сабақ жоспары:

Эпоксидті-битумды мастиканы - жеңіл бетон түрлерінің бірі болып саналады, себебі жалпы бетон көлемінің 85%-ын қуыстар алып тұр. Эпоксидті-битумды мастиканың бұл түрі алдын ала қуыс құрайтын қоспа қосылған тұтқыр затты сумен, құмды толтырғышпен араластыру арқылы дайындалған лайдың қатаюы нәтижесінде алынады.

Қолданылатын тұтқыр заттың түріне қарай ұялы бетон мынадай топтарға бөлінеді: газды бетон және кеуекті бетон (тұтқыр зат есебінде портландцемент немесе оның әкпен қосылысы қолданылады), газды силикат және кеуекті силикат (құмнан және сөнбеген әк қоспасынан дайындалады), газды-шлакты-бетон және кеуек-шлакты-бетон (әк пен түйіршіктелген домна қожынан немесе күл қоспасынан дайындалады).

Қатаю ортасына байланысты эпоксидті-битумды мастиканы бу ортасында және автоклавта өнделетін болып екіге бөлінеді.

Қолданылу ортасы мен тығыздығына қарай қуысты бетон төмендегіше бөлінеді: жылу сақтағыш бетондар, тығыздығы 500 кг/м3-ге дейін; конструкциялық-жылу сақтағыш бетондар, тығыздығы 500-900 кг/м3; конструкциялық-тығыздығы 900-1200 кг/м3. Тығыздығына байланысты қуысты бетонның 10 маркасы анықталған - Д300-Д1200-ге дейін.

Тұтқыр зат есебінде қуысты бетон құрамына портландцемент, ұнтақталган әк қолданылады. Құмды толтырғыш ретінде ұнтақталған кварц құмы, домна қожы, күл қосылады.

Эпоксидті-битумды мастиканы қажетті құрылымын алу үшін газ немесе көбік түзуші қоспалар қолданылады.

Газ түзуші қоспалар ретінде: алюминий пудрасы ПАК-3 жэ-не ПАК-4 қолданылады. Қоспаның құрамында белсенді алюминий 82%-ға дейін және ұнтақтылық дәрежесі 5000-6000 см2/г. Алюминий пудрасының шығыны алынатын бетонның тығыздығына қарай 0,25-0,6 кг/м3 аралықта болады.

Эпоксидті-битумды мастиканы дайындалған блоктар тұрғын үйлердің, азаматтық, өнеркәсіптік, қоғамдық және ауылшаруашылық ғимараттарының ішкі және сыртқы қабырғаларын, бөлме аралық қабырғаларын тұрғызуға қолданылады. Бөлме ішінің ауа ылғалдылығы 75%-дан жоғары болмауы тиіс.

Қуысты бетон құрамын анықтаудың негізгі мақсаты - бетон құрамындағы материалдардың тиімді арақатынасын табу. Жобаланған бетон құрамы белгіленген кеуектілікпен және қажетті тығыздықпен қамтамасыз етілуі қажет.

Сонымен қатар, жүмыстың негізгі мақсаты - жылу-изоляциялық көбікті және газды-бетон құрамын қасиеттеріне, пайдаланылатын шикізаттарға байланысты есептеп шығару жолдарын ғылыми тұрғыдан түсіндіру.

Эпоксидті-битумды мастиканың құрамын жобалау төмендегі бөлімдерден тұрады:



  • байланыстырғыш зат пен компоненттің тиімді арақатынасын анықтау;

  • С/Қзат (су/қатты зат) қатынасын табу;

  • битумның 1 массалық құрамының шығынын және теориялық жолмен бетонның тығыздығын есептеу;

  • зертханалық жолмен эпоксидті-битумды мастиканы қоспасынан үлгі дайындау;

  • белгіленген режим бойынша үлгілерді ылғалды жылы ортада өңдеу;

  • үлгілерді сынау арқылы тиімді құрамды табу және 1 м3 ұялы бетонға жұмсалатын материалдардың шығынын есептеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Эпоксидті-битумды мастика деген не?

  2. Дайындалуы қалай жүргізіледі?

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.

2 Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б

3 Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1987-527с

4 Комар АГ Материалы и изделия: уч для эк спец строит вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1988 - 527

5 Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы: Уч. для вузов – М.: Стройиздат., 1986-688с

6 Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2005-438с
Зертханалық-практикалық жұмыс №8

Тақырыбы: Бетонполимерді дайындау және оның қасиеттерін зерттеу

Сабақ мақсаты: Бетонполимерді дайындауды және оның қасиеттерін зерттеуді оқып үйрену.

Бетонполимерді компонент пен байланыстырғыш зат мөлшері ұялы бетонның қасиеттеріне - тығыздығы мен беріктігіне өте қатты әсер етеді. Екі компонент арасындағы қатынастың дұрыс табылмауы дайындалған материалдың беріктігін төмендетіп, қоспаның шөгуіне әсер етеді.

Сынақ үлгілерін дайындау үшін кремнеземді компонент пен байланыстырғыш заттың (С) арасындағы қатынасты 7.3-кестені пайдалану арқылы табады.

3-кесте

Бетонполимер дайындау үшін берілген «С» мәндері

Ескерту:1. Белсенділігі 70% әк қолданылған жағдайда «С» мәнін кестедегі мәнді А/70-2 мәніне көбейту арқылы табады. Әктін бастапқы «n» мәнін күрделі байланыстырғыш құрамында (цемент-әкті) автоклавты бетон үшін 50% есебінде қабылдайды, ал автоклавты емес бетон үшін 25% есебінде қабылдайды.

* - бұл «С» мәнінің ұялы бетон үшін ең тиімділері.
Егер полимер бетон құрамында СаО мөлшері белгілі болса, байланыстырғыш зат нен құм арасындагы қатынас «С» төмендегі формуламен есептеледі:

мұндағы, X - әктің құрамындағы СаО мөлшері;

Ос - гидросиликат құрамындағы СаО мен SiO2 молярлық мөлшерін ескеретін коэффициент;

У - құм құрамындағы SiO2 мөлшері;

Рх - құмның әк құрамындағы СаО-мен әрекеттесетін мөлшері.

Үлгі формулалар цемент пен құмнан тұратын, күрделі байланыстырғыштан (цемент-әк) және құмнан тұратын бетон қоспаларын есептеу үшін қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Бетон полимер деген не?

  2. Дайындалуы қалай жүргізіледі?

  3. Қасиеттері қандай?


ӘДЕБИЕТТЕР

1 Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.

2 Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б

3 Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1987-527с

4 Комар АГ Материалы и изделия: уч для эк спец строит вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш.шк., 1988 - 527

5 Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы: Уч. для вузов – М.: Стройиздат., 1986-688с



6 Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2005-438с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет